Лекцияның мақсаты



бет4/15
Дата20.09.2022
өлшемі60.02 Kb.
#460959
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
stud.kz-53668

Жоспары:
1. Ғылыми зерттеу проблемасын сараптау.
2. Проблеманы тану әдістері.
3. Проблеманың теориясы мен практикасын сараптау әдістері.


Лекцияның мақсаты:. Ғылыми зерттеу типтері, проблеманы зерттеу тарихы. Ғылыми теориялық ақпараттарды іздестіру, ғылыми әдістемелік еңбектерді сараптау, алынған мәліметтерді өңдеу, талдау, жұптау, жүйелеу, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін шығаруды үйрену.


Зерттеу міндеттері ретінде шешімін табуға қатысты жеке міндеттердің үш немесе төрт бағыты көрсетіледі. Осы себепті, міндеттер мазмұнына екенін сұрақтардың стандарты болуы мүмкін емес. Десекте, зерттеу міндеттерінің алғашқысы болып: зерттелініп «жатқан объекттің дамуы, орын алу заңдылықтары, құрылымы, табиғаты және мәнін ашу; екіншісі - объекттің жалпы өзгеріс тәсілдерін ашу, оның моделін жасау; үшіншісі - нақтылы әдістемелік құралдарға, подагогикалық ықпал, практикалық нұсқаулар - табылады. Зерттеуші, алға қойған міндеттерге байланысты, зерттелінбеген облысқа "шабуыл" жасауы қажет. Ол үшін, нәтижені алдын-ала біліп отыруы, біршама, жұмыстың қорытындысын одан шығатын зерттеу логикасы кезеңдерін көз алдына келтіре алуы қажет. Мұндай, алдын ала ойластыру формасы болып гипотеза (болжау, жорамал) табылады.Болжау - мақұлдауды немесе теріске шығаруды қажет ететін қандай да бір процестерге, құбылыстар мен фактілерге түсінік беретін-ғылыми жорамал.Болжам формасы ішінде танымның талқыланбаған заңдар мен принциптер маңындағы тереңдеп қорытындылауға, анықтауға бағытталған нақтылы қозғалыс жүзеге асады. Яғни, болжам зерттеу байланыстары механизмі туралы, олардың ішкі заңдылықтары жөніндегі алдын-ала пікір болып табылады.Зерттеудің келесі кезеңі - ғылыми жорамалды тексеру, яғни, шындыққа жетудің амалдары мен әдістерін белгілеу.Зерттеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы зерттеу әдістемесін түзеді.Алынған нәтижелерге баға беру, жіберілген қателіктердің себептерін анықтау, т.с.с, алдын-ала теориялық және практикалық тұрғыдан тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Теория - ғылътми танымның әсер етуші күші. Десекте қағида-тек, ғылыми ізденістер мен практикада кең қолданыс тапқанда осындай сипатқа ие болуы мүмкін. Қағида - ізденушіге, практика алға тартпайтын нақтылы жаңа ғылыми міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.Қағида- ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету жолын, алға тартқан нәтиже сипатын және қолданатын тәсілдер мен құралдарды кемділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы себепті, қағида - практика үшін реттеуші, бағыттаушы, болжамдық күшке ие.Қағидаиың гнесеологиялық мәні - оның шындықтың мән объективті бейнелеуге мүмкіндігі, оның өзіне тән сипаттық ерекшелігі даму зандылығын ашуында.Десекте, қағида дүниенің, табиғаттың адамдар арасындағы қатынастардың ұдайы даму заңдылықтарын толыққанды шеше алады деуге болмайды.Дүниені теориялық тұрғыдан меңгеру оның даму барысындағы алатын ерекше сипаттарын абстрактілі түрде түсіндіру, олардың арасындағы байланыстар мен тауелділіктерді, бұл құбылыстардың басты ерекшеліктерін анықтау және оларды тарихи жинақталған танымдық тәжірибелер негізінде жүйелеу - деп түсінген дұрыс сондықтан да, практикалық зерттеулердің теориялық деңгейлеріне сәйкес келетін зерттеу әдістерін таңдап алу қажет.Әдіс - жаңа білімді меңгерудегі принциптер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде шындыққа жету жолы.Талдау (анализ) мақсаты - бүтіннен — бөлікті, күрделіден — қарапайымды, жекеден - жалпыны, салдардан -себепті анықтау, табу болып табылады.Жинақтау (синтез) - негізінен жалпы барлық зертеліп жатқан заңдар мен заңдылықтардың арасындағы байланыстардың барлығы жатады.Модельдеу әдісі – құбылыстарды жасанды түрде оқып үйренуге, оларды толық зерттеп үйренуге құрылған жасанды құрылған нәрсе болып табылады. Зерттеу пәнінен - ғылыми зерттеудің міндеттері келіп шығады. Зерттеудің алға қойған міндеттеріне байланысты зерттелінбеген облысқа алдын ала болжам жасауы қажет. Ол үшін зерттеу нәтижесін алдын ала болжам арқылы ойға елестетіп, алдын ала ойластыру-формасы болып гипотеза (болжау, жорамал) табылады. Болжам мақұлдауды немесе теріске шығаруды қажет ететін қандай да бір процестерге, құбылыстармен фактілерге түсінік беретін ғылыми жорамал. Гипотеза ( грек - негіз, болжау)- ой тұжырымдар жүйесі, соның негізінде жаңа фактілердің маңызын түсіндіреді, тиісті теориялық құрулар пайда болады. Гипотеза (жорамал)-ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып саналады. Гипотеза- прблеманы шешу тәсілі. Гипотеза, эксперименттік тексерісті талап етеді. Тиісті тексеруден кейін мынандай нұсқалар болуы мүмкін.1.Гипотеза, эксперимент түрінде дәлелденбейтін.2.Гипотеза, эксперимент нәтижесіне сәйкес өзгереді.3.Гипотеза, эксперимент түрінде расталған, ғылыми теория мәртебесін иеленеді.Гипотеза біріншіден тексерілген фактілердің белгілі бір жүйесіне сүйенеді, екіншіден, теориялық түрде тәжірибелі тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғылыми гипотеза маңыздырақ болған сайын, оның зерттелетін құбылыстардың мәні тереңірек болады. Ғылымда тіпті ғылыми теория мәртебесі бар, бірақ эксперимент түрінде дәлелденуге ие болмаған гипотеза да бар. Өмірдің шығу тарихы туралы гипотеза. Ғылымның мәңгі сұрақтарының біріне түпкілікті жауап беретін эксперименттер мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуын тарихи қалыптасқан және жаңа гипотезалары жаңадан пайда болатын жаратылыстану ғылымының деректерімен дами отырып байытылады. Гипотезаның екі нысаны атап көрсетіледі: нақтылы және теориялық гипотезалар. Нақтылы гипотеза - нақты құбылыстар, нәрселер, немесе процестер туралы жорамал. Мыс: Күн жүйесі планеталары бетінің құрлысы туралы гипотезаны алайық. Ай топырағын зерттегеннен кейін, барлық бұрмаланған гипотезалар шығарылып тасталынды. Теориялық гипотеза- мүмкіндігі теориялық феномен туралы жорамал. Мысалы: элементар бөлшектер( фотондар, нейтрондар) жүйесінің бар болуы туралы жорамал, мақсатқа сай бағытталған соңғы эксперменттер процесінде расталады.Теория - обьективті шындықта заттар, құбылыстар және процестердің нақты жиынтығының өзгешілігін бейнелейтін заңдардың іс-әректі күшімен мәні туралы, құбылыстардың белгілі бір білім жүйесінде тексерілген, логикалық негізделген ұғым. Теориялық білімнің негізі- қарама-қайшылығы жаңа ғылыми фактілер және ескі теория арасындағы қарама-қайшылық. Проблема-қағидамен прктикалық құбылыстар арасындағы қарама-қайшылықтар арқылы анықталады. Қарама-қайшылық деген не? Қарама-қайшылықтар қандай көріністерден пайда болады? Қарама-қайшылық келесі түрде көрініс табады: Ақпараттық-танымдық, танымдық, логикалық. Ақпараттық –танымдық, зерттелінетін құбылыстар, процестермен пәндердің мәндерінде жүрет ін болады. Ол көбінесе, мағыналық, конфликт түрінде көрініс алады. Қарама-қайшылық әсерінен адамда жағдайды (ситуация) түсінуге құштарлық пайда болады. Бұл жағдайды адамның психологиялық күйі деп атайды. Таным процесіндегі қарама-қайшылық теориямен практикалық мәселелердің танымдық сипаттағы адамда бар білім деңгейі, түсінуі мен дамуының арасында орын алады. Бұйымды конструкциялауда, технологиясын құруда, пайымдауда және диагностикалауда, оқыту материалының құрлымын түзуде бір ғана нәрсенің төңірегінде әртүрлі пікір пайда болды және мұндай жағдайда пікір дәлелін практика шешеді. Мұндай қарама-қайшылық - логикалық делінеді. Ал таным прцесі мен логикалық қарама-қайшылық арасындағы қарама-қайшылық, адамда обьектілердің, құбылыстардың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады. Қарама-қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық - ғылыми бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқанның мәнін, маңызын ұғынуға тырысу, танып білу. Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады және ғылыми шығармашылыққа негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші, белсенділік көзі қажеттілік болуы тиіс.1.Педагогика ғылымының методологиясы. Педагогика –ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелінетін және обьективті дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Философия табиғатпен қоғам дамуының жалпы заңдарын,түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады. Методология-дүниені танып білу тәсілдері, туралы ілім. Методология- өте кең мағынада- іс-әрекет құрлым, оның логикалық ұйымдастырылуы, әдістерімен құралдыры жайлы ілім. Ғылымның методологиясы- ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның зерттеу саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттеріне байланысты. Әдіснама құрлымының негіздері: ғылыми ізденісті ұйымдастырудың әдістері мен технологиялары; орныдалған зерттеулер саласы мен тиімділігі, өлшем-шектері, (жаңалығы, тұжырымдылығы,) деректілігі, нәтижелерінің тәжірибеге сай болуы; нақты ғылымның ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын анықтау, қарастырылатын ғылымның ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік беретін обьект саласымен зерттеу пәнінің проблемасын айқындау; нақты ғылыми жұмыстардың тұжырымдамасын, әдістемелік принциптерін, зерттеу бағыт-бағдары мен аймағын белгілеп алу, алынған нәтижелердің болашақтағы қолдданымы мен солардың одан әрі логикасын зерттеу. 2.Ғылыми шығармашылық методологиясы Шығармашылық- адам санасының жасампаздығы және іс-әрекетінің биік белгісін көрсетеді. Шығармашылық-бүкіл болмыстық дамудың, қозғалыстың бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі. Шығармашылық- тек адамға ғана тән. Жеке адамның ақыл санасында, іс-әректінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылық табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ғылыми шығармашылық, үш кезең арқылы жүзеге асады:1-кезең.Проблемалық (таным немесе практикалық іс-әрекет кезеңі) ситуациялардың пайда болуымен оны алғаш кезеңдік талдау және проблеманы түйіндеу арқылы сипатталады.2-кезең. Проблеманы шешу жолдарын іздестіру. Бұл процесс бар білімдер негізінде проблеманы детальды талдаумен аяқталады. Зерттеу обьектісіне қажетті болған білімді толықтыру, қажетті әдебиеттер көмегімен немесе тәжірибелік – эксперимент арқылы толықтырылады. Шығармашылықтың 3-кезеңі- проблемалардың табылған шешілу принципін жүзеге асыру. Бұл кезеңде шешім принципі шығармашылықтың белгілі бір анықталған нәтижелері түрінде жүзеге асырылады. Жаңа мәселелердің шешілуі, конструктция, теория (қағида), дәйектеу және жасау. Алынған нәтиже, экспериментальды тексеріліп, басқа териялық мәліметтермен тексеріледі.

№5. Лекция. Ғылыми жоба моделі және оның нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет