2.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
№
|
семестрлер
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс
сабақтар
|
|
|
лекция
|
практика
|
семинар
|
лабор.
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
|
1-семестр
|
30
|
|
15
|
|
|
30
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
30
|
|
15
|
|
|
30
|
ТИПТІК ОҚУ-БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨНЕ ӘДЕБИЕТІ
Адамзаттың пайда болуы. Алтай тілді қауымдар
мәдениетінің қалыптасуы.
Сол аймақта түркі мәдениеті нышандарының көрініс табуы
Адамзат, алғашқы тіршілік тынысы жайлы сөз қозғағанда әлемдегі аса қасиетті аймақ қатарында Таулы Алтай жотасын қоса атайды. Себебі, дүние жүзі ойшылдарының ортақ тұжырымы бойынша адамзаттың түпкі тегі әуелі Африкада пайда болып, содан өсіп-өніп бұдан екі миллион жылдай бұрын олар Азия мен Еуропаға қарай көше бастайды. Сол адамдардың үлкен лоблыған бөлігі Таулы Алтайды мекендейді.
Бұл курс алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректерді, б.з.б. екінші ғасырда «Ұлы жібек жолының» ашылуын, сол кездердегі Қытай, Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопотамия, Вавилон, Мысыр тағы басқа елдермен сауда, мәдени, рухани байланыстарды, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлылардың тайпалық бірлестігін және олардың дәстүр, наным-сенімін, зороастризм діні мен «Авеста» кітабының көне түркілерге қатысын, ежелгі арамей, соғды, авеста, кушан, көне ұйғыр, руна жазуларының пайда болу кезеңдерін сабақтастыра қамтып, ғылыми мәнін ашып, студенттің білім деңгейін, ой-өрісін тереңдетеді.
«Түрік» сөзінің мәні, түрік қағанатының құрылуы, оның екіге бөлінуі, қыпшақ феодалдық мемлекет бірлестігі мен түрік мұсылмандарының алғашқы Қарахан мемлекетінің құрылып, өмір сүруі, дәуірлеуі, «Ұлы жібек жолындағы» түркілердің ежелгі қалаларының маңызы, ертедегі түрік таңбалары және әріптері, ислам дәуіріне дейінгі түркілердің діни ұғым-түсініктері, тәңірге, табиғат бөлшектеріне табынуы тарихи тұрғыда саралап, ғылыми баға беру осы пән зерттеуіне жатады. Орхон, Енисей, Талас, Алтай, Турфан бойындағы биік тастар мен қағазға түсірілген көне түркі руна жазба ескерткіштерін тауып, оқып, аударып, мәтінін дайындау, ғылыми бағасын беру, әлемге танылған Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған мәдени ескерткіштері мен «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабының» ғылыми бағасын беру осы пән қамтуына кіреді. Сондай-ақ, Х-ХІІ ғасырлардағы−Қарахан әулеті билік құрған тұстағы әдебиетке жататын М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи, С.Бақырғани жасаған рухани мұралар, ХІІІ-ХҮ ғасырлар әдебиетін құрайтын «Рабғузи қиссалары», «Кодекс Куманикус», «Махаббатнама», «Құсрау-Шырын», «Жүсіп-Зылиха» дастандары мен «Түрік тіліндегі Гүлстан» шығармасы және басқа шежіре мұралар осы пән арқылы ғылыми бағасы беріледі. Ежелгі дәуір әдебиетін қарастыратын түркітану ғылымы әлемдегі ең үлкен зерттеу саласының біріне айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: |