Бақылау сұрақтары:
1. Қасиетті Одақтың "Вена жүйесін" қолдаудағы орыны
2. Империализм дәуіріндегі халықаралық қатынас сипаттамасы
3. Еуропоцентристік әлем геосаясаты
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Захарова М.Н. Народное движение в США против рабства:1831-1860. М., 1965.
2.Иванов Р.Ф. Авраам Линкольн и Гражданская война в США.М., 1964.
3.Бурин С.Н. На полях сражений Гражданской войны в США. М., 1988.
4.Ефимов А.В. США. Пути развития капитализма: Доимпериалистической период. М., 1969.
Лекция 15 Халықаралық қатынас
Қарастырылатын мәселелер:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Париж бітім конференциясы
2. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі.
3. 1938-1939жж. халықаралық саяси дағдарыс
1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерiнiң талабы-мен Германия жеңiлгендiгiн мойындап, бiтiмге қол қоюға келiстi. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары-лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келiсiмге келу үшiн Париж қаласында халықаралық кон-ференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле-гаттар қатысты. Францияның премьер-министрi Жорж Клеман-со, ағылшын премьер-министрi Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президентi Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейiнгi ха-лықаралық қатынастағы, әлемдегi өзгерiстердi ескере отырып, дүниенi қайта құру мәселесі тұрды:
– халықаралық қатынастағы өзгерiстердi ескере отырып, жаңа принциптердi қалыптастыру;
– iрi капиталистiк елдер арасындағы дүниежүзiлiк ықпалды реттеу;
– Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірi державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференция-сында өз мүдделерiне ыңғайлы шешу үшiн күрес жүргiздi. АҚШ-тың конференциядағы негiзгi мақсаты - дүниежүзiлiк әлемде өзiнiң үстемдiгiн қалыптастыру болды. Бiрақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргiзуiне оның бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi экономикалық дамуы негiз болды. Соғыстан кейiн Франция мен Англияның экономикасы күйзелiске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтердi. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кiрiстi. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өлiп, 230 мың адам жара-ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсiбi 335 млрд. доллар таза пайда келтiрдi. 1919 жылы АҚШ дүние жүзiнде көмiрдiң 50% өндiрдi; шойын мен болаттың ; мұнайдың ; автомобильдiң 85% шығарды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн АҚШ дүниежүзiнде қаржы саласында толық үстемдiк алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерiнде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерiнде 18 млрд. долларға жеттi. АҚШ президентi В. Вильсон: «Дүниежүзiне кiм көп ақша берсе, сол ел әлемде билiк жүргiзуi қажет» – деген болатын. Сөйтiп, АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк жасау үшiн күрес жүргiздi. Бұл саясатты iс жүзiне асыру үшiн АҚШ президентi Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелдi. Бағдарламаның мазмұны төмендегiдей болды:
– Антанта елдерiнiң арасындағы жасырын келiсiмдерден бас тарту;
– дүниежүзiлiк мұхиттар мен теңiздерде еркiн жүзу;
– барлық кедендiк кедергiлердi жойып, халықаралық «ашық есiк» және «ашық қол» принципiн сақтау;
– отар елдердiң мәселесiн әдiлеттi шешу;
– қару-жарақты қысқарту;
– Германиямен және оның одақтастарымен әдiлеттi келiсiмдер жүргiзу;
– дүниежүзiлiк дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу үшiн халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президентi В.Вильсонның бейбiтшілік сүйгiш саясатты бiлдiрген «14 пункттен» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
«14 пункттен» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты анық көрiндi. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәнi дүниежүзiлiк әлемде үстемдiк жүргiзу екенін түсiнiп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабыл-дамады. Бiрақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Кле-мансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелердi шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келiстi.
Версаль келiсiмi. Соғыстың қорытындысын баянды ету үшiн жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келiссөздер жүргiзуге кiрiстi. Париж қала-сындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келiссөздер басталды.
Бұл келiссөздер барысында Германияның жер мәселесi қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма-нияға берiлген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берiлдi. Польшаның батыс жерi Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерiктi қала ретiнде Ұлттар Лигасына басқаруға берiлдi. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бiтiмi бойынша Германия жерінің бөлiгiнен айырылды.
Екiншiден, Рейн өзенiнiң сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерiнiң бақылауына өттi. Германия Рейн өзенi бойынан өз әскерлерiн әкетуге келiстi. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берiлдi. Германия өзiнiң соғыс-теңiз флотынан айырылды.
Үшiншiден, Версаль келiсiмінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесi қаралды. Бұл мәселенi шешу үшiн репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешiмiмен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтiн болып келiстi. Репарациялық төлемнiң 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия – 10%, Бельгия – 8%-ын алатын болды.
Төртiншiден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бiр бөлiгi Англияға берiлдi. Намибия – Британияның доминионы Оңтүстiк-Африка Одағына өттi. Тогоның шығыс бөлiгi, Камерунның көп бөлiгi және Руанди, Берунди Францияға берiлдi. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өттi. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берiлдi. Қытайдағы Шаньдун түбегi Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдiң шығыс бөлiгi, архипелаг Самоа берiлдi.
1919-1920 жылдардағы Германия және оның одақтастары-мен болған келiссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерiстер әкелдi.
Бiрiншiден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдерi тәуелсiздiк алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдiгiн мойындады. Жер өзгерiстерiн бекiттi. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстiк Тироль Италияға берiлдi. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиiстi болды.
Екiншiден, 1919 жылы қарашаның 27 күнi Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келiсiмi болды. Батыс Франция Грецияға берiлiп, Эгей теңiзiне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдiгiне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтiн болды. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келiсiмге қол қойылды. 84 мың км2 жерi 6,7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келiсiм бойынша Австрияның Германияға және басқа елге бiрiгуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келiсiмi жасалды. Бұл келiсiм бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берiлдi. Хорватия – Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы – Чехословакияға берiлдi. 1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрiк мемлекетiмен келiсiмге қол қойылды. Түрiк Республикасының жерi Кiшi Азия бөлiгi мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелдi. Измир қаласы Грецияға өттi. Шығыс Араб елдерiндегi Палестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берiлдi. Батыс Армения жерi түрiктердiң мандаттық билiгiнде қалды. Күрдістан – түрiктерге берiлдi. Фосфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi Версаль және басқа бiтiмдер жүйесi халықаралық қатынастағы жаңа саясат - империалистiк елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелдi. Жаңа халықаралық жүйенiң ерекшелiктерi:
1. Империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды келiс-сөздер арқылы шешуге келiстi;
2. Қару-жарақты қысқарту;
3. Халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасы құрылды;
4. Версаль бiтiмi империалистiк елдердiң агрессиялық саяса-тын тежедi;
5. Кеңестiк Ресейге қарсы «Санитарлық кардон» саясатын ұстады.
6. Батыс Еуропа елдерi ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшiлiк негiзде мойындауға мәжбүр болды;
7. Халықаралық қатынаста жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерiстер әкелдi.
Версаль келiсiмiнiң барысында АҚШ үкiметiнiң саясаты жеңiлiс тапты, бiрақ АҚШ өзiнiң дүниежүзiн билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бiтiмiнiң қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конферен-циясында сыртқы саясаттың жеңiлiс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерiн өзiнiң билеу саясатын жүзеге асыруға көндiру болды.
АҚШ үкiметiнiң тiкелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының үш жылды-ғына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел – АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Ита-лия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президентi Гардинг салтанатты түрде: «Бiз дүниежүзiнде бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты орнату үшiн бас қосып отырмыз» – дедi. Америка Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Бiрiншiден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету; екiншiден, Англияның әлемдiк мұхиттар мен теңiздердегi үс-темдiгiн әлсiрету; үшiншiден, Тынық мұхит аралдарында ман-даттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашинг-тон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзiнiң дүние жүзiндегі қаржылық үстемдiгiн пайдаланып, өзiнiң негiзгi қарсыластарын көндiрді де, дүниежүзiлiк билеу саясатын жүргiзуге жол ашты.
Бiрiншiден, 1922 жылдың 6 ақпанында «тоғыз держава келi-сiмiне» қол қойылды. Мұнда Қытай елiнiң егемендiгi мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, «ашық есiк» және «тепе-тең қатынас» принципi ұсынылды.
АҚШ-тың «ашық есiк» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негiзгi мақсаты - Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету едi. Сөйтiп, «тоғыздық келiсiм» барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темiр жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшiлерiн кейiн шақы-рып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегiн де Қытайға қай-тарды. Сөйтiп, Жапония Қытайдағы беделiнен айырылды.
Екiншiден, конференцияда «бес ел келiсiмiне» қол қойылды. Соғыс-теңiз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерiн жасауды тоқтата тұру; ескi соғыс кемелерiн жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңiз кемелерiнiң арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негiзгi ойы жаңадан соғыс-теңiз кемелерiн жасап, Англияның әлемдiк сулардағы үстемдiгiн әлсiрету болатын. Конференциядағы «бес ел келiсiмiне» сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келiсiмге – АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ – 5, Англия – 5, Жапония – 3, Франция – 1,75, Италия – 1,75 болып пропорциялық түрде белгiлендi. 575 мың т. линкор жасау – АҚШ және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. әрбiр линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады.
Үшiншiден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция «төрт елдiк келiсiмге» қол қойды. Бұл келiсiмде «Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу» сөз болды. АҚШ-тың мақсаты - Тынық мұхит арал-дарындағы Жапонияның беделiн әлсiрету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келiсiмiнiң күшiн жою болды. Жапония делегациясы бұл келiсiмнiң жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкiлi: «Сiздер қорықпаңыздар, бір келiсiмнiң орнына төрт келiсiм қабылданды» - деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкiлi: «Сiздер бәрiбiр бiздiң келiсiмдi жерге көмдiңіздер» - деген жауап қайтарды.
Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференция-сы Америка Құрама Штаттарының ең iрi жеңiсi болды. Олар Париж конференциясындағы жеңiлiстiң есесiн қайтарды. АҚШ-тың дүниежүзiн билеу және ұлы державалық саясаты асықпай iс жүзiне аса бастады. Бiрақ, Версаль-Вашингтон келiсiмдер жүйесi империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзiнiң билеу саясатын еркiн жүргiзе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесi, ұлы держава елдерінiң арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екiншi дүниежүзiлiк соғысқа әкелдi.
Достарыңызбен бөлісу: |