Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#142332
түріЛекция
  1   2   3   4   5

Ф-ОБ-007/017



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария»университеті

«Гуманитарлық білім»факультеті


«Тарих және география» кафедрасы

«Шетелдік Орта Азияның физикалық географиясы» пәні бойынша

5В011600- «География» мамандықтары студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Силлабус)

Оқу түрі: сыртқы

Курс: 4


Кредит саны: 4

Лекция: 30 сағат

Семинар: 20 сағат

СӨЖ: 130 сағат


Барлық сағат саны: 180 сағат

Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)

Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)

Барлық балл саны: 100

Жетісай, 2010

Құрастырған: аға оқытушы: Исмайлова К.Б.




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Шетелдік Орта Азияның физикалық географиясы» пәні бойынша

5В011600 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Силлабус « Сырдария» университетінің Ғылыми кеңесінде Хаттама №1

«_____» ____ 20____ ж. бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалды.


Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама № 1 «____» ____. 20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.доцент ______ Апашева С
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама № 1 «___» ___. 20____ ж.
Әдістемелік бюро төрағасы:__________Исламова М

Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 2010ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы __________п.ғ.д. профессор Мусабекова Г.Т.

Мазмұны


  1. Алғы сөз …….………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………..............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..........................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………....................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………............................

  8. Оқу сағаттарының тақырып

бойынша бөліну кестесі .……….........................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ..........................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары .......................................................

  3. СӨЖ жоспары ................................................

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері: .............................................

а) Тест сұрақтары

ә) Жазбаша бақылау

13. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі .........

1.Алғы сөз


Оқу әдістемелік кешен «Шетелдік Орта Азияның физикалық географиясы» пәні бойынша 5В011600 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. Жалпы мәліметтер:

Лектор: аға оқытушы Исмайлова Кулайым Бердалықызы

“Химия және география” кафедрасы

Кафедрада болу уақыты: 900- 1800



Өткізу уақыты және орны



Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Исмайлова К.Б.





Уақыты __________

Ауд ______




Уақыты _______

Ауд ________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3.Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі

Пәннің мақсаты: Шетелдік Орта Азияның физикалық географиясы - Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның физикалық-географиялық орны, табиғатын, жер бедері мен пайдалы қазба байлықтарын оның жеке аймақтары мен елдерінің халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын зертейді. Адам мен қоғамның өзара іс-әрекетін, адамзаттың ғаламдық проблемаларын және халықаралық қатынастарды қамти отырып, дүниежүзілік саясат пен экономикадағы-ТМД елдері мен Қзақстанның орны мен ролін салыстыру арқылы, бұл пән қазіргі кезеңдегі әлемнің жалпы даму сипатын дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Пәннің міндеті: Орта Азияның Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан Републикасы елдерінің ландшафттарының әр түрлілігін алдын ала болжау географиялық орны, тектоникалық құрлымының даму тарихы, геологиялық литологиялық құрлысы және оның жер бедерін, климатын, топырақ пен өсімдік жамылғысын т.б. білуі міндеті.

Оқу процесіндегі ролі: курсты оқу барысында студенттер табиғи ортадағы компоненттердің өзара байланысын айқындау, құрлықтың табиғи кешендерінің зональді-белдеулік секторлық құрлысын алдын ала болжау, табиғи тұтастылықпен антропогендік жүйесінің өзара байланысы мен географиялық бірлесуін білу қажет.

4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Географиялық орта химиясы

Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясы

2

Геология

Дүние жүзінің шаруашылық географиясы

5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Кредит саны

Курс

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Бақылау

жұмысы


Қорытынды бақылау

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

4

4

180

30

20

130

+

емтихан

6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар,СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проб-лемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі




Лекцияның тақырыбы


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

1- тарау. Шетелдік Орта Азияға жалпы сипаттама

1

Кіріспе.

1

1

4

2

Шетелдік Орта Азияның ішкі сулары

1

1

4

2 тарау.Түрікменстан Республикасы

3
Түрікменстан Респубикасы

1

1

5

4
Климаты

1

1

4

5
Ішкі сулары

1




4

6

Топырағы,өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі

1

1

4

7

Халқы

1




4

8
Ауыл шаруашылығы

1

1

4

9

Өнеркәсібі

1




5

10
Қалалары және көлік түрлері

1

1

5

3 тарау. Өзбекстан Республикасы

11
Өзбекстан Республикасы

1

1

5

12

Климаты

1

1

4

13

Ішкі сулары

1




4

14

Топырағы, өсімдігіжәне жануарлар дүниесі

1

1

4

15
Халқы

1




4

16
Өнеркәсібі

1

1

5

17
Ауыл шаруашылығы

1




4

18

Өзбекстан қалалары және көлік түрлері

1

1

5

4 тарау. Қырғызстан Республикасы

19

Қырғызстан Республикасы

1

1

5

20

Климаты

1

1

4

21

Ішкі сулары

1




4

22

Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі

1

1

4

23

Табиғат ресурстары және оны қорғау

1




4

24

Халқы

1

1

4

25

Өнеркәсібі

1




5

26

Ауыл шаруашылығы және рекреациялық аудандары

1

1

4

27

Қалалары және көлік түрлері

1

1

5

5 тарау. Тәжікстан Республикасы

28
Тәжікстан Республикасы

1

1

5

29
Климаты

1




4

30
Ішкі сулары

1

1

4



Барлығы:

30

20

130



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Химия және биология» факультеті
«Химия және география» кафедрасы

« Шетелдік Орта Азияның физикалық географиясы» пәні бойынша


050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін


Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай,2010 ж



9. Лекция сабақтары

Лекция №1.

Тақырыбы: Кіріспе

(1 сағат)

Жоспар:

1.Шетелдік Орта Азияның физикалық- географиялық орны

2. Жер бедері

3. Климаты



Лекцияның мақсаты: Шетелдік Орта Азияның физикалық- географиялық орнын, жер бедерін, климатын қарастыру

Лекцияның мәтіні:

1.Орта Азия республикалары – Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан ТМД –ның оңтүстік шетінде орналасқан. Олардың жалпы ауданы 1277,1 мың км2. Орта Азия елдері ТМД –ның ірі экономикалық аудандарынан алыста болғанына қарамастан олармен , әсіресе Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыста. Әртүрлі экономикалық байланыстар Қазақстан арқылы Орта Азиядан Орталыққа, Оралға, Сібірге өтеді.

Орта Азия елдері Арал мен Каспий теңізі ойпаттарынды, Қарақұм және Қызылқұа шөлдері, Арал теңізіне құятын Амудария және Сырдария бассейндерінде, яғни Евразия материгінің ағынсыз аймағында орналасқан. Бұл жерде Тянь –Шань және Памир – Алай ірі тау жүйелері орналасқан. Орта Азияның көпшілік ірі жоталары ендік бойымен созылып жатыр. Таулар оның оңтүстік және оңтүстік шығысынан қоршап жатыр, солтүстігі ашық қалған. Орта Азияның барлық шөлді жазықтардағы оазистері өзен жағалауларында , каналдардың бойында және суармалы игерілген дала және шөлдерде орналасқан.

2.Орта Азияның геологиялық құрылысының тарихы өте күрделі: тау жоталарының бірнеше фазалары, таулардың өсуі және бұзылуы, теңіз басу, атмосфера циркуляциясының өзгеруі, мұз басу. Таулар жер сілкінісінің әсерінен түзілген, бұл жерде пайдалы қазбалардың үлкен бөлігі орналасқан – мұнай, газ, көмір, алтын, полиметалл, тау хрусталі, тұз.

3.Орта Азия мұхиттардан мыңдаған километр қашықта орналасқан және үлкен таулармен қоршалып жатқандықтан климаты шұғыл континентті

Орта Азия тауларында шамамен 7000 мұздық бар екені анықталған, жалпы ауданы 20 мың км2. Жазда мұздар ерігенде көпшілік өзен сулары кенет көтеріледі.

Орта Азияның климаты жылу сүйгіш өсімдіктердің өсуіне жағдай жасайды. Жазық жерлерде: мақта, жүзім, шабдалы, інжір, анар т.б. , ал тауларда – дәнді дақылдар , астық тұқымдастар және картоп т.б. егіледі. Орта Азияның егін шаруашылығында жазда су тапша болады, егістік жерлердің көлемі үлкейеді, бірақ су жетіспейді.

Орта Азияға ала –құла ландшафт тән, мұнда бос жерлерді, құмды шөлдерді, таулы шабындық жерлерді, мәңгі қарлар мен мұздықтарды кездестіруге болады.


Лекция №2

Тақырыбы: Орта Азияның ішкі сулары

(1 сағат)

Жоспар:

1.Орта Азияның өзендері

2. Орта Азияның көлдері

Лекцияның мақсаты: Орта Азияның ішкі суларын қарастыру

Лекцияның мәтіні:

1.Орта Азияның сулары мұхитқа құймайды, бірақ өзендері көлдерге құяды немесе көлге де жетпей, құмға сіңіп кетеді.

Орта Азияның өзендері тым әркелкі орналасқан. Каспий теңізінен шығыста Амударияға дейін өзен жоқ десе де болады. Кең байтақ алқаптағы бірден – бір су көзі құдық болып табылады.

Орта Азияның таулы облыстарында өзендер біршама біркелкі тараған: мұнда қарлар мен мұздықтардан көптеген бұлақтар, жылға мен өзендер басталады да, олар қосыла келе ірі өзендерге айналып, жазықтарға шығады, суландыру жүйелерін қамтамасыз етеді. Егер жазықтарда бірен –саран өзен кездесетін болса, тауларда қазіргі уақытта жылғалар мен өзендердің саны 12000-ға жетеді.

Орта Азия өзендері режимінің мынадай ерекшеліктері бар: олардың таудан шығатын кездегі суы сағасындағы суынан мол болады, өйткені жазықта олардың суының көбі буға айналып, суландыруға кетеді. Көптеген өзендер суының шығыны көп болғандықтан, мүлде сарқылып қалады немесе төменгі ағысында құмға сіңіп кетеді, ешқайда барып құймайды. Көптеген өзендері еріген қардың суымен қоректенеді. Көптеген өзендерде судың ең азы қыс пен күзде байқалады, ал судың ең мол кезі – жаз.

Орта Азияның ең ірі өзендері – Амудария және Сырдария.

Амудария – Орта Азияның ең ірі және суы мол өзені. Ол Вахш пен Пяндж өзендерінің қосылуынан құралған, Арал теңізіне құяды. Ұзындығы 1415 км. Басты салалары- Сурхаб, Кафирниган, Сурхандария. Суы өт лайлы, таудағы қар, мұз суымен қоректенеді. Жылдық ағыннң 80 пайызы Пяндж бен Вахшқа, қалғаныКафирниган мен Сурхандарияға үлестеріне тиеді. Өзен деңгейі мамырда (қардың еруіне байланысты) көтеріле бастайды. Шілде - тамыз айларында биік тау басындағы қар мен мұз ери бастағандықтан су молаяды. Амудария жағалауларында бұта тоғайлары, қамыс және шалғын өседі. Амудария мен оның салаларының су энергиясы аз пайдаланылады. Өзеннен сазан, қаяз, тыран, жайын, күректұмсық т.б. балықтар ауланады. Амударияның жер суаруда үлкен маңызы бар, өзеннің алабындағы суарма егіс 1260 гектарға жетеді. Амудариядан басталатын Үлкен Қарақұм мен Амудария – Бұхар каналдарының шаруашылық мәні өте зор.

Сырдария – Орта Азиядағы ең ірі өзені. Қарадария мен Нарын өзендерінің

Ферғана шұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен Сырдария аталынып Арал теңізіне құяды. Су жинау алқабы 219 мың км2. Жоғарғы бөлігіндегі суы Ферғана аңғарындағы егінді суларға көбірек пайдалынады. Басты салалары сол жағынан-Исфайрам, Шахимардан, Сах, Исфара, Қожабақырған Ақсу, оң жағынан – Патшаата, Қасансай, Гавасай, Чаадаксай. Өзеннінің ұзындығы 3019км.

Өзен арнасының төменгі бөлігі алювилий шөгінділерден түзілген көтеріңкі жерді кесіп өтеді, сондықтан мұнда жазғы су молайғанда тасқындар жиі болып тұрады. Сырдария көбіне қар, аз мөлшерде мұздық және жаңбыр суымен қоректенеді, суы өте лайлы. Сырдарияның төменгі бөлігі желтоқсан айында қатып, мамырда лмұзы кетеді. Аңғарлардың жазық жерлері тоғайлы, шұратты келеді. Мекіре, ақмарқа, қаяз, табан балық, жайын, сазан т.б. ауланады. Сырдарияның Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларының экономикасын дамытудағы ролі өте күшті.

Өзбекстанның барлық ішкі сулары Арал теңізі бассейіне жатады.

Өзбекстанның Амудария миен Сырдариядан басқа өзендері онша лайлы емес.

Қырғызстанның су артериясы 28 мың өзеннен тұрады. Оның 90%-ның ұзындығы 10 км-ден асады. Қырғызстанның өзендері Арал теңізі, Тарима, Ыстықкөл, Балқаш көлі алабында жатады. Республиканың маңызды өзені – Нарын.

Тәжікстанның су артериясы 947 өзеннен тұрады. Олардың үлкен бөлігі (88%) Памир-Алайдан басталып Амудария бассейініне құяды. Амудария алабы Респуюлика жерінің ¾-ін қамтиды: Пяндж, Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Вахш өзендері жатады. Сырдария алабында Түркістан жотасының солтүстік беткейінен ағатын өзендер: Исфара, Қожабақырған, Қарасу, Ақсу кіреді.

Пяндж-Тәжікстандағы Ауғаныстан шекарасымен ағатын өзен. Ұзындығы 921км, алабы 114000км2. Пяндж Памир және Вахандария өзендерінің қосылуынан пайда болған. Мұздық пен қар суымен қоректенеді.

Пяндж өзенінің салаларының ішінен халыққа ең маңыздысы, әрі көлемі жағынан ірісі-ағасы қатты таулы өзендер түрінде Памир мен Алайдан ағып шығатын оң салалары. Бұл-Гунт немесе Алигур өзендері. Алдымен өзен Памирде өзеннің шалғынымен және жайылымдарымен әйгілі батпақты аңғарлармен ағады. Алигур өзені өзінің бастауларынан 100км-де Аличур өзені аңғарларының үйіндісінен пайда болған Жасылкөл келіп құяды, ол енді бұл үйінділерден асып төгіліп, тас кемерлі, ағысы екпінді Гунт деп аталатын өзенге айналады. Гунтқа сол жағынан аңғарлардың әдемілігімен әйгілі саласы-Шахдара өзені келіп құяды.

Түркіменстан территориясының 80%-ке жуығының тұрақты және жер беті ағыны жоқ. Ірі өзені Амудария Республикасының шығыс бөлігімен өтеді. Оңтүстігіндегі ең ірі өзендері – Мураб, Теджан, Атрек.

Атрек-Түрікмен-Қорасан тауларынан басталып, батпақты атырау жасап Каспий теңізіне құяды. Атрек еңсіз тар аңғармен ағады, төмен қарай жағалары біртіндеп аласара береді де, сағасында сумен деңгейлес болып қалады. Нөсерлерлерден кейін өзен суының деңгейі көтеріліп, тасқын болады. Негізінен таулардағы қар, жаңбыр суымен қоректенеді. Үлкен саласы-Сумбар.

2.Орта Азия көлдері арасында Каспий мен Арал көл-теңіздерінің халық шаруашылығы үшін маңызы зор.

Өзбекстанның көлдері өте аз және кіші, бірқалыпты таралмаған.

Орта Азияның ірі көлі – Арал теңізі (ауданы 66мың км2) оның оңтүстік бөлігі Өзбекстанға кіреді. Оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын қолданылуына байланысты теңіз деңгейі төмендеген.

Қырғызстан территориясында 3 мыңға жуық көл бар. Олардың көпшілігі биік тауларда орналасқан. Ондағы әдемі көлдердің бірі-Сарышелек. Ол 1874м биіктікке Шотқал жотасының оңтүстік шығысында орналасқан. Ең ірі көзлдері Ыстықкөл, Соңкөл, Шатыркөл. Олар тектоникалық жолмен пайда болған. Соңкөл және Шатыркөл мұхит деңгейінен 3 км биіктікке орналасқан.

Тәжікстанның көлдері негізінен Памир және Гисар-Алай тауларында орналасқан. Ірілері: Қаракөл, Саряз, Жасыл көл, Ескендір көлі.

Түрікменстанның көлдері Каспий теңізі жағалайларында және Узбой аңғарларында шоғырланған: Ірілері: Куулия, Ясхан, Топиатан, Коу-Ата, Қарлұқ.



Лекция №3.

Тақырыбы: Түркіменстан Республикасы

(1 сағат)

Жоспар:

1. Географиялық орны, жер көлемі.

2.Табиғатын қалыптастырушы геологиялық жыныстардың құрамы және геологиялық кезеңдер.

3. Жер бедері



Лекцияның мақсаты: Түркіменстан Республикасын қарастыру

Лекция мәтіні:

1. Жер көлемі – 488,1 мың км2

Халқы - 4,5 млн. адам

Астанасы - Ашғабад

Мемлекеттік тілі – түркімен тілі

Ұлттық валютасы – манат

Түркіменстан түгелдей Тұран ойпатының оңтүстігінде Әмудария өзені мен Каспий теңізі аралығында жатқан мемлекет. Мемлекеттік шекарасы солтүстік- батысында Қазақстанмен, солтүстігі мен шығысында Өзбекстна, оңтүстігінде Иран және Ауғаныстанмен шектеледі, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Ресеймен өтеді. Жер көлемі жағынан түркі тілдес мемлекеттер ішінде Қазақстан мен Түркиядан кейінгі 3-ші орында.

Түркіменстан батыстан – шығысқа дейін 1100 км, солтүстіктен оңтүстікке дейін 630 км –ге созылып жатыр. Жер бедері тегіс, жазық келеді, тек оңтүстігінде Копетдаг тауының етегінде Кугитанг таулары орналасқан. Копетдаг тауының ең биік жері Ризе тауы –(2942м). Тұран ойпатының оңтүстік таулы жиегін құрайды. Ең биік жері Кугитанг жотасында. Абсолюттік биіктігі 3137м. Ең төмен жері Ақжакай (81м).

2.Копетдагтың биіктігі қарлы шекараға жетпейтіндіктен, оның жоталарында мәңгі қарлармен мұздықтар жоқ. Тауларда су қорының аздығынан республика аумағы шөлді болып келеді.Копетдагтың геологиялық негізін юра мен бор шөгінділерінің қалың қабаты құрайды. Тау етегінде палеоген мен неоген шөгінділері көп кездеседі. Копетдагтың солтүстік беткейі тік, кей жерлері жар – құзды, ал оңтүстігі – жазық болып келеді. Копетдагтың қатпарлы құрылымы мен жер бедерінің (рельефі) түзілуі неоген дәуірінде басталып, төрттік дәуірі бойы созылған. Тектоникалық жағынан Альпі геосинклиналды облысына жатады. Тау жасалу процессінің әлі жүріп жатқанын, мұнда болып тұратын жиі жер сілкінуден көрінеді. Тау беткейлерінің кейбір жерлерінде жарықтардан жылы су булары мен газдар шығып жатады. Солтүстік жағындағы жабық жылы аңғарлар- гүлденген оазистер.

Құмтас пен ізбес тастан тұратын юра мен бор шөгінділерінен түзілген Үлкен және Кіші балхан Красновод түбегі мен Копетдагтың арасында орналасқан таулы қырат.

Бадғыз және қарабиль қыраттары Теджен мен Мургаб, Мургаб пен Әмудария өзендері аралықтарының оңтүстік бөлігіне орналасқан. Әкімшілік жағынан олар Түркімен Республикасы құрамына кіреді.

3. Мемлекет астанасы – Ашғабад қаласы. Республикасының жалпы жер көлемінің шамамен 80 пайызын Қарақұм шөлі алып жатыр. Әмудариядан батысқа қарай Каспий теңізіне дейінгі аралықта жатқан Қарақұм шөлі дүние жүзіндегі ең ірі шөлдердің бірі. Қарақұмда құм тасты қырқалар басым. Олардың биіктігі – 30 км-ге, ені- бірнеше жүздеген метрге, ұзындыығ 10-12 км –ге жетеді. Қырқалардың арасында ойпаң жерлерде тақырлар кездеседі. Қарақұмда Орта Азиядағы ең ірі канал –Қарақұм каналы салынған. Әмударияданбастау алатын қарақұм каналының ұзындығы 1100 км –ден астам. Канал суымен суландырылған жерлерде мақта, жоңышқа және әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі және жібек құрты, бау – бақша, жүзім шаруашылығы өсіріледі.

Қарақұмның кең – байтақ өңірі жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда қойдың бағалы тұқымдарынан қаракөл елтірілі және етті – жүнді сараджа қойлары мен түйенің асыл тұқымдарынан өсіретін шаруашылықтар бар. Қарақұмның қойнауы мұнай мен газға бай.

Лекция №4.

Тақырыбы: Климаты

(1 сағат)

Жоспар:

1. Жер бедерінің климатқа әсері

2. Ауаның ылғалдылығының республика территориясына таралуы.

Лекцияның мақсаты: Түркіменстанның климатын қарастыру

Лекция мәтіні:

1. Түркіменстанның климаты құрғақ, шұғыл континентті. Республиканың мұхиттардан қашықта орналасуы, материкішілік ауа циркуляциясы климаттың құрғақ және континентті болуына әсер етеді. Климатты жұмсартуға Каспий теңізінің жарқын орналасуы біраз болса да әсер етеді.

Оңтүстікте орналасқан таулар қыста солтүстіктен және солтүстік батыстан суық ауаның келуіне кедергі жасай алмайды, бірақ оңтүстікте Үнді мұхитынан ылғалдың келуіне тосқауыл болады.

Жазы ыстық және құрғақ, қысы жұмсақ, көктемі қысқа әрі ылғалды, күзі қуаң. Ауаның жылдық және тәуліктік амплитудасы өте жоғары. Жазықтарда жылдың орташа температурасы солтүстікте 11С, оңтүстікте 17 С, тауларда (1500м) 6-10. Ең суық айы –қаңтар. Республиканың оңтүстік жазықтарында қаңтардың орташа температурасы 2-5С. Солтүстікке қарай температура төмендейді. Шілде айының орташа температурасы 32 С, максимум 50С –қа жетеді, ең төменгі температура -33С.

Түрікменстанның жазықтарында аязсыз мерзім 230-250 күн, ал кей жылдары 310 күнді құрайды. Қысы аязсыз, жылы болғандықтан өсімдіктер көгере бастайды. Мұнда қыстарды вегетациялық қыс деп атайды (Қара –Қала, Қызыл –Атрек). Ал басқа жерлерде синоптикалық процестер тұрақсыздануынан вегетациялық қыстар 20 проценттен 90 проценттке дейін өзгеріп тұрады.

2.Республиканың жазықтарында жауын –шашынның жылдық мөлшері өте төмен 70-120 мм, ал таулы жерлерде шамалы жоғары, кейде 350 мм-ге жетеді. Ауаның ылғалдылығы батыстан шығысқа қарай, оңтүстіктен солтүстікке қарай азаяды.

Ылғалдылықтың жетіспеушілігі үлкен булануға алып келеді. Шілдеде ауа температурасы мен ылғал жетіспеушілігі өте жоғары болады. Бұл кезде булану 420-480 мм, оазистерде 1300-1500 мм, шөлдерде 2000-2500 мм-ге жетеді.

Түрікменстан оңтүстікте орналасқандықтан, өсімдіктердің өте аз болуынан жер беті күнге қуатты ысиды. Ең жоғарғы температура жазықтарда 44,7 С – тан, 61,7 С –қа дейін көтеріледі. Мұндай жерлерде мақта, жүзім, бақша өнімдерін өсіруге болады. Мұндай ыстық климатта қар аз жауады, кейбір жерлерде тіпті қар жаумайды да.

Жел соғу жылдамдығы 4м /сек, кей жерлерде 6-7 м/сек –қа жетеді.


Лекция №5.

Тақырыбы: Ішкі сулары

(1 сағат)

Жоспар:

1. Өзендері

2. Ішкі сулардың халық шаруашылығындағы маңызы.

Лекцияның мақсаты: Түркіменстанның ішкі суларын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Түркіменстанның өзендері тұйық су алабына жатады. Дүниежүзілік мұхитпен байланысы жоқ. Республика территориясына жауын –шашынның аз түсуі мен қазіргі мұздықтардың болмауы әсерінен ірі өзендері жоқ. Ең ірі өзені - Әмудария. Әмудария тек Түркіменстанда ғана емес, жалпы орта Азиядағы ең ірі өзен. Республиканың шығыс шекарасын бойлай ағады. Ұзындығы 2540 км. Пяндж деп аталған бұл өзеннің басы республика жерінен тыс жерде бастау алады. Оған жолшыбай Ваш өзені келіп құйған жерден бастап Әмудария деп аталады.

Жазық жердегі ені 1,5 км –ге жетеді. Өзен суының 40 пайызға жуығы суғаруға пайдаланылады, буға айналады және арна түбіне сіңіп отырады.

Әмудария өзенінде жыл бойы ағып келетін шөгіндінің мөлшері 272 млн. т. шамасында. Бұл дүние жүзінің ең лай сулы өзендерінің бірі. Әмудария бойында Керки қаласы маңында дүниежүзіндегі ең үлкен канал –қарақұм каналы басталады. Қарақұм каналы ел астанасы –Ашғабад маңынан өтеді, ұзындығы 1100 км. Каналдың аймағындағы жайылымдар суландырылған.

Оңтүстігіндегі ірі өзендері – Мургаб, Теджен, Атрек.

Атрек – Түркімен –Қорасан тауларынан басталып, батпақты атырау жасап Каспий теңізіне құяды. Атрек енсіз тар аңғармен ағады, төмен қарай жағалары біртіндеп аласара береді де, сағасында сумен деңгейлес болып қалады. Нөсерлерден кейін өзен суының деңгейі көтеріліп, тасқын болады. Негізінен таулардағы қар, жаңбыр суымен қоректенеді. Үлкен саласы –Сумбар.

Атрек өзенінен шығысқа қарай Теджен өзеніне дейін бірде –бір елеулі өзен жоқ, тек ағысы жылдам кішкентай, аз сулы өзендер: Ашхабатка, Фирюзинка, Арчинян т.б. кездеседі.

Қарақұмның оңтүстігін Теджен өзені суландырады, оның ұзындығы 320 км. Бұл өзен Ауғанстаннан басталады, онда оны Герируд деп атайды, бұл жерде ол белгілі гедат оазисін суландырады. Орта Азия жеріне Теджен өзені Зюльфағар өткелі маңында шығады. Жаз айларында өзеннің суы тартылып қалады, кейде желтоқсанда ғана қайтадан пайда болады. Теджен өзенінің барлық суын жер суғаруға тартып әкетеді де, ол құмға сіңіп кетеді.

Мургаб өзені Теджен өзенінен Қарақұм құмының кең алқабымен бөлініп жатыр. Ол Тедженнен ірірек және бұл да Ауғанстаннан басталады. Орта Азия территориясымен 420 км ағады. Өзеннің тереңдігі шамалы, әрі жыл маусымына қарай қатты өзгеріп отырады. Мургабтың орта және төменгі ағысының жағалары үлкен және тік жарлы болып келеді. Аңғарды қалың бұта жауып жатады. Мургаб өзенінде жақсы жабдықталған тасқын сулар жиналатын үлкен бөгендері бар плотиналар – Султанбед және Гиндукуш бар. Мургаб өзенінің ең ірі салалары – Кашан мен Кушка.

2.Мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қоры ұлғайтылуда. Канал республика өмірінде зор роль атқарады. Транспортқа да пайдаланылады. Суы ауыл шаруашылығын суландыруға пайдаланылады. Теджен, Артек өзендері Каспий теңізіне құяды. Жаз айларында құрғап қалады. Республика өмірінде жер асты суларының маңызы зор. Шөлді аймақтарда тұрақты ағатын өзендер жоқ болғандықтан, құдықтардан су алады.

Каспий теңізі республика өмірінде маңызды орын алады. Каспий теңізіне орналасқан Түркіменбашы қаласы мен Каспий жағалауында орналасқан басқа да портты қалалар (Баку, Ақтау, Махачкала, Астрахань) арасында жүктер мен жолаушылар тасымалданады.

Түрікменстанның көлдері Каспий теңізі жағалауларында және Узбой аңғарларында шоғырланған: Куулия, Ясхан, Топиатан, Коу –Ата, Қарлұқ.


Лекция №6

Тақырыбы: Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Топырақ түрлері

2. Өсімдік түрлері

3. Жануарлар түрлері



Лекцияның мақсаты:Түркіменстанның топырағын, өсімдігін және жануарлар дүниесін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Түркіменстанның әр түрлі бөліктерінде топырақ бірдей емес. Заунгуз бен Оңтүстік Қарақұмның топырақтары сұр қоңыр шөлдік, ал тақырларда топырақ көбіне тұзды. Оңтүстік – шығыс Қарақұмда сұр топырақ, құмтасты және жеңіл саздақта жайласқан топырақтар.

Копетдаг тау етегінің көлбеу жазығының топырағы сазды тақырлар және тақыр тәрізді сұр топырақ. Бұлардың бәрінің тұздану дәрежесі бірдей емес. Қарақұмның беті бекіген және жартылай бекіген қырқалы, ұсақ қырқалы және төбелі құмдардан тұрады.

2. Қарақұмның қырларында ақ сексеуілден (HaIoxyIon persicum), Геркез (Salsola Richteri) баялыштан (Salsota arbuscula) тұратын өсімдіктер тобы тараған; бұл өсімдіктер тобына боз, мың бас шырмауық (Convotvulus Korolrowii) пен эфермерлер аралас өседі. Эфемелер мен эфемериодтар қысқа көктемде гүлдеп, шөлді аймақ ерекше түске бөленеді. Көкек айының соңы, мамырдың бас кезінде өсімдіктер құрайды да, қоңырқай тартып, шаң-тозаңнан сұрғылттанады. Қарақұм жеріне тән өсімдік құм қияғы, оны қойлар жақсы жиді. Бадхыз бен Карабиль қыраттарын дәнді-қияқты және эфермелі жусанды өсімдіктер жауып жатыр. Қол шатыр тәрізді өсімдік-сасырлар жиі кездеседі. Баздызға сирек өскен пісте (Pictacia Vera) тән.

Жалпы Түрікменстанда өсетін өсімдіктер табиғаттың құрғақшылығына бейімделген. Жапырақты тікенекті, тамыр жүйесі жақсы жетілген. Мысалға, жантақтың тамыры 20м-ге, ақ сексеуілдің тамыры 30-40 м-ге жетеді. Копетдаг тауында 350-500м. биіктік шегінді шөлді-далалы ландшафт орын алған. Ал 500-1150 м биіктіктерде, мұнда субтропиктік таулы далалардың зонасы оған сәйкес қызыл-қоңыр топырақ типі тараған. Бұлақтар мен жылғалалардың бойында бұталар (бадам, итмұрын, ұшқат т.б.) өте қалың өседі. Жеміс ағаштарын түрікмен алма ағашы, інжар, алмұрт, жабайы анар өседі.

1150-2500 биіктіктердегі өсімдік жамылғысын жартастар мен қорымдар бөліп тастаған. Өсімдіктері далалық, таулы-қыратты ксерофиттер мен аршалықтар.

Түрікменстан флорасы бай. Жануарлар дүниесінде Үндістан, Иран, Ауғаныстан флорасы өкілдері көп кездеседі. Өзен аңғарларында үнді қызғышы, шығыршықты жабайы кептер, қабыршақты тоқылддақ мекендейді. Тау алдындаңғы жазықтарда үнді бал жегіші, гепард, қорқау қасқыр, ауған сұр тышқаны, көптеген ұлы жыландар (гюрза, эфа, кобра) кездеседі. Бадхыз пісте ағаштарының нуында үнді тағанағы болады.

Қарақұмда сарышұнақ, ірі құтышқан, қосаяқ өседі. Олар түнгі уақытта қызу қимыл жасап, шөп тамыры мен шыбын-шіркей жиді. Құмда бауырмен жорғалаушылар көп. Олар ұсақ кесірткелер, Түрікменстан агамасы, ең үлкен кесіртке – сұр варан жыланмен, құстармен ұсақ кеміргіштермен қоректенеді.

Сексеуіл бұталарында әдетте жіңішке, әрі ұзы оқ жыландар кездеседі. Жәндіктерден қыр шаян мен қарақұрт жиі кездеседі. Түрікменстанда сүтқоректілердің 91 түрі, құстың 372 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 74 түрі, балықтың 60 түрі кездеседі. Республиканың фаунасы мен флорасын сақтап, келешек ұрпаққа аманат болсын деп ұйымдастырылған бірнеше қорықтар бар. Теджен мен Мургаб өзендері аралығында 85,9 мың гектар алқабты алып жатқан Бадхыз қорығы. Онда жойылып кету қаупі бар сирек кездесетін құлан табиғиғ жағдайы өсіріледі. 1928 жылы құрылған Репетек биосфералық қорығында шөл табиғаты қорғалады. Қарақұмның оңтүстік-шығыс бөлігінде 34,6 мың гектар жерді қамтиды. Түрікменстан Республикасы Ғылым Академиясының шөл иниституты ғылым қызметкерлері құмды шөл ландшафтына зерттеулер жүргізіледі.

Красновод қорығында – Қоқиқаз, бірқазан, аққу, қаз және т.б. құстар қорғалады. Копетдаг, Әмудария, Қапланқыр, Сюнт-хасардаг қорықтарында Түрікменстан табиғатын қорғау жұмыстары жүргізіледі.

Түрікменстан табиғи ресурстардан пайдалы қазбаларға бай республика.

Мұнайдың мол қоры елдің батысында Небитдат, Кумдаг және Окарем кен орындарында орналасқан. Табиғи газдың өте кен бай кен орны орталық Қарақұмда және республиканың оңтүстігінде орналасқан. Агак, Шатлық, Май және т.б. кен орындары бар. Қарабұғаз-гол шығанағынан дүниежүзіне белгілі глаубер тұзы (мирабилит) өндіріледі. Гаурдаг-Кутитангта күкіртің мол қоры бар. Түрікменстан түркі тілдес елдер ішіндегі ең жылы және күн сәулелі республика.

Түркі тілдес мемлекеттер ішінде дәл Түрікменстандағыдай суға кедей ел жоқ. Әмудария өзені елдің солтүстік-шығыс шекарасы арқылы ағып өтеді. Ал Теджен мен Мургаб өзендерінің суы аз, олардың суларын түгелдей жер суғаруға пайдаланады. Каспий теңізі жағалауындағы елді мекендер тұщы суды арнаулы тұщыландырушы қондырғы арқылы теңіз суынан алады. Шөлді жерлерді суландыру үшін Әмудариядан Қарақұм каналы салынған.
Лекция №7

Тақырыбы: Халқы.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Республикадағы ұлт өкілдері

2. Халықтың табиғи өсуі

Лекцияның мақсаты: Түрікменстанның халқының табиғи өсуін қарастыру.

Лекция мәтіні:

Түрікменстан көп ұлтты мемлекет. Түрікмендер жалпы республика халқының 72% құрайды. Республика 80 түрлі ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халықтың 9,5% орыстар, ал өзбектер 9% құрайды. Олар Өзбекстанмен шекаралас эжерлерде тұрады да, негізінен егіншілікпен айналысады. Түрікменстан дүниежүзіндегі халықтың ең сирек орналасқан аймағы. Шөлді аймақтарда бірнеше шаршы км ге бірнеше адамнан келеді. Халықтың жиі қоныстанған аймағы Копетдаг тауы байрайы. Түрікменстанда тұратын халықтың 94% түркі тілдес халықтар. Табиғи өсу қалалық жерлерге қарағанда, селолық жерлерде жоғары. Жалпы халқының 48%-і қалада тұрады. Табиғи өсу коэфиценті ең жоғары ел. Әрбір 1000 адамға шаққанда 27 адамнан келеді. Халқының орташа тығыздығы 8,7 адамнан. Халқы республика аумағында біркелкі орналаспаған. Ең тығыз орналасқан жері Копетдаг тауының оңтүстік баурайындағы оазисті жерлерде, сонымен қатар Чарджоу-Түркменбашы темір жолы бойында, Әмударияның орта және төменгі ағысы тұстарында жиі қоныстанған. Соңғы жылдары Қарақұм каналы бойында халықтардың орналасуы тұрақталынып келеді. Себебі, еңбекке жарамды халықтың 32 % ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Түркімендердің ұлттық киімі ерлер үшін мақта-мата немесе мақта жібектен арасан жүн немесе мақта салып сырған шапан, бас киімі бұйраланған жүні сыртына қараған қой терісінен тігілген биік шапка, қариялар басына көбінесе сәлде орайды. Әйелдердің ұлттық киімі ұзын етекті көйлек, қыздар басына кестеленген тақия киеді. Олар ұлттық киімдерден әшекейлеуге күмісті көп қолданады. Мейрам кездері қыздар күмбез тәрізді күмістен жасалған тақия киеді. Сырт киімдері жібектен, барқыттан тігілген, етек-жеңі күміспен әшекейленген шапан.

Түркімен халқының дарынды ұлы, талантты ақын, әрі ойшыл Мақтымқұли Фраги (1733-1812) өз шығармаларында ұлттық ауыз әдебиет мақамдарын тиімді қолдана отырып, өз халқын бірлікке, сыпрттан келген жауға тойтарыс беруге шақырады.


Лекция № 8

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы

(1 сағат)

Жоспар:

1. Суармалы егіншілік

2. Мал шаруашылығы

Лекцияның мақсаты: Түркіменстанның ауыл шаруашылығын қарастыру.

Лекция мәтіні

1.Түркіменстанның ауыл шаруашылығының маңызды саласы суармалы егіншілік пен жайылымды мал шаруашылығы.

Суармалы егеншілік Қарақұм каналы салынғаннан бері көлемі 2 есеге артты. Қарақұм каналы жылына 200 мың гектар жерді суландырады. Егіншіліктің негізгі маманданған саласы мақта өсіру. Түркіменстан оңтүстігінде суармалы жерлдерде мақтаны ең жоғары сорты талшықты мақта өсіріледі. Копетдагтың баурайындағы халықтар бау-бақша, жүзімдіктер, дәнді дақылдар егеді. Әмударияның төменгі ағысынан күріш егіледі. Оазистерде жібек шаруашылығы жақсы дамыған. Жібек құртын өсіруден түркі тілдес елдер ішінде Өзбекстан мен Әзірбайжанның кейінгі 3-орында. Суармалы жерге мал азығынан жоңыршқа, ал дәнді дақылдардан күріш, жүгері егіледі. Бақша дақылдарынан атақты Чарджоу қауыны өсіріледі. Жүзімдіктерден құрғақ өсімдік жасауға қолайлы «кишмиш» сорты өсіріледі.

2.Шөлді және шөлейтті аймақтар қой және түйе өсірілетін негізгі аудан. Түркіменстан юұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған кезеңдерінен-ақ қаракөл қойын өсіруге маманданған мемлекет. Қаракөлдің елтірісінің «алтын сұр», «шираз» сорттары дүниежүзілік рынокта сапасы мен сұранысы жоғарғы бағаға алынған тулар. Қаракөл қойлары Шығыс Қарақұмда, ал Батыс Қарақұмда қойдың биязы жүнді тұқымы өсіріледі. Оның жүнінен әйгелі түркімен кілемдері тоқылады. Копетдаг баурайында атақты салт мініске арналған Ақалтеке жылқысы өсіріледі. Оның сұлу бітімі, жүйріктігі, тәкәппар мінезі мен даңқы дүние жүзіне жайылған.

Түркіменстанның табиғат жағдайы түйе шаруашылығын дамытуға қолайлы. Түйенің ең басты қасиеті – оның шөл далаға бейімділігі. Түйе май қорын өркешіне жинап, қорының арқасында бірнеше күн бойы жем, шөп-сусыз өмір сүре алады.
Лекция №9

Тақырыбы: Өнеркәсібі

(1 сағат)

Жоспар:

1. Газ өнеркәсібі

2. Мұнай өнеркәсібі

3. Электр энергиясын өндіру

4. Химия өнеркәсібі.

Лекцияның мақсаты: Түркіменстан Республикасының өнеркәсібін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Түркіменстан Республикасы өнеркәсібінің маманданған саласы мұнай мен газды өндіру және өңдеу, табиғи химиялық шикізат өндіру және өңдеу, талшықты мата, жібек қаракөл өсіру.

Газ өнеркәсібі-республиканың отын-энергетика комплексінде негізгі сала. Табиғи газдың қоры және өңдеу көлемі жағынан бұрынғы Кеңестер Одағындағы екінші, түркі тілдес елдер ішінде бірінші орында. Ең ірі газ өндіру орталықтары-Шатлық, Агақ, Май, Гугуртли, Найп т.б. орындары республиканың газ өнеркәсібі орталығына айналды.

Түркімен газы Орта Азия – Орталық газ құбыры арқылы Кавказ және Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады. Өндірілетін табиғи газдың біраз бөлігі республиканың ішкі қажеттілігіне жұмсалады. Мысалға сұйытылған газ айылдық жерлерге тұрмыс қажеті үшін жұмсалса, Мары аймақтың электростанциясында отын ретінде пайдаланады.

2.Мұнай өнеркәсібі. Түркіменстанның батысында дамыған. Мұнай өнеркәсібінің орталығы Небитдаг қаласы. Республикадағы ірі мұнай өңдеу зауыты Түркменбашы қаласында орналасқан. Өндірілетін мұнайдың біраз бөлігі Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанға жіберіледі. Бір бөлігі Өзбекстанда өңделеді.

3.Электр энергиясын өндіру, негізінен, табиғи газды отын ретінде пайдалану арқылы, жылу электр станцияларында өндіріледі. Республикадағы ең ірі электр станциялары Мары, Безмеин аймақтық электрстанциялары.

4.Химия өнеркәсібі –негізінен, табиғи химиялық шикізаттарды өңдеуге бағытталған. Шикізатына мира – билит, күкірт, бром және йодты пайдаланады. Гаурдак – Кугитан ауданынды күкірттің мол қоры бар. Тұрмыстық химия , электродты және отындық кокс өндіру жолға қойылған. Әсіресе Қара –бұғаз-гол шығанағы химия өнеркәсібінің табиғи шикізат қоймасы. Чарджоуда Қазақстан фосфот пайдаланатын суперфосфат зауыты, Мары қаласында азоттук зауыты жұмыс істеуде.

Түркіменстан экономикасында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сонымен қатар тамақ өнеркәсібі маңызды роль атқарады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім жалпы республика өнеркәсібінің 42 пайызын береді. Мақта – мата тоқыма фабрикалары Ашғабад, Чарджоу қалаларында орналасқан. Қаракөл елтірісін өңдейтін зауыты Чарджоуда орналасқан. Ашғабад пен мары қалаларында былғары аяқ киім тігетін фабрика бар. Қолдан тоқылатын атақты түркімен кілемі Ашғабад, Тасан –Кули, Небидаг, Бахардене, Кизыл – Арват, Мары Ташауз, Кекеде шығарылады. Елдегі ең үлкен ет және сүт зауыты Ашғабадта орналасқан. Өнеркәсіптің 2/3 бөлігі өндіруші, ал 1/3 бөлігі дайын өнім шғаратын кәсіпорындар.


Лекция № 10

Тақырыбы: Түркіменстан қалалары және көлік түрлері

(1 сағат)

Жоспар:

1.Ашғабад қаласы

2.Ірі қалалары

3. Көлік түрлері



Лекцияның мақсаты: Түркіменстан қалалары және көлік түрлерін қарастыру.

Лекцияның мәтіні:

1.Түркіменстанның қалаларының ішіндегі ең ірісі – Ашғабад қаласы.

Ашғабад қаласы XIX ғасырдың соңында аттас елді мекеннің орнында пайда болған. Копетдаг тауы баурайында, табиғаты әсем аймақта орналасқан. Географиялық орны өте қолайлы болғандықтан, әсіресе, Иран, Ауғанстан және Орта Азия мемлекеттері арасында ірі сауда және транзиттік жол торабына айналды.

1948 жылы Ашғабадта күшті жер сілкіну болып қала өте көп апатқа ұшырады. Қала қайтадан тұрғызылды. Қазір Ашғабадта 411 мың адам тұрады. Түркімен халқының дарынды ұлы Мақтұмқұлиға ескерткіш орнатылған. Қазіргі Ашғабад қаласы ғылыми, мәдени өнеркәсіп орталығы. Ірі қалалары: Түркіменбашы, Небит –даг, Чарджоу

Көлігі, Республикада көліктің барлық түрі жақсы дамыған. Негізгі халық шаруашылығы тауарларытемір жол арқылы тасымалданады. Түркіменстан оңтүстігі арқылы Түркіменбашы – Ашғабад, Мары- Чарджоу – Самарканд бағытында өтетін темір жол мен Еуропа елдерімен байланысты жеделдететін Чарджоу – Ташауз – Кунград – Мақат саласы бар.

2.Жүк тасымалдауда теңіз паромы Түркіменбашы – Баук, Түркіменбашы – Астрахань, Түркіменбашы – Ақтау бағытының маңызы зор. Өзен транспорты Әмудария мен қарақұм каналыарқылы іске асырылады. Мұнай мен газды Еуропа, Кавказ мемлекеттеріне Орта Азия – Орталық газ, мұнай құбырлар жүйесі арқылы тасымалданады. Орта Азия мемлекеттері үшін «Теңіз қақпасы» ролін атқарып отырған «Түркіменбашы- Ашғабад, Чарджоу бағытында өтеді. Ел астанасы Ашғабад қаласында орналасқан халықаралық аэропорттан тек республика қалаларына ғана емес барлық түркі тілдес елдер астанасына самолеттер ұшады.

3.Қазір Түркияда 8 – түркімен фирмасы жұмыс істейді. Екі ел арасында Түркияға Түркіменнің табиғи газын тасымалдау көлемін ұлғайтуға арналған 2010 жылы 52 млрд м3, ал 2020 жылы 78 млрд м3 жобасы бекітілді. Түркияның құрылыс фирмалары Түркіменстанда жалпы құны 3 млрд. АҚШ доллары көлемінде құрылыс жұмыстарын жүргізді. Екі ел арасындағы сауда қатынасының 1981 жылғы жалпы экспорт көлемі 73 млн, ал импорт көлемі 218 млн. АҚШ доллары болды.

Түркіменстан жерінің 80 пайызы шөлді аймақ. Халқының ең тығыз орналасқан және өнеркәсібі дамыған жері Копетдаг тауы баурайы. Химия өнеркәсібі шикізатына бай мемлекет. Дүние жүзіне белгілі ақалтеке жылқысы өсіріледі.


Лекция №11

Тақырыбы: Өзбекстан Республикасы

(1 сағат)

Жоспар:

1. Географиялық орны, жер көлемі

2.Табиғатын қалыптастырушы геологиялық жыныстардың құрамы және геологиялық кезеңдер.

3. Жер бедері



Лекцияның мақсаты: Өзбекстан Республикасын қарастыру.

Лекция мәтіні

1. Жер көлемі – 447,4 мың км2

Халқы - 21,3 млн. адам

Астанасы - Ташкент қаласы

Мемлекеттік тілі - өзбек тілі

Ұ лттық валютасы – сум

Құрамына Қарақалпақ Республикасы кіреді.

Табиғат жағдайы. Өзбекстан Орта Азияның орталық бөлігінде орналасқан егеменді түркі тілдес елдердің бірі.

Солтүстігі мен солтүстік – батысында Қазақстанмен, шығысында және солтүстік – шығысында Қырғызстан мен Тәжікстан, оңтүстік және оңтүстік – батысында Түркіменстан және Ауғаныстанмен шектеседі.

Өзбекстан Республикасы түркі тілдес мемлекеттер ішінде жер көлемі жағынан төртінші, халқының саны жағынан екінші орындағы мемлекет. Өзбекстан шығысында Тянь –Шань және Памир –Алай тауларынан бастап батысында Үстіртке дейінгі кең алқапты алып жатыр. Оңтүстік бөлігі субтропиктік эфемерлі шөл зонада жатыр. Республика жерінде кездесетін шөлді аймақтың ең үлкені Қызылқұм шөлі.

2.Қазіргі Өзбекстан жері палеозой тау жасалуы кезінде осыдан 300 млн. жылдай бұрын пайда болған. Сол кезеңде қазіргі Тұран ойпаты пайда болған. Тұран ойпаты болғанға дейін ол аймақты тарихта Тетис теңізі алып жатқан. Сырдария алабындағы құм тастар, мергелдер және Пангломераттар, Ферғанадағы құм, тасты – сазды қабаттар және Үстіртте, сарықамыста, Белтауда т.б. жерлердегі жасыл гипсті саздары бар темірлі құмдар осы теңіздің шөгіндісі.

Тетис өңірінде орта және жоғарғы тас көмір дәуірінде, одан кейінгі герцен тау жасалуы кезінде тек қатпарлы тау бедері жасалынып қана қойылған жоқ, сол кезде Тянь –Шаньда Ферғана, Нарын және Ыстықкөл ойыстары пайда болды.

Қазіргі уақытта жер қабатының қозғалысы тек Өзбекстанда ғана емес, Орта Азияда да аяқталған жоқ. Әсіресе Памир, Ферғана ойысы, Іле Алатауы, Копетдаг тауларындағы жиі болып түратын жер сілкінулерден байқалады.

Өзбекстан жері өте сейсмикалық ауданда орналасқан. Тек ХХ ғасырда ғана күштілігі 8-10 балдық жер сілкінулер Әндіжанда (1902ж.), Каратагта (1907ж), Шатқалда (1949ж.), Ташкенте (1966), Газилде (1976, 1984ж.) болды.

3.Республиканың шығысында биік таулы жер бедері Батыс Тянь- Шань таулы өлкесіне жататын таулар тізбегі орналасқан. Олар: Өгем, Піскем, Шатқал, Курамин жоталары тармақталып орналасқан. Ол ендік бағытта 300 км –ге созылып жатыр. Ферғана аңғарының шығыс бөлігінде нарын мен Қарадария өзендері қосылып, Сырдарияға айналады. Сырдария өзені тау аңғарының солтүстік шетімен батысқа қарай ағады.

Геологиялық құрылысы мен жер бедеріне байланысты пайдалы қазбалары бар. Ойпатты жерлерде шөгінді тау жыныстарында мұнай мен газдың (Газли, Шақпақты), ертедегі тау жоталарында тас көмірдің кен орны (Ангрен, Шаргун, байсун және т.б.), асыл тастар мен бағалы түсті және сирек кездесетін металдар мен құрылыс материалдарына бай. Мұрынтауда алтын, Үшқұдықта уран, Алмалық пен Қойтаста мыс, қорғасын, молибден өндіріледі.

Лекция №12

Тақырыбы: Климаты

(1 сағат)

Жоспар:

1.Республиканың географиялық орны, жер бедерінің климаттық жағдайларға әсері.

2. Ауа температурасы мен қысымның, желдер мен жауын –шашынның жыл мезгіледрі бойынша таралу заңдылықтары.

Лекцияның мақсаты: Өзбекстанның климатын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Өзбекстанның климаты ыстық, құрғақ және континентті. Ауаның жылдық орташа температурасы солтүстігінде +9 0, ал оңтүстігінде + 16 0.

Қысы жылы,қар жамылғысы жұқа, қаңтардың орташа температурасы -100- тан, +2-30,абсолюттік минимум -250-тан -38 0- қа дейін барады.

Жазда Өзбекстанның барлық жазық жерлерінде орташа температура +

300, абсолюттік максимумы +420. Тауда (300 м) биіктеген сайын температура төмендейді. +22С, +20С. Жаз кезінде топырақ бетінде температура + 60 0-қа дейін, ал құмды шөлді жерлерде +80 0 ысиды.

2. Ауаның ылғалдылығы 20-30 пайыз. Жауын-шашын республика аумағында біркелкі тарамайды. Құмды шөлдерде ( Қызылқұм, Арал маңы құмдарында) жылына 100 мм –ден аз ылғал түседі. Биік тау беткейлерінде жауын –шашынның жылдық мөлшері 900 мм шамасында. Жауын – шашынның көп мөлшері көктемде жауатын болғандықтан эфемер және эфемероид өсімдіктер көгеріп тұрады. Өзбекстанның климаттық жағдайы субтропиктік өсімдіктерді өсіруге қолайлы. Суармалы жерлерде мақта, жүзім, анар, інжір, абрикос, жаңғақ, бау –бақша өсіріледі.


Лекция № 13

Тақырыбы: Ішкі сулары

(1 сағат)

Жоспар:

1.Ірі өзен жүйелеріне сипаттама.

2.Өзбекстанның көлдері, жер асты сулары

Лекцияның мақсаты: Өзбекстанның ішкі суларын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Ең ірі өзендері Әмудария мен Сырдария. Бұл екі өзен де ішкі тұйық су Арал теңізі бассейніне жатады. Батыс Тянь –Шань тауларынан бастау алатын Шыршық, Ангрен, Қарадария өзендері Сырдария өзенінің салалары, Сырдария өзенінің Ферғана аңғарынан шығар жеріндегі шоңғалдарға Фархад СЭС –ы (су электр станциясы) салынған. Сырдария алабына жататын өзен сулары егістік жерлерді суаруға жұмсалады. Сырдарияның ұзындығы Нарын саласымен қоса есептегенде 3019 км. Су жинау алабы462 мың км2.

Өзбекстан жеріндегі Сырдарияның ең үлкен саласы Шыршық өзені. Таудан бастау алатын өзен сулары жазық жерге жеткенде суының көп бөлігін егістік жерлерді суаруға алып қояды.

2.Үлкен Ферғана каналы сияқты аса қуатты суландыру каналдары салынған. 1961 жылдан бастап Арал теңізі жылына 210 мың км3 суды аз алып келгендіктен қазір ені бөлініп, суының деңгейі өте төмендеп кеткен. Экологиялық жағдайы нашар аймаққа жатады. Өзбекстан жер асты суларына бай. Жер асты суларын мал суаруға, жайылым жерлерді суландыруға пайдаланады. Емдік қасиеті бар күкіртті –сутекті, иодты, радионды ыстық бұлақтар ашылады.


Лекция №14

Тақырыбы: Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

(1 сағат)

Жоспар:

1. Топырақ түрлері

2. Өсімдік түрлері

3. Жануарлар дүниесі.



Лекцияның мақсаты: Өзбекстанның топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Өзбекстан жеріне Қызылқұм шөлінің батыс және оңтүстік бөлігі (Қарақалпақ Республикасы аумағында) жатыр. Қызылқұмның бұл бөлігінде қар тұрақтап жатпайды, солтүстік бөлігіне қарағанда қыс жұмсақ.

Топырағы құмтасты – сазды. Сазды жазықтықтарда тақырлар , өте тұзды саздақты және сазды топырақтар түзіледі.Ондай тұзды жерлерде қара сексеуіл, баялыш өседі. 2.Өсімдіктермен бекіген биік қырқалы және төбелі құмдарда ақ сексеуіл , қандыш, черкез, қызылша өседі. Сусыма құмдарда қоянсүйек, қандыш, шөптерден – еркекселеу, құмаршық т.б. өсімдіктер өседі. Грунт суы жақын жерлерде қамыс кездеседі. Қызылқұмның тауларында – Тамдытау, Бөкентауда – сұр жусан мен тұран жусаны көп тараған.

3.Қызықұмның жануарлар дүниесінен шағыл мысығы сирек кездеседі. Шөлейтті зонадан қыстауға ақбөкендер келеді. Әсіресе кесірткілер өте көп. Кеміргіштерден – құмтышқан мен қосаяқ, тұяқтылардан – қарақұйрық. Тауларында жарғанаттар, сарыбас сұңқар, монғолдың қызғылт кезеген торғайы мекендейді. Тау баурайындағы жазықтарда қара шұбар жылан, оң жылан, тасбақа көп.

Өзбекстанның тау беткейлерінде жабайы өсетін рауаш, тау жалбызы, жидек, зірелерді, өзбек халқы ұлттық тамақ түрлерін пісіруге кеңінен пайдаланады.

Тянь- шань мен Памир – Алай тауларының арасында жатқан Ферғана аңғарын Орта Азияның інжу – маржаны деп атайды. Биік тау беткейлерінде биіктік белдеулілік, ал тау етегіндегі сүрғылт топырақты лесті жазықтарда үлкен оазистер орналасқан.

Өзбекстан Республикасы аумағының әсем табиғатын қорғау үшін Бадай – тоғай, Қызылқұм , Нұрата, Зеравшан, Китаб, Чаткал қорықтары ұйымдастырылған.

1400-2500 м биіктікте арша ағашы өседі. Арша ағашы өте мықты, ұзақ уақыт шірімейтін болғандықтан, оны құрылыс материалы ретінде де және үй тұрмысына қажетті заттар жасауға қолданылады.


Лекция №15

Тақырыбы: Халқы

(1сағат)

Жоспар:

1.Өзбекстан көп ұлтты мемлекет.

2. Халқының қоныстануы.

3. Табиғи өсуі, халқының орташа тығыздығы.



Лекцияның мақсаты: Өзбекстанның көп ұлтты мемлекет екендігін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Өзбекстан көп ұлтты мемлекет. Халқының көбі өзбектер (69 пайыз). Басқа ұлт өкілдерінен ең көп тұратындары орыстар (11 пайыз), татарлар (4 пайыз), қазақтар 4 пайыз), қарақалпақтар өз алдына Қарақалпақ Республикасын құрып, Өзбекстан құрамына кіреді. Өзбекстан халқының 85 проценті әдет – ғұрпы, мәдениеті, тарихы мен тілі ұқсас түркі тілдес халықтар құрайды. Халық тығыз орналасқан, 1 км2 –48,5 адамнан келеді. Халқының табиғи өсуі өте жоғары. 1970 жылға қарағанда халқының саны 2 есе ұлғайған. Өзбекстан халқының табиғи өсу коэффициенті әрбір 1000 адамға шаққанда 26,6 адамнан келеді. Халықтың ең тығыз орналасқан жері – Ферғана аңғары. Ферғана аңғарында 1 км2 – ге 500 адамнан келеді. Ал республиканың батысында Қарақалпақ Республикасы мен Бұхара облысында халық сирек орналасқан, соңғы жылдары Арал теңізі маңында экологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты халықтар басқа жаққа көшуде. Халқының көбі кишлактарда тұрады. Ірі өзен аңғарлары мен тау беткейі оазистерде елді мекендер шөлді және шөлейт аймақтарға қарағанда ірілеу. Қызылқұм шөлінде тұрақты тұратын халық жоқ. Жалпы халқының 40 пайызы қалада тұрады.

2.Қазіргі таңда Өзбекстанда 124 қала 104 қалашақ және 12 мыңға таяу қыстақ бар. Өзбекстан еңбек ресурсымен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік тілі - өзбек тілі, түрік тілінің шағатай тобына жатады. Ал қарақалпақ тілі – түрік тілінің қыпшақ тобына жатады.

Республиканың негізгі тұрғындары - өзбектер ерте заманнан шебер қолөнерші болған халық. Олар жер суландыратын каналдар қазып, шөл және шөлейт жерлерге мақта, күріш, жеміс – жидек , жүзім өсірген, тамаша жібек маталар, кілемдер тоқыған. Олардың ішінен атақты ғалымдар , ақын – жазушылар шыққан. Аты әлемге әйгілі Ұлықбек өз кезінде медресе ашып ,онда балаларды оқытқан. Ұлықбек медресесінің маңдайшасына “ Білімге ұмтылу- әрбір мұсылман еркектері мен әйелдерінің борышы” деп жазып қойған. Ұлықбектің 1428 жылы салдырған астрономиялық обсерваториясы сол замандағы дүние жүзінде теңдесі жоқ ғылыми орталық болған. Оның 1449 жылы жазған “ Астрономиялық жаңа таблица” атты еңбегі оған әлемдік даңқ әперген. Ұлықбектің бұл еңбегі XVII ғасырда латын тіліне аударылып,Еуропа ғалымдары бірнеше ғасыр бойы пайдаланып келген. Ал XIX ғасырдың орта кезінде Лондондағы астрономиялық қоғам қайта бастырады. Өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науаи (1441-1501) өз заманының аса көрнекті қоғам қайраткері , аса ірі ғалым, ұлы ойшыл, тамаша музыкант, талантты суретші, әрі теңдесі жоқ көркемсөз шебері болған. Ол түркі халқының тарихында бірінші болып түркі тілінде өлең жазған. Қазір бұл тіл шағатай немесе ескі өзбек тілі деп аталады.

Қарақалпақ Республикасы Әмудария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1,3 млн- ға жуық халық тұрады. Халқының 33 проценті – қарақалпақтар. Әмударияныі төменгі ағысын күріш пен жоңыршқа өсіруге қолайлы. Жоңыршқаның “ Қарақалпақстан” түрі деп есептелінеді.



Лекция № 16

Тақырыбы:Өзбекстанның өнеркәсібі

( 1сағат)

Жоспар:

1. Машина жасау өнеркәсібі

2. Отын –энергетика өнеркәсібі

3. Мұнай өнеркәсібі

4. Көмір өнеркәсібі

Лекцияның мақсаты: Өзбекстанның өнеркәсібін қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Өзбекстанның халық шаруашылығы индустриалды аграрлы бағытта дамыған өнеркәсібінің жетекші салалары: машина жасау, газ және химия өнеркәсібі, түсті металлургия, электр энергиясы. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіру дамып жетілуде.

Өзбекстанның қазіргі машина жасау өнеркәсібі - өте күрделі сала. Оның кәсіпорындары өзара және басқа салалардың кәсіпорындарымен тығыз байланысты. Негізінен мақта шаруашылығы қажетті машиналар шығаруға маманданған. Олар жер айдайтын трактор, мақта, астық тұқымдарын себетін сеялка, мақта жинайтын және тазалайтын машиналар мен оған қажетті құрал – жабдықтар шығарады.

Сонымен қатар, тоқыма өнеркәсібіне және жер суландыруға қажетті машиналар шығарады. Авиация , электротехникалық және радиотехникалық және аспап жасау салалары дамуда. Машина жасау өнеркәсібі кәсіпорындары Ташкент, Қоқанд, Әндіжан және т.б. қалаларда орналасқан.

2.Отын өнеркәсібі салалары ішінде газ өнеркәсібі жедел қарқынмен дамып келеді. Газ – отынның ең арзан түрі. Газли газ – кен орнының ашылуы Өзбекстан экономикасына үлкен әсер етті. Қазір республиканың газ отынына деген қажеттігін толық қамтамасыз етіп, біршама бөлігін экспортқа шығарады. Мысалы, Өзбекстан газын көршілес Қырғызстан мен Қазақстан ғана пайдаланбайды, газ құбырлары арқылы Ресей қалаларына , Украина және Кавказ мемлекеттеріне жеткізіледі.

3.Газ өндіруден Түркіменстаннан кейінгі 2-ші орында. Жылдың газ өндіру мөлшері 30млрд м3. Газ өнеркәсібі отын өнеркәсібі мен электр энергиясын өндіруге және химия өнеркәсібінің дамуына ықпал етуде. Ең ірі газ кен орындары Газли, Үшкір, Шуртан, Уртабулақ, Сырдария, Навои жылу электр сатнциялары жұмыс істейді.

Ферғана аңғарында өндірілетін мұнай кеніне негізделген. Ферғана қаласында мұнай өңдеу зауыты бар. Бірақ елдің мұнай өніміне деген қажеттілігін толық өтемейді.

4.Көмір өнеркәсібі республиканың отын өнеркәсібінде онша роль атқармайды. Негізінен Ангрен қоңыр көмір алабында ашық ( карьерлік) әдіспен өндіріліп, Ангрен МАЭС – да (мемлекеттік аймақтың электр станция) жағылады. Өзбекстанда 50 –ге жуық көмір кені бар.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет