Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
 
 
2 Тақырып: Қылмыстық заң 
 
Мақсаты: қылмыстық заң ұғымын, занның құрылысымен жүйесін 
түсіндіру, қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуын, қылмыстық 
заңның мезгілдегі күшін түсіндіру, қылмыстық заңды түсіндіру 
түрлерімен таныстыру 
 
Жоспар: 
1. Қылмыстық заңның түсiнiгi және оның мәнi 
2. Қылмыстық заңның құрылымы 
3. Қылмыстық заңның мезгiлдегi күшi 
4. Қылмыстық заңның кеңiстiктегi күшi 
5. Қылмыстық заңды түсiндiру 
 
1.Қылмыстық заңның түсінігі және оның маңызы. Қылмыстық заң — 
Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы Парламент 
қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, 
қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін 
және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге 
шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Қылмыстық жауапкершілік — құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; 
қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс 
табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. 
Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден 
және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот 
төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық 
факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет 
үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, 
қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық 
жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс 
жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам қылмыстық 
жауапкершілікке тартылады. 
Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық 
құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, 


11 
қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі 
рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. 
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды 
орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың, сондай-ақ барлық 
азаматтардың міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет