№ 27 жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы:Есімдіктерден өткенді қайталау
6 -сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Құтжанова Жансара Төребековна
Қарағанды 2009
Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Есімдік туралы алған білімдерін практикада қолдану,ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
Дамытушылық.ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту;ой қорытып,шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік.топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу білу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі:кубизм,жигсо стратегиялары,эссе,сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: парақшалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу,ә)түгендеу,б)сыныпты сабаққа даярлау.
Үй тапсырмасын сұрау
І.Қызығушылықты ояту
Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер»
1.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды
(Сұрау есімдіктері)
2. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі (Біз-жіктеу есімдігі)
3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды (Мен,сен)
4. Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды.
(Жалпылау есімдіктері)
5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.(Болымсыз есімдіктері)
ІІ Мағынаны ажырату
Кубизм стратегиясы
-
Сипаттаңыз.Есімдіктер туралы айтады.
Топтастыру
Есім сөздердің орнына жүреді
Құрамына қарай дара,күрделі
2.Салыстырыңыз.Венн диаграммасы
Басқа сөз табымен салыстыру.
3. Зерттеңіз.Есімдіктердің жасалу жолдарындағы ерекшешіліктерін анықтау.
4. Саралаңыз.Есімдіктердің жасалу жолдарына тоқталу.
5.Қолданыңыз.Сөйлемдер құрау
6.Қорытындылаңыз не қарсы шығыңыз.
Сергіту сәті
Жигсо стратегиясы
1. №-ге бөлінеді
2. Тапсырмамен танысады.
3. Жұбына түсіндіреді.
4. Сұраққа жауап береді.
5.«Үй тобына» қайтып келеді.
6.Тақырыпты қаншалықты меңгергенің өзі сұрақ қойып тексереді.
1 -ші топқа Асар (салт)
2 -ші топқа Жылу (дәстүр)
3 -ші топқа Қонақкәде (дәстүр)
4 -ші топқа Сауға (ғұрып)
ІІІ. Ой толғаныс
« Салтын сүйген халқын сүйер» тақырыбына эссе жазу
ІҮ Бағалау
Ү Үйге тапсырма: 182 -жаттығу
Асар (салт)
«Ауылға асар жасайтынын хабарлайды».Бір отбасының қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.Мысалы:үй көтергенде,егін салғанда,жинағанда,шөп шабуға,тағы сол сияқты көлемді,ауыр жұмыстарға шақырылады.Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнаулы мал сойып,қымыз құйып,жақсы ас әзірлеп,тойғызады.Асар-қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуінің үлкен бір көрінісі деп қарауға болады.
Жылу (дәстүр)
М. «Жұрт малын жылулаған аясын ба?»Өртке ұшыраған,мал-мүлкі суға кеткенде,тағы басқа бақытсыздық жайға ұшыраған отбасына ауыл-аймақта тұратын адамдар мал,дүние,ақшалай көмек көрсетіп,жәрдем беруді халық «жылу» деп атайды.Мұндай жағдайда жақындық,туыстық,тану-танымау шарт емес,әркім көмек береді.Жылу беру-адамгершілік,ұлттық дәстүрдің көрінісі.
Қонақкәде (дәстүр)
«Сен де қонақкәде жасай отыр»,-деді маған Ілияс.Үй иесінің қонағына «қонақкәде» айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар.Бұл «өлеең айтыңыз,өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. «Қонақкәденің» шығуы көңілді отырудың,қонақ өнерін сынаудан шыққан мәдениеттіліктің белгісі.
Сауға (ғұрып)
«Би кесімі тым қатал болса,қасындағылардың біреуі «Сауға,биеке!» деп қалатын ғұрып бар».Ертеде өлімге немесе ауыр жазаға кесілген адамға сауға яғни кешірім,бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған.Бұл негізінен адам басын өлімнен,өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған.Мұны беделді,сөз өтетін адамдар ғана сұрай алған және ол көп жағдайда беріліп отырған.Сауға сұрап алған адам да өз жолынан жығылмай тиісті адамның құнын,шығынын өтеп,екі елді бітімге келу жолына шақырған.
Достарыңызбен бөлісу: |