Екі теке келіп түсті көпірге,
Біреуі – әрі, бірі бері өтуге,
Көпірдің дәл ортасында килігіп,
Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.
Шайқасып басын, бірінің тілін бірі алмай,
Сүзісбекке кірісті қарап тұра алмай.
Тар көпірдің секіріссе үстінде,
Бірінен бірі қояр ма, сірә, кек алмай
Екеуі де суға құлап, тыйыш тапты,
(Жігіттік қып, көпірді тезден босатты)
Ерегістің нәтижесі осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты?
Мысалдан үзінді (атауын анықтау)
Идеясы, не жайлы айтылған, нені ескертеді?
Сырқаттанған аң патшасының көңілін сұрауға түлкіден басқасының бәрі келеді. Осы жерде түлкіні мұқатпақ болған қасқыр оның келмей қалғанын жеткізеді. Ал қу түлкі болса ертеңінде Арыстанға келмей қалған себебін айтып, сырқатынан қасқырдың артқы аяғын сіңірін жеп айыққанын хабарлайды. Мұнан соң аң патшасы қасқырдың сіңірін қанын судай ағызып суырып алғанын, ал түлкі болса қасқырды әжуа қылып, барша жұртқа күлкі етеді.
Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,
Алайда , жіп тақпаймыз ешкімге деп,
Сөз жүгіртіп шағыстырған қасекеңдер
Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп.
Мысалдан үзінді (атауын анықтау)
Идеясы, не жайлы айтылған, нені ескертеді?
Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірінен дария кешпек.
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Мұнда да бір сүйек бар, басқа түстеп.
Білерлік көлеңкені болмады есі.
Толымды көрінген соң анау сүйек
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшін жинап бойға қайраттанып.
Түскен соң жойқын суға бұл батырдың,
Ісінің не болғаны айдан жарық...
Мысалдан үзінді
Идеясы, не жайлы айтылған, нені ескертеді?
«Екі теке» мысалы Екі теке келіп түсті көпірге,
Біреуі – әрі, бірі бері өтуге,
Көпірдің дәл ортасында килігіп,
Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.
Шайқасып басын, бірінің тілін бірі алмай,
Сүзісбекке кірісті қарап тұра алмай.
Тар көпірдің секіріссе үстінде,
Бірінен бірі қояр ма, сірә, кек алмай
Екеуі де суға құлап, тыйыш тапты,
(Жігіттік қып, көпірді тезден босатты)
Ерегістің нәтижесі осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты?
ең дұрысы кішіпейілділік екені,
адамдар арасындағы сыйластық жөн деп ескертеді. Елімізде ауызбіршіліктің, ыңтымақтың болмауы:
«Ауырған арыстан» мысалы Сырқаттанған аң патшасының көңілін сұрауға түлкіден басқасының бәрі келеді. Осы жерде түлкіні мұқатпақ болған қасқыр оның келмей қалғанын жеткізеді. Ал қу түлкі болса ертеңінде Арыстанға келмей қалған себебін айтып, сырқатынан қасқырдың артқы аяғын сіңірін жеп айыққанын хабарлайды. Мұнан соң аң патшасы қасқырдың сіңірін қанын судай ағызып суырып алғанын, ал түлкі болса қасқырды әжуа қылып, барша жұртқа күлкі етеді.
Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,
Алайда , жіп тақпаймыз ешкімге деп,
Сөз жүгіртіп шағыстырған қасекеңдер
Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп,—
Өсектің заманы өткенін, қасқырдай өр көкіректердің де күні сөнгенін, тек түлкі қулық, шебер ақылдың аман алып шығарып, арыстан Ресейден сақтар сол екенін ескертеді.
«Көзі тоймаған ит» атты мысалы Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірінен дария кешпек.
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Мұнда да бір сүйек бар, басқа түстеп.
Судағы ит — бұл бейбақтың көлеңкесі
Білерлік көлеңкені болмады есі.
Толымды көрінген соң анау сүйек
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшін жинап бойға қайраттанып.
Түскен соң жойқын суға бұл батырдың,
Ісінің не болғаны айдан жарық...
ашкөздіктің, қанағатсыздықтың адамды орға
жығатындығы тартымды сипатталған. ашқарақтық, қомағайлық жол емесін білдіреді. Қызғаншақтық соңы жақсылықпен бітпейтіні;