Лекция 15. БЦП оңалту әдістері.
Церебралды паралич-бұл нәресте миының өсу кезеңінде немесе сәбилік кезінде белсенділіктің шектелуіне әкелетін қимылдар мен дене тұрысының созылмалы үдемейтін бұзылушылықтар тобы. Церебралды паралич кезіндегі қимыл бұзушылықтары көп жағдайда сезімталдықтың, түйсінудің бұзушылығына, когницияға және қояншыққа себеп болады, сонымен қатар қайталама бұлшықет-қаңқа ауытқушылықтардың дамуына әкеледі [1].
Церебральды параличке тән қимыл дисфункцияларының ерте белгілерін анықтау үшін келесі симптомдар тән:
· асимметрияны немесе қимыл берекесіздігін қамтитын ерекше қозғалыстар немесе басқа қозғалыстар
· гипотонияны, түйілушілік немесе дистонияны (флюктуирлыт тонусты) қамтитын ауытқымалы тонус
· басты кеш бақылауды, назарды бекітуді, аксиальды тонустың симметриялығын қамтитын ауытқымалы қимылдардың дамуы
· емізу мәселелері
Егер жоғарыда атап өтілген белгілер байқалған болса, баланы балалық церебральды параличке жылдам тексеру үшін бағыттау керек
Церебральды параличпен ауыратын балалардың қимыл дағдылардағы ең таралған проблемалар мыналар болып табылады:
• 8 айда отыра алмайтын (гестациялық жасты түзетумен)
• 18 айда жүре алмайтын (гестациялық жас үшін түзетумен)
• 1 жасқа дейін қол функциясының ерте асимметриясы (қолды таңдау) (гестациялық жас үшін түзетумен).
Достарыңызбен бөлісу: |