Лекция по теме: «Актуальные проблемы учета, анализа и финансового менеджмента» (продвинутый курс) в объеме 36 часов для студентов и магистрантов специальностей: «Учет и аудит»; «Экономика»; «Менеджмент»;



Дата23.02.2016
өлшемі55.51 Kb.
#8786
түріЛекция
Визит профессора, д.э.н. Патласова Олега Юрьевича в Казахскую финансово-экономическую академию

http://www.kazfea.kz/index.php?id=1

С 28 марта 2013 года в Казахскую финансово-экономическую академию (КазФЭА) г. Семей в рамках академической мобильности с Омской гуманитарной академией  Российской Федерации посетил проректор по международной деятельности, заведующий кафедрой коммерции, маркетинга и рекламы, экономических наук, профессор, Патласов Олег Юрьевич.

Целью визита было подписание договора по программе «Двойного диплома», договора о международном сотрудничестве, проведение  переговоров в рамках академического сотрудничества, обсуждение возможностей развития партнерских отношений и совместных магистерских программ.

Во время встречи были обговорены основные направления возможного сотрудничества в области обмена преподавателями, в целях обмена опытом основных методик преподавания, развитие двухсторонних программ обмена магистрантами, студентами, организация совместных научных и методических конференций и многое другое.

В рамках визита профессора Олега Юрьевича Патласова, был организован целый ряд мероприятий образовательного характера. Профессор прочел открытую лекцию для студентов, преподавателей и магистрантов Казахской финансово-экономической академии.

Студенты и магистранты с интересом прослушали лекцию, активно участвовали в беседе, задавали вопросы.

Также профессором Патласовым О.Ю. была прочитана лекция по теме: «Актуальные проблемы учета, анализа и финансового менеджмента» (продвинутый курс) в объеме 36 часов для студентов и магистрантов  специальностей: «Учет и аудит»; «Экономика»;  «Менеджмент»; «Финансы».

Профессор д.э.н. Патласов Олег Юрьевич выразил благодарность в адрес Казахской финансово-экономической академии за столь теплый прием и совместном сотрудничестве. 



Ресейлік ғылымдар докторының сапары


02.02.2010 16:47





Қаржы және даму жөніндегі вице-президент э.ғ.к., профессор Л.А. Фрезоргердің шақыруы бойынша ИнЕУ-ге жұмыс сапарымен Омбы гуманитарлық академияның коммерция, маркетинг және жарнама кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Олег Юрьевич Патласов келді.

Жұмыс сапарының мақсаты - университетпен танысу және PhD және  MBA бағдарламалары бойынша ынтамақтастық жасау жолдарын анықтау.


О.Ю. Патласов MBA бағдарламасының жетекшісі э.ғ.к., доцент Ш.Х. Жетпісовамен және «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі З.Қ. Смағұловамен кездесу өткізді. Интерактивті тақтаны қолдана отырып профессор ИнЕУ-дің Басқару академиясының докторанттары, магистранттары мен оқытушыларына «Қаржылық талдау мен менеджменттің мәселелері» тақырыбы бойынша ашық дәріс оқыды. Келесі күні ресейлік мейман PhD бағдарламасының жетекшісі э.ғ.к., ә.ғ.д., профессор В.П. Шеломенцевамен және магистрлік және екінші жоғары білім беру факультетінің деканы ә.ғ.к., профессор Н.Б. Рудицамен кездесті. Кездесу барысында бұл бағдарламаға қатысу және Ресей профессорына бірінші курс докторантын бекіту жөніндегі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар әңгіме кезінде профессордың PhD-дің екінші курс докторанттары үшін қызметкерлер құрамын басқару бойынша дәріс оқу мақсатымен келу жөніндегі мәселелер қарастырылды. Университетте өткізген үшінші күні профессор Патласов МВА бағдарламасы бойынша оқып жүрген тыңдаушыларға кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару бойынша дәріс оқыды.

Зүбираш СМАҒУЛОВА,


э.ғ.к., доцент, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушсі
Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы

ИнЕУ магистратурасындағы жаңа мүмкіндіктер


http://old.ineu.edu.kz/kz/activity/news/1315-novie-vozmozhnosti-v-magistrature-ineu

15.03.2012 12:29







Омск гуманитарлық академиясының халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры, экономикалық ғылымдарының докторы, профессор Патласов Олега Юрьевич біздің университетке келген сапарының нәтижесі қос дипломның жаңа бағдарламасы болды.

Академиялық ұтқырлық және Болон келісімін жүзеге асыру аясында ИнЕУ және ОмГА арасында магистратура бағыты бойынша қос диплом бағдарламасын іске асыруға жөнінде шарт жасасты. Келесі оқу жылында біз болашақ магистранттарға екі жыл ішінде екі дипломды «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Экономика» мамандықтары бойынша алу мімкіндігін ұсынамыз.

Екінші диплом - Омск гуманитарлық академияның дипломы басқа магистрлік бағдарлама бойынша жүзеге асады. Ол біздің магистранттарымыздың еңбек нарығында бәсекелестік қабілеттерін көтеруге көмектеседі. Мысалға, біздің ЖОО-да «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында оқып жүріп қатарлас «адам ресурстарын басқару» мамандануымен қатар менеджмент магистрі дипломын алу мүмкіндіктері бар. Сонмен қатар біздің мамандықтар бойынша біз Омск гуманитарлық академиясына бес-алты бағыт ұсына аламыз.

 







Егерде сіздерді ИнЕУ мен Омск гуманитарлық академияның қос диплом бағдарламасы қызықтырса, сіздердің сауалдарыңызға жауап беруге дайынбыз

Суретте (солдан оңға қарай) э.ғ.к., доцент, ИнЕУ Басқару академиясының күндізгі оқыту факультетінің деканы З.К. Смагулова, м-ш.ғ.д., профессор, ИнЕУ халықаралық ынтымақтастық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Е.Б. Никитин, б.ғ.к., профессор, ИнЕУ-дің білім сапасы және оқу жұмысы проректоры Л.С. Комардина, Омск гуманитарлық академиясының халықаралық қарым-қатынас жөніндегі проректоры О.Ю, Патласов, э.ғ.к., доцент, ИнЕУ Басқару академиясының директоры А.С. Нарынбаева.



Байланыс телефондары: 34-03-85, 34-04-64, ішкі 146 - Басқару академиясының күндізгі бөлім факультетінің деканы Смагулова Зубираш Қалыбекқызы; 65-07-02, ішкі 161 - Басқару академиясының директоры Нарынбаева Айна Серикқызы.

Зубираш СМАГУЛОВА
Фото: Денис РОМАНОВ

http://www.nkzu.kz/news/view?id=36&lang=kz

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 75 жылдығы


Еліміздің солтүстігіндегі ірі жоғары оқу орны әуелден-ақ жоғары білімнің беткеұстар ордасы, зиялы қауым ортасы саналған. 75 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны осынау биік дәрежесін әлі күнге дейін бір төмендеткен емес. Мерейтой күні барша жұртшылық оқу орнының жетістіктерін паш етті. Жиынның шымылдығын ашқан университет басшысы Оңдасын Әшімов барша қауымды торқалы тоймен құттықтап, білім ордасының қол жеткізген белестерін бір тізіп өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов университеттің дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ қызметкерлерді облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыстарымен марапаттады. Оқу орны басшысы облыс әкіміне университеттің дамуына қосқан үлесі үшін үлкен алтын медалін табыс етті. Кейін жиынға арнайы шақырылған құрметті меймандарды қошеметтеп, таныстырып өтті. Қонақтардың ішінде көршілес ресей елінің шекаралас аймақтар мен германиядан келген жоғары мектеп өкілдері де болды.

ҚР Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәмидің құттықтау хатын жеткізіп, жерлестерін мерейлі белесімен құттықтады. «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Нұралы Бектұрғанов ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың сәлемдеме хатын оқып, ғылымға қосқан үлестері үшін университеттің бірқатар қызметкерлерін министрліктің атынан төсбелгілер мен грамоталарды табыс етті. Мерекелік жиынға жан-жақтан жиылған қонақтар кәде сыйларын табыстап жатты. Көршілес Ресей елінің шекаралас аймақтарынан келген әріптес қонақтар білім саласындағы екі ел арасындағы мызғымас достықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ресей жаратылыстану ғылымдарының академиясының вице-президенті Анатолий Спицын облыс әкімі мен университет басшысына ғылым мен экономиканы дамуына қосқан үлестері үшін арнайы құрмет белгілерін тапсырды. Мерейтойға ортақтасып келген жерлес ақын Кәкімбек Салықов оқу ордасына жыр шумақтарын арнады.

Бұл күні ұйымдастырылған «Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы» атты халықаралық көрмеде университет ғалымдарының еліміздің индустриалдық инновациялық дамуы бағытындағы ғылыми жобалары көрініс тапты. Бүгінгі таңда университет ғылыми зерттеу институты болуға лайық екенін ғылымдағы алғабасушылықтан байқалады. Жоғары оқу орнының ғылыми зерттеу жұмыстарына жылына 120 млн теңге бөлінуде. Осы жобалар бүгінгі таңда аса қажетті салаларды қамтиды және жоғары сұранысқа ие болып отыр.



Салтанатты жиын университеттің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

ФОТО



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет