Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Ұяшықтармен жүргізілетін операциялар



бет21/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

4. Ұяшықтармен жүргізілетін операциялар




«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Экономикалық, техникалық, жоспарлау есептерін шешуде, бухгалтериялық ведомость құруда және т.б. көптеген жағдайларда берілгендерді кесте түрінде дайындап, өңдеу қажет.. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

  • Функциялар мен формулаларды пайдалан отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.


  • Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  • Тиімді ету мәселелерін шешу.

  • Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

  • Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  • Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдердін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай ғана кесте емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық экспермент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласыныдағ ғана емес, сондай –ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдық саны 65536-ға, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді. Терезе ұяшықтары бір-бірінен нөмірлері арқылы ажыратылады. Нөмір баған мен жол атауларының бірігуінен тұрады. Мысалы: Е5- Е бағаны мен 5-ші нөмірлі жолдың қиылысуындағы ұяшық нөмірі (оны ұяшық адресі) деп атайды.
Ұяшықтар блогы араларына қос нүкте (:) таңбасы қойылған- оның сол жақ жоғары және оң жақ төменгі ұяшықтарының нөмірлері арқылы белгіленеді. Мысалы, В3:Е8; В4:В9. Әдетте электрондық кестенің жұмыс парағы деп, құжат түрінде қарастырылатын бір тақырыпқа арналған кестелер жиынтығын жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кезінде кітап 3 парақтан тұрады. Кітапқа жаңа парақ қосу үшін Кірістіру-Парақ командасын беру керек. (Кітапты 255 параққа дейін кеңейту мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет