Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат



бет10/32
Дата05.03.2016
өлшемі5.33 Mb.
#43387
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Лекция 11


Құрылымдастырылған кабельдік жүйе.

Жоспар:


1. ҚКЖ туралы жалпы мәліметтер.

2. ҚКЖ құрылымы.

3. Маркерлеу элементтері.
Лекция мақсаты: Құрылымдастырылған кабельдік жүйелерге түсінік беру, тақырыпты пысықтау

1. Қазіргі ғимараттар көптеген кабельді айырғыштармен және ақпараттық желілермен қамтамасыз етілген, олардың арасында: телефондық жүйе, жергілікті компьютерлік желі, кеңселік теледидар желісі, өрт және күзет сигнализация жүйесі, ғимарат ішіндегі климатты бақылау да болуы мүмкін. Кабельді жүйелер көсіпорын мен ұйымдардың комплекстерінің ақпараттық есептелінетін негізгі барлық компоненттері құрылатын «базис» болып табылады.



ҚКЖ дегеніміз құрылымдық ішкі жүйелерге бөлінген ғимараттар немесе ғимарат топтарының иерархиялық кабельдік жүйесі болып табылады. ҚКЖ мыс және оптикалық кабельдерден, кросс-панельдерден, жалғау бауларынан, кабельді ажыратқыштардан, модульді ұялардан, акпараттық және қосымша жабдықтар жиынынан тұрады. Барлық аталған элементтер бір жүйеге интеграцияланады және нақты ережелерге сай шоғырланады.

Өткізгіш архитектурасының екі нұсқасы бар:

- иерархиялық жұлдыздың дәстүрлі архитектурасы;

- бірнүктелі басқарудың архитектурасы.



Иерархиялық жұлдызшаның дәстүрлі архитектура­сы ғимараттар тобы үшін және жеке алынған ғимарат үшін де қолданылуы мүмкін.

Бірінші жағдайда иерархиялық жұлдыз жүйенің орталық кросынан, ғимараттың негізгі кростарынан және көлденең қабаттық кростардан тұрады. Орталық кросс ғимараттардың негізгі кростарымен, сыртқы кабельдер көмегімен байланысқан. Қабаттық кростар ғимараттың негізгі кросымен тік баған кабелімен байланысады. Екінші жағдайда жұлдыз бір-бірімен тік бағаи кабельдерімен жалғанған ғимараттың негізгі кростары мен көлденең қабаттың кростардан тұрады.



Бірнүктелі басқарудың архитектурасы басқарудың ең жоғарғы жеңілдігіне арналып жасалған. Барлық жұмыс орындарының басты кроспен тікелей байланысын қамтамасыз ете отырып, ол бір ортаға қараған активті жабдықтардың орналасуы үшін қолайлы бір нүктеден жүйені басқаруға мүмкіндік береді. Бір нүктеде басқару тізбектерді оңай басқаруды қамтамасыз етеді, олар көп жерлерде тізбектерді кростеу керектігін алып тастауға байланысты болуы мүмкін. Бірнүктелі басқарудың архитектура­сы ғимараттар топтары үшін қолданылмайды.

2. ҚКЖ құрылымы Кез келген толық масштабты құрылымдық кабельдік жүйе негізінде кейде иерархиялық жұлдыз құрылымы деп те аталатын тал тәрізді топология жатыр. Құрылым тораптарының қызметі әр түрлі коммутациялық жабдықтауды орындайды, оның екі негізгі ерекшелігі бар: кабельді жүйенің қолданушыларымен эксплуатацияланатын және ақпараттық розеткалар, қызмет ететін персоналмен жұмыс істейтін топтық коммутациялық өpicтер құратын әр түрлі панельдер. Коммутациялық жабдық бір-бірімен әр түрлі электрлік және талшықты-оптикалық кабельдермен қосылады.

Техникалық бөлмелерге кіретін барлық кабельдер баулар көмегімен кабельді жүйелердің ағынды эксплуатациясы процесіндегі қосылулар мен ауыстырулар орындалатын коммутациялық панельдерге міндетті түрде енгізіледі. Стандарттар сигналдарды тасымалдаудың резервті трактілерін ұйымдастырады. ҚКЖ-ге байланысты қолданылған тал тәрізді топологиямен бірге осының барлығы ҚКЖ-нің, сенімділігін және иілгіштігін, сонымен қатар жеңіл конфигурациялану мүмкіндігін және нақты қосымшасымен кабельді жүйенің бейімділігін қамтамасыз етеді.

Техникалық бөлмелер ҚКЖ мен ақпараттық жүйені бүтіндей құру үшін керек. Жалпы жағдайда олар аппараттық және кростық болып бөлінеді.

Аппараттық деп ҚКЖ-нің топтық коммутациялық жабдығымен қоса, кәсіпорынның ұжымдық қолдану масштабының жабдығы орналасатын техникалық бөлме аталады (УПАТС, серверлер, коммутаторлар). Аппараттықта орнатылатын инженерлік жасақтаманың әр түрлі құрылғылары мен жүйелерінің деңгейі ондағы өңделетін компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтың деңгейіне сәйкес келуі керек.

Кростық дегеніміз ҚКЖ-нің коммутациялық жабдығы жиірек қолданушылардың шекті тобына қызмет ететін желілік және басқа көмекші жабдықтың орналасатын бөлмесі. Кростықтың инженерлік жасақтама жабдығымен жабдықталу деңгейі аппараттықпен салыстырғанда азырақ болып келеді.

Аппараттық ғимараттың кростығымен (FK) сәйкестелуі мүмкін. Бұл жағдайда оның желілік жабдығы ҚКЖ нің коммутациялық жабдығына тікелей жалғана алады Егер аппараттық бөлек орналасса, онда оның желілік жабдығы жергілікті орналасқан коммутациялық жабдыққа немесе жұмыс орындарының розеткаларына ұқсас кәдімгі ақпараттық розеткаларға жалғанады. Сыртқы магистральдардың кростығына (СМК) оған жеке FK-н жалғайтын сыртқы магистральдардың кабельдері кіреді. FK-на оларға қабаттың кростығын (ҚК) жалғайтын ішкі магистральды кабельдер енгізіледі. ҚК-на, өз кезегінде, көлденең кабельдермен жұмыс орындарының ақпараттық розеткаларының розеткалық модульдері жалғанған. Жүйенің иілгіштігін және өмір сүргіштігін арттыратын қосымша байланыстар ретінде FK және ішкі магистральдық кабель­дер - ҚК-ның арасында сыртқы магистральдық кабельдердің төселуі рұқсат етіледі.

ҚКЖ-нің барлығында жалғыз СМК болуы мүмкін, ал әр ғимаратта бір FK орналасады. Бір ғимаратта орналасқан жағдайда СМК мен FK-ты біріктіру рұқсат етіледі. Егер қабаттағы жұмыс орындарының тығыздығы аз болса, онда шығын ретінде аралық қабаттардың көлденең кабельдердің ҚК-на жалғануы рұқсат етіледі. ҚКЖ-нің ғимараттармен байланыс құрылымының мысалы 1-суретте келтірілген.

1-сурет. Ғимараттармен байланыстырылған ҚКЖ қцрылымы:



ҚК - қабат кростығы, АР - ақпараттық розетка,

АН - ауысу нүктесі. ҒК -ғгимарат кростығы,

СМК - сыртқы магистральдар кростығы

ҚКЖ жалпы жағдайда ISO/1EC 11801 халықаралық стандарты бойынша өзінде үш ішкі жүйелерді қамтиды (2-сурет):

- сыртқы магистральдар ішкі жцйесі СМК жене FK-ның арасындағы СМК және FK-ның коммутациялық жабдығының және СМК-дағы коммутациялық баулардың, қосқыштардың сыртқы магистральды кабельдерінен тұрады. Сыртқы магистральдар ішкі жүйесі дегеніміз бір желісі ғимараттың бір территориясында жеке орналасқан байланыстарды біріктіретін негіз болып табылады. Тәжірибеде бұл ішкі жүйе резервті кабельді трассаларының бар болуы есебінен сенімділіктің артуын қамтамасыз ететін физикалық топологияға ие болады. Бұл түсініктерден сыртқы магистральдар ішкі жүйесі кейде екі қабатталған сақина топология бойынша жүзеге асырылады. Егер ҚКЖ автономды түрде бір ғимаратта орнатылса, онда сыртқы магистральдар жүйеастының жоқ болғаны. Үлкен өлшемді ғимараттарда сыртқы магистральдардың жүйеастыларына 500 м-ден ұзын кабельдер жатады, бірақ нақты түрде ғимарат шегіне шықпайды;


  • кей ҚКЖ-де тігінен және туынды ішкі жүйе деп аталатын ішкі магистральдардың ішкі жүйесі FK мен ҚК-ның арасына салынған ішкі магистральды кабельдерден тұрады, оларға FK мен ҚК-дағы коммутациялық жабдықтар, сонымен қатар коммутациялық баулар мен FK-дағы қосқыштардың бөлігі қосылған. Қарастырылып жатқан кабель нақты түрде араларында ғимараттың жеке қабаттарын және бір ғимарат ішінде кеңістікті таралған бөлмелерді байланыстырады. Егер ҚКЖ бір қабатқа қызмет етсе, онда ішкі магистральдың ішкі жүйесі жоқ болуы мүмкін;

  • көлденең ішкі жүйесі ҚК мен жұмыс орындарының ақпараттық розеткаларының розеткалық модульдері, ақпараттық розеткалары, сонымен қатар көлденең кабельдері жалғанатын ҚК-дағы коммутациялық жабдығының арасындағы көлденең кабельдермен құрылған. Көлденең ішкі жүйе құрамына коммутациялық баулардың үлкен бөлігі және ҚК-дағы қосқыш кіреді. Көлденең төселуді құру кезінде төселетін кабель түрінің өзгерісі болатын трактіге бір нүктенің ауысуын қолдануға болады (мысалы, эквивалентті тасымалдау сипаттамаларымен кілемдік жамылғы астында төсеу үшін жазық кабельге ауысу).



2-сурет. ҚКЖ-нің ішкі жүйелері

Осында қарастырылып отырған ҚКЖ-ні жеке ішкі жүйелерге бөлу желінің орындалу пішініне және түріне байланысты емес, яғни ол принцип бойынша бірдей бо­лады, мысалы, кеңселі ғимарат немесе өндірісте кешенді орнатылған кабельді жүйе үшін қарастыруға бо­лады.

Көптеген жағдайларда ҚКЖ-ге желілік жабдықты жалғау және кабельді жүйенің жеке порттарын коммутациялау әр түрлі баулық бұйымдар көмегімен жүзеге асырылады. Әр түрлі ауыстырғыштарды оның анық техникалық және эксплуатациялық артықшылықтарына қарамастан коммутация мәселерін шешу үшін, аз функционалдық мүмкіндіктер үшін қолдану кең таралмады. Белсенді желілік аспаптардың порттарының құрылымдық ерекшеліктеріне негізделген жағдайларда баудан басқа ҚКЖ-нің және желілік жабдықтың электрлік немесе оптикалық интерфейстерінің механикалық және сигналдық параметрлерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін адаптерлер де қажет болуы мүмкін.

Жұмыс орнының ішкі жүйесі жұмыс орындарына желілік жабдықтарды жалғауды қамтамасыз етеді. Оның орындалуы үшін қолданылатын жабдық бүтіндей және толығымен нақты қосымшаға да байланысты болады. Ол ҚКЖ-нің бір бөлігі болып табылады және ISO/IEC 11801 мен ТІА/ЕІА-568А стандарттарының жұмыс істеу шегінен шығады, бірақ бұл нормативті құжаттар оның параметрлері мен сипаттамаларына нақты шектеулер енгізеді.



3. Маркерлеу элементтері. Әр түрлі белгіленудегі жабдықтың үлкен көлемдерін ҚКЖ-нің қақтығыс процесіндегі сияқты жүйені шоғырлауға тапсыру кезінде маркерлеуге қойылатын жеткілікті қатаң талаптар анықтайды.

Маркерлеудің бұйымды сипаттайтын негізгі және қосымша маркерлік мәліметтері болуы керек. Осында маркерлік мәліметтердің саны ең төменгі болуы қажет және қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Одан басқа, маркерлеу бұйымға тікелей жасалуы керек және жөндеу мен эксплуатация кезінде оқу мен көріп шығуға қолайлы болуы керек.

ҚКЖ-нің маркерлеу элементтерінің тізіміне кіретіндер:

- Түстік кодтауды жүзеге асыру үшін коммутациялық панельдермен қоса, баулық бұйымдарға орналасуына бағытталған әр түрлі техникалық құралдар қолданылады. Бұлар ауыспалы жазбалар, әр түрлі маркерлік кестелер мен иконалар болуы мүмкін. Жеке компоненттердің стандартталған түске боялуы сирек қолданылады.

Түстік кодтау принципін жобалық құжатта қолдану ҚКЖ сызбаларының ақпараттылығын және көркемдігін біршама арттырады. ҚКЖ-ні құру кезеңінде қолданылатын маркерлік элементтерді технологиялық деп атайды. Оларды қолдану өңдеуді айтарлықтай тездетеді және жеңілдетеді. ҚКЖ-нің жеке компоненттерін эксплуатацияға тапсырудан бұрын орналасқан маркерлерді мәрелік деп атайды. Мәрелік маркировканың бар болуы ҚКЖ-ні қалыпты басқарудың қажетті шарты болып табылады. Әр түрлі деңгейдегі техникалық бөлмелерде және қолданушының жұмыс орындарында орнатылатын ҚКЖ-нің панельді коммутациялық компоненттерінің көбісінің маркерлеудің штатты элементтері болады. Бұл элементтердің функционалды Мүмкіндіктері кабельді жүйені құру және кезекті эксплуатация процесіндегі қалыпты мәрелік маркерлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Маркерлік элементтердің, өлшемдері маркерлеу салынатын элементтер өлшемдеріне, сонымен қатар маркер­леу элементін ажыратуға болатын ең жоғарғы арақашықтыққа байланысты. Маркерлейтін жазбалар жолға тура салынады және көлденең орналастырылады. Жұмыс барысында түстік, әріптік, сандық немесе әріптік-сандық маркерлеу қолданылуы мүмкін және бір мезгілде маркерлеудің екі түрін қолдануға болады. Әріптік маркерлеу орыс немесе латын алфавиттерінің әріптерінен және араб сандарынан орындалады.

Сирек кездесетін әріптік, сандық немесе әріптік-сандық индекс маркерленетін компонент және оның функционалды мүмкіндіктері туралы негізгі ақпаратты таситын ҚКЖ компоненттерінің жұмыс идентификациясының құралы болып табылады. Әдетте, оны пішіндеу үшін интуициялық көзқарас қолданылады. Оның негізінде маркировка символдары ҚКЖ-нің маркерленетін компонентінің табылғаны туралы мәліметтерді дайындығы аз деңгейдегі қолданушыға тікелей тасымалдайды. Қорытындылай отырып, маркерлеудің мүмкін сызбаларының бірін ұсынуға болады:



NNN-X-Y

мұндағы, NNN - ұйымда таңдалғанымен сәйкес құралған бөлме нөмірі (әдетте, қабат нөмірі плюс, дефиссіз және басқа бөлгіштермен тізбектеліп жазылатын, қабаттағы бөлменің ағынды нөмірі);



X - кабинеттегі розетка нөмірі (ереже бойынша, кірістен солдан оңға есептеледі);

Ү - розеткалық модульдің нөмірі.

Әр түрлі маркерленетін компоненттерінің шығын шамасы келесі факторлармен анықталады:



  • қолданылатын маркерлеу типімен (технологиялық және мәрелік);

  • жеке компонентке (бір немесе бірнеше нүктелерде) қолданылатын маркерлеу ережелері және осы компоненттердін санымен;

  • стандартты беттегі маркерлеу элементтерінің саны­мен.

Нақты типті маркерлердің жеткізілу көлемін есептеу алгоритмі олардың жалпы санын стандартты бетте элементтер санына бөлумен жөне содан соң нәтижені үстіге бүтінге дейін дөңгелектеумен анықтаудан тұрады.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚКЖ туралы жалпы мәліметтер.

2. ҚКЖ құрылымы.

3. Маркерлеу элементтері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет