№13-лекция
Лекция тақырыбы: Одағай сөздер. Олардың тарихи қалыптасуы
Лекция жоспары:
Одағай сөздердің семантикалық құрылымына қарай түрлерінің қалыптасуы. Одағай сөздердің тіл білімінде қарастырылуы. Одағай сөздердің қалыптасуы. Одағайлардың зерттелуі
Лекцияның мақсаты: Одағай сөздердің семантикалық құрылымына қарай түрлерінің қалыптасуы. Одағай сөздердің тіл білімінде қарастырылуы. Одағай сөздердің қалыптасуы. Одағайлардың зерттелуі туралы жалпы түсінік беру.
Лекция мазмұны.
Тұлғаланып өзгермейтін адамның ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіретін сөздер одағай деп аталады.
1. Сөйлеуші адамның назарын өзіне аудару үшін қолданылатын одағайлар: өй, е, ей, оһ, ә, уа т.б. Мыс: Әй, жігіт, тоқтай тұр (Ғ.М.).
2. Өкінішті білдіретін одағайлар: дариға-ай, қап, оһ, дүние-ай, әттеген-ай, бай-бай, пай-пай. Мыс: Қап, Бауыржан үйде жоқ еді.
3. Таңдану, сүйсінуді білдіретін одағайлар: ахау, уа, шіркін, бәсе, бәрекелді, пәлі, уай.
Бәрекелді, іздеген жоғыңды тауыпсың ғой!
4. Кектену, өшігуді білдіру үшін жұмсалатын одағайлар: қап, бәлем, ой. Қап, мынаны – ай!
Жоғарыдағы одағайларды топтастырғанда, көңіл-күй одағайлары болып аталады. Одағайлар тек көңіл-күйді білдірмейді, мағынасына қарай үшке бөлінеді, мұның өзі шартты түрде.
1. Көңіл-күй одағайы.
2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру сияқты мәнде жұмсалады.
3. Шақыру одағайлары мал, ит-құсты шақыру, кетіру мәнде жұмсалады: құрау-құрау, моћ-моћ, құр-құр, көс-көс, шөре-шөре, кә-кә, айт т.б.
Негізгі белгілері: одағайда, біріншіден, лексикалық мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан сөйлем мүшесі бола алмайды.
Семантикалық ерекшелігі, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі жағынан өздеріне тәи мәні бар сөз таптарының бірі – одағай: Өй арам қат, арам қатқыр. Ойбай-ау, енді қайтейін, ойбай. Опыр-ау жастық деген қызық. Осындай адамның көңіл күйі, сезімімен байланысты эмоциональдық мағынада жұмсалатың одағайлар заттық үғымдармен байланысты тусініктердің аттары емес, адамның ішкі дүниесімен (көңіл-күйлерімен) байланысты ишараттарды білдіретін сөздер: Қап! Жәрәкім алла! Мәссаған! Әттеген-ай! т.б.
Одағайлар сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді, өйткені оларда атауыш сөздер сияқты грамматикалық формалары жоқ.
Одағайлар негізгі сөйлемен қабаттаса қолданылатын жанама, жарыспа сөйлем бола алады, бірақ ол сөйлемде сараланған мүшелер болмайды. Егер де етістігімен тіркесіп тіркесіп, не ондай одағайларға (-ла, -ле, -та, -те, -да, -де) жұрнағы қосылса қайтіп? Сұрауына жауап беріп, қимыл-сын пысықтауыш болады: Егеубай уһ! – деп ауыр күрсінді. Уай, пәлі-ай! – деп жастар жағы қостап қойды.
Одағайлар грамматикалық сөйлем бола алмайды, бірақ субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі бола алады: Аллаңнан ойбайым тыныш. Сондай-ақ көмекші етістіктермен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамына енедіз Әттегене-ай деді ол, тандайын қағып.
Сонымен одағайлар адамның көңіл-күйін, түрлі ішкі сезімдерін, зекіру, шақыруды білдіретін сөздер. Олай болса, қуану, шатсияқты көңіл-күйлерін білдеретін сөздер одағай болады: Ойбай ау, танымай қалыппын ғой. Мен осы жуас пе едім, қап!.. Құр-құр-құр, жануар. Кәһ-кәһ-кәһ! Аққұс! Аққұс!
Одағай құамы. Одағайлар құрамы жағынан жалаң, күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң одағайлар негізгі түбірлі (тек, тәйт,бәсе, қап, шек, құп, хайыр) туынды түбірлі: мәссаған! бәреклді! Астапыралла! Осыңдай етістік түбірлі: одағайлар қазақ тілінде сирек ұшырайды: алақайлау, әлдилеу т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |