Лекция №3 2 академиялық сағат Дәріс жоспары


Пайданың негізгі көрсеткіштері



бет4/10
Дата04.12.2023
өлшемі0.74 Mb.
#485363
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пайда

3. Пайданың негізгі көрсеткіштері

  • 2) Жалпы кіріс (Валовая прибыль) негізгі қызмет нәтижесінде тауарларды сатудан түскен табыс пен сатылған тауардың өндірістік өзіндік қүны арасындағы айырма ретінде анықталып тауарларды сатудан көрген қаржылық нәтиже болып табылады.
  • Жалпы кіріске әсер етуші маңызды фактор болып өндірістік өзіндік құн табылады, сондықтан оның төмендеуі жалпы кіріс шамасына айтарлықтай ісер етеді.
  • 3) Жалғасушы қызметтен түсетін пайда қалдық (сальдоланған) қаржылық нәтиже болып табылады және жалпы кіріс пен кезең шығыстары (расходы периодов) арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы кіріс шамасы неғұрлым болып, тұрақты шығындарды құрайтын кезең шығыстары аз болған сайын негізгі қызметтен түсетін пайда соғұрлым көп болады.
  • 4) Маржиналдық табыс (пайда) — Сатудан түсетін түсім мен (ҚҚС мен акциздерді есептемегенде) айнымалы шығындар арасындағы айырма. Кейде маржиналды табысты жабу сомасы (сумма покрытия) деп атайды — бұл тұрақты шығындарды жабуға қалатын және пайданы құрайтын түсімнің бір бөлігі.
  • Маржиналды табыс – дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде басқарушылық есепте кең қолданылаатын пайдалылықтың маңызды бір абсолютті көрсеткіштерінің бірі.

3. Пайданың негізгі көрсеткіштері

  • Маржиналды пайда фирманың әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруден түсетін пайданы білдіреді, басқаша сөзбен айтқанда – бұл әрбір қосымша өнім бірлігіне қарай айданың жалпы сомасның өсімі.
  • 5) Салық салғанға дейінгі пайда - бұл маржиналды (жалпы) пайда мен өндірістік емес шығындар (әкімшілік басқарушылық шығындар мен өндірілген өнімді сату бойынша шығындар) арасындағы айырма.
  • 6) Қортынды пайда (Итоговая прибыль) есептік кезеңдегі заңды тұлғаның алған қалдық (сальдоланған) нәтижесін көрсетеді.
  • Кезең шығындары – бұл өндірістік өзіндік құнға кірмейтін шығындар. Кезең шығындары:
  • Жалпы және әкімшілік шығындар;
  • Сату бойынша шығындар;
  • Қаржыландыру бойынша шығындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет