Мемлекет формасы
|
Басқару формасы
|
Біреу билігі
|
Азшылық билігі
|
Көпшілік билігі
|
Дұрыс
|
Монархия
|
Аристократия
|
Полития
|
Бұрыс
|
Тирания
|
Олигархия
|
Демократия
|
Саяси режимнің классификациясының негiзге ретiнде М.Эйдельмен, Ц.Морис, К.Йонга мемлекеттiк аппараттың орталықтану деңгейi мен елдiң саяси өмiрiне оппозицияның қатысуын алады. Кейбiр ғалымдар саяси режим жiктемесiн мемлекетте азаматтық және әскери үкiметтiң бар немесе жоқтығына қарап жасаған. Ал, кейбiр ғалымдар саяси режим мәнi елдiң саяси-экономикалық даму деңгейiне байланысты деп есептейдi. Сонымен бірге саяси режимнің өлешімiне халықтың өз егемендiгiн iске асыру тәсiлi, мемлекеттiк ұйымдардың құрылымы мен қызметiнiң сипаты алынған пікірлер де кездеседі.
Орыс ғалымдары саяси режим классификациясынының өлшемін теориялық тұрғыда негіздеуі ерекше назар аудартады:
1-ші өлшем, бұл билеуші элитаның әртүрлі фракциялары арасындағы лидерлік үшін күрестің сипаты. Бұл күрес ашық және жабық сипатқа ие болады. Ашық түрі сайлау арқылы өтсе, жабық түрі мұрагерлік, күштеу, оппозицияға тиым салу формаларында өтуі мүмкін;
2-ші өлшем, бұл элитаның ішкі дифференциясы бары немесе жоқтығы белгісі бойынша сипатталынады. Кейбір қоғамдарда экономикалық элита билеушіге сай келеді, ал соңғысы ішінде әкімшілік және саяси қызметтерді бөлу кездеспейді. Бұл монолиттік сипаттағы элита, ал оған қарама-қарсы түрі дифференцияланған болып табылады. Монолиттік элита билеуші элита фракциялары арасында билік үшін күрестің болмауымен сипатталынады. Сондықтан да ашық қоғамдар монолиттік элитамен болуы мүмкін емес.
3-ші өлшем, бұл бұқараның саясатқа қатысу деңгейі. Жауапты шешімдер қабылдау әрқашанда азғана элиталар ісі. Дегенмен де, бұқараның саяси белсенділігінің қандай да бір формаларына мүмкіндік жасайтын саяси тәртіптер кездеседі. Бұқараның саяси қатысу формасы мен шешім қабылдау процесіндегі қызметіне байланысты саяси режимдер жіктелінеді.
Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде саяси режимнің мынадай классификациясы ұсынылады (кесте №2):
Кесте№2
Достарыңызбен бөлісу: |