ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР ТЕЗИСТЕРІ
Тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет
1.Ғылыми іс-әрекет
2.Жеке ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері.
3.Ұжымдық ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері
1.Ғылыми іс-әрекет
Ғылым - ақиқат туралы объективті білімдерді өңдеп, теориялық жинақтайтын адам іс-әрекетінің сферасы. Ғылым - қоғамдық сананың бір формасы. Ғылым таным процесінің айрықша формасы ретінде келесі ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, ғылымдағы танымдық іс-әрекетті арнайы дайындалған адамдар (ғалымдар, зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер) тобы іске асырады. Оны жүзеге асырудың негізгі формасы ғылыми зерттеулер, қызметі жаңа ғылыми нәтиже алу, теориялық білімді кеңіту және тәжірибелік іс-әрекет негізінде дамыту. Екіншіден, ғылыми іс-әрекет үрдісінде танымның негізгі қүралдары, компоненттерді терең және жан жақты анықтаудың немесе зерттелетін қүбылыстың белгілі бір қасиеттерін, сапаларьш, ерекшеліктерін нақты бейнелейтін құралдар құрылып, өңделеді.
Ғылыми зерттеуге кірісе отырып, білім берудегі практикалық қызметкер (мұғалім, әдіскер, психолог және басқалар) іс-әрекетінің мақсаты мен ғалымның іс-әрекетінің мақсатының арасында айтарлықтай айырмашылықтың бар екендігін білген жөн. Практикалық қызметкер үшін бұл оқушыларды окыту мен тәрбиелеуде үлкен жетістікке жету болса, зерттеуші үшін мүлдем басқа: жаңа ғылыми білім алу, оның ішінде жақсы не жаман нәтиженің пайда болу себебін түсіндіріп, қандай жағдайда нәтиже жақсы, қандай жағдайда нәтиженің жаман болатындығын болжау. Сонымен қатар білім беру мекемесінің оқытушысы, әдіскері, директоры өздерінің қызметтерінде оқу-тәрбие үрдісінің барлық жақтарына кешенді көңіл бөлсе, зерттеуші оқу-тәрбие үрдісінің аспектісінің бір ғана жағын терең зерттеуге қызығушылық танытады, мысалы, оқушылардың өздерін басқарулары немесе оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынастарының мәдениеті және т.б.
Тәжірибелік және ғылыми педагогикалық зерттеу іс-әрекеттерінің айырмашылықтарына тоқталайық. Педагогикалық тәжірибеде субъект оқытушы, тәрбиеші, мектеп психологы және т.б болса, ғылыми педагогикалық іс-әрекетте- педагог-зерттеуші болады. Педагогикалық тәжірибенің объектісі тәрбиеленуші, оқушы, өзара әрекет, педагогикалық құралдар болса, онда ғылыми педагогикалық іс-әрекетте - тәрбие үрдісі, оқыту үрдісі, педагогикалық факт, құбылыс болады. Педагогикалық тәжірибеыің мақсаты білімді адам болса, ғылыми педагогикалық іс-әрекетте - жаңа ғылыми педагогикалық білім. Бірінші жағдайдағы әдістердің түрі оқыту, тәрбиелеу тәсілдері болса, екінші жағдайда ғылыми танымның теориялық және әмпирикалық әдістері (бақылау, әксперимент, анализ, синтез және т.б.). Педагогикалық тәжірибеде күнделікті нәтижелер өтілген сабақтар меы шаралардың конспектілері түрінде берілсе, ғылыми іс-әрекетте - жазылған және жарияланған ғылыми есеп, баяндама, макала, монография, оқу қүралдары және т.б. түрінде беріледі.
Ғылыми іс-әрекет әдетте жеке және ұжымдық сипатта болады. Жеке ғылыми іс-әрекет - бұл жеке зерттеушінің ғылыми жұмысының үрдісі, ұжымдық ғылыми іс-әрекет- белгілі бір ғылым саласында жұмыс істейтін ғалымдардың бірлескен іс-әрекеттері. Ғылыми іс-әрекеттің бүл түрінің ортақ нәрселері көп, дегенмен де айырмашылықтары да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |