Лимфа жүйесі
Лимфа жүйесі жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі болып келеді. Лимфа жүйесі лимфа тамырлары мен иммундық мүшелерден тұрады. Лимфа деген түссіз, құрамы бойынша плазмаға ұқсас сұйықтық. Бұл сұйықтық мүшелерден, тіндерден организмге бөгде заттарды алып шағады /өлген жасулар, бактериялар, вирустар, зат алмасу заттары, ісік жасушалары және т.б./
Лимфа тамырларының түрлері: лимфокапиллярлары, посткапиллярлар, тамырлар, бағандар және өзектер
Лимфа жүйесінің бастапқы бөлігі ол лимфа капиллярлары. Лимфа капиллярлары бас ми, жұлын, ішкі құлақ, көз алмасы, терінің эпителий қабатында, мүшелердің шырышты қабатында, шеміршекті тінде, көкбауырда, сүйек кемігінде және бала жолдасында болмайды.
Лимфа капиллярлары бір ұшы тұйық болып басталады, диаметры 20-200 мкм, олар қан қапиллярларынан кең болады. Организмнің мүшелереінде көптеген лимфа торларын құрайды.
Лимфа капиллярлары посткапиллярларға ауысады. Посткапиллярлардан бастап барлық тамырларда қақпашықтар болады, олар лимфа кері ағуынан сақтап тұрады.
Посткапиллярлар лимфа тамырларына айналады, олар мүшеішілік және мүшесыртылық болады.
Лимфа тамырлары лимфа бағандарына жинақталады. Ал бағандар кеуде лимфа өзегі мен оң лимфа өзегіне лимфаны құйяды. Лимфа өзектері ең ірі лимфа тамырлары болып келеді.
Адамның екі аяғының және жамбас астауының лимфасы оң және сол бел лимфа бағандарына құйылады, құрсақ қуысының лимфасы екі-үш ішек бағандарына құйылады. Сонымен, бел және ішек бағандары лимфаны кеуде лимфа өзегіне құйяды.
Кеуде өзегі бел және ішек бағандардың қосылуынан 1-2 бел омыртқаларының тұсында пайда болады. Оның ұзындағы 20-40 см. Кеуде өзегінің басталар жерінде кенейген цистернасы бар. Өзек жоғары бағытталып, қолқа тесігінен көкеттен өтіп, кеуде қуысына барады. 5-3 кеуде омыртқаларының тұсында солға қарай бұрылып, сол веноздық бұрышқа жалғанады. Бұрыштың тұсында кеуде өзегіне тағы үш баған жалғанады – сол мойынтұрық, сол бұғанаасты, сол бронхыкөкірекаралық бағандар. Олар лимфаны баспен мойынның, кеуде қуысының сол бөлігінен, сол қолдан жинайды.
Сонымен, кеуде өзегіне адам организмінің екі аяғының, құрсақ қуысының толығымен, кеуденің қуысының сол бөлігінен, бас пен мойынның сол бөлінен лимфа құйылады.
Оң қолдың, кеуде қуысының оң бөлігінің, бас пен мойынның оң бөлігінің лимфасы оң мойынтұрық, оң бұғанаасты, оң бронхыкөкірекаралық бағандарына құйылады. Бұл бағандар бірігіп, оң лимфа өзегін құрайды. Оң өзек оң веноздық бұрышқа жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: |