Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет26/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық техника ұғымына анықтама беріңыз.


2. Педагогикалық техниканың компоненттеріне нелер жатады ?
2.Педагогикалық бағыттылық және мұғалімнің сыртқы бейнесіне сипаттама беріңыз.
3.Мүгалімнің сыртқы бейнесін және өз сезімін ретке келтірудің әдіс-тәсілдері қандай ?
4.Мұғалімнің сыртқы бейнесіне: жүріс-тұрысына, дене-қимыл, келбет, киім киіс формаларына сипаттама беріңыз.


Реферат тақырыптары:

  1. Педагогикалық техниканың мұғалім кәсіби қызметіндегі ролі.

  2. Жас мұғалім техникасында жиі кездесетін қиындықтар.

  3. Педагогикалық техниканы жетілдірудің жолдары.



Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:
1. «Педагогикалық техника құралдарына сипаттама» атты кесте құру.
2. Педагогикалық техниканы жетілдіру тәсілдерін мінездеу.
3. Педагогикалық қызмет шеберлерінің шығармаларынан пайдаланып олардың нақтылы бір жағдаятта қолдаған педагогикалық әсер ету тәсілдеріне сипаттама беріңыз. Педагогикалық техникасына назар аударыңыз.
25-26 Дәріс 13. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде


Мақсаты: мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және педагогикалық сөйлеу техникасы туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.


Жоспары:
1. Сөйлеу мәдениеті ұйымы.
2. Мұғалімнің сөзі. Педагогтың сөйлеуі ерекшеліктері.
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
4. Сөйлеу мәдениетін игерудың тәсілдері.


Тірек ұғымдар: сөйлеу; сөйлеу мәдениеті; мұғалімнің сөзі; сөйлеу техникасы.


Әдебиет:
1. Зязюн И.А. Основы педагогическоего мастерства.- М.; 1988.
2. Педагогичесское мастерство. – Ташкент: ТГИК, 2006.
3. Гин А. Педагогическая техника. – М., 2008.
Сөзбен сөйлеу – адамдар қарым-қатынасының екі жағы. Тіл – бұл қарым-қатынас, пікір алысу, өзара түсіну құралы. Сөйлеу – тілді пайдалану процесі. Бұл процесс фонетикалық, лексикалық және грамматикалық элементтер, яғни тіл арқылы іске асады. Тіл – қоғамдық тарихи ұлттық құбылыс. Тіл жалпы – азаматтық құбылыс боғанымен, алайда әрбір нақты жағдайда сөйлеу өзіне тән болады, яғни тілдің ерекшеліктеріне ғана емес, жеке адамның өзгешеліктерімен анықталады. («Сөз-бізді адамға айналдырады» И.П. Павлов).
Сөз ойлаумен тікелей байланысты, танымдық іс-әрекеттік жетістіктерін қорытады, өткен ұрпақтардың тәжірибесін бейнелейді, ұғымдарды білдірудің құралы болып қызмет етеді. Сөзді ұғынып алып, адам ғылыми, саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалдық т.б. ұғымдарды меңгереді. Пайымдауға, талдауға, қорытуға үйретеді. Сөз адамдар өмірін ұйымдастырады, тәртіпке салады. Кеңес, нұсқаудың арқасында адам ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Сөйлеу мен мұғалім өз мінез-құлқын және басқа адамдар мінезін (оқушыларды) басқарады, олардың сана-сезіміне, көңіл-күйіне, еректік саласына әсер етеді.
Сөйлеудің негізгі формалары:

    • ақпарат мәлімдейді,

    • іс-әрекетке ниеттейді,

    • ой-пікірін айтады,

    • қызығушылығы, көңіл-күйі қалауларын білдіреді.

Мұғалімнің – сөйлеуі білімдер берудің, оқушылар мінез-құлқына әсер етудің, өзара әрекеттесуінің негізгі құралы. Педагогикалық қызметтің табысты болуы көбінесе (көп нәрседе) мұғалімнің сөйлеуді қаншама игере алғандығы және одан пайдалана білуіне тәуелді.
Мұғалім сөйлеуінің негізгі сапалары:

  • гамматикалық дұрыстығы;

  • логикалық сымбаттылығы;

  • анық, айқындылығы, түсініктілігі;

  • эмоционалдық мәнерлілігі;

  • шегіне жеткен дәлелділігі;

  • трафареттар артық жетістіктердің болмауы; (жест-дене қимылы);

  • сабырлы (қоңырсалқын) қарқын (темп);

  • әсемдік және жандылық (қызулық).

Мұғалім сөзі еліктеу үшін үлгі болады, оқушылар бұл ерекшеліктерді еліктеп үйреніп алады. Сондықтан мұғалім сөйлеуін жетілдіру бағытында ұдайы істеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет