1-модуль. Алғы сөз. Дербес компьютермен алғашқы таныстық Компьютер – бұл



бет1/4
Дата04.03.2016
өлшемі1.27 Mb.
#40358
  1   2   3   4
1-модуль. Алғы сөз. Дербес компьютермен алғашқы таныстық

1. Компьютер – бұл...

  1. сандық ақпаратты өз бетімен өңдеуге арналған құрылғы

  2. ақпаратты сақтауға арналған құрылғы

  3. ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы

  4. ақпараттық қор көздерін басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтамалар жиынтығы

2. Компьютердің жұмыс істеуі үшін қажет ең аз құрылғылар жинағына ... жатады.

  1. басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта

  2. жүйелік қорап, монитор, пернетақта

  3. процессор, тінтуір, монитор

  4. пернетақта, монитор, тінтуір

3. Монитор (дисплей) ... үшін арналған.

  1. компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдайы сақтау

  2. шеткері құрылғыларды кеңарнаға қосу

  3. берілген бағдарлама бойынша компьютердің жұмысын басқару

  4. мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу

4. Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына ... жатады.

  1. мәтіналғы

  2. басып шығарғыш

  3. пернетақта

  4. модем

5. Ақпаратты енгізу құрылғыларына ... жатады.

  1. дисплей, пернетақта, тінтуір

  2. басып шығарғыш, дисплей, модем

  3. мәтіналғы, пернетақта, тінтуір

  4. басып шығарғыш, мәтіналғы, тінтуір

6. Мәтіналғы – бұл ...

  1. қатты тасымалдаушыға, әдетте қағазға, басып шығару құрылғысы

  2. мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы

  3. мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы

  4. үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған құрылғы

7. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл ...

  1. мәтіналғы

  2. басып шығарғыш

  3. монитор

  4. пернетақта

8. Кернеудің бірден төмендеуі және электр қуатының ажыратылуы кезінде компьютерді ... қорғайды.

  1. аналық тақша

  2. қоректену қорабы

  3. тұрғылықты диск

  4. үздіксіз қоректендіру көзі (UPS)

9. Компьютердің негізгі құрылғыларына жатпайтын құрамдас бөліктері ... деп аталады.

  1. екінші дәрежелі

  2. шеткері

  3. орайласқан

  4. қосалқы

10. Компьютердің пернетақтасы – бұл …

  1. әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы

  2. сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  3. әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  4. еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

11. Тінтуір типті манипулятор – бұл…

  1. еркін қатынас құратын мәліметтерді сақтау құрылғысы

  2. сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  3. әріптік-сандық және сызбалық ақпаратты енгізу құрылғысы

  4. басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы

12. Тасымалдаушы типтерінің көлемі ең үлкені – ...

  1. DVD-Disk

  2. дискет

  3. CD-Disk

  4. CD-дискет

13. Ақпараттың өлшем бірліктері – ...

  1. стек, регистр

  2. бит, слот

  3. байт, стек

  4. бит, байт

14. Байт – бұл …

  1. 1024 бит

  2. ақпараттың ең үлкен бірлігі

  3. 8 бит

  4. 10 бит

15. Бит - бұл...

  1. логикалық элемент

  2. 0 немесе 1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

  3. 0 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

  4. 1 мәнін қабылдайтын ақпараттың ең кіші бірлігі

16. Бір килобайт ... тең.

  1. 8 байтқа

  2. 1 024 байтқа

  3. 1 000 байтқа

  4. 256 байтқа

17. Жүгіргінің сол жағында тұрған символды ... пернесі жояды.

  1. BackSpace

  2. Delete

  3. ESC

  4. Insert

18. Жүгіргіні ағымдағы жолдың соңына апаратын перне – ...

  1. Enter

  2. Home

  3. End

  4. Esc

19. Жүгіргіні ағымдағы жолдың басына апаратын перне – ...

  1. F1

  2. Home

  3. End

  4. Esc


20. Alt, Ctrl, Shift пернелері ... пернелер деп аталады.

  1. түзетуші

  2. жетелік

  3. басқарушы

  4. әмірлік

21. F1 – F12 пернелері ... пернелер деп аталады.

  1. басқарушы

  2. түзетуші

  3. әмірлік

  4. жетелік

22. Пернетақтада енгізу әмірін растайтын перне – ...

  1. Insert

  2. Esc

  3. Enter

  4. Pause

23. Пернетақтада болдырмау әмірін растайтын перне – ...

  1. Esc

  2. Enter

  3. Insert

  4. Pause

24. Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту ... үшін пайдаланылады.

  1. нысанды ерекшелеу

  2. нысанның орнын ауыстыру

  3. нысанды белсенді ету

  4. мәтінмәндік мәзірді шақыру

25. Тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту ... үшін пайдаланылады.

  1. нысанды ерекшелеу

  2. нысанның орнын ауыстыру

  3. нысанды белсенді ету

  4. мәтінмәндік мәзірді шақыру

26. Ересек адамға компьютер алдында күніне неше сағат жұмыс істеуге болады?

  1. 5 сағаттан артық емес

  2. 5 сағаттан кем емес

  3. 8 сағаттан артық емес

  4. 10 сағаттан артық емес

27. Компьютерде жұмыс істеу кезінде ... үзіліс жасау керек.

  1. әр екі сағат сайын

  2. әр сағат сайын

  3. әр 4 сағат сайын

  4. әр 5 сағат сайын

28. Компьютерде жұмыс істейтін адам мен монитор бейне беті арасының ең аз қашықтығы ... болуы тиіс.

  1. 2, 20 см

  2. 30 см

  3. 70 см

  4. 150 см

29. Компьютердің алдында қалай дұрыс отыру керек?

  1. арқаң тік, иықтарың босаң, шынтақтарың тік бұрышпен бүгілген, басың шамалы алға еңкейіп түзу орналасуы тиіс

  2. арқаң тік, басың шамалы оңға еңкейіп орналасуы тиіс

  3. иықтарың еркін, басың шамалы солға еңкейіп орналасуы тиіс

  4. арқаң тік, иықтарың босаң, шынтақтарың жатық орналасуы тиіс

30. Мониторға ... қарау керек.

  1. солдан оңға қарай

  2. төменнен жоғары қарай

  3. жоғарыдан төмен қарай

  4. оңнан солға қарай


2-модуль. Windows-ты меңгеру
1. Windows – бұл …

  1. амалдық жүйе

  2. қосалқы бағдарлама

  3. ортақ міндеттер атқаратын қолданбалы десте

  4. кеңселік бағдарламасы

2. Амалдық жүйе ... міндеттерін атқарады.

  1. файлдарды сақтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету

  2. ақпаратты енгізу/шығару құрылғыларын қосу

  3. компьютерлер арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыру

  4. пайдаланушылармен сұхбат ұйымдастыру, компьютердің құрылғылары мен қор көздерін басқару

3. Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай қосымшаларының белгішелері орналасады?

  1. Менің компьютерім, Себет, Тапсырмалар үстелі, Желілік орта, Internet Explorer, Бастау батырмасы

  2. Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Paint, Желілік орта

  3. Microsoft Word, Microsoft Excel, Желілік орта, Шығу батырмасы

  4. Менің компьютерім, Себет, Құралдар үстелі

4. Менің компьютерім терезесі ... бейнелейді.

  1. дискілер және қосымша ақпарат сақтау құрылғыларының тізімін

  2. компьютерлердің, файлдардың, қалталардың, басып шығарғыштардың және желінің басқа да ортақ қор көздерінің бәрін

  3. пайдаланушы пайдаланбайтын дискіні немесе басқа тасымалдаушыны

  4. компьютерде орнатылған бағдарламалар санын

5. Себет деген – бұл...

  1. файлдар мен қалталарды жою кезіндегі қосымша қауіпсіздік қалтасы

  2. іздеу құралы

  3. файлдар мен қалталар құрылымын иерархиялық бейнелеу

  4. файлдардың көлемі туралы мәліметтерді сақтайтын дискідегі арнайы орын

6. Себет ... орналасқан.

  1. Менің құжаттарым қалтасында

  2. Жұмыс үстелінде

  3. Ортақ құжаттар қалтасында

  4. Желілік орта қалтасында

7. Windows терезесі – бұл ...

  1. басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалармен және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе

  2. басқарушы құралдар жинағы бар Бас мәзір терезесі

  3. бағдарламалармен және құжаттармен жұмыс істеуге арналған Жұмыс үстелі терезесі

  4. ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуге арналған Тапсырмалар үстелі терезесі

8. Құралдар үстелі – бұл ...

  1. жиі пайдаланылатын әмірлердің шартты белгішелерінің батырмалары түрінде ұсынылған осы әмірлер мәзірінің жиынтығы

  2. басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалармен және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе

  3. құжаттар және олармен жұмыс істеуге арналған әр түрлі құралдары бар монитор бейне беті

  4. пайдаланушы жиі пайдаланатын дискі немесе басқа тасымалдаушы

9. Әмірдің сұхбат терезесі ... бұл

  1. пайдаланушы сұратқан әмірінің параметрлерін таңдайтын немесе беретін терезе

  2. басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалармен және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе

  3. құжаттар және олармен жұмыс істеуге арналған әр түрлі құралдары бар монитор бейне беті

  4. ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуге арналған Тапсырмалар үстелі терезесі

10. Нысанның мәтінмәндік мәзірін қалай шақыруға болады?

  1. тінтуірдің сол жақ батырмасымен нысанды шертіп

  2. тінтуірдің оң жақ батырмасымен нысанды шертіп

  3. тінтуірдің ортадағы батырмасымен нысанды шертіп

  4. тінтуірдің сол жақ батырмасымен нысанды екі рет шертіп

11. Бір ашық терезеден екінші терезеге ... өту керек.

  1. Тапсырмалар үстелінде керекті терезенің батырмасын басып

  2. Бастау батырмасын басып және керекті терезені таңдап

  3. Файл мәзірін ашып және керекті терезені таңдап

  4. Түр мәзірін ашып және керекті терезені таңдап

12. Windows бағдарламаларының көпшілігін ... іске қосуға болады.

  1. Бастау мәзіріндегі Құжаттар ішкі мәзірін, содан кейін бағдарламаның өзін таңдап

  2. Бастау мәзіріндегі Баптау ішкі мәзірін, содан кейін бағдарламаның өзін таңдап

  3. Бастау мәзіріндегі Бағдарламалар ішкі мәзірін таңдап және бағдарламаны таңдап

  4. Бастау мәзіріндегі бағдарламаны таңдап

13. Windows амалдық жүйесінде жұмысты дұрыс аяқтау үшін ...

  1. бағдарламаның бәрін жабу, Бастау әмірін таңдау және Өшіру батырмасын басу керек

  2. бағдарламаның бәрін жабу, Өшіру батырмасын басу керек

  3. Бастау мәзірінен Өшіру әмірін таңдау керек

  4. Power батырмасымен компьютерді өшіру керек

14. Windows-тың қалыпталған бағдарламалары болып ... саналады.

  1. Paint сызбалық өңдегіші, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

  2. Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

  3. Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш, Блокнот, Word Pad, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары

  4. Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш, Блокнот, Word Pad бағдарламалары

15. Блокнот бағдарламасы ... арналған.

  1. мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .doc кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге

  2. мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .txt кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге

  3. bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге

  4. кеңейтімі .ppt әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге

16. Блокнот бағдарламасын іске қосу үшін ... керек.

  1. Бастау мәзірінен тізбекті түрде Бағдарламалар – Microsoft Offiсe әмірін таңдау немесе .txt кеңейтімі бар файлды екі рет шерту

  2. Бастау мәзірінен Бағдарламалар – Қалыпталған әмірін таңдау, .txt кеңейтімі бар файлды екі рет шерту немесе Бастау мәзірінен Жегу әмірін таңдап, notepad әмірін енгізу

  3. тек қана Бастау– Жегу тармағынан notepad әмірін екі рет шерту

  4. тек қана .txt кеңейтімі бар файл бойынша екі рет шерту

17. Word Pad бағдарламасы ... арналған.

  1. мөлшері онша үлкен емес құжатты әзірлеу және қарап шығу, кеңейтімі .txt мәтіндік құжаттарды пішімдеуге және өңдеуге

  2. .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге

  3. көлемі шектелмеген құжатты әзірлеу және қарап шығу, кеңейтімі .doc мәтіндік құжаттарды, сондай-ақ кеңейтімі .txt Блокнот бағдарламасының құжаттарын пішімдеуге және өңдеуге

  4. кеңейтімі .doc әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге

18. Word Pad бағдарламасын ... іске қосуға болады.

  1. Бастау – Баптау – Басқару үстелі әмірлерін тізбекті түрде орындап

  2. .ppt кеңейтімі бар файлды екі рет шертіп

  3. Бастау – Бағдарламалар – Қалыпталған әмірлерін тізбекті түрде орындап

  4. Бастау –Баптау – Қалыпталған әмірлерін тізбекті түрде орындап

19. Paint сызбалық өңдегішінің көмегімен ... болады.

  1. қарапайым сызбалық кескіндерді әзірлеуге және өңдеуге

  2. мәтіндік ақпараттың түрі мен сызылымын өңдеуге

  3. сызбалық нысандардың жан бітірімін баптауға

  4. графикті, диаграмманы әзірлеуге және өңдеуге

20. Windows Бас мәзірін ... ашу керек.

  1. Менің компьютерім батырмасын басып

  2. Бастау батырмасын басып

  3. Файл батырмасын басып

  4. Power батырмасын басып

21. Windows Бас мәзірінің Бағдарламалар әмірі ... қызметін атқарады.

  1. компьютерге орнатылған бағдарламалар тізімін бейнелеу және оларды іске қосу

  2. компьютерге бағдарламаларды орнату және оларды жою

  3. жақында ашылған құжаттар тізімін бейнелеу

  4. жүйенің баптауы өзгертілуі мүмкін құрамдас бөліктерінің тізімін бейнелеу

22. Windows Бас мәзірінің Құжаттар әмірі ... қызметін атқарады.

  1. компьютерге орнатылған бағдарламалардың тізімін бейнелейді және оларды іске қосу

  2. компьютерге бағдарламаларды орнату және жою

  3. жақында ашылған құжаттардың тізімін бейнелеу

  4. жүйенің баптауы өзгертілуі мүмкін құрамдас бөліктерінің тізімін бейнелеу

23. Windows Бас мәзірінің Баптау әмірі ... қызметін атқарады.

  1. компьютерге орнатылған бағдарламалардың тізімін бейнелеу және оларды Бастау

  2. анықтамалық жүйені шақыру

  3. жақында ашылған құжаттардың тізімін бейнелеу

  4. жүйенің баптауы өзгертілуі мүмкін құрамдас бөліктерінің тізімін бейнелеу

24. Windows-тың Бас мәзірінің Іздеу әмірі ... қызметін атқарады.

  1. компьютерге орнатылған бағдарламалардың тізімін бейнелеу және оларды іске қосу

  2. компьютерге бағдарламаларды орнату және жою

  3. файлдарды, қалталарды немесе пошталық хабарларды іздеуді жүзеге асыру

  4. жүйенің баптауы өзгертілуі мүмкін құрамдас бөліктерінің тізімін бейнелеу

25. Windows-тың Бас мәзірінің Анықтама және қолдау әмірі ... қызметін атқарады.

  1. анықтамалық жүйені шақыру

  2. компьютерге бағдарламаларды орнату және жою

  3. жақында ашылған құжаттардың тізімін бейнелеу

  4. жүйенің баптауы өзгертілуі мүмкін құрамдас бөліктерінің тізімін бейнелеу

26. Windows-тың интерактивті анықтама жүйесіне қалай қатынас құруға болады ?

  1. Бастау – Бас мәзір – Анықтама және қолдау әмірлерін тізбекті түрде орындап

  2. Тапсырмалар үстелі– Анықтама және қолдау әмірлерін тізбекті түрде орындап

  3. Тапсырмалар үстелі – Анықтама және қолдау әмірлерін тізбекті түрде орындап

  4. Бастау – Менің компьютерім – Анықтама және қолдау әмірлерін тізбекті түрде орындап

27. Сіздің компьютеріңізде орнатылған бағдарламаларды қалай қарап шығуға болады?

  1. Менің компьютерім терезесінде Бағдарламаларды орнату және жою белгішесін шертіп

  2. Бас мәзірдің Баптау тармағында Басқару үстелі таңбашасын шертіп

  3. Менің компьютерім терезесінде Жүйе туралы мәліметтерді қарап шығу белгішесін шертіп

  4. Бас мәзірде Құжаттар тармағын ашып

28. “Интерфейс” термині ... деп түсінідіріледі.

  1. пайдаланушымен сұхбатты қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі

  2. мәтіндік өңдегіштің баспа құрылғысымен байланыс

  3. бір қаталогтағы файлдар жиынтығы

  4. сызбалық ақпаратты сақтау құрылғысы

29. Windows-тың көрсетілген қалыпталған бағдарламаларының қайсысы сызбалық кескіндерді әзірлеуге мүмкіндік береді?

  1. Мекен жай кітабы

  2. Блокнот

  3. Word Pad

  4. Paint

30. Іске қосылған Windows бағдарламалары туралы ақпарат жұмыс үстелінің қай жерінде бейнеленеді?

  1. Менің компьютерім терезесінде

  2. Тапсырмалар үстелінде

  3. Бағдарламалар реттегіші терезесінде

  4. Жетектегіш бағдарламасының күй жолында



Модуль 3. Қалталармен және файлдармен тиімді жұмыс істеу. Нысандарды жылжыту және көшіру

1. Файл – бұл ....

a) амалдық жүйе қотарылатын дискідегі жүйелік аймақ

b) дискідегі немесе басқа ақпарат тасымалдаушыдағы атау берілген аймақ

c) пайдаланушы пайдаланбайтын дискінің немесе басқа машиналық тасымалдаушы бөлігі

d) ақпараттың кез келген типі сақталатын дискінің немесе басқа машиналық тасымалдаушы бөлігі
2. Қалта – бұл ….

a) пайдаланушының сызбалық тілдесуіндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған сауыт

b) каталогтар тармағы

c) жойылған файлдар мен қалталарды орналастыруға арналған сауыт

d) файлдар реттегіші
3. Лақап – бұл …

a) файлдардың иерархиялық құрылымын бейнелейтін бағдарлама

b) компьютерде немесе желіде қатынауға болатын кез келген элементке сілтеме

c) Жетектегіш терезесіндегі файлдардың ұсынылу пішімін басқаратын мәзір әмірі

d) бірден бірнеше файлды немесе қалтаны көшіруге мүмкіндік беретін бағдарлама
4. Windows АЖ-сінде файлға қандай атау беруге рұқсат етілген?


  1. нышандар саны шектеусіз кез келген

  2. тек латын әріптерімен ғана берілген кез келген

  3. 255 нышаннан аспайтын кез келген

  4. 255 нышаннан асатын кез келген


5. Файлдар атауының ұзындығы ... бола алады.

а) бос орынды қамти отырып, 1-ден 255 нышанға дейін

b) 2-ден 187 нышанға дейін

d) 3-тен кем емес нышан

д) нышандар саны шектелмеген
6. Қазіргі мезетте пайдаланушы жұмыс істеп отырған каталог ... деп аталады.

a) түпкі


b) ағымдағы

c) негізгі

d) жойылған
7. Жетектегіш ... үшін қызмет етеді.

a) тек қана дискілермен жұмыс істеу және файлдарды жою

b) тек қана файлдар мен қалталардың атауын өзгерту

c) тек қана файлдар мен қалталарды іздеу

d) файлдар мен қалталарды көшіру, жылжыту, қайта атау және іздеу
8. Жетектегіш бағдарламасының сол жақ үстеліндегі қалтаның жанындағы «плюс» таңбасы ... дегенді білдіреді.


  1. қалтада қазіргі сәтте бейне бетте бейнеленбеген ішкі каталогтар бар

  2. қалтада ішкі каталогтор жоқ

  3. қалтада тек қана файлдар бар

  4. қалтада бары Жетектегіш терезесінің оң жақ бөлігінде бейнеленген


9. Қалталар ... арналған.

  1. файлға оңай қатынауды және өзара байланысты файлдарды орналастыруды ұйымдастыруға *

  2. көлемді құжаттарды пішімдеуге және сақтауға

  3. файлдарды жалғастыра жоюға

  4. онша үлкен емес құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, өңдеуге


10. Жаңа қалта жасауды мына әрекеттер көмегімен орындауға болады:

  1. тінтуірдің оң жақ батырмасымен шақырылатын мәтінмәндік мәзір немесе Файл мәзірінің Жаңа тармағы

  2. Ғ7 пернесі

  3. Бастау мәзірінің Жегу тармағы

  4. Бастау мәзірінің Бағдарламалар тармағы


11. Файлдың көшірмесін басқа атпен немесе басқа орында сақтау үшін ... әмірін таңдау керек.

a) ағымдағы бағдарламаның Өңдеу мәзірі – Көшіру

b) ағымдағы бағдарламаның Файл мәзірі – Сақтау

c) ағымдағы бағдарламаның Құралдар мәзірі – Өзауыстыру

d) ағымдағы бағдарламаның Файл мәзірі – Басқаша сақтау
12. Жойылған нысандар уақытша орналастырылатын қалта ... деп аталады.


  1. Портфель

  2. Менің құжаттарым

  3. Себет

  4. Блокнот


13. Жұмыс үстелінен Лақапты жойған кезде ...

a) Сіздің компьютеріңіздің тұрғылықты дискінен белгіше жойылады

b) тұрғылықты дискіден лақап та, оған сәйкес бағдарламалар да, қалталар немесе файлдар да жойылады

c) тұрғылықты дискіден сәйкес бағдарламалардың, қалталардың немесе файлдардың лақабы, сондай-ақ басқа бағдарламалардың бәрі жойылады

d) жұмыс үстелінен тек лақап ғана алынып тасталады
14. Желілік немесе иілгіш дискіден жойылған элементтер Себетке түсе ме?

a) иә


b) тек атауын өзгерткеннен кейін ғана

c) жоқ


d) тек бірден себетке тасығаннан кейін ғана түседі
15. Файлдар мен қалталар себетте қанша уақыт тұра алады?

a) 1 күн


b) бір апта

c) пайдаланушы оларды өзі жойғанша

d) жарты жыл
16. Себеттен қайта қалпына келтірілген файл қайда орналасады?

а) Жұмыс үстелінде

б) Менің құжаттарым қалтасында

в) негізгі каталогта

г) бастапқы тұрған орнына



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет