Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі


Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата02.01.2022
өлшемі0.95 Mb.
#452371
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция Та ам німдеріні био ауіпсіздігі

Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын

талаптар)

1. Өндіріс үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы

заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін шикізат пен тағамдық қоспалар

қолданылуы тиіс.

2. Тағамдық мақсаттар үшін қолданылатын өсімдік және жануарлар шикізатын өндіру

(дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен жемшөп қоспаларын, жануарлардың өсуін

ынталандырғыштарды, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға жол беріледі.

3. Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдеріндегі жекелеген ингредиенттерді ауыстыру

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен

келісім бойынша жүргізіледі.

4. Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу объектілерінің жабдықтары, аумағы, сумен

жабдықтау, кәріз, жылыту, желдету, өндірістік, қосалқы, санитариялық-тұрмыстық үй-

жайларын жарықтандыру және персоналдың жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге

тиіс. Тамақ өнімдерін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық аспектілерді бағалау

қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

5. Объектіні мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен

тиісті уәкілетті органдардың қорытындысы болған кезде ғана жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет