Микрооргаизмдерге биологиялык факторлар әсері
Табиғи жағдайда микробтар жануарлармен және өсімдіктерме бірге биоценоздың белгілі бір бөлігі болып бірге дамиды.
Биоценоз - өсімдіктер мен жануарлар мекендеу ортасының жиынтығы. Белгілі бір жерде әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар бірге мекендейді, және олардың ортасында үздіксіз тіршілік ету күресі жүріп жатады. Әртүрлі микроорганизмдердің өзара қарым - қатынасы әртүрлі және ол симбиоз, метабиоз, антогонизмге келіп тіреледі.
Симбиоз - әртүрлі микроорганизмдердің өзара пайдалы тіршіл етуі, олар бірігіп бірге жақсы дамиды. Мысалы: сүт қышқылы бактериялары мен спирт ашыту саңырауқұлақтары.
Метабиоз - белгілі бір микроб өзінің тіршілік ету нәтижесін басқа микробтың тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы анаэробтардың тіршілігіне аэробтар оттегіні сіңіріп алып, қолайлы жағдай жасайды.
Антагонистік - қарым қатынасы микроорганизмдердің тіршілік ету күресіне негізделген. Мысалы: қарапайымдылар бактерияларды жұтып қояды; сүт қышқылы бактериялары шіріту бактериялары қарсы; ішек таяқшасы шигеллаға қарсы; т.б.
Микроорганизмдер өзінің тіршілік барысында басқа микробтарды өлтіретін әртүрлі заттар бөліп шығарады, соның бірі антибиотиктер.
Достарыңызбен бөлісу: |