«Ақпараттық жүйелер» бөлімі Оқу тәжірибесінің есебі орындаған: Майлыбаева Назерке



бет1/9
Дата25.12.2019
өлшемі1.78 Mb.
#447762
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Microsoft фирмасының Excel программасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ




«Ақпараттық жүйелер» бөлімі

Оқу тәжірибесінің

ЕСЕБІ


Орындаған: Майлыбаева Назерке

Шымкент 2012 ж.



Microsoft Excel бағдарламасы.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақта Excel жай кесте емес, ол арқылы көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестеде берілген мәліметтер негізінде түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын дайындап, олармен жұмыс істеуге, сандық эксперимент жүргізуге және т.б. қамтамасыз ете алады.



Excel құжаты «xls» кеңейтіліміне ие және ол Кітап деп аталады. Кітап парақтоардан тұрады, олардың саны үнсіз келісім бойынша үшеуден тұрады. Парақтар арасы бойынша өту үшін терезенің төмен жағында орналасқан Парақ1 (Лист1), Парақ2 (Лист2) т.с.с. сілтемесін пайдалану арқылы ауыстырыуға болады.

Microsoft Excel 2003 бағдарламасының жалпы көрінісі
Терезенің негізгі элементтері.

Тақырып жолағы – құжаттың атауы және терезені басқару батырмалары.


Бас мәзір - әр тармақтағы бір типке тән командалар тобынан тұрады.


Пішімдеу құралдар үстелі – мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасын орнын белгілеуге арналған.


Стандартты құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.


Айналдыру сызығы – құжатты айнаелдыру көруге мүмкіндік береді



Алдын-ала қару - бұл файлды басып шығаратын түрін алдын-ала көру

Кестенің құрылымы

Электронды кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималды саны 65536, ал бағаналардың саны 256-ға тең.

Әрбір бағана мен жолдардың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді. Ұяшықтар баған мен жол атауларының (A, B, C…),(1, 2, 3…) бірігуінен тұрады. Ұяшықтар блогы бірге жазылған уақытта араларына қос нүкте (:) таңбасы қойылады және оның сол жақ жоғары және оң жақ төменгі ұяшықтарының нөмірлері арқылы белгіленеді. Мысалы, В3:Е8, А2:С8. Әдетте электрондық кестенің жұмыс парағы деп, құжат түрінде қарастырылған бір тақырыпқа арналған кестелер жиынтығын жұмыс кітабы деп атайды.



Ұяшықтарды пішімдеу – бұл олардың сыртқы көрінісін безендіріп, сондай-ақ олардың мазмұнының деректер пішіміне туралаулар енгізу. Ұяшықты пішімдеу үшін қажетті ұяшықты немесе ұяшықтарды белгілеп не ерекшелеп алып, Пішімдеу құралдар үстелінең батырмалар жиынын пайдаланамыз немесе Пішімдеу командасынан – Ұяшықтар командасын іске қосамыз. Excel бағдарламасында Пішімдеу үстелінің батырмалары мәтінге қатысты Word бағдарламасында ұсынылатын әрекеттердің барлығын: шрифт түсін таңдау, мәтіндер мен өлшемін өзгерту, бөлек ұяшықтағы мәтінді туралау және т.б. әрекеттерді қолдануға мүмкіндік береді.

Сүзгі (Фильтр) – бұл деректердің көбін іздеп, тізімде берілген ауқымды деректермен жұмыс істеудің ең жылдам әрі оңай тәсілі.

Microsoft Excel-де тізімдерді сүзгіден өткізуге арналған екі командасы бар:

  • іріктеудің қарапайым шарттарына арналған Өзсүзгі (Автофильтр), бұған бөлектенгендерді реті бойынша фильтрлеуде жатады.

  • Іріктеудің едәуір күрделірек түріне арналған қосымша сүзгі.

Microsoft Office Excel 2010 электрондық кестелер жасауда және пішімдеуде, барынша ақпараттандырылған шешімдер жасау үшін ақпаратты талдауда және ортақ пайдалануда қолдануға болатын тиімді құрал болып табылады. Microsoft Office Fluent пайдаланушылық тілдесуі көмегімен толық деректер көрнекілігін «Жиынтық кеске» көрінісін және кәсіби құралатын диаграммаларды жасау мен қолдану оңайға соғады. Excel Services қызметтерімен бірлескен Microsoft Office Excel 2010 бағдарламасы Microsoft Office Share Point Server 2010 серверімен жүктелінетін жаңа технология болып табылады және ақпаратты әлде қайда қауіпсіз жолмен ортақ пайдаланудың айтарлықтай жеңілдетуімен қамтамасыз етеді. Іскери қызметтесіңізбен кеңінен және қауіпсіз ортақ пайдалануға болады. Microsoft Office Excel 2010 бағдарламасы Excel Services қызметтерін қолдана отырып электрондық кестелері ортақ пайдалану арқылы параметрлерді шарлауға, сұрыптауға немесе енгізуге және веб-шалғыш арқылы жиынтық кестемен өзара әрекет етуге болады. Яғни жетілдірілген электрондық кестелер жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет