Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет7/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Испан мұрагерлігі үшін соғыстар (1701-1713).
2. Балтық легионы
3. Бірінші Солтүстік соғыс
4. Поляк мұрагерлігі үшін соғыс
5. Еуропалық капитализм генезисі және отарлау
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов., А.М.Зверев., Т.М.исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:

  1. Политика европейских держав в Юго-Восточной Азии в 60-х годах ХУШ в.-60-х годах XIX в. Документы и материалы. / Под ред. А.А.Губера.-М.,1962.

  2. Алексеева И.В. Агония сердечного согласия: Царизм, буржуазия и их союзники по Антанте, 1914-1917 .Л.,1990

  3. Германская история в новое и новейшее время./ Под ред. С.Д.Сказкина: В 2Т М., 1970. Т.1.



Лекция 7-8 КОНСУЛДЫҚ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯДАҒЫ БІРІНШІ ИМПЕРИЯ
Қарастырылатын мәселелер:
1.Бонапарт диктатурасының орнауы. 1799ж. Конституция.
2.Наполеонның әлеуметтік-экономикалық саясаты.
3.Наполеон соғыстары, олардың мақсаттары мен сипаты.
4.Наполеон империясының дағдарысы мен оның құлауы. Наполеон соғыстарының маңызы.

Наполеон І империясы мен консулдығы тұсындағы еуропалық елдердің коалициясына қарсы Франция Наполеон соғыстарын (1799-1815 жж) жүргізді. Хронологиялық жағынан алғанда, бұл соғыстар Ұлы француз төңкерісінің (1789-1799 жж) соғыстарын жалғастырды және алғашқы кезде оның прогрессивті мәні де болды, өйткені ол феодалдық құрылыстың негіздерін қиратуға, бірқатар Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың дамуына жәрдемдесті. Алайда, Наполеон соғысарының даму барысы өзінің прогрессивті белгілерін жоғалтып, даулап алушылық сипат алды. Сөзсіз XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басында Еуропа саясатын анықтаған, өз дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Луи Бонапарт Наполеонның тұлғасы мен қызметінің маңызын айта кету керек.


Наполеон Бонапарттың дипломатиялық қыззметін екі негізгі кезеңге: 1799-1807 жж Бонапарттың әскери диктатурасының орнау сәтінен бастап Тильзит бейбіт бітіміне дейінгі кезең, дипломатиялық сәттіліктер мен Наполеонның мәртебесінің және халықаралық аренадағы рөлінің күшею кезеңі; 1807-1812 жж., яғни Тильит бейбіт бітімінен Наполеон империясының құлдырауы, сонымен бірге Наполеон құрған ұлы Империяның күйреуі кезеңі деп бөлу керек.
Директорияны таратқан және Францияға өзінің диктаторлық билігін орнатқан генерал Бонапарт ірі қаржы буржуазиясының сыртқы саяси талпыныстары мен мақсаттарын қолдады. Наполеон Францияның маңызды бақталасы – Англияның теңіз бен отаршылдық қуатын жою идеясын және Рейн мен альпі жағаларындағы «табиғи шекараларды» жаулап алуды, яғни көршілес жатқан мемлекеттер арқылы Франция территориясының ұлғаюы мен кеңеюін батыл жақтаушы болды.
1800 ж ішкі шиеленістердің тегеурінімен буржуазиялық Францияға қарсы құрылған Еуропалық феодалдық мемлекеттердің коалициясы іс жүзінде ыдырап кетті. Ресей соғыстан шықты, ал Австрия әскері Маренго (1800 ж 14 маусым) түбіндегі шайқаста жеңіліп, Италиядан ығыстырылды. 1801 ж Ресей және Австриямен бейбіт келісімшарттарға қол қойылады. Келісімшарт бойынша Австрия Рейннің сол жағалауы мен Бельгияны Франция иеліктері ретінде таныды. Бұдан басқа Австрия мен Ресей Италиядағы Франция үкіметінің жасаған территориялық және саяси өзгерістерін тануға мәжбүр болады (1802 ж Цизальпия Республикасының орнына Францияға тәуелді Италия Республикасы құрылды). Енді Францияның үстемдігі мен қуаты басқа да территорияларға: бүкіл Италияға дерлік, Герман мемлекеттерінің бір бөлігіне, Бельгияға, Голландияға тарады.
Құрлықтағы Францияның басты қарсыластарының бірінің талқандалуы патшалық Ресей мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардағы өзгерістермен дәлме-дәл келді. Англия мен Ресей арасындағы қайшылықтардың күшеюін бақылай отырып, Наполеон 1800 ж жазында коалиция бойынша одақтас және өзінің басты қарсыластарын бір-бірінен одан ары алшақтату мақсатымен дипломатиялық айла қолданды. 1 Павел сеніміне кіруге және оны жеке бейбіт құпия келіссөздер жасауға көндіруге ұмтылған Бонапарт 1799 ж әскери жорықтарда тұтқындалған орыс әскерлерін отанына қайтару жөнінде бұйрық береді.
1800 ж қыркүйекте ағылшындар Мальтадағы француз гарнизонын қайтаруға қол жеткізді. Сөйтіп, Англияның бұл аралды жаулап алуы Жерорта теңізінен Францияны да, Ресейді де ығыстыруға ұмтылғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде 1 Павелді «теңіз патшасымен» қатынастарын үзуге мәжбүр етті. Онымен қоймай, Ресей императоры Лондонға қарсы қаруланған бейтарап Лигасын құруды ұйымдастырды. Бұған бірінші кезекте ағылшын үстемдігінен және оның теңіздегі келеңсіздіктерінен зардап шегуші теңіз державалары – Дания, Швеция Пруссия кіру керек еді.
1801 ж 23 наурызда Петербордағы Сарай төңкерісінің нәтижесінде 1 Павел өлтірілді. Бұл оқиғаға қатысты сол кездегі замандастарының айтуына қарағанда, Ресейдегі ағылшын елшісі Уитворттың тікелей ұйымдастыруымен болмаса да, оның бұған қатысы бар және бұл оқиға Англияның саясаты екендігін көрсетеді. Ресей тағына өлтірілген императордың ұлы 1 Александр отырды. Ол әкесі сияқты Ресей-Франция одағының жақтаушысы болмады. Дегенмен де 1801 ж 8-10 қазанындағы келіссөздерден кейін олар екі маңызды құжатқа: Франция мен Ресей арасындағы бейбтшілік туралы келісімшартқа және екі империя арасындағы құпия конвенцияға қол қойылды.
Конвенцияда Францияның тартып алған иеліктері үшін Сардиния Королі мен Германия князьдарын марапаттау мәселесіндегі Ресейдің делдалдық миссиясы, сонымен қатар Ион аралдарында адмирал Ушаковтың құрған «Жеті арал Республикасының» танылуы және Ресей мен Францияның теңіздегі бостандықты қамтамасыз ету миссиясы ескертілді. Англияны Ресей империясы бейнесіндегі құрлықтағы негізі одақтасынан айырған Наполеон 1802 ж 25-27 наурызда Аменьеде бейбіт келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етті. Келісімшарттың талаптары бойынша, Англия Францияға және оның одақтастары – Испания мен Батав республикасына Тринидат пен Цейлоннан басқа соғыс жылдары жаулап алынған барлық жерлерді қайтарып беруге міндетті болды. Мальтаны Иониттер орденіне беруге, Түркияға Египетті қайтаруға міндеттенді. Ал Франция өз тарапынан Неаполь, Рим және Эльба аралдарынан әскерлерін шығаруға міндеттенді. Франция мен Англия Еуропадағы қалыптасқан тәртіпті қолдауға міндеттенді. Наполеон Ешипеттен бас тартты. Жеңісті соғыстардан кейін ұзақ күттірген бейбітшілік Наполеон Бонапарттың мемлекеттік қайраткер және қолбасшы ретіндегі даңқының өсуіне ықпал етті.
Наполеонның агрессивті саясаты Ресейді қобалжытпай қоймауы мүмкін емес еді. Франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарлың үзілуін Наполеонның бурбон үйінің ұрпақтарының бірі – Герцог Энгиенскийді жазалауы тездетті: 1804 ж оған Наполеонның өміріне қастандық жасады деген кінә тағылып атып тасталды. 1 Александр Наполеонның бұл іс-әрекетіне қарсылық білдірді, алайда ол өз әкесі 1 Павелге қарсы қастандыққа және оның өліміне қатысы бар деген тұспалданған сөзді жауап ретінде алды.франция мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың үзілуі наполендық Францияға қарсы Еуропа державаларының үшінші коалициясының құрылуын дылдамдатты. Ресей мен Англия арасында күрделі қайшылықтар мен келіспеушіліктер аз болмады
Тильзит келісімі бойынша, Наполеонның Батыс Еуропада енгізген және болашақта енгізетін өзгертулерін Ресейдің мойндауы, сонымен қатар император Наполеонның толықтай меншігіне өтетін «Жеті аралдар Республикасын» (Ионикалық аралдар) және Каттаро Бухтасын орыс әскерлерінен тазарту қарастырылды (1 мен 2 жеке және құпия баптары).
Тильзит бітімі берік болмады. Наполеон өзінің Еуропада толық үстемдігін орната алмағандығымен келісе алмады, ал орыс үкіметі Франция тарапынан үнемі әскери қауіпті сезіне отырып, өзінің Еуропадағы ықпалының әлсіреуеіне көніге алмады. Оның үстіне континенталды блокада Ресей империясының экономикасына ауыр болып тиді. Ресейлік ірі мемлекет қайраткері М.Сперанский 1811 ж : «Ресей және Франция арасындағы соғыстың болу мүмкіндігі Тильзит бітімімен бірге дерлік туындады. Бейбіт бітімнің өзінде соғыстың барлық дерлік элементтері болд», деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет