Өтірік айту Тиімді коммуникацияны шектейтін соңғы кедергі – ақпаратты тікелей бұрмалау немесе өтірік айту. Адамдар өтірікке түрлі анықтама береді. Мысалы, қате туралы ақпаратты әдейі жасыру өтірік пе, немесе қате жіберудегі үлесіңізді жоққа шығаруыңыз қажет пе? Этика мамандары мен әлеуметтік сала ғалымдары өтірікке қандай анықтама берсе де, өтірік айтудың барынша кең таралғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Адамдар күніне бір-екі рет өтірік айтуы мүмкін, ал кейбіреулері бұдан да көп айтады.41 Үлкен ұйымдардағы жағдай бұдан да күрделі, онда күн сайын ауқымды көлемдегі үлкен өтіріктер айтылады. Деректерге қарағанда, адамдарға өтірікті бетпе-бет жүздескеннен гөрі, телефонмен сөйлескенде және қағазға қаламмен жазғаннан гөрі, электрондық пошта арқылы хат жазғанда айту ыңғайлырақ екен.
МӘДЕНИ ФАКТОРЛАР Жақсы жасалған жағдай тиімді коммуникацияға кедергі келтіреді. Мәдениетаралық факторлар коммуникация проблемаларының артуына анық себеп бола алады. Бір мәдениетте түсіністікпен жақсы қабылданған бір ишарат басқа мәдениетте түкке тұрғысыз немесе әдепсіз қылық болып шығуы мүмкін. Өкінішке қарай, компаниялардың 18 пайызы ғана қызметкерлердің әртүрлі мәдениетке тән коммуникация стратегияларын құжаттап қойған және 31 пайызы ғана корпоративтік хабарламаларды басқа мәдениеттерде қолдануға лайықтауды талап етеді. 9.2-КЕСТЕ. Жоғары және төмен контексті мәдениетімен сипатталатын елдердің тізбегі Жоғары контекст Төмен контекст Қытай Корей Жапон Вьетнам Арабия Грекия Испания Италия Ұлыбритания Солтүстік Америка Скандинавия Швейцария Германия 214 3-бөлім • Ұйымдардағы топтар Мәдени кедергілер Мәдениетаралық коммуникациядағы тілдік қиындықтарға қатысты көп проблема бар. Біріншісі – сөз мағынасына (семантика) байланысты туындайтын кедергілер. Сөздер түрлі адамдар, әсіресе түрлі ұлт мәдениет өкілдері үшін әрқилы нәрселерді білдіреді. Кей мәдениетке тән кейбір сөздерді аудару мүлде мүмкін емес. Мысалы, фин тіліндегі sisu сөзі «guts» (ерік-жігер) немесе «dogged persistence» (қажырлы табандылық) сөздеріне ұқсас әлденені білдіреді, бірақ ол ағылшын тіліне дәл мағынасында аударылмайды. Сондай-ақ Ресейдегі капиталистер британ немесе канадалық әріптестерімен сөйлесуде қиындықтарға тап болады, себебі efficiency (табыстылық), free market (еркін нарық) және regulation (реттеу) сияқты ағылшын терминдерінің тікелей орысша баламасы жоқ. Екіншісі – астарлы мағынаға байланысты туындайтын кедергілер. Сөздер түрлі тілдерде түрлі нәрселерді тұспалдайды. Америкалық және жапон басшылар арасында келіссөз жүргізу қиын болуы мүмкін, себебі жапон тіліндегі hai сөзі «yes» (иә) деп аударылады, бірақ оның астарлы мағынасы «Yes, I agree» (иә, келісемін) дегенді емес, «Yes, I`m listening» (иә, сізді тыңдап тұрмын) дегенді білдіреді. Үшіншісі – үндегі (екпіндегі) айырмашылықтарға байланысты туындаған кедергілер. Кейбір мәдениеттерде тіл ресми, басқаларында бейресми болады. Кей мәдениеттерде үн (екпін) контекске байланысты өзгереді: адамдар үйде, әлеуметтік ортада және жұмыста әртүрлі сөйлейді. Ресми стильде сөйлеу керек кезде жеке, бейресми стильді қолдану орынсыз болады. Төртіншісі – конфликтілерге төзімділік және оларды шешу әдістеріндегі айырмашылықтар. Индивидуалистік мәдениеттердегі адамдар өзіне қатысты конфликтілерге сабырмен қарап, онымен келіспейтінін бетке айтады. Ұжымдық мәдениет өкілдері конфликтіні үнсіз қабылдайды және эмоциядан туындайтын дау-дамайдан өзін аулақ ұстайды. Олар конфликтілерді жеке адаммен емес, жағдаймен байланыстыруы мүмкін, сондықтан қарым-қатынасты дұрыстау үшін нақты кешірім сұрауды талап етпеуі ықтимал, ал индивидуалистер қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін конфликт жауапкершілігін мойнына алдырып, жұрт алдында кешірім сұратқанды жөн көреді. Мәдени контекст Контекст адамдардың коммуникациядан қандай мағына алатынына ықпал етеді, мәдениеттер соған қарай әртүрлі болып келеді.43 Қытай, Корея, Жапония және Вьетнам сияқты жоғары контексті мәдениеттердегі адамдар басқалармен араласу барысында барынша тілсіз, нәзік жағдаяттық белгілерге сүйенеді және адамның ресми мәртебесіне, қоғамдағы орны мен беделіне үлкен мән береді. Айтылмаған нәрсенің айтылған нәрсеге қарағанда салмағы Жоғары контексті мәдениеттер – коммуникацияда барынша тілсіз, нәзік жағдаяттық белгілерге сүйенетін мәдениеттер. 9-тарау • Коммуникация 215 Төмен контексті мәдениеттер – коммуникацияда ой-пікірді білдіру үшін барынша сөзге сүйенетін мәдениеттер. басымырақ болуы мүмкін. Ал Еуропа мен Солтүстік Америка тұрғындары, керісінше, төмен контексті мәдениетті білдіреді. Олар ойын жеткізу үшін көбіне ауызекі және жазбаша сөздерді қолданады, олар үшін дене қимылдары мен ресми атақ-дәреженің маңызы екінші орында (9.2-кестені қараңыз). Контекстік айырмашылықтар коммуникация тұрғысынан барынша көп нәрсені білдіреді. Жоғары контексті мәдениеттердегі коммуникация екі тараптың да сенімін қамтиды. Кездейсоқ және елеусіз көрінетін әңгіме, шын мәнінде, қарым-қатынас орнату және сенімді қалыптастыру ниетін білдіруі мүмкін. Ауызекі келісімдер жоғары контексті мәдениеттердегі жоғары міндеттемелерді білдіреді. Және сіздің жеке басыңызды айқындайтын жасыңыз, еңбек өтіліңіз, ұйымдағы лауазымыңыз жоғары бағаланады және сізге деген сенімнің қалыптасуына қатты ықпал етеді. Сондықтан менеджерлер бұйрық берудің орнына «ұсыныстар жасай» алады. Бірақ төмен контексті мәдениеттерде міндет жүктейтін келісімшарттар жазбаша болады, бәрі тәптіштеп жазылады және заңды күші де барынша айқындалады. Төмен контексті мәдениеттер турашылдықты бағалайды. Менеджерлер ой-пікір білдіруде ашық әрі турашыл болуы керек. Мәдени нұсқаулық Бизнестегі мәдениетаралық коммуникацияның берері мол. Әрқайсымызда мәдени тұрғыда әртүрлі көзқарас бар екенін сеніммен айтуға болады. Себебі біздер шынымен әртүрліміз, дегенмен тиімді араласу арқылы басқалардың көмегімен оң шешім қабылдауға әр кез мүмкіндігіміз бар. Мәдениетаралық коммуникацияны зерттеу жөніндегі білікті эксперт Фред Касмирдің айтуынша, біз көп жағдайда өзге мәдениет өкілдерімен жақсы араласпаймыз, себебі біз олардың мәдени айырмашылығына қадалып, шеттетуге бейім тұрамыз. Бұл кесірлі және нағыз қауіпті нәрсе, әсіресе сыртқы сипаттар негізінде жорамал жасау жақсылыққа апармайды. Көбіміздің шыққан тегіміз түрлі шежіреге бай, мәселен, біреу-міреу бізді түрімізге қарап, бір мәдениетпен байланыстыра сөйлесе, ренжіп қалуымыз ғажап емес. Сондай-ақ адамды оның мәдениетіне қатысты кемсіту пиғылы көп жағдайда ақпарат құралдары қалыптастырған стереотиптерден туындайды. Бұл стереотиптер әдетте қазіргі заманға сай емес. Касмирдің көрсетуінше, адамдар түрлі мәдениетті көреді, әр адам өз мәдениетін өзінше түсіндіруге тырысады, ал мәдениетаралық коммуникация сезімталдыққа және ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылуды көздеуі қажет. Зерттеуші түрлі мәдениет өкілдерінен құралған топ мүшелерінің әрқайсының мәдени артықшылықтары ескерілетін «үшінші мәдениет» қалыптастыру арқылы ғана жағдайдың оң шешімін табуға болатынын айтады. Осы субмәдениеттің жеке айырмашылықтарды бағалау арқылы қалыптастыратын 216 3-бөлім • Ұйымдардағы топтар нормалары тиімді коммуникацияның негізін қалайды. Өзара тиімді араласатын мәдениетаралық топтар өте өнімді жұмыс істеп, жаңашыл бола алады. Басқа мәдениет өкілдерімен араласқанда туындайтын түсінбеушілікті азайту үшін не істей аласыз?
Достарыңызбен бөлісу: |