Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта


в) мәдениет және цивилизация. Тарихты цивилизациялық-мәдени



Pdf көрінісі
бет74/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
darister 1-15

в) мәдениет және цивилизация. Тарихты цивилизациялық-мәдени  
жолмен талдау мәселелері.  
Тарих философиясының іргетасты категорияларына – мәдениет және цивилизация ұғымдарын 
жатқызуға болатын сияқты. Көп жағдайларда олар бірмағналық дәрежеде пайдаланылатыны 
да рас. Мәдениет деген түбі араб сөзі “қалалық”, ал цивилизация деген латын сөзі де 
“қалалық”, “азаматтық” деген мағнамен сөздіктерге алғаш уақытта кірген. Ал Орта 
ғасырларда “қала” деген ұғымды “қоғам” ретінде түсінсе, онда олардың бір-бірімен ұласып 
кететіні де рас. Сонымен, кең түрде алғанда, мәдениет деп тағы алғашқы табиғатқа қарсы 
тұрған, адамдардың іс-әрекеттері арқылы өзгертілген дүниені айтамыз. “Культура” деген 
сөздің өзінің түп мағнасы “өңдеу”, “өзгерту”, ал “культ” – деген сөз белгілі бір нәрселерге 
табыну, көну деген мағна береді. Ал өзгертілген дүниенің (оны кейбір кезде “екінші табиғат” 
дейді) ерекшелігі неде? - Өзгертілген заттарда адамның ақыл-ойы, шығармашылық іс-
әрекеттері заттанады. Сол заттарды игеріп, пайдаланған кезде ондағы заттанған рух тағы да 
“жалп етіп жанып” адамның санасының құрамдас бөлігіне, яғни, оның ішкі дүниесіне 
айналады.
Бұл арада оқырманның назарын мына нәрсеге аударғымыз келеді. Сол жағалай қоршаған 
ортаны өзгертудің өзі – табиғатқа бейімделудің бір түрі ғана. Мысалы, көне Қытайда 
табиғаттың стихиялық күштеріне қарсы тұру әрекеттері жүздеген мың адамдардың басын 
қосып оларды мәжбүрлеп, алып каналдарды ғасырлар бойы салуға ұмтылдырды. Нәтижесінде 
бұл елде қауымдастық принципке негізделген мәдениет пайда болып, оның қағидалары, 
әлеуметтік нормалары осы уақытқа дейін ұсталынуда. Еуропа топырағында жұмсақ климат, 
жағалай қоршаған жылы теңіздер жеке адамның іс-әрекеттерінің дамуына өз септігін тигізіп
жекешілікке негізделген мәдениеттің қалыптасуына әкелді. Олай болса, жер бәтінің түпкір-
түпкірінде өмір сүріп жатқан халықтардың сол жағалай ортаға байланысты қалыптасқан өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет