Ауруханаішілік сальмонеллезді инфекция
Инфекция көзі. Бактериятасымнлдаушы, кейде ауру адам.
Таралу жолдары. Көбінесе тікелей емес жанасу: ойыншықтар, төсек, т.б. бұйымдар арқылы, кейде ауа - шаңдары, тамақ арқылы таралады.
Патогенез. Әлсіреген, иммуиитеті төмен адамдарда, жас балаларда кездеседі. Қоздырғыш ауыз, тыныс жолдары арқылы организмге еніп, қарын ішек тыныс жолдарын зақымдап ауру тудырады.
Иммунитет. Тек 1 түрлі сероварға қарсы болады.
Алдын - алу шаралары. Емдеу орындарында санитарлық- гигиенаны сақтау.
Арнайы шаралар. Ауруханаішілік сальмонеллезді ауру болғанда жанасуда болған балаларға бактериофаг беріледі.
Емі. Симптоматикалық.
Микробиологиялык зертгеу.
Зерттеу мақсаты. Аурудың қоздырғышын табу, сальмонелланың сероварын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қан; 2. Нәжіс; 3. Зәр; 4. Құсық.
Материалды алу әдістері.
1. Қан - 10 - 20 мл қанды тамырдан стерильді шприцпен алады.
2. Нәжіс - 3 - 5 г. нәжісті 30 % глицерині бар пробиркеге жинайды.
3. Зәр - катетермен алады.
4. Құсық - стерильді ыдысқа жинайды.
Негізгі зерттеу әдісі.
1. бактериологиялық
2. серологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |