1 кедендік бақылау-кеден ісінің ҚҰрамдас бөліктері ретінде кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары



бет1/13
Дата03.01.2022
өлшемі355.5 Kb.
#451029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
=Дип. Кеден органдарының кедендiк бақылау

Мазмұны


КІРІСПЕ
1 КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ-КЕДЕН ІСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ РЕТІНДЕ

    1. Кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары

1.2 Кедендік бақылау механизмін ұйымдастырудың негізгі бағыттары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

    1. Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi

2.2. Кедендiк бақылаудың жекелеген түрлері.

2.3 Кедендiк бақылау жүзеге асыру негіздері





Қорытынды.

Пайданылған әдебиеттер.



КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.

Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.

Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.

Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау қызметi кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн байланыстыра жаздым.

Кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылатын бiрыңғай кедендiк төлемдер жүйесiн алу жолымен iске асырылатын кеден саясатын мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық қызметiнiң бiр бөлiгi, ретiнде қарастыра отырып, жалпы мәселерiнiң, кеден саясатының мақсаттары мен кеден iсiнiң жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын диплом жұмысынан көруге болады.

Кедендiк бақылау кедендiк рәсiмдеудiң жалпы мәселерiн құрайды. Бақылау кеден органдарына жүктелген маңызды талаптардың негiзгiсi.

Кедендiк бақылауды мемлекеттiк ретке келтiру мәселерiне кеден саласы, кеден саясаты, кеден iсi, кедендiк әкiмшiлiк ету, кеден заңдылықтарының нормаларын Қазақстанның басқа заңдылықтарымен сәйкестендiру (қолданыстағы iшкi құқықтық үйлестiру), құқық қолданушылық тәжiрибесiнде сәйкес мамандарды кәсiби дайындау, қоғамдағы құқықтық механизмдi жою жатады. Кеден iсi және кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде мемлекеттiң осы сала қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн көрсетедi.

Бұл жағдайда Республиканың егемендiгiн, қауiпсiзiдiгiн, экономикалық мүдделерiн қорғайтын кеден саласындағы мемлекет қызметiмен байланысты қоғамдық қатынастарды зерттеуге қажеттi саласы кеден құқығының пәнi болып табылады.

Мемлекеттiк құқықтық реттеуге жататын кеден саласымен байланыс, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк, сыртқы экономикалық қызмет, табиғи монополия, экология, көлiк және басқада салаларды айтуға болады.

Бітіру жұмысы кiрiспе бөлiмнен, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет