Лекция №6 Өсімдіктерді биологиялық қорғау әдістері және бактериалды тыңайтқыштар Мақсаты



бет1/2
Дата11.05.2024
өлшемі28.23 Kb.
#500879
түріЛекция
  1   2
Лекция №6


Лекция №6 Өсімдіктерді биологиялық қорғау әдістері және бактериалды тыңайтқыштар
Мақсаты: Микроорганизмдерді ауылшаруашылық салада қолдану проблемасын қарастыру
Қарастырылатын сұрақтар
1.Жыртқыш жәндіктер (кокцинеллидтер, ызылдақ қоңыздар, алтынкөз қоңыз, құмырсқалар)
2.Зиянды жәндіктердің паразиттері (мінушілер тұқымдасы, тахин-шыбындары)
3.Сирек кездесетін, қорғауды қажет ететін жәндіктер
4.Биотыңайтқыштар түрлері. Биотыңайтқыштардың негізін құрайтын микроорганизмдердің сипаттамасы
5. Биопестицидтер

Кез-келген экожүйеде жәндік жешілердің тұтас «армиясы» бар. Олар басқа жәндіктерді, басым көпшілігі өсімдік жегіштерді жоюшылар. Барлық жәндік жегілер әдетте жыртқыштар және паразиттер болып бөлінеді. Ормандарда жыртқыш жәндіктердің түрлері кездеседі. Сары-қызыл құмырсқалар (отряды Hymenoptera, тегі Formica) көптеген жәндіктерді, басым көпшілігі орман зиянкестерін белсенді түрде жояды. Құмырсқалар – қоғамдық жәндіктер, олар диаметрі 2-3 м- ге дейін және биіктігі 0,6-0,8 (кейде 1,5м) болатын илеулер ішінде көптеген жүрістер мен камералары жасалған. Сонымен қатар жәндіктердің дамуы мен жұмыртқа салу үшін қажет тұрақты температура сақталған құмырсқа илеулерінде бір үлкен отбасымен тұрады. Ұяда мекендеушілері бір немесе бірнеше ұрғашы – патша және көп мөлшердегі жұмысшы-құмырсқалар. Наурыз-сәуірдің аяғында құмырсқалар камераларынан шығып, күздің соңына дейін белсенді болады. Құмырсқалар ақуызды (кейбір жәндіктер) және көмірсулы (бит- шірелердің тәтті экскременттері) азықтармен қоректенеді. Кокцинеллидтер (отряды Coleoptera, тұқымдасы Coccinelidae) – өте қомағай жыртқыштар, биттермен, кокцидтермен және басқа да тең қанаттылар отрядына жататын жәндіктермен қоректенеді. Кокцинелл - қоңыздардың қанатүсті ашық түсті және ұсақ қара дақтармен қапталған. Ұрғашысы жұмыртқасын өсімдіктерге үйінді қылып салады.Дернәсілдер 4 жастан өтеді: қуыршақ фазасы 1-2 апта. Қоңыздар орман жабындысында жалғыздан немесе топпен қыстайды. Кең тарағандардың бірі – жетінүктелі кокцинелла.


Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының биологиялық аспектілерін күшейту маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Ауыл шаруашылық өндірісінде экологиялық тұрғыдан тиімді әдістерді пайдалану энергия мен шикізат шығынын азайтып, жасанды агроценоздардағы биогенді элементтердің айналым процестерінің ауытқуының алдын алады. Табиғат қорын тиімсіз пайдалану ортаның ластануына, агрохимикаттарды шектен тыс енгізу нәтижесінде өнімнің сапасы төмендеуіне әкеледі. Бұл мәселені шешудің перспективті жолы- өнімді дақылдар мен кешенді әсері бар микробиологиялық препартаттар мен культураларды табиғи жолмен зиянкестерден қорғау тәсілдерін қолдана отырып жер өңдеудің экологиялық қауіпсіз жүйелерін меңгеру б.т. Мәдени өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі микробты қауымдастықтардың түр құрамын микробты препараттар арқылы реттеу топырақтағы процестер барысы мен тамырлы қоректену механизмдеріне нұқсан келтірмейді, әрі ол көрсеткіштерді биобелсенді топырақтағы көрсеткіштерге жақындатады. Биопрепараттарды пайдалану өнімнің жоғары әрі сапалы болуына себеп бола алатыны дәлелденген. Соңғы жүз жыл ішінде аграрлы технологиялардың шектен тыс және сауатсыз түрде химизациялануы топырақ биотасының бұзылып, эволюция барысында қалыптасқан өсімдік пен МО арасындағы байланыстардың тепе-теңдігінің бүлінуіне , нәтижесінде топырақ құнарлығының азғындауына алып келді. Қалыпты жағдайда өсімдіктің тамырлық аймағында пайдалы МО ерекше топтары пайда болады. Нәтижесінде өсімдіктің дамуына қолайлы жағдай туындайды, ол тамырға түрлі қоректік заттардың белсенді түрде жеткізілуі түрінде көрінеді.Себебі: МО-р тамырдың функционалды және физикалық тұрғыдан қарағанда жалғасы тәрізді, саңырауқұлақтар гифалары, бактерия тізбектері арқылы топырақтың терең қабаттарынан өсімдіктер денесіне биогенді элементтер жеткізіледі. Егістік алқаптардағы топырақтың көбісі биологиялық жағынан деградацияға ұшырағандықтан қазіргі кезде өсімдік пен МО арасында ондай байланыстардың түзілуі негайбыл болғандықтан микробты препараттарды қолдану ол мәселені біршама шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде агрохимиялық зерттеулер нәтижесінде мәдени дақылдардың тыңайтқыштардан қоректік заттарды сіңіру қабілеті едәуір төмендегендігі көрсетті. Мыс. топырақ құрамына қарай азоттың сіңуі -35-50%, фосфордың сіңуі -20%, калийдің сіңуі - 25-60% құрайды. Микробты препараттарды енгізу ол сіңіру коэффицентін арттырып, минералды тыңайтқыштарды 30-50% дейін үнемдеуге жағдай жасайды. Микробиолог ғалымдардың айтуынша, минералды тыңайтқыштардан бас тартуға болмайды, себебі өсімдік өсуіне қажетті минералды заттар олардың өнімділігіне тікелей әсер етеді. Бірақ оларды қолдану өсімдіктің физиологиялық қажетінен аспауы тиіс, яғни тыңайтқыштар өсімдіктің мұқтаждығын өтеп, толық сіңірілетіндей болуы керек, әрі ортада жинақталып зиянын келтірмеуі шарт. Тыңайтқыштарды физиологиялық нормада пайдалану жағдайында ғана микробты препараттар өзінің жоғары эффективтілігін көрсетеді. Агротехнологияларда микробты препараттарды пайдалану тәжірибесі жер өңдеу эффективтілігінің абиотикалық және биотикалық факторларды үйлестіру арқылы арттыруға болатындығын дәлелдейді. Құрамында өсімдіктер үшін пайдалы МО бар биопрепараттарды- микробтық инокулянттар д.а. Оларды топыраққа тікелей енгізуге және тұқымды егер алдында өңдеу арқылы пайдаланады. Инокулянт құрамына кіретін Мо түріне байланысты бактериалды, саңырауқұлақты және аралас деп бөледі. Әсер ету мехнизміне және биологиялық ерекшелігіне қарай биотыңайтқыштар, фитостимуляторлар, микорза препараттары және биоқорғаныс препараттары деп жіктеледі. Биотыңайтқыштарға топырақ құнарлығын макроэлементтер концентрациясы мен биожетімділігін арттыру арқылы жоғарылататын микроорганизмдік препараттар. Биотыңайтқыштар ретінде симбиотикалық азотфиксаторларды – түйнекті бактериялар азотфиксаторларды мысалға келтіруге болады. Фосфатмобилизациялаушы бактериялар органикалық қосылыстарының және фосформен байланысқан металдардың биожетімділігін арттырады. Фитостимуляторлар өсімдіктердің өсуін жеделдететін заттарды- фитогормондарды бөліп шыңаратын бактериалды препараттар. Фитогормондар өсімдіктердің өсуіне және тамырлануына жағдай жасайды. Фитогормондарды синтездейтін бактерияларға Azospirillum brasiliense, Ps. aureofaciens,Bacillus subtilisжатады.Микоризалық инокулянттар – грек тілінен аударғанда саңырауқұлақты тамыр дегенді білдіреді. Микоризді инокулянттар құрамына тармақаталатын мицелий торын құратын саңырауқұлақтар кіреді. Олар тамыр жүйесінің сіңіру беткі ауданын арттырады, соның нәтижесінде өсімдік топырақтан көбірек су мен минералды заттар ала алады. Биоқорғаныс тәсілдері- тұқымды инокуляциялық өңдеуге арналған заттар өсімдіктердің инфекциялық ауруларының алдын алу мақсатында пайдаланылады. Биоқорғанысты инокулянттар ауру қоздырғыштарымен антагонистік қатынасқа түсетін бактериялар (Ps. aureofaciensB. subtilis) және фитопатогендердің гиперпаразитті саңырауқұлақтары (Trichoderma viride) б.т. Ризоторфин- бұршақтұқымдастардың тұқымын егер алдындағы өңдеуден өткізу үшін пайдаланылатын инокулянт. Ол препарат стерильді шымтезек негізінде жасалған, соның арқасында түйнекті бактериялар өз тіршілігін ұзақ сақтайды. Қазіргі кезде ол сұйық түрінде де шығарылады. Ризоторфиннің белсенді компоненті – бұршақтұқымдас өсімдік тамырымен симбиоз түзетін түйнекті бактериялар б.т. Бактериялар тамыр бетінде ауадағы молекулалы азотты фиксациялап өсімдік үшін жетімді формаға ауыстыратын түйнектер түрінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет