Ұлыдан тараған ұрпақ тарихы


– Қазір – интернет заманы. Сізді ешқандай әлеуметтік желіден таба алмадық. Қызықпайсыз ба?



бет5/6
Дата08.11.2022
өлшемі305.92 Kb.
#464238
1   2   3   4   5   6
абай ұрпақтары

– Қазір – интернет заманы. Сізді ешқандай әлеуметтік желіден таба алмадық. Қызықпайсыз ба?
– Ешқандай әлеуметтік желі қы­зықтырмайды. Мұның бәрі уақытты ұрлайды. Біздің әулетке, отбасына қатысты дүниелер болса, ақпарат беттерінде жазы­лып жатса, жолдастарымыздан естіп оты­рамыз. Өзімді соншалықты жарна­малағанды ұнатпаймын. Адам құпия болғаны дұрыс.
– Абай ұрпақтарының көбі қуғын-сүргін көрді. Қудаланды, азап шекті. Әулеттің қиын тағдыры сізге де таныс болар. Қым-қиғаш күндер туралы атаңыз жиі айтушы ма еді?
– Мұның бәрі – өткен ғасырдың бас жағында болған дүниелер. Сталиндік саяси қуғын-сүргін біздің әулетті де айналып өтпегені рас. Атамыз Бағыфұр – бұл қиындықты көзбен көрген адам. Саяси тұрғыдан айыпталып, репрессияға ұшырап, сталиндік лагерьде отырған. Менің әкем 1949 жылы дүниеге келген. Сондықтан әкем қиындық көрді деп айта алмаймын. Абай әулетін жарыққа алып шыққан – Мұхтар Әуезов. Біз осы кісіге қатты қарыздармыз. «Абай жолы» романын оқығанымда, біздің әулеттің тағдыры көз алдыма елестейді. Мұхтар Әуезов қарама-қарсы отырып алып, баяндап тұрғандай сезінемін. Абай әулетінің тұрмыс-тір­шілігін, тынысын ерекше сезінген адам. Әкемнің анасы – Мұхтар Әуезовтің немере қарындасы. Сондықтан менің бойымда Әуезовтердің қаны бар десем, артық айт­қандық емес. Атам мал шаруашылығымен айналысты. Әкем ғылымға жақын болды. Ол өзінің балалық шағын, мектептегі қы­зықты сәттерін жиі әңгімелеп айтып отырады.
– Ғазал апа да, Ишан апа да өмірден өтіп кетті. Ол кісілерден ұрпақ қалды ма?
– Өкінішке қарай, ол кісілердің ұрпағы жоқ. Ғазал тәте қазақ әдебиетін, мәдениетін жақсы меңгерген кісі еді. Ең қиыны, Құнанбай әулеті – өсіп-өнген әулет болатын. Сол өсіп-өркендеген әулеттің көп ұрпағының ғұмыры ерте үзілді. Уақыт, заман кінәлі шығар. Еліміз талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешті ғой.
– Өзіңіз орыстілді болсаңыз да, қыздарыңыздың есімін қазақша қойыпсыз. Неге?
– Қыздарымның есімін анасы, яғни жолдасым Наталья қойды. Не себепті олай атағанын Наташа өзі айтсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет