БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1
. Спорттық ілімі мен іс-тәжірибесі жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктері мен негізгі
қасиеттері
2. Жүгірушілердің жоғары жылдамдық қабілеттері
3. Холералық темпераментті спортшылар
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық
кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 2012, 1-20 беттер.
2. Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және үйірмедегі футбол
сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 2009, 22 бет.
3. Қоражанов Б.К. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М.,
2011, 1-85 беттер.
ЛЕКЦИЯ №14-№15
Тақырып:
Спорттық қабілеттерге психофизиологиялық болжам жасау
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1. Жас спортшыдағы жалпы спорттық дарындылықты анықтағанда біз жарыс әрекеті
2.
Стресс жағдайлары оның спорттық жетістіктеріне теріс ықпал, ептейтініне көз
жеткізу
3.
Балалар мен жасөспірімдік спорттың ілімі мен әдістемелік негіздері
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Жас спортшыдағы жалпы спорттық дарындылықты анықтағанда біз жарыс әрекеті
мен стресс жағдайлары оның спорттық жетістіктеріне теріс ықпал, ептейтініне көз
жеткізуіміз қажет. Онда жүйке жүйесінің жағдайы маңызды болады. Бір жағдайда көңіл-
күй жүктемелері қатысуға дайындықты арттыруға көмектессе, келесісінде оны
төмендетеді. Сондықтан темпераментті, жүйке жүйесінің түрін, күштің даму деңгейін,
қозғалысты, жүйке әрекеттерінің тұрақтылығын бағалау қажет.
Жүйке жүйесінің жағдайын бағалау үшін бақылау, сауалнама, сынақ, тәрізді түрлі
әдістер қолданылады.
Бақылау әдісі өмірлік тәжірибеде кең қолданылады. Бұл белгілі дат әзілкеш суретшісі
Херлуф Бидструптың суреттерінде айқын берілген, ол туындаған қолайсыздыққа, яғни
мыжылып қалған бас киімге түрлі темпераменттегі адамдардың қалай қарайтынын төрт
түрде бейнелеген. Бірінші жағдайда біз ашу мен ызаны байқаймыз, екіншісі жайбарақат,
немқұрайлық, үшіншісінде айқын меланхолия, төртіншісінде көңілді, өмірге риза күлкіні
көреміз.
Бақылау әдісін пайдалана отырып, түрлі жағдайларда жүйке жүйесінің негізгі
қасиеттерін көрсетуді, темпераментті жан – жақты бағалауға болады.
Бұл үшін жүйке жүйесінің әрбір қасиетінің көріну деңгейіне қарай бес ұпайлық жүйе
бойынша бағаланатын әдістеме қолданылуы мүмкін (5 ұпай – қасиеттің ең жоғары көріну
деңгейі, 1 ұпай ең төменгі ). Төменде жүйке жүйесінің негізгі көрсеткіштері бойынша
бақылау әдісінің қысқаша мазмұны келтіріледі.
Қозу тарапынан жүйке жүйесі күшінің көрсеткіштері
1.
Қиын және жуапты жағдайларға дайындық деңгейіне қарамастан (мысалы,
емтихан, бақылау сөрелері кезеңі) сергектік пен сенімділігін сақтайды.
2.
Сыртқы қоздырғыштар әрекетіне көңіл аудармайды.
3.
Күрделі және қауіпті жаттығуларды қайталауға дайын.
4.
жаттығуларды меңгергенде табандылық танытады.
5.
Жарыстарда жаттықтыруға қарағанда өте жоғары нәтижелер көрсетеді.
6.
Күрделі жаттығуларды үйренуден бас тартпайды.
7.
Сөре алдында «жекпе-жекке дайын» жағдайында тұрады.
8.
Сабақ соңына қарай жаттығуды орындау, сапасы төмендемейді.
9.
Сәтсіздіктерді келесі әрекетке ынталандыру деп қабылдайды.
10.
Жарыстарда күшті қарсыласпен шығуға ұмтылады.
Тежелу тарапынан жүйке жүйесі күшінің көрсеткіштері
1. Іс - әрекет пен көңіл – күйдің біркелкі өзгерісі.
2. Күткенде жинақы және салмақты.
3. Қиын жаттығуларды орындағанда төзімді және табанды.
4. Жарыс алдындағы толқудың сыртқы сипаттарын көрсетпейді.
5. Жаттығуды орындауға тез зейін қояды.
6. Түрлі жағдайларда жинақы және салмақты.
7. Қарым – қатынаста ашу шақырмайды.
8. Жарыс күндерінде әдеттегі күн тәртібін бұзбайды.
9. Ширатуды мұқият, асықпай жасайды.
10.
Өз ойын анық жеткізеді, сөзі дұрыс.
Жүйке жүйесінің қозғалғыштық көрсеткіштері.
1. Әрекеттің бір түрінен келесі түріне тез өтуге қабілетті.
2. Жаттығудың жекелеген құрамдас бөліктерін қайта жасауда тоқтап қалмайды.
3. Ширатуда жылдамдық және жылдамдық – күш жаттығуларын қызығушылықпен
орындайды.
4. Көңіл күй мазасыздығын сыртқа көрсетуге бейім (оң және теріс).
5. Адамдармен тез тіл табысады.
6. Тұрыстық және әдістік жаттығуларды әсерсіз орындайды.
7. Тез, кейде асығыс сөйлейді.
8. Әрекеттің жаңа жағдайларына тез бейімделеді.
9. Жаттығуларды орындауға тез кіріседі, жұмысқа тез қызығады.
10.
Бет қимылы көп және алуан түрлі
Әрбір қасиеттің көріну дәрежесін анықтау үшін көрсеткіштер бойынша ұпайлары
қосылады. Әрбір қасиет бойынша ең жоғары ұпай – 50, төменгісі – 10 ұпай.
Болжам: әрбір қасиетке қосындысы 30 ұпай және одан жоғары аталған қасиетті
маңызды көрсету ретінде бағаланады, яғни жас спортшының жүйке әрекеттерінің күшімен
тұрақтылығымен, қозғалғыштығымен ерекшеленетінін білдіреді. 30 ұпайдан төмен баға
қасиеттердің әлсіз көрінуі болып есептеледі, яғни спортшы әлсіз, тұрақсыз, жүйке
әрекеттері инертті саналады (қозуы басым).
Сауалнама сұрақтар кешені болып табылады, жауаптары жүйке жүйесінің бір ғана
қасиеттерін емес, түрлі қасиеттердің үйлесімін көрсетуді сипаттайды (мысалы, күш пен
қозғалғыштықты). Сондықтан әрбір сұрақтан кейін қандай қасиеттің көрінуін нақты
жауаппен байланыстыруға болатыны көрсетіледі. Төмендегі сұрақтарға жауап беру
ұсынылады («ия», «жоқ»).
1. Сабақтарға зейіні (күші, тұрақтылығы).
2. Ауруға төзімділігі (күш).
3. Қызығушылығының шеңбері (күші, қозғалысы).
4. Жақындарымен, достарымен қарым-қатынаста көшбасшылық орны (күш).
5. Жақындарымен, достарымен қарым – қатынастағы ролі (әлсіздігі, инерттілігі)
6. Достарын сирек ауыстырады (инерттілігі).
7. Әдеттерінің тұрақтылығы (күші, инерттілігі).
8. Күн тәртібін қатаң орындауы (күші, тұрақтылығы).
9. Тәртіптілігі (тұрақтылығы).
10.
Көңіл – күй тұрақтылығы.
11.
Сәтсіздіктерден кейінгі аз, мазасыздануы (күші, тұрақсыздығы).
12.
Кітап оқығанда, кино көргендегі сезімге берілуі (тұрақсыздығы, әлсіздігі).
13.
Өз күшін асыра көрсетуге бейімділік (тұрақсыздық).
14.
Өз күшін кемітіп көрсетуге бейімділігі (әлсіздігі, тұрақсыздығы).
15.
Күнделікті жағдайларға қарамастан қатты ұйықтауы (күші, тұрақтылығы).
16.
Қимыл әрекеттерінің жаңа түрлерін тез меңгеруі (өзгергіштік).
17.
Ұйқыдан сергектікке тез өтуі (қозғалғыштық).
18.
Жаңа жағдайға тез бейімделуі.
19.
Әрекеттің кез-келген түріне тұрақтылығы (күші, тұрақтылығы).
Бұл сұрақтың әрқайсысына берілген жауаптар бір-екі ғана емес, жүйке жүйесінің екі-
төрт қасиетін сипаттайды, егер қозғалыс қасиетін психологиялық көрсетуді бағалауда
«ия» жауабын беру мүмкін болмаса, инерттілікті бағалауда «ия» жауабы өз - өзінен
сұранып тұрады және керісінше . сонымен, жүргізілген талдау – сараптаудан соң кейбір
психофизиологиялық қасиеттер туралы айтуға болады, одан соң бағалаудың басқа
түрлерімен бекітіледі (немесе бекітілмейді).
Егер бақылау мен қасиеттер ұпай санымен бағаланса, жоғарыда келтірілген талдау –
сараптау дәл ашылады. Демек, жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерін бағалауға мынадай
ұпай жүйесімен жүргізуге болады. 1,2 - әлсіздік, инерттілік, тұрақсыздық, 3,4 – күш,
қозғалғыштық, тұрақтылық.
Жүйке жүйесінің қасиеттерін зертханалық өлшеу мен бағалау спорттық іріктеу іс-
тәжірибесінде де пайдаланылады. Алайда, бұл әдістердің көпшілігін зерттеу спорттық
іріктеу үшін үлкен мүмкіндік қабілеті мен ақпараттары бар жедел әдістеме қажет деген
тұжырымдама жасады.
Бұл үшін көптеген өлшемдер зерттеліп, реакция уақыты таңдалып алынды, өйткені
олар зерттелетін реакциялар негізінде жататын жүйенің ең қарапайым және дәл
көрсеткіштерінің бірі болып табылады, сонымен қатар бұл өлшемдер түрлі мақсатта
спорттық іс – тәжірибеде қолданылады.
Әдістеме негізінде әрекеттен кейінгі патентті кезеңнің бағалау принципі кіреді. Ол
көптеген зерттеушілердің пікірінше зерттеушілерді белгілі бір типтік топтарға бөлуге
мүмкіндік береді.
Тұлғаның соматикалық ерекшеліктеріне қарай қабілеттердің туындауы.
«... Бессайысқа қатысуға тілек білдірушілер ұзын бойлы, күшті, денесі тік бұлшық
еттері орташа дамыған болуы тиіс. Олардың найза мен тастабақ лақтыруда бұрылу үшін
қозғалмалы бел – жамбас буына, ұзын, бұрылуға икемді мықыны болуы тиіс».
Бұл жазбаларды ІІІ жүзжылдықта олимпиада ойындарындағы атлеттердің өнерін
бірнеше дүркін бақылау негізінде кіші Филострат Флавиус жазып қалдырды.
Осы мәселеге ХХ жүзжылдықтың басында көңіл аударған көптеген зерттеушілер мен
іс-тәжірибешілер ежелгі грек философының дене құрылымы ерекшеліктері,
морфологиялық ерекшеліктері үйлесімді дене бітімі мен соматикалық дамуы бойынша
болашақ спорт жетістіктерін болжауға барлық негіздемелерінің болғанына көз жеткізді.
Зерттеушілер (Гримм, 1976; Мартирасов, 1982; Таппеч 1964) адамның дене құрамы
мен жеке бітімі вариацияларымен ерекшеленетін алғашқы құрылым бөліктерін бағалауға
негізделген соматикалық типологизация сызбасын жасап, пайдаланды. Әлемнің түрлі
елдерінде соматикалық типтендірудің бағалау сызбалары пайда болды. Олардың
авторлары – К.Сиго, М.Чернонурцкий, И.Галант, В.Шетефко, В.Бунак, Шелдан, В.Чтецов,
т.б.
Мысалы, соматиптерді жіктеу негізіне Шелдон жаңадан өскен туынды
жапырақтарының даму деңгейін көрсетіп, мынадай үш құрамдас бөлікті бөліп
қарастырды. Эндоморфий, мезоморфий, эктоморфий.
Эндоморф – дененің түрлі бөліктеріндегі жұмсақ шеңберлер, асқорыту мүшелерінің
күшті дамуы т.б. Себебі асқорыту мүшелерін түзуде эндодерма туындылары үлкен роль
атқарғандықтан, тиісті құрамдас бөлік эндоморфий деген атқа ие болды.
Мезоморф – дененің тікбұрышты сипаты, бұлшық еттің, сүйек пен дәнекер ұлпаның
күшті дамуы. Бұл мүшелер жүйесін құруда мезодерми туындылары маңызды
болғандықтан, тиісті құрамдас бөлік мезаморфий деп аталады.
Эктоморф – дененің ұзын бойға созылуы, оның жіңішкелігі. Дене салмағына қарай
эктодермикалар оның бет жамылғысының көп бөлігін алып жатады. Сондықтан сыртқы
әлемді қабылдауда үлкен көлемді қамтиды. Эктодерманың туындылары ерекше күшті
дамыған, тиісті құрамдас бөлік эктоморфий деп аталады.
Әрбір үш құрамдас бөліктің көріну деңгейі жеті шенмен немесе дәрежемен
бағаланады және оны тиісті ұпаймен белгілейді: 1 - өте әлсіз көрінетін құрамдас бөлік; 2 -
әлсіз; 3 – ортадан төмен; 4 – орташа; 5 – ортадан жоғары; 6 – күшті, 7 - өте күшті.
Бөлініп алған әрбір морфологиялық нұсқа үш мәнде санмен белгіленеді, оның бірінші
саны эндоморфий элементтерінің көріну дәрежесін, екіншісі мезоморфий элементтерінің
мәндік дәрежесін, үшіншісі – эктоморфий элементтерінің мәндік дәрежесін білдіреді.
Соматикалық болжам үш сатыдан тұрады.
Бірінші саты – ойша болжау (белгілерді, фотосуреттер бойынша сипаттау). Алынған
мәліметтер соматикалық түрді сипаттау негізінде сандық белгімен жазылады.
Екінші саты – бірінші сатыдағы мәліметтер дене ұзындығы мәнінің дене салмағы
көрсеткішінің түбір кубіне қатынасын білдіретін индекс мәнімен салыстырылады. Ондағы
L /
3
√
P
; L – дене ұзындығы, P – дене салмағы
Үшінші саты дене мөлшерін 17 өлшеуге негізделеді. Барлық өлшемдер фотосуреттер
бойынша жүргізіліп, арнайы кестелер бойынша бағаланады.
Осындай жіктеуді отандық зерттеу шілер де спорттық антропология саласындағы өз
жұмыстарында пайдаланады. Бес негізгі соматикалық түрлерге бөлінеді, құрамдас
бөліктері бес ұпайлық жүйемен бағаланады.
Атлетикалық (түрлері сүйегі жіңішке және жуан) бұлшықет пен май өте аз дамиды (1
ұпай), жуан сүйекті түрде – сүйектің жақсы дамуы (4 – 15 ұпай).
Кеуделік (нұсқалары: жуан және жіңішке сүйекті) – сүйек, ұлпаларының нашар дамуы
(1 ұпай), бұлшық ет пен майдың сәл жоғары дамуы (1,-2 ұпай).
Майдың күшті дамуы, (4-5 ұпай), бұлшық ет пен сүйектің әлсіз дамуы (1-2 ұпай).
Бұлшық етті – майдың әлсіз немесе орташа дамуы (2 – 3 ұпай) қуатты бұлшық ет пен
сүйек салмағы (4 5 ұпай).
Эурисомдық – бұлшық еттің май мен сүйектің шектік дамуы.
«Таза» соматиптермен қатар В.Чтецов (1972) аралық түрлерді бөліп алып, әйелдердің
соматикалық болжам сызбасын ұсынады, оған жеті соматикалық түр жатады:
астеникалық, стенопластикалық, пикникалық, мезопластикалық эурипластикалық,
субатлетикалық, атлетикалық.
Балалар мен жасөспірімдер соматотипіне болжам жасау спорттық қабілеттерді
бағалау өлшемдерін жасауды зерттеуде бес түрге бөлінген сызба бойынша жүргізіледі.
Дигестивті. Іші жақсы дамыған, иілгенде қыртыс түзеді. Мойны қысқа
эпигастральдық бұрышы тұйық. Кеуде қуысы кең және қысқа. Күндік орны төмен.
Бұлшық етті. Тұлға біркелкі дамыған эпигастральды бұрышы орташа. Иық кең, биік.
Ішінің пішіні алмұрт тәріздес жоғарыға бейім. Кеуде қуысы орташа немесе шағын, өкпесі
шағын немесе орташа көлемде. Аяқ – қолдарында бұлшық ет белгілері айқын көрінеді.
Торакальды. Кеуде қуысы жақсы дамыған (ұзындығына қарай). Кеуде бөлігі ұзын,
эпистральды бұрышы сүйір. Іші шағын, алмұрт тәріздес төменге бейім. Өкпенің өмірлік
сиымдылығы талапқа сай.
Абдоминальдық. Дигестивті түрдің ерекше үлгісі. Май қабаты бірқалыпты дамыған.
Эпигастральды бұрышы иілгіш. Бұл анатомдық түр жоқ ішектің барлық бөлімдерінің өте
күшті дамуымен сипатталады.
Астеноидтық. Жіңішке, нәзік сүйекті. Аяқтары жақсы дамыған. Кеуде қуысы жіңішке,
біркелкі қысылған. Эпигастрольды бұрышы сүйір. Іші әлсіз дамыған. Қол – саусақтары
ұзын және жіңішке. «Құрғақ» құрылымды. Қабырға аралықтары тар немесе орташа,
қабырға иілгіштігі шағын.
Түрлі авторлардың зерттеулері жоғары дәрежелі спортта түрлі соматикалық түрлер
кездеседі, алайда мезаморфты түр өкілдері басым.
Түрлі соматикалық түрлер өкілдерінің дене қабілеттерін зерттеу мынадай тұжырым
жасауға мүмкіндік береді. Әрбір соматиптің өзіне тән қабілеттері бар. Мысалы,
дигестивтік түр (бойы ортадан төмен, қолдары мен аяқтары қысқа және толық, кеуде
қуысы кең) жылдамдықпен жүгіру жаттығуларын орындауда икемсіз, бірақ күшті талап
ететін үлкен дене жүктемелерін жақсы көтереді. Астеноидтық түр саусақ күшінде елеусіз
нәтижелер көрсетеді, бірақ қысқа мерзімдік күш түсіруде жақсы жұмыс атқарады, онда
дер кезіндегі бұлшық етке күш түсіру мен босаңсыту қабілеттерін дамыту қабілеті әлсіз.
Атлеттік түр жұмыс барысында жоғары күш қолдана алады, ал жеңіл қол жұмыстарына
басқа типтік топ өкілдеріне қарағанда қабілеті төмен. Пикниктік түр шапшаң жұмыс
атқарады, күш көрсеткіштері мен қол іскерлігі орташа.
Мынадай жіктеуді қолданып, осы тәрізді жіктеу алуға болады. Мезоморфты түр
моторлық төзімділік биіктігі бойынша шектік түрлерден асып, ол салада орташа орын
алады, домехоморфтық түр ірі шапшаң қимылдарда артта қалып, ұсақ қимылдарды тез
орындайды, ал күш пен төзімділікте біршама әлсіз, ол атлетикалық түрден дараланатынын
көрсетеді; брахиморфтық түр жоғарыда көрсетілген екі түрді қимыл күшінен үздік
шығады, ал бұл топ өкілдерінде моторлық салада тербеліс басқаларына қарағанда аз.
Осы себеп бойынша зерттеушілер спорттың белгілі бір түрінен қолайлы
морфологиялық сипаттарына сәйкес келетінін көрсетті. Домехоморфтық түрлер олардың
қабілеттерімен биіктікке секіруге, ал ауыр салмақтағы брахиморфтық және мезоморфтық
түрлер өз қабілеттерімен ауырлық көтеруге, ядро лақтыруға, т.б. бейім келеді. (Дене
ұзындығы қатысына қарай).
Спорттық антипологияның негізін қалаушылардың бірі профессор М.Иванацкий
спорттық дарындылықты бағалауда морфо қызметтік белгілерге көп көңіл аударуды
ұсынады, оларға кеуде қуысының пішіні (цилиндрлік) ішінің пішіні (цилиндрлік), ішінің
пішіні (тік және мықты), омыртқа жотасының пішіні (тік), сымбаты, яғни адамның дене
бітімінің соматикалық жақтарын сипаттайтын белгілер жатады.
Спорттық жетістіктерді қамтамассыз ететін соматикалық қабілеттер мен олардың
дамуының бірлігі туралы жас спортшыларға зерттеу жүргізу барысында алынған
Л.Андринконың мәліметтері анықтама берді (1978). Яғни, астеноидтық түрдегі қыздар
күшті, төзімділікті, тепе- теңдікті, иілгіштік пен жылдамдық күш қабілеттерін талап ететін
спорт түрлерінде төмен нәтижелер көрсетеді. Астеноидты – торакальдық түр өкілдерінде
жылдамдық – күш қабілеттері, төзімділік пен қатыстық күшінің жоғары көрсеткіштері,
тепе-теңдік пен иілгіштік, қызметін дамытудың орташа деңгейі, бұлшық ет – иілу саусақ
күштерінің орташа көрсеткіштері байқалады. Торакальды түр өкілдерінде төзімділікті,
иілгіштікті, қатыстық күшті, жылдамдық – күш пен жылдамдық қабілеттерін дамытудың
орташа деңгейі, тепе-теңдік қызметін дамытудың жоғары деңгейі байқалады. Бұлшық ет
түрлері басым қыздарда омыртқа жотасының иілгіштігі, жылдамдық – күш қабілеттері,
тепе-теңдік пен саусақ күші жоғары көрсеткіштер деңгейі, төзімділік пен қатыстық
күшінің орташа деңгейі байқалады. Дигестивті – бұлшық ет түрі өкілдерінде тығыздалған
допты лақтыру нәтижесінде динамометрия көрсеткіштерінде, иілгіштік пен тепе-теңдіктің
орташа деңгейі байқалады, ал жылдамдық және жылдамдық – күш қабілеттерінің даму
деңгейі мен қатыстық күші мен төзімділік көрсеткіштері орташадан төмен келеді.
Дигестивті түрдегі қыздар төмен жылдамдық және жылдамдық күш қабілеттерін,
төзімділік пен қатыстық күштің төмен деңгейін, тепе – теңдік қызметін дамытудың,
иілгіштіктің, бұлшықет – иілу күштері көрсеткіштерінің орташа деңгейін көрсетеді.
Америка зерттеушісі персивальдың соматикалық типтендіруі спорттық іріктеу іс –
тәжірибесі үшін қызықты материал болып табылады, оған шелдонның жіктеу туралы ой-
түйіні мен бірқатар жеке сапалар бағалары жатады.
Эктоморф. Дене құрылысы сымбатты, сұңғақ, түзу, нәзік және бедерлі бұлшық еттері
май қабатымен жабылған әдетте бұлшық еттерін бос ұстайды. Жылдам және икемді.
Салқынқанды, мінезі жайлы, қысқа мерзімдік жүктемелерді жеңіл өткереді, артық
жаттығуы сирек. Бұлшық ет күші әдетте орташа, төзімділігі аз. Көбінесе біржақты
спортшы болып табылады. Бұндай спортшыларды өз мүмкіндіктерін барынша қолдау
үшін оларды көптеген ауыр қарқынды жұмыстар атқарып, үнемі шектік жүктеме беріп
отыру қажет. Бұл түр жаттықтырушының көп көңіл бөлуін талап етеді.
Эктомедиал. Сіңірлі, ширақ. Кез-келген дене жұмыстарын тез әрі мығым бастайды.
Ширақ реакциясы шапшаң және бұлшық еттері жақсы дамығандықтан спорт әдістерінің
жоғары деңгейіне жетуге қабілетті. Қуаты күшті, өзін-өзі жетілдіруге құлшынысы зор.
Көңіл – күй асқақтығы ол үшін – бірінші орында тұрады. Оның стилі – күштерін барынша
көрсету. Қарсыласымен жақын келуді қаламайды. Күшті қажет ететін спорт түрлерін
қаламайды. Төзімділк бұл түрдің сипаты емес. Оған штангамен жаттығу қолайлы ықпал
етеді. Жаттықтырушы ықпалын қажет етеді. Оған «В» тобы дәрумендері, протеиндер мен
көмірсулар бар тағам түрлері қажет.
Медиал жан – жақты спорттық әрекеттерімен ерекшеленеді, өйткені тең сымбатты
құрылымы тез, өте шапшаң қимыл үйлесімі бар, епті. Жұмысқа қабілеті үлкен, тез
көтеріледі. Егер бұлшық етін ширықтырса жоғары дәрежелі спортшы болуы ғажап емес.
Көбінесе өз мүмкіншілігін артық бағалап, денсаулығына зиян келтіріп жатады. Сезімтал,
жүйкесі тез көтеріледі. Өзінің белсенділігі мен шектен тыс күш түсіруінің арқасында тез
шаршап, артық жаттығатын кездері болады, егер жұмысын жалғастыратын болса, онда
денсаулығына зиян келеді. Атақ сүйгіш. Оны өз қуатын тиімді шығындауға, уақытымен
демалуға, диетаны қатаң сақтауға үйрету қажет.
Эндоморф. Босаң, кең пейілді кейде үлкен дене күшін көрсетеді. Спортта жетістікке
жетуі сирек. Мықыны мен жамбасы кең, дөңгелек пішіндес болып келеді. Ішек жүйесінің
жақсы дамуы салдарынан семіруге бейім. Диета ұстамайды. Қатаң диета мен күшейтілген
дене жүктемесі арқылы күрес, жүзу, ауыр атлетика, ядро лақтыру тәрізді спорт түрлерінде
табысты өнер көрсетеді.
Мезоморф. Төзімді, дене бітімі мығым, күшті, аяқ бұлшық еттері жақсы дамыған, белі
жіңішке, кең иықты, кеуде қуысы жақсы дамыған, терісі қалың, сезімсіз, шаштары қалың,
қайратты, әдетте босаң болады. Қажет жағдайда үлкен қуат пен төзімділк танытады. Кең
пейілді, бірақ тез көтеріледі, мінезі жеңіл, шапшаң реакцияға жоқ, бірақ өте шапшаң және
епті, үлкен дене күшімен үйлестірсе оған тамаша нәтижелерге жетуге көмектеседі, өз
күшіне сенеді, шапшаңдығы мен ептілігін сақтайды. Үлкен жүктемелерге төзімді және
артық жаттығуы сирек.
Жүргізілген зерттеулер мен іс-тәжірибеден алынған мәліметтерді тексеру түрлі
соматикалық топтардың түрлі спорттық қабілеттері бар екенін, ал көптеген соматикалық
жіктеу мазмұнына жататын белгілер генетикалық негіз болып табылатынын дәлелдеді.
Сондықтан соматикалық типті бағалау спортпен шұғылдануды таңдағанда баллар мен
жаөспірімдердің қабілеттерін анықтау өлшемі болатынын көрсетті.
Соматипін анықтайтын белгілер кешеніне қоса зерттеушілер спорттық нәтижеге
жекелеген антропометриялық көрсеткіштердің әсерін де ескереді.
Г.Корф (1960) жас жүзгіштердің спорттық қабілеттерін анықтау үшін дене бітімінің
көрсеткіштері кешенін жасады.
а) Аяқ – қолдың кешенді көрсеткіштері қолдың ұзындығы. Қолдың, құлашы аяқтың
ұзындығы. Аяқ құлашы (дм
2
);
ә) Тұлғаның кешенді көрсеткіштері;
иық ені – мықын ені * бойы см
2
2*дене салмағы кг
Жүзгіштер туралы мәліметтерді зерттей отырып автор аяқ – қолының кешенді
көрсеткіші а70 дм
2
болатын спортшылар жоғары жұмысқа қабілетті. а 70 дм
2
спортшылар тобында 100 м-ге еркін әдіспен жүзуден төмен жетістіктер тіркелді. Берілген
әдістеме бойынша зерттеу жүргізген Г.Гримм (1976) аяқ – қолдың кешенді көрсеткіштері
(а) тұлғаның кешенді көрсеткіштерімен бірігіп (б), биіктікке секірушілердің спорттық
қабілеттерін сипаттау үшін қолайлы екенін тапты.
Франция ұлттық спорт институтының зерттеушілері «чемпиондар индексін»
ұсынды, онда антропометриялық көрсеткіштер негізгі орын алады. Дене ұзындығы
(метрден ұзын сантиметрлер саны) + мықын өлшемі өкпенің өмірлік сиымдылығы (дцл)+
20.
Көптеген ғылыми зерттеулер антропометриялық көрсеткіштер, әсіресе олардың
кешенді түрлері балалар мен спортшылардың және ересектердің спорттық нәтижелеріне
ықпал ететінін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Демек, украин антропологы О.Недригайлова
болашақта айналысатын спорт түрін таңдауда спортшылар дене жаттығуларын үздік
орындауға өзінің соматикалық бейімделу деңгейін басшылыққа алатынын атап көрсетті.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерді спорттық мамандық таңдауға бағдарлау
үшін спортшылардың соматикалық үлгісін жасады. Негізінен жекелеген
антропометриялық көрсеткіштерге орташа мән беріледі. Бірақ бұндай бағалау
интогральдық, яғни кешенді болуы мүмкін.
Осы мақсатта ақпараттық маңыздылығы жеңіл атлетиканың 19 түрінде анықталған
атлеттің биометриялық көрсеткіштерін ұсынамыз.
Корреляциялық және факторлық талдаулар негізінде 12 антропометрикалық
белгілердің жетеуі таңдалынып алынды. Жеңіл атлетикадағы j – шы мамандықтың 19
түрінің әрбір і – ші белгісі үшін К - мәндік коэфициенті ендірілген. Бұл белгілі бір
жеңіл атлетика түрі үшін (корреляциялық байланыстар негізінде) белгінің
маңыздылығына қарай 3, 2, 1, мәнін қабылдайды.
Таңдаған спорттық мамандану үшін қалыпты антропометриялық Х
Достарыңызбен бөлісу: |