Линукс операциялық жүйесі (Linux OS)
Сіз компьютер вирустарынан нұқсан көріп шаршадыңыз ба, Сіздің компьютеріңіз жиі-жиі істен шығып қалама? Сіз компьютерлік программаларға жұмсалатын қаржыны қысқартқыңыз келеме? Сіздің компьютеріңіздің сенімді жұмыс істегенін, вирустарды ұмытқыңыз келсе, онда Linux операциялық жүйесіне назар аударыңыздар.
Әр түрлі деректер:
-
Қытай Халық Республикасы барлық мемлекет құзырындағы компьютерлерді Linux жүйесіне көшірді (Red Flag Linux)
-
IBM фирмасы өзінің кеңселеріндегі компьютерлерін Linux жүйесіне өткізу үшін жылына миллиардтаған доллар жұмсайды
-
Intel фирмасы Linux ядросының жетілдіру тобымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
-
“Титаник” фильмінің арнайы әсерлері Linux жүйесі негізінде таспаға түсірілген
-
Сингапурдың Қорғаныс Министрлігіндегі компьютерлері Linux жүйесіне көшірілген
-
Бразилия Білім Министрлігі Linux жүйесіне өтуді қарастырып жатыр
-
Германияның Ұлттық Темір Жол компаниясы өзінің компьютерлерін Linux жүйесіне өткізді
-
“DreamWorks” киностудиясы өзінің Linux жүйесі басқаратын 1000-процессорлық компьютер-кластерінде “Шрек-2” және ”Су асты ағайындар” фильмдерін таспаға алған
-
Оңтүстік Корея мемлекеті мектептердегі компьютерлерді Linux жүйесіне өткізетін шешім қабылдады
-
және тағы басқа жаңалықтар …. Интернет желісінен алынған деректер./2/
Соңғы жылдары дүние жүзінде төңкеріс жасаған жаңалық, Linux операциялық жүйесі. Бұл жүйенің пайда болуы, оған қандай себептер болды, бұл жүйенің қандай артықшылығы, кемшілігі бар соған назар аударып, сараптама жасайық. Толық мәтінді мына файлды алып танысуға болады
ӘЛЕМДЕ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР
Алып жемістер
Үйреншікті ұғымымызда жерден өсетін көкөніс-жеміс біткеннің ең үлкені деп қауын-қарбызды ойлаймыз. Негізінде салмағы мен көлемі жағынан үлкен жеміс – Сейшель аралында өсетін пальманың жаңғағы екен. Оның диаметрі жарты метрге жетіп, 25 кг-ға дейін салмақ қосады. Бір пальма осындай отыз жемістен бере алады. Олардың қабығы өте қатты болады және баяу жетіледі. Гүлденгеннен кейін төртінші жылы ғана көлемі өсіп, пісуіне тағы екі жыл керек екен. Нанағаш боп аталатын ағаштың жемісі сол ағаштың тура діңгегіне бітеді. Оның 40 кг-ға жететін салмағын ешбір бұта көтеріп тұра алмас еді. Олар көлемі жағынан да Сейшель жаңғағынан ірі. Ұзындығы 90 см, ені 50 см-ге жуық. Нанаағашының жемісінен жергілікті тұрғындар қамыр илеп нан пісіреді.
Дегенмен, ең ірі жемістер ағаш басында емес жерде өседі деген пікір дұрыс. Көкөністің ішіндегі ең ірісі – асқабақ. 1970-жылы Англияда салмағы центнерге жуық 92 кг 750 гр. Асқабақ өсіріліп, көрмеде көрсетіліпті.
Көп сүт беретін ағаш
Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды, қазақшаға аударғанда «емшек» дегенді білдіреді екен. Сол сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт алуға болады екен.
Ең ұзақ есім
Бұл дүниеде есімнің ұзындығы жөнінен үнділік Брахматмамен таласа қояр пенде табыла қояр ма екен. Оның атының ұзындығы сондай, есте сақтау мүмкін емес. Есімді айту үшін кемінде 10 минут керек. Ол 1478 әріптен тұрады, иесі өзіне өзі қойып алған ат тарихи орындардың, атақты адамдардың, тағы басқа нәрселердің атауларынан біріктіріліп құрастырылған екен. Брахматманың бұрынғы аты да тілге оңай емес екен: Хумананоджасваматашетаргандас.
Адамның асқазанынан шыққан заттар
Асқазаннан шыққан әр түрлі заттардың көптігі жөнінен әлемдік рекорд 1960 жылы АҚШ-та жасалған көрінеді. Сол жолы бір емделушінің асқазанынан 258 ұсақ-түйек затттар шығыпты, соның ішінде: 88 монет, тырнақ қырнайтын 39 егеу, 26 кілт және үш таспиыққа жетерлік ұсақ моншақтар шыққан екен.
Алып ара
Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы табылды. Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның ұзындығы 5 см. Бір қызығы ол термиттермен бейбіт қатар өмір сүретін көрінеді.
Адам денесі туралы таңғажайып фактілер
Бұлшық ет және қозғалыс туралы таңғажайып фактілер
Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейінгі мөлшерді құрайды.
Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.
Ең үлкен бұлшық ет – бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.
Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1» санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.
Есінеу туралы
Адам біршама уақыт тыныштықта болса және үстіртін ғана тыныс алған болса, организмге көбірек оттегі қажет болатындықтан, есіней бастайды. Есінеу қосымша терең тыныс алуды тудырады.
Есінеу кезінде миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еттері қимылдап, адамды сергітеді.
Кей адамдар есінеген кезде ауыздарын өте үлкен ашады, сондықтан қатты есінегенде олардың жақтары жылжиды да, ауыздарын жаба алмай қалады.
Өкпе және тыныс алу туралы таңғажайып фактілер
Біз демалғанда немесе ұйықтағанда, тек 3-4 секундта бір рет тыныс аламыз.
Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір ретке дейін жиілейді.
Терең тыныстағанда өкпеге 2-3 литр ауа барады.
Қалыпты тыныс алғанда бір минут ішінде өкпе 10 литрдей ауаны, ал қатты тыныс алғанда 150 литрден астам ауаны айдайды.
Демді сыртқа қаншалықты мөлшерде шығарғанымызға қарамастан, өкпемізде жарты литрдей ауа қалады.
Тыныс алуды тежеп ұстағаннан кейін, адамның терең тыныс алуына оттегінің жетіспеушілігі емес, қанда еріген көмірқышқыл газының жетіспеушілігі мәжбұр етеді.
Сезімдер жайлы тамаша мәліметтер
Тілдің дәм сезу бүртіктері негізгі төрт дәм – тәтті, тұзды, қышқыл және ащыны ғана ажыратады.
Керісінше, мұрын 10 000-нан астам алуан түрлі иісті ажыратады.
Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда, мұрын да ауыздың артқы жағынан мұрын қуысына келген иісті сезеді.
Біздің тамақтың дәмді дейтініміз – тек дәмдер ғана емес, түрлі иістерді сезіну.
Ми туралы таңғажайып мәліметтер
Кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бөліктерін нашар көрсетеді, сондықтан одан мидың бөліктерін көре алмайсың.
Рентгенге түсірілген суреттен көрінетін зат рентгендік-контрастілік бояғыш деп аталады; оны қан тамырларының ішін және мидың айналасындағысын көру үшін қанға енгізуге болады. Осындай жолмен миға қан құйылу (инсульт) кезінде болатын қан тамырларының бітелуін табуға болады.
Компьютерлік томографтар және магниттік-резонанстық сканерлер (129-бетті қараңыз) ми қарыншалары деп аталатын сұйықтыққа толы қуыстарды да көрсете отырып, мидың көрінісін дәл нақтылықпен береді.
Позитрондық эмиссиондық томограф мидың түрлі бөліктері қуатты қалай тез қолданатынын, осылайша көп «ойлайтынын» көрсетеді.
Әрекетшіл ми туралы таңғажайып фактілер
Орташа алғанда ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы жағын алып жатады.
Ерлердің миы әйелдерге қарағанда көбірек, өйткені ерлер әйелдерден ірілеу болып келеді.
Дегенмен дене мөлшерімен салыстырғанда, әйелдің миы ерлерге қарағанда сәл артығырақ.
Бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша – ми қабықтары қоршаған. Олар жұлын сұйықтығын қамтиды. Ми өзін соққылар мен шайқалудан сақтайтын осы сұйықтықта қалқып жүреді.
Тері, шаш және тырнақ
Әдетте бастағы шаш аптасына 3,5 мм-ге ұзарады.
Орта есеппен алғанда, адамның басында 100 000-нан 120 000-ға дейін шаш болады.
Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін өзге де түктер болады.
Әрбір кірпік 1-2 ай ғана өмір сүреді де, түсіп қалады, сонан кейін ол фолликулдан жаңа кірпік өсіп шығады.
Әдетте тырнақ аптасына 2,5 мм-ге өседі.
Көбірек қимылдайтын қолдың тырнақтары жылдамырақ өседі. Егер сіз солақай болсаңыз, сол қолыңыздың тырнақтары оң қолдікіне қарағанда тез өседі.
Тырнақтар қыс мезгіліне қарағанда, жазда тез өседі.
Қолдың тырнақтары аяқтың тырнақтарынан жылдам өседі.
Сүйектер туралы таңғажайып фактілер
Біздің денеміздің көп бөліктерінің үштен бірі судан тұрады, ал сүйектер тек бестен бір бөлігін ғана құрайды.
Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14-і бет және 8-і бас ми сүйегі.
Ең ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек.
Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің төрттен бір бөлігін құрайтын сан сүйегі.
Ең жалпақ сүйек – жамбас сүйек.
Көптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар, тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады.
(ғаламтордан алынған мәліметтер)
Достарыңызбен бөлісу: |