жасамау (ахимса). Будданың адам алдына қойған талаптарының ішінде ерекше маңыздысы –
ақыл-ой, ниет тазалығы. Екіжүзділік, алдап кету, арандату – адамның биік рухани мәртебесіне
нұқсан келтіреді. Ешқашанда жек көрушілік оған қарсы қойылған жек көрушілікпен
толастанбаған.
Керісінше, ол ұлғайған. Тек қана жек көрушіліктің жоқтығы оны сарқыйды,-
деген Будданың тамаша ойы бұгінгі адамзатқа ауадай қажет сияқты. Ақыл-ой мен қатар,
адамның аузынан шыққан сөздер де жұмсақ, адамның жүрегінен шығу керек. Жаман сөз –
рухани ақуалды ластайды, адами қарым-қатынастарды бүлдіреді.
Адамзат руханиятында өз ерекше орны бар, жер бетінде өте кең тараған – христиандық дін.
Оны “Құдай ашылған” діндердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені, христиан діні
құжаттарында Құдайдың адамзатқа жіберген моральдық Өсиеттері, Оның бұл Дүниені қалай
жаратқаны жөнінде мағлұматтар бар. Христиандық діннің ерекше сипаттарының бірі - үштік
ұғымы. Яғни, Құдайдың біруақытта берілген үш келбеті бар: ол Құдай-Әке, Құдай-Ұл және
Киелі Рух. Келесі - Құдай адамды өзіне ұқсатып, оған ақыл-ой, парасат, сұйіспеншілік сезімін
беріп жаратты. Сондықтан, бұл фәнидегі оның алатын орны ерекше. Ол Дүниедегі
тіршіліктердің бәрінен де жоғары, сондықтан, оларды билеуі, әрі қарай жетілдіруі керек. Адам
күнәға белшесінен батса да, оны құтқару үшін Құдай-Әке жер бетіне өз Ұлын – Иса
пайғамбарды жібереді. Ол
бір жағынан - Құдай болса, екінші жағынан – адам. Иса өз мойнына
адамзаттың барлық күнәларын алып, ақылға симайтын зардаптардан өтіп, адамзатты Құдай
алдында құтқарады. Сонымен, Құдайдың адамға деген сүйіспеншілігі оны құтқарды. Олай
болса, адам да сүйіспеншілікке толы болуы керек. Христиан дінінің негізгі қағидаларының
бірі – адамды сүю. “Жақыныңды сүй, алыстағыны да сүй, тіпті өз дұшпаныңды да сүй”,- деген
ғажап өсиет Иса пайғамбардың аузынан шыққан. Киелі Августин “Сүй, содан кейін не
жасасаң да мейлі”,- дейді. Өйткені, сүйген адам жамандық пен зұлымдыққа ешқашан да
бармайды.
Тарихи христиан діні неше-түрлі жаңару сатыларынан өтті. Оның шеңберінде неше-түрлі
жаңа ағымдар пайда болды (католиктік, православиялық т.с.с.). Әсіресе, Еуропа топырағында
капиталистік қоғам пайда болған кезде, протестанттық ағым пайда болып, жаңа қоғамның
этикасын (моральдық қағидаларын) тудырды. Оның негізгі қағидаларының бірі – адам
қажымай-талмай еңбек етуге, өмірді үне бойы жетілдіріп жаңартып отыруға жаратылған.
Христиан діні Еуро-Атлантикалық цивилизацияның дамуына зор әсерін тигізді. Бұл дүниені
адам мәртебесіне сай етіп қайта құру жолында үлкен жетістіктерге жетті. Сонымен қатар,
Дүниені қайта өзгерту жолында Батыс цивилизациясы ХХ ғ. көп сәтсіздікке ұшырап
ақырында біршама ойшылдар (постмодернизм ағымы) адамның табиғатты өз еркіне көндіру
қағидасының мүмкін емес екенін ашық айтуда. Соңғы 300
жыл шамасындағы ғылым мен
техниканың зор қарқынмен дамуы, халықты жалпы ағарту, білім деңгейін өсіру, қорланған
материалдық байлыққа табыну, өмірде сезімдік-ләззат алуға ұмтылу т.с.с. еуропалықтардың
пілдей бөлігінің христиан дінінің шеңберінен ауытқып “индустриалдық”(өндірістік)
“кибернетикалық”(есептеу), “сайентологиялық” (ғылым) т.с.с. дін бағыттарының пайда
болуына әкелді,- деп Э.Фромм есептейді.
Дүниежүзілік дәрежедегі соңғы – Ислам діні. Оның да, христиандық дін секілді, шыққан
рухани қайнар көзі – Таяу Шығыста. Бұл дін У11 ғ. Араб көшпенділері арасында дүниеге
келеді. Атақты неміс ғалымы М.Вебер, исламды Дүниені бағындыратын жауынгер діні дейді.
Сол себепті Сары-Арқаның көшпенділері де бұл дінді ұнатып қабылдаған болар деп
ойлаймыз.
Ислам дінінің негізгі қағидаларына тоқталсақ, оның Құдайы – Алла – осы Дүние мен адамды
жаратқан рухани құпия күш. Христиан дінідегідей мұнда үштік мәселесі жоқ. Ол - жалғыз
және өз Құдіреті арқылы жаратқан Дүниенің әр жағында мәңгілікті өмір сүреді. Ол
Мұхамед
пайғамбар арқылы өз өсиеттерін адамдарға жеткізді, сол себепті исламның негізгі құжаты -
Құран дүниеге келді.
Ислам діні адамды табиғатқа қарсы қоймайды. Алла-тағала жаратқан Дүние – керемет, ғажап,
сондықтан, адам алдында оны қайта құру, өзгерту мақсаты жоқ, ол табиғат шеңберінде өз
орнын тауып өмір сүруі керек. Адам, әрине, саналы және ырықты пенде болып жаратылған,
ол жақсылық пен жамандықты айырып таңдай алады. Дегенмен де, Алла-тағала адамға
өмірдің барлық саласында қалай өмір сүру керек екенін Құранда көрсетеді (Шариат). Иран
халқының ойшылы Аятолла Хомейнидің айтуына қарағанда, “адам өмірінің бірде-бір тіпті
кішкентай бөлігі Ислам ілімінің назарынан тыс қалған жоқ”. Сондықтан да, Ислам діні көп
жағдайларда әлеуметтік-саяси мәселелерге араласып,
мемлекетпен өте тығыз байланыста болады. Кейбір кезде, діни қайраткерлер үкімет басына
келіп теократиялық тәртіп орнатады (Иран, Сауд Аравиясы т.с.с.).
Ислам дінінің тереңде жатқан рухани негізі қауымдық пен теңдікке (эгалитаризм),
қоғамдық
мүддені жоғары ұстауға кетеді. Сондықтан, қайырымдылық, әлсіздерге қол ұшын беру осы
діннің негізгі қағидаларының бірі болып саналады.
Экономика саласындағы Батыстық пайда, кірісті мейлінше көбірек табу, құнды қағаздар
нарығындағы пайда табу әдістерін, өсімқорлық сияқты нәрселерді Ислам діні қабылдамайды.
Экономика адамдардың өмір сүруіне жағдай жасайтын құрал ғана, ол ешқашанда өз-өзіне
жеткілікті мақсат-мұрат емес. Бұл жағынан алып қарағанда, Ислам неше-түрлі социалистік
идеяларға жақын екенін байқаймыз. Осы тұрғыдан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағының
біршама Ислам елдерімен өте тығыз байланыста болғанын түсінуге болатын сияқты.
Тағы да Исламды Христиандық дінмен салыстырсақ, Алла-тағаланың кахарлы Құдай екенін
байқаймыз. Ол жеке адамның Өзіне ұқсастығын мойындамай, оның тәкәппарлығын судай
басады.
Ислам елдерінде гомосексуализм, лесбиандық, нашақорлық, порнография, аборт т.с.с.
Батыстағы кең тараған нәрселерге тиым салынған. Сондықтан да, Батыс өмір жолының
ақпарат құралдары арқылы Дүниежүзінде кең тарауы Ислам елдерінде наразылық тудырып,
қазіргі діни іргетастық (фундаментализм), экстремистік қозғалыстар себептерінің бірі болып
отыр.
Бүгінгі адамзатты бірде-бір дін толығынан қанағаттандырмайды. Сондықтан, Жер бетінде
мыңдаған жаңа діни секталар өз көзқарасы, рухани құндылықтарын уағыздауда. Олардың
кейбіреулері адам үзілді-кесілді шайтан жолына түсті, сондықтан,
ақыр заман көп кешікпей
келеді десе, екіншілері - еш нәрсеге зәбірлік жасамауға, ет жемеуге (вегетариандық),
Табиғатты аялауға, төзімділікке, бейбіт өмірге шақырады. Мұндай қозғалыстар біздің елімізде
де бар.
Бүгінгі біртұтастыққа бет алған адамзатқа болашақта, әрине, жаңа дін керек болуы ғажап
емес. Ол бүгінгі діндердің жақсы жақтарын қамтып, адамзатты келісімге, зорлық-зомбылыққа
тойтарыс беруге, адамды аялап, сүйуге, жер бетіндегі тіршілікті сақтауға бағытталуы тиіс.
Өкінішке орай, рухани саладағы өзгерістер тарихи өте баяу қарқынмен жүреді. Солай десек
те, тек рухани жаңарудың негізінде ғана адамзаттың қорланған қайшылықтары шешілуі
мүмкін. Үнді халқының ұлы ақыны Р.Тагор айтқандай, “заттарды аз уақыттың шеңберінде
білуге болады, бірақ, олардың Рухын аңғару көп ғасырларға созылған тәрбие мен адамның
өзіндік тежеуін талап етеді”.
Расында да, бұл өмірде болу, тек қана өмір сүру – адамға
жеткіліксіз. Әр адам өз болмысының бүкіл тіршілікпен, жер бетіндегі әрбір затпен бірге
жаратылғанын, “бәрі де бірдің ішінде, бір - бәрінде” екенін сезінбей жаңа рухани ақуал
келмейтінін білуіміз қажет.
Негізінен алғанда, барлық діндер бүкіладамзаттық моральдық қағидаларды алға тартып,
соның арқасында халықтың рухани бірлігін қамтамасыз етеді. Қайсыбір діннің беделі оның
уағыздаған моральдық құндылықтарымен байланысты, өйткені, олардың қайнар көзін
Құдайдың құдіретті өсиеттеріне әкеліп тірейді. Енді бұл арада моральдық құндылықтарды
талдауға уақыт келген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: