«Жалпыға ортақ қауіпсіздік» атты Астана Декларациясы қабылданды.
Қазақстанның мына халықаралық ұйымдар деңгейінде ынтымақтас-тық, қауіпсіздік пен толеранттылық сияқты өзекті мәселелерді шешу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізді:
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). АӨСШК-ні құру туралы идеяны Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. АӨСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы өтті;
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) мүшесі, 2009 жылы 3-қазанда құрылған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін төрағалық етті;
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 2010 жылғы төрағасы. ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2010 жыл 1-2 желтоқсан;
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2011 жылы 20-желтоқсанда өтті;
Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық, 2011 жыл. 2011-2015 жылдарға арналған Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы ИЫҰ Іс-шара жоспары қабылданды.
Қазақстан халықаралық ұйымдарға төрағалық ету және белсенді мүшелік қызметі арқылы мынадай нәтижелерге де қол жеткізді:
халықаралық деңгейде мойындауға қол жеткізу және елде тұрақтылықтың қалыпты дамуы;
әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалауы;
халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде асыруға зор мүмкіндіктеріне ие болуы;
әлемдік қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аударту.
Достарыңызбен бөлісу: |