«Тілге құрмет» тіл апталығы өтілді. Денсаулық фестивалі өтілді



Дата29.02.2016
өлшемі26.73 Kb.
#33509
09.09.2010-18.09.2010. « Тілге құрмет» тіл апталығы өтілді.



            1. Денсаулық фестивалі өтілді.

01.10.2010.- Ұстаздар күніне және қарттар күніне арналған мерекелік

концерт өткізілді.

23.10.2010.- Республика күніне арналған мерекелік концерт өтілді.
30.12.2010.- « Алдар-Көседе қонақтамыз» ( төменгі сынып)

« Күлше қызда қонақтамыз» ( 5-11 сыныптар)

Жаңа Жыл мерекесін атап өттік.

«Ұлттар достығы» фестивалі


Қазіргі таңда қазақстандықтар,саяси тұрақтылық , бірлік пен достық,

өзара түсіністік қасиеттерімен өмір сүріп жатыр. Осының барлығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында

айтылған жаңа тапсырмалар мен маңызды жоспарлардың табысты жүзеге асы-

рылуының кепілі.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің ынтымақ,бірлігінің арқасында еліміз қарыштап алға дамып келеді. «Бірлік бар жерде-тірлік бар»

деп халқымыз тегіннен-тегін айтпаған. Міне , бұл осының айғағы.

1 Мамырда Қазақстан халықтарының бірлігі күні Жыланды қазақ орта мектебінде « Ұлттар достығы »деген атпен фестиваль өтті.

Төменгі сынып оқушылары өз ұлтымыздың киімін киіп,өнерін,салт-дәстүрін дәріптесе,ал жоғары сынып оқушылары өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киіп,өнерін паш етті.

Фестиваль соңы салтанатты шеруге ұласты.

Ғарыш әлемінде.

Біздің мектебімізде 2011 жылы сәуір айының 4-нен 12-не дейінгі аралықта Ю.А.Гагариннің ең алғаш ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына байланысты апталық өтілді. Барлық сыныптарда осы мерекеге орай біріңғай сынып сағаттары өтіліп, 5-8 сынып оқушыларының аралығында «Сурет көрмесі» ұйымдастырылды.

Тәрбие ісі меңгерушісі Жирентаева А.Д. сәуірдің 12- сі күні 5-11- сынып оқушыларына тұңғыш ғарышқа ұшқан адам Ю.А. Гагариннің өмірбаяны мен қызметінен біршама мәліметтер беріп, қызықты әрі, ортақ тәрбие сағатын өткізді.
Аудандық «Абай оқулары».
Аудандық «Абай оқуларына» біздің мектептен 6,8,9 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Абайдың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу бойынша «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясынан 1-орынды 6 сынып оқушысы Исмаилова Сымбат иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

Өз шығармаларын оқу бойынша «Жүйріктен, жүйрік озар, жарысқанда» номинациясынан 2- орынды 6-сынып оқушысы Теміртанова Мадина, 3-орынды 9-сынып оқушысы Алтенова Айгерім иеленіп, марапатталды.


Құрметті, біздің сайтымыздың қонақтары!


Сіздерді, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, еңбектеріңіз жемісті әрі, табысты болсын, отбасыңызда бақыт, Елімізде тыныштық және әрдайым, аспанымыз ашық болсын!

Ұлы Жеңіс мерекесіне 66- жыл толуына байланысты біздің мектебімізде бірқатар іс-шаралар өткізіліп,барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді.

Мереке қарсаңында оқушылар тарапынан жалпы ауылдың алаңы тазаланды,ауылдың үлкендеріне балалардың қолымен сыйлықтар дайындалды және шақыру билеттері таратылып, мерекелік концерт өткізілді.



Бала - бақшаның бүлдіршіндері құттықтап,өз өнерлерімен жиналған қауымды таң қалдырды. Сонымен қатар 7-8 сынып оқушыларының күшімен шағын қойылымы қойылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет