-ҚР териториясында халықаралық стандарттарды жəне нормаларды тікелей
қолдануды қамтамасыз ету жəне үйлестіру;
-ҚР стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша нормативтік жəне
ақпараттық жүйелерді жетілдіру жəне мемлекеттік стандарттар қорының құрылуын
қамтамасыз ету;
-Нормативтік құжаттардағы міндетті талаптардың орындалуын, сертификатталған
өнімдердің, процесстердің(жұмыс), қызметтің сапасы мен қауіпсіздік талаптарының
орындалуын мемлекеттік қадағалау.
Мемлекеттік стандарттау-бір ел аумағында жүргізілетін
стандарт;
Техникалық-экономикалық ақпараттық мемлекеттік сыныптауышы- кодтардың
жүйеленген жиынтығын жəне өнімнің, процестің(жұмыс), қызметтің техникалық-
экономикалық ақпараттары объектінің топтық сыныпталуын көрсететін нормативтік
құжат;
Стандарт бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарын
мемлекеттік қадағалау- стандарттау, метрология жəне сертификаттау өклетті органының
жəне оның аймақтық бөлімшелерінің міндетті талаптардың бұзушылығын болдырмауға,
пайда болуына жол бермеуге, жоюға бағытталған əрекеті;
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
стандартты-
барлық
тұтынушылардың қолы жетімді, стандарттау, метрология жəне сертификаттау өкілетті
органдармен бекітілген стандарт;
Қазақстан Республикасының стандарттарының мемлекеттік қоры- Қазақстан
Республикасының территориясында қадағалауға
міндетті стандарттар, техникалық
регламенттер жəне құжаттармен жинақталған, Қазақстан Республикасының мемлекетік
басқару органдарының мамандандырылған қорлардың жиынтығы;
Мемлекетаралық стандарттау- мемлекетаралық қызығушылықты көрсететін
объектілерді стандарттау;
Мемлекетаралық стандарт- ТМД елдерін құрайтын техникалық нормаланған
жəне олармен тікелей қабылданған, жəне стандарттау бойынша Мемлекетаралық ғылыми-
техникалық комиссиясымен
немесе стандарттау, метрология жəне сертификаттау
бойынша Мемлекетаралық кеңесімен қабылданған стандарт;
Стандарттау бойынша халықаралық ұйым- барлық елдің стандарттау, метрология
жəне сертификаттау бойынша сəйкестендірілген мемлекеттік органдары үшін ашық
стандарттау ұйымы;
Халықаралық стандарттау- барлық елдердің сəйкестендірілген органдарына
арналған стандарттау;
Халықаралық стандарт- тұтынушылардың
көпшілігі қолы жетімді, стандарттау
бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған стандарт;
Ұлттық стандарт- тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді, стандарттау
бойынша ұлттық оргадармен қабылданған стандарт;
Стандарттау бойынша нормативті құжат-стандарттау бойынша əртүрлі
əрекеттердің немесе оның қортындысына қатысты нормаларды, ережелерді,
сипаттамаларды, принциптерді орнататын құжат;
Стандарттау аймағы- стандарттау объектілерінің өзара байланысқан жиынтығы;
Мемлекеттік басқару органы- өнімнің сипаттамаларын немесе олармен
байланысты процеске(жұмыс) жəне сақталуы міндетті өндіріс əдістерін орнататын орган;
Негізін қалаушы стандарт-кең аумаққа таратылатын
немесе нақтылы саланың
жалпы жағдайларын қарайтын стандарт;
Салалық стандарт- салалық мəнді өнімге, процеске(жұмыс) жəне қызметке
қойылатын талаптарды қамтитын стандарт;
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің реестрі- стандарттау, метрология жəне
сертификаттау жұмысына қатысушылардың жəне объектілердің тіркелуін есепке алатын
құжат;
Стандарттау жүйесі – өнімге, қызметке, процеске(жұмысқа) талаптар орнататын
нормативті құжаттардың, стандарттауға қатысушылардың жиынтығы;
Өнімді каталогтау жүйесі –өндіретін өнімнің дайындаушысы жəне сипаттамасы
туралы ақпараттарды белгілі тəртіппен жинақтайтын жəне
ұсынатын ұйымдастырушы-
техникалық жүйе;
Өзараауысымдылық–бірдей талаптарды орындау мақсатында, бір өнімнің,
процесстің, қызметтің басқа өнімнің, процесстің, қызметтің орнына қолдану
жарамдылығы.
Стандарт - əртүрлі əрекеттерге немесе олардың нəтижелеріне қатысты жалпыға
бірдей жəне көп мəрте қолданылатын сипаттамалары немесе жалпы принциптері,
ережелер белгіленген, мүдделлі жақтардың келісіміне негізделіп жасалған құжат;
Стандарттау – нақтылы саладағы жалпыға бірдей жəне бірнеше рет
қолданылатын жағдайды оптималды дəрежеде тəртіпке келтіруге бақытталған əрекет;
Техникалық шарт - нақты өнімге, қызметке немесе өнімнің бірнеше түріне
техникалық талаптарды бекітетін стандарттау бойынша нормативтік құжат;
Техникалық регламент- құжаттардың мазмұнын кірістіру жолымен, не тікелей, не
стандартқа немесе ережеге сілтеу жолымен міндетті талаптарды
бекітетін нормативтік
құжат. Қызметке, процесске(жұмысқа), өнімге немесе өндірістік əдіске қолданатын
дəрежеде терменологияға, белгілеулерге, маркировкаға, орауға деген шарттарды да
қамтуы мүмкін;
Стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша өкілетті орган-
стандарттау, метрология жəне сертификаттау жəне аккредиттация бойынша жұмыстардың
басқарылуын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Стандарттау бойынша эксперт-аудитор – стандарттау саласында жұмыс істеуге
құқы жөнінде стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша өкілетті
органдарымен аттестатталған жеке тұлға.
Нег.: 1 [16-29],5
Қос.: 1 [33-44]
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР МСЖ құқықтық негізі жəне мəселелері.
2. Стандарттау əдістері жəне принциптері.
3. Параметрлік стандарттаудың ерекшелігі.
4. Агрегаттау əдісінің машинажасаудағы ролі.
Достарыңызбен бөлісу: