Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет



бет8/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
abildina Караганда

Талдау және жалпылау қүбылымтарды үстірт қарап, констатациямен шектелмеу үшіндамудың себебін, факторлар мен себептерін анықтау және терең қарастыру, талдау, түсіндіру және фактілерді жалпылауды қамтамасыз етеді. Кең әлеуметтік контекстті жеке-тұлгалъщпен царастыру педагогикада ертеден бар. Бүл тәрбиенің мәнін әлеуметтену үрдісі мен жеке даралықтың бірлігі деп қараумен анықталады. Зерттеудің кез келген пәні әлеуметтік ортада қарастырылуы керек.
Талап абсолютті болып табылмайды, себебі педагогикадағы терминологияның көп мағыналылығы әлі анықталмаған, кейбір жағдайда ол тіпті мүмкін емес. Полисемияға қарамастан әрбір үғымдардың анықтығы мен осы термин мағынасының бір мағыналы болуына тырысқан жөн. Зерттеуден табылған жаңаны нактһі бөлу мен авторлық позицияны бөліл алу керек. міндетті түрде жаңа идеялар емес, жаңартылған әдістемелер болуы мүмкін.
Бірмагыналылъқ пен вариативтіліктің үйлестіктерінің шегі кеп жағдайда зерттеушінің ойынша дұрыс болып есептеліп жетекші тұжырымдық жағдайдың үйлесімдлігімен анықталады. Ұсыныстардың конструктивтілігі. Сын қажет және пайдалы, бірақ оның артында шешімдер, жобалар, кеңестер мен ұсыныстар болуы керек. олар институттарды, байланыстар мен катынастарды өзгерту мен жаңартуға мүмкіндік беретін тәжірибе немесе экспериментпен тексерілуі керек.
Баяндаудың әдістемелік варианттары: жүргізілген ізденістердін негізінде кезеңдері мен логикасын айту; объектінің пайда болу тарихын айту; зерттеудің объектісі мен пәнінің теориялық пайда болуы, бірінші жағдайда баяндау заңға бағынады және зерттеу логикасы мен мазмұнынан шығатын өзінің логикасы болады. Екінші жағдайда - баяндауды теориялық шыққан тегінен, фундаментінен бастаған жөн.
Кез-келген ғылыми жүмысты біріншіден черновой вариантында бастаған жөн. Бүл мәтінге қажетті өзгерістерді ендіруге және диплом жазушының инициативасымен толықтырулар келтіруіне мүмкіндік береді.
Нәтижелерді әдеби хаттауды кіріспеден бастамаған жөн, оны зерттеуші неге қол жеткізгенін білгеннен кейін ғана жазу керек. осы кезеңдегі ойлардың нәтижелері толық фразамен емес, кілттік сөздермен жазылады. Баяндаудың логикалық бірізділігін анықтағаннан кейін барып неден бастау керек екендігін қарастырылып шешім қабылданады.
Жұмыстың ортаңғы бөлігін хаттау кезеңінде зерттеуші осы жұмыска пайдаланатын бөліктерін қысқаша абзацтар ретінде бөліп алу керек. негізгі бөліктің черновой варианты ертерек орындалады. Негізгі бөлімді жазып болғаннан кейін қорытынды бөлімі жазылады. Мәтінді дайындау кезінде ғылыми жетекшімен кеңескен жөн., ескертулерді тыңдау керек, бірақ шешімдерді автор қабылдайды. Жазылған жұмысты редакциялау кезінде әрбір абзацтың дербес ойы болу керек.Абзацтың бірінші фразасында не туралы әңгіме болатыны көрініп тұруы керек.Зерттеушінің арсеналында ғылыми материалдарды баяндаудың әдістемелік тәсілдері болуы керек.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.


Қосымша әдебиеттер: 3, 5.

Лекция 8. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері


1. Зерттеудің теориялық әдістері.


2. Зерттеудің эмпирикалық әдістері.


1.Зерттеу әдістері деп ғылыми-зерттеушілік міндеттерді шешу жолдарын айтуға болады. Олар ғалымның зерттеу объектісі туралы білімдірді алу құралы.
Педагогика ғылымының зерттеу әдістерін сипаттаудан бұрын нақты зерттеушілік міндеттерді шешу үшін оларды таңдау ережелеріне тоқталалық. Біріншіден, кез келген ғылыми проблеманы шешу үшін бір емес, бірнеше әдістер қолданылады және зерттеуші оларды зерттеп отырған құбылыстың табиғатына сәйкестендіреді. Екіншіден, зерттеу әдісі зерттеу пәні мен зерттеу барысында алынатын өнімге адекватты болуы қажет.
Зерттеу әдістері эмпирикалық (тікелей аудармасы сезім органдарымен қабылдау) және теориялық болып бөлінеді. Эмпирикалық зерттеу әдістерін В.И.Загвязинский екі топқа бөледі:

  1. Жеке әдістер. Оларға жататындар: әдебиеттерді, құжаттарды және іс-әрекет нәтижелерін зерттеу, бақылау, сауал-сұрақ (әңгімелесу, интервью алу, сауалнама), эксперттік бағалау әдісі, тестілеу.

  2. Бір немесе бірнеше жеке әдістерді қолдану негізіндегі кешенді әдістер: мониторинг, педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорыту, педагогикалық эксперимент.

Зерттеудің теориялық әдістері: теориялық анализ және синтез, абстрактілеу және нақтылау, аналогия, модельдеу.
Зерттеудің әр әдісіне жеке сипаттама берелік.
Зерттеудің теориялық әдістеріне анализ және синтез, абстрактілеу және нақтылау, аналогия, модельдеу жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет