Лекция жocпapы: Жаһандану және заманауи қазақ мәдениетінің орны Заманауи қазақ мәдениеті «Мәңгілік Ел» идеясы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі422.64 Kb.
#486625
түріЛекция
  1   2
Лекция-14



№7 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті. Қазақстанның 
мәдени саясаты 
Лекция жocпapы:
1.Жаһандану және заманауи қазақ мәдениетінің орны 
2.Заманауи қазақ мәдениеті 
3.«Мәңгілік Ел» идеясы 
Лeкцияның оқыту нәтижелері:
- әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының 
әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу; 

қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени 
құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым- қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;

нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің 
әртүрлі жолдарын айыра білу

-
ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы 
нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын 
жобалай алу

– 
түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы 
ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау; 
- әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай 
білу.
 
Лeкция мәтiнi:
1.Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист 
Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап 
Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. 
Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық 
революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһандану - 
әлемді бірыңғай сипаттамаларға ие бірыңғай жүйеге айналдырудың тарихи үдерісі. Тарихта 
мұндай жүйені жаһанданудың келесі үдерістері:
-адамдарды ажырататын факторларының әрекетін уақытты және кеңістікті мейлінше 
азайтатын коммуникацияның электронды құралдары; 
-шығарылған өнімді бүкіл әлемге таратуға мүмкін беретін технологиялық өзгерістер;
-экологиялық немесе құқық қорғау қозғалысы сияқты жаһандық идеологиялардың 
қалыптасуы.
Жаһандану - бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени бірігу және біріздену үдерісі. 
Мұның негізгі салдары еңбектің әлемдік бөлінісі, капиталдың, адами және өндірістік 
ресурстардың планета ауқымында көшіп-қонуы, заңнаманың, экономикалық және технологиялық 
үдерістердің стандартталауы, сондай-ақ әртүрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы болып 
табылады. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей 
қоймайды. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың 
қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. 
Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады:

Неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму;

Өмір деңгейінің жоғарылауы;

Техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу

Тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. 
Қоғамның ашықтығы тіршілік қалыптарының жоғарылуына, экологиялық зардаптардың 
баяулауына, жалпы гүлденуге себепші бола алады;
-Ашық нарық жаңа жұмыс орындарын ашады, табысты молайтады, жаңа технологияларды 
таратады;
-Әлемдік экономикамен бірігу өзімен бірге жаңа технологиялар мен идеяларды ала жүреді, 
халықаралық сауданы дамытады, инфляцияны жұмсартады, инновацияларды жеделдетеді;


- Ашықтық адамдық факторға инвестицияларды ұйғарады: білім беруге, денсаулықты сақтауға, 
инфрақұрылымға;
- Өзгерістер билікті саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге мәжбүрлейді; 
- Электрондық сауда, ақпаратқа сүйенетін «жаңа экономика» адамдардың басты қор бола 
бастайтынын көрсетеді. Теңдік идеясы әрбір адамның өзіндік құндылығымен ауыстырылды, әрбір 
адамның мүмкіндігін дамыту міндеті қойылды;
-Сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы әрекеттену мүмкіндігі. Жаһанданудың жағымды жағы 
Жаһанданудың жағымсыз жағы 
- Дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. 
- Қай ұлттың рухани мәдениеті күшті болса, сол ұлт өмір сүруге бейім болады да, рухани 
мәдениеті әлсіз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзінен жойылып отырады.
Ғаламдық проблема деп – бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен 
болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер 
мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды. «Жаһандану» терминін 
алғаш ғылымға енгізген (1983 ж.) америкалық Теодор Левитт Ғаламдық проблема, қышқыл 
жаңбыр, парникті газдар, озонның жұқаруы, ядролық қыс, милитаризм, конверсия, ноосфера, 
климаттың жылынуы Ғаламдық проблеманың түрлері: 
- Бейбітшілікті сақтау; 
- Дүниежүзілік соғысқа жол бермеу;
- Жаппай қарулану (ядролық қалу);
- Экологиялық проблема (озон қабаты, ормандардың қысқаруы);
- Энергетика және шикізат;
- Демографиялық проблема;
- Азық-түлік проблемасы;
- Артта қалушылықты жою проблемасы;
- Дүниежүзілік мұхиттағы ресурстарды пайдалаяну;
Кез-келген мемлекеттің қозғаушы күші, қоғамның драйвері – жастар. Жастар жаңалыққа, 
өзгерістер мен жедел іс-қимылға бейім. Еуразия кеңістігіндегі елдердің тарихына үңілсек, жастар 
және олардың қозғалыстары мемлекеттің дамуына үлкен түрткі болған. Қоғамды дүр сілкіндірген 
тағдыршешті оқиғалардың бел ортасында белсенді жастар жүрді. Қазіргі уақытта да мемлекеттің 
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өміріне жастар белсенді араласып, елеулі орын алып келеді. 
Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатына сәйкес жастардың білім алуы, баспанамен және жұмыспен 
қамтылуына қажетті бағдарламаларды қабылдады. Дегенмен, жастар арасындағы қылмыс
нашақорлық, жат ағымның жетегінде кету, сыртқы миграция, ажырасу сияқты проблемалар да жоқ 
емес. Сондықтан жаһандану жағдайында жастарға мемлекет тарапынан көңіл бөліп, рухани-
патриоттық тәрбие беру – өзектілігі жоғалмайтын міндет. 
Қазіргі уақытта адамзат білімі мен дүниетанымына сыртқы ықпалы үлкен, әлемдік 
қоғамдастықтың келешек даму бағыт-бағдарын айқындайтын жаһандану дәуірінде өмір сүріп 
жатыр. Бұл барлық елдерге, оның ішінде әсіресе халықаралық қауымдастықпен интеграциялануға 
дайын, экономикалық және саяси жүйесі ашық елдерге тікелей қатысты. Әрине, алыс-жақын 
мемлекеттер 
сауда-экономикалық, ақпараттық-мәдени 
ынтымақтасып 
жатқан 
уақытта 
оқшауланып өмір сүру мүмкін емес. Бірақ көптеген елдер мемлекеттің ішкі саясаты, өзіндік 
мәдениеті, дүниетанымы сияқты объективті және субъективті себептерге сәйкес жаһандануды 
қабылдауға дайын емес. Жаһандану біздің өміріміздің барлық салаларына, атап айтқанда 
экономикалық, саяси, мәдени салаларға, қоғамға, отбасына, қауіпсіздікке, әлеуметтік өмірге 
тікелей әсер етеді. Интернеттің пайда болуымен ақпараттық кеңістіктің шекаралары бұзылып, кез-
келген жаңалықты жар салып, еш кедергісіз әлемнің бір бұрышынан екіншісіне жеткізу мүмкіндігі 
кеңейе түсті. Жаңа технологиялардың пайда болып, жаңа экономикалық аймақтардың құрылып, 
өндіргіш күштердің өзгеруімен әлем дамудың жаңа интеграциялық кезеңіне қадам басты. Яғни, 
барлық қоғамдық құбылыстар бір-бірімен терең байланысып, жең ұшына жеңі жалғасып жатыр. 


Инновацияны, технологияны, білім мен өнерді ең бірінші болып қабылдайтын жастар 
болғандықтан, олардың өмірге, материалдық және рухани құндылықтарға, төл тарихы мен дәстүр-
тіліне, қоғамдағы қарым-қатынас процестеріне көзқарасы өзгеріске ұшырауда. Осы орайда рухани 
мәселеге қарағанда материалдық қажеттіліктердің алға шыққаны жиі айтылып жатады. Жастар 
белсенді, көзқарасы тың, энергиясы мол болғандықтан тәжірибесі аз болса да, жұмысы өнімді 
болып, кез-келген процеске шынайы қызығушылықпен қатысады. Көптеген жастардың шет 
тілдерін үйренуі коммуникациялық кедергілерді бұзады және кез-келген мемлекеттің жастарымен 
байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Жаһандану жастарға, оның қазіргі өмірге бейімделуіне және 
сайып келгенде оның әлеуметтенуіне әсер етеді.
Жаһандану жағдайында әр елдің өзгеруі мен дамуы үшін жаңа күштер, жаңа идеялар, ізгі 
құндылықтар қажет. Олардың барлығына жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге 
болады. Өйткені, жаһанданудың жағымсыз жақтары жастарды жарға жығуы да ықтимал. Қазіргі 
уақытта тәрбие беру процесі жастардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру ғана емес, заманның кері 
ықпалынан қорғауға да бағытталған. Жаһандану процесі кезеңінде уақыт ағымы жас ұрпақты 
қиын таңдау жасауға итермелейді. Буырқанған бұқаралық мәдениет жеке моральдық және рухани 
принциптерді шайып жіберіп, этикалық қағидалар жастарды рухани тәрбиелеуде бағдар бола 
алмай қалады. Әр елдің өз ұлттық мәдениетін нығайту, жергілікті дәстүр-салтын сақтау және 
жаһанданудың кері ықпалын еңсеру көптеген мемлекеттердің ішкі саяси бағытының 
басымдықтарына кіреді. Әрбір мәдениет бағзыдан келе жатқан рухани мұрасы негізінде 
қалыптасады және ары қарай кеңейіп, жаңаша түрленіп отырады. Жаһандық сын-қатерлерге жауап 
бере отырып, әртүрлі мәдени дәстүрлері бар адамдар мен этнотоптардың үйлесімді және бейбіт 
қатар өмір сүруін қамтамасыз етудің маңызы зор.
"Қазақстан 2020: болашаққа жол" тұжырымдамасында қазіргі жастардың өзекті проблемасы 
ретінде: 
1. Дәстүрлі құндылықтар жүйесіне жаһанданудың әсері. 
2. Материалдық игіліктерге ұмтылу, тұтынушылыққа құштарлық. 
3. Патернализм және әлеуметтік инфантилизм. 
4. Жастар арасындағы радикализм қаупі. 
5. Жастарды жұмыспен қамту, олардың денсаулығы көрсетілген. 
Аталған проблемалар тізбесінен көріп отырғанымыздай, жастарға рухани-отаншылдық бағытта 
тәрбие берудің, әрдайым етене жұмыс істеудің мән-маңызы зор. Бүгінде мемлекет, азаматтық 
қоғам тарапынан жастардың дамуына байланысты көптеген игі іс-шаралар атқарылып жатыр. 
Дәстүрлі құндылықтар жүйесін шайқалтпай, рухани игіліктерді биік ұстап, жастарды 
радикализмнен сақтау, тәуелсіздікті нығайтуға жұмылдыру, ұлттық тәрбие беруде әдебиет 
әлемінің орны ерекше. Отаншылдық құндылықтар насихатталып, біртұтас ұлт болып қалыптасу 
үшін кез-келген мемлекетте ең алдымен дамыған экономика, білім мен ғылым, дәстүрлердің 
сақталуы мен ұлттық мәдениеттің дамуына жағдай жасалуы керек. Осы орайда, халықтың рухани 
өміріндегі өзекті сұрақтарды көтеретін ақын-жазушылардың шығармалары өзекті бола түседі. 
Тәуелсіздік тақырыбы да осы қатарға жатқызылады. Оларды тану және білу халықтың ұлттық 
рухын нығайтып, жалғасып келе жатқан дәстүрлі мәдени және адамгершілік құндылықтарды 
қайта жаңғыртады. Жаңа тарихтың дәуірлік сипаттары ұлттық әдебиетіміздің кескін-келбетін 
өзгертіп, оның жаңа идеалдары мен құндылықтарын алға шығарып отырды. Бүгінгі және кешегі 
классикалық зерттеулерді шығару әдебиет пен әдебиеттану ғылымын дамытуға ықпал етті. Сөз, 
көркем образдар арқылы қазақ әдебиеті бізге маңызды және терең идеяларды ұсынады. Әдебиет 
қазіргі қоғамда дәл бұрынғыдай ерекше орын алады және тәрбиелік мән-маңызы зор. Жаңа 
әлеуметтік-мәдени шындыққа бейімделу арқылы отандық әдебиет Батыс пен Шығыстың әдебиет 
әлемімен интеграциясын нығайтуда. 
Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сұхбатында Қ. Тоқаев жастарды отансүйгіштік 
рухта тәрбиелеу ісін басты назарда ұстау қажеттігін айтты. Ол сөзінде: «Тәуелсіздік жылдарында 
мемлекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастарымыздың тұтас бір буыны 
қалыптасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, 
еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рақымшыл болса – онда біздің еліміздің болашағы жарқын, 
жұлдызы жоғары болмақ!» дей отырып, Абай мұрасының бүгінгі ұрпаққа жол сілтеуші темірқазық 


екендігін білдіргендей. Абай мұрасы – қазіргі жастарға қажетті рухани азық, онымен Ғаламтор 
желісі арқылы ғана емес, қаламыздағы кітапханалардан танысқан дұрысырақ. Абай 
жаңашылдығының терең мағынасы мен ашық айтқан өткірлігі – түрлі өмірлік жағдайларда қажет 
болатын кеңестер. Оларды түсінуге тырысу, жастардың адамгершілік құндылықтарды қабылдауы 
мен Отан алдындағы парызын түсінуі – қазіргі уақытта өте қажет маңызды құбылыс. Шынайы 
гуманизм, адамның мейірімі мен қажеттіліктеріне назар аудару, өмір сүру салтындағы әділеттілік, 
әлемге ашық көзқарас, немқұрайлылық, рухани жалқаулық, дүниеқоңыздық, бұзақылық, ойсыздық 
пен бейберекетсіздік, артта қалғандық пен надандықты жақтырмайтын рухани максимализм – 
Абай қозғаған кешегі және бүгінгі қоғамдағы жастарға қажетті құнды дүниелер. Яғни, Абайдың 
мұрасы, тәуелсіздік құндылығы жастардың жаңа замандағы жол сілтеушісі бола алады. 
Қазақстанның тәуелсіздік алуы жаңа мемлекеттің жастарын этикалық және адамгершілік, 
отаншылдық тәрбиелеу мәселелерін алға шығарды. Кеңес Одағы ыдыраған соң, тәуелсіздік 
алғашқы жылдарындағы тоқырауында қылмыс, нашақорлық, маскүнемдіктің саны көбейсе, екінші 
жағынан қоғамда жаңа құндылықтар орнай бастады. Қазір елімізде бірнеше тілді меңгерген, 
заманауи ақпараттық технологияларды білетін белсенді, белгілі бір мақсатқа ұмтылатын жас 
ұрпақ өсіп келеді. Бұл ұрпақты қолдап, әмбебап адами құндылықтар ұғымын қалыптастыру қажет 
екені рас. Сонда ғана белгілі бір топтардың, шектеулі адамдардың емес, жалпы қоғамның 
өркендеуіне мүдделі сауатты, өнегелі азаматтар өсіп шығады. Өз Отанын сүйетін, осы жердің 
тарихы мен тілін құрметтейтін, ондағы өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін 
сыйлайтын, бірақ ортақ құндылықтары бар екенін түсінетін, өзара сенім мен түсіністік рухында 
тәрбиеленген азаматтар әрқашан әлемге ашық, ізденімпаз, білім мен ғылымға құмар, жат 
қылықтардан аулақ және өз халқын шын сүйетін болады. 
3.
Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын 
ұсынған. 
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі 
дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 
мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ 
басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деп бастады. 
Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» 
идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-
тұжырым. 
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек 
қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, 
Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері 
арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету 
мәселелері маңызды болып табылады. 
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, 
профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи 
журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған 
атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған . Елтеріс Құтлық қаған 
екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел 
— мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел 
саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына 
айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла 
Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі 
халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар . 
Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — 
мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс 
саясатын ұстану деп түсінуге болады. 
Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан 
ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған 
қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер 
белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, 
Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш 


шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік 
ел» идеясын нық бекемдейді. 
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге 
ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін 
қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі 
философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік 
мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй 
атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде 
көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына 
жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең 
құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі 
мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. 
Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: 
«Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер 
біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — 
дейді. Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден 
бастайды. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», 
«Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар 
арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық 
идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ 
ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен 
ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. 
Еуроцентристік көзқарас бойынша түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын 
айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты 
практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты 
өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің 
қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына 
қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық 
аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі 
табанды насихаттала бастады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне 
қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді 
айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, 
жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, 
түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих 
толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде 
геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-
қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға 
ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы 
болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы 
деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады . 
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 
жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның 
көшбасшысына айналдыру идеясы өз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы 
Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның «Түрік ошақтары» 
қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада 
Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына 
Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент 
Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы — Елбасының түркі әлемін 
біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне 
берілген әділетті баға болды. Елбасының түркі интеграциясы жолындағы қызметінің 
мақсаттарының бірі — экономикалық ынтымақтастыққа негізделген. 
2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтің 100 
жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты 
конференцияда Алтайлық түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір 
кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» — деген жалынды сөздері барша түркі 
халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік 


мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы 
орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді 
осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет 
қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету 
мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын 
еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға 
болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың 
арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді. 
Көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі 
жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» 
философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан 
тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» 
дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған 
мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, 
барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының 
елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, 
жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз 
отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш 
етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл 
жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. 
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, 
түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым 
«Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары 
туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында 
баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-
біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-
саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы 
әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін 
адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. 
Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде 
саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық 
анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе 
мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі 
міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру 
керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, 
адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді 
бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке 
бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. 
«Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп 
Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде 
Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы 
әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың 
салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің 
есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел 
басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, 
әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның 
бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін 
жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. 
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, 
ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел 
идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар 
жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату 
еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің 
жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара 
тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих 
сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз 
елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан 


елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен 
айтуға болады. 
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. 
Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ 
рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының 
салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. 
«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде 
«мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, 
«Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен 
шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — 
мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет 
құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология 
арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет