№8 лекция Саяси режимдер (тәртіптер)
8.1. Саяси режим ұғымы жайлы
8.2. Тоталитаризм мен авторитаризм тәртіптері мен негізгі белгілері
8.3. Демократия ұғымы мен ерекшеліктері
«Саяси режим» ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим» деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны - мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Билік сайлау арқылы қалыптасады ма, әлде өзара сыбайластықпен тағайындала ма? – деген сұрақ. Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір-бірімен келісіп өз мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс-әрекет көп жағдайда қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі жасайды. Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды.
Саяси режимдер экономикалық өмірді ұйымдастыра алуына орай сипаттауға ыңғайлы, үкіметтегі процестер сол арқылы әрекет етеді. Сол себепті режим – үкімет қанша ауысса да сақталып қалатын «басқару жүйесі». Мемлекеттегі сайлау, династия мирасқорының ауысуы, мемлекеттік төңкеріс т.б. оқиғалар кезінде үкімет ауысуы мүмкін; ал ре-жимді өзгерту үшін сырттан әскер килігуі немесе ел ішінде революциялық төңкеріс болуы керек.
ХХ ғасырда болған тарихи оқиғалар саяси жіктеулердің негізін тағы да өз-гертті. Екі соғыс ортасында авторитаризмнің жаңа формалары (атап айтқанда, сталиндік Ресейде, фашистік Италия мен нацистік Германияда) пайда болды; сол кезде әлем демократиялық мемлекеттер мен тоталитарлық мемлекеттер деп аталатын екі режимге бөлінді деген пікір тарады. Фашистік және нацистік режимдердің Екінші дүниежүзілік соғыс со-ңында күйреуіне қарамастан, 1950–1960 жылдардағы режимді жіктеу кезінде демократия мен тоталитаризм арасындағы кереғарлық айрықша байқалды.
Әлемде режимнің бес түрі бар:
Батыс либерал-демократиясы;
Бейлиберал демократия;
Шығысазиялық режимдер;
Ислам режимдері;
Әскери режимдер.
Саяси білімдер әдебиетінде саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі. Демократиялық немесе саяси әртүрлілік (плюрализм) тәртібі дегеніміз –саяси билік органдарының халықтың бақылауында болуын қолдайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл режимде мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотия, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер, расизм, апартеид, сегерегация.
Тоталитарлық тәртіп дегеніміз – қоғамның барлық саласындағы әрбір адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шеек қою; саяси салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір ғана басқарушы партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір идеологияға бейімделу т.с.с.
Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
- қоғамдағы саяси-әлеуметтік тәртіптің күшпен орнатылуы;
- әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі;
- мемлекеттік немесе жалғыз басқарушы партияның идеологиясының жүргізілуі;
- бейімделушіліктің (конформизм) қалыптасуы: іштей келіспесе де, билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу.
Тоталитарлық режимнің бір нысанына, әскери немес төңкерістің нәтижесінде пайда болған – клика не хунта.
Достарыңызбен бөлісу: |