КҚ 3.6.1.Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауға бақылау жүргізу.
КҚ 3.6.2.Жердің, табиғи және техногенді өрістердің физикалық үлгілерін білу;
КҚ 3.6.3.Тәжірибелік міндеттерді шешу үшін, математика, физика, электроника және электротехника бойынша білімдерді қолдану.
КҚ 3.6.4. Топографиялық жұмыстардың қарапайым түрлерін жүргізу.
КҚ 3.6.5. Схемалық геологиялық қималарды, стратиграфиялық бағаналарды құру, тау жыныстары мен пайдалы қазбаларды анықтау және сипаттау.
КҚ 3.6.6. Персоналды компьютерде жұмыс жасау.
КҚ 3.6.7 Кәсіптік терминологияны сауатты пайдалану, тәжірибелік жұмыста көзқарасты қалыптастыру үшін геологиялық ақпаратты жинау және жүйелеу.
КҚ 3.6.8. Іс-әрекеттің экономикалық көрсеткіштерін есептеу, өндіріс тиімділігін арттыру тәсілін меңгеру.
КҚ 3.6.9. Геологиялық міндеттегі картографиялық материалмен жұмыс жасау, басты тау жыныстары мен далалық әдістерді анықтау.
КҚ 3.6.10.Зерттеулердің түрлі геофизикалық әдістерін қолданудың физикалық негіздерін және геологиялық-геофизикалық алғышарттарын білу.
КҚ 3.6.11. Анықтамалық, арнайы, қор әдебиеттерімен және нұсқаулық материалдармен жұмыс жасау.
КҚ 3.6.12. Геофизикалық аспаптардың және жабдықтардың жұмыс жоспарларын, пайдалану және жөндеу графиктерін құру.
КҚ 3.6.13 Қалыпты және аномальді геофизикалық өрістердің карталарымен жұмыс жасау.
КҚ 3.6.14 Түзетулерді есептеу және өлшенген шамалардың параметрлерін анықтау.
КҚ 3.6.15 Далалық құжаттарды жүргізу, рәсімдеу және өңдеу.
КҚ 3.6.16 Далалық жұмыстарға техникалық басшылық жүргізу.
КҚ 3.6.17 Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезінде аппаратурамен бақылаулар және өлшеулер жүргізу.
КҚ 3.6.18 Аномалияларды есептеу, карта-графиктерді, изодинама және изосызық карталарын жасау.
КҚ 3.6.19 Қойылған міндеттерді шешу үшін, құрастыру схемаларын және жинақтауларды құру.
КҚ 3.6.20 Аспаптарды негізгі реттеулерді орындау және сипаттамаларын анықтау.
КҚ 3.6.21 Аспаптардағы ақауларды анықтау, оларды жою және аспаптарды жұмысқа дайындау.
КҚ 3.6.22 Нақты геологиялық немесе техникалық міндетті тиімді шешетін, геофизикалық әдістердің кешенін жобалау.
КҚ 3.6.23 Компьютерлік өңдеуге материалдарды дайындау.
КҚ 3.6.24 Геофизикалық зерттеулердің материалдарын сапалық және сандық түсіндіруді жүргізу.
КҚ 3.6.25 Жұмыстарды жүргізу технологиясын бақылау.
КҚ 3.6.26 Геофизикалық аспаптарға ақау актілерін құрастыру.
КҚ 3.6.27 Жұмыс бағдарламаларының бірімен көзделген құзыреттіліктерге ие болу.
|