Қазақстан Республикасының индустрия және
жаңа технологиялар Министрінің бұйрығымен
Бекітілген
"___"_________2012 жылдан №___
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАСПАҒА ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА УАҚЫТ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
3 Бөлім. Барлау бұрғылауы
1. Жалпы бөлім
1. Осы барлау бұрғылауын жүргізуге уақыт мөлшерлемелері (әрі – қарай – уақыт мөлшерлемелері) Қазақстан Республикасында жер қойнауларын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында геологиялық зерттеу жұмыстарын орындайтын орындаушылардың уақыт мөлшерлемелерінен және еңбек шығындарынан тұрады. Осы уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары республикалық бюджет есебінен орындалатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабтарының геологиялық таспаға түсіру жұмыстары объектілерінің кешенінде жұмыстардың сметалық құнын анықтау үшін пайдаланылатын бірлік және кешенді бағалауларды анықтау үшін тағайындалған.
2. Мөлшерлеме көрсеткіштерін жобалағанда келесі деректер және материалдар пайдаланылған:
бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде жеке операцияларды орындау хронометраждының деректері;
бұрғылау жұмыстарын өндіру бойынша, олардың ұйымдастырушылық және технологиялық байланыстарын ескере отырып қолданыстағы ережелер және әдістемелік нұсқаулар;
сала ұйымдастыруларында зерттеудің нақы және статистикалық деректері;
геологиялық барлау жұмыстарына сметалық мөлшерлемелер жинағы (СМЖ), ол минералды шикізат және геологиялық барлау жұмыстары экономикасы БКҒЗИ жобаланған (МШЭБКИ, 1992 ж.), 5 шығарылым – Барлау бұрғылауы.
Соның негізінде Қазақстан Республикасының геологиялық қызметінің қолданыстағы мөлшерлемелері – "Уақытша жобалық – сметалық мөлшерлемелер (УЖСМ) «Барлау бұрғылауы» жобаланған, ол геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің 31.01.2002 жылдан № 27- Б бұйрықпен бекітілген және Қазақстан Республикасының геология және минералды ресурстар Ақпараттық – сараптама орталығының Ақпараттық – құқықтық бюллетенінде (әрі қарай АҚБ) басылып шығарылған;
минералды шикізат және геологиялық барлау жұмыстары экономикасы БКҒЗИ жобаланған (МШЭБКИ, 1988 ж.) пневмосоққылы мәшинелерді пайдаланумен барлау ұңғымаларын бұрғылауға салалы мөлшерлемелер және уақыт мөлшерлемелері.
Торфты барлау жұмыстарына ірілендірілген сметалық мөлшерлемелер жинағы (ІСМЖ), 4 бөлім.
Геологиялық барлау жұмыстары кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптары, 24.04.2009 жылдың №86 және 21.10.2009 жылдың № 244 ТЖМ бұйрықтарымен бекітілген.
3. Уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары келесі бұрғылау жұмыстарының түрлеріне жобаланған:
айналмалы механикалық бұрғытәж және кернсіз амалдармен, жылжымалы және өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен жер бетінен және жерасты тау қазбаларынан;
ССК және КССК түріндегі алынып – салынбалы керн қабылдағышымен техникалық амалдар кешенімен;
керннің гидрокөлігімен техникалық амалдар кешенімен;
сынамаларды міндетті алумен шнектерді пайдаланумен;
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін кернсіз;
шашылымды кен орындарын барлағанда соққылы – арқанды білтектермен, сонымен бірге шашылымды кен орындарды қоспағанда барлық кен орындарын;
пневмосоққылы мәшинелерді пайдаланумен бұрғытәж және кернсіз амалдармен;
қолмен ұңғымаларды бұрғылау;
сонымен бірге:
ұңғымаларды бұрғылаумен қатар жүретін қосымша жұмыстарға;
бұрғылау қондырғыларын жинау және бөлшектеу және оларды жаңа нүктеге орын ауыстыру;
қыс мезгіліндегі жағдайларда жұмыстардың қымбаттауы.
4. Бұрғылауға және жұмыстың өзге түрлеріне мөлшерлемелер жеке бөлімдермен ұсынылған. Әр бөлім уақыт мөлшерлемелерінен, оларға арналған түзету коэффициенттерінен, еңбек шығындарының мөлшерлемелерінен тұрады.
5. Дала жұмыстарын жүргізуге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде 40 сағаттық алты күндік жұмыс аптасы қабылданған. Абсолют биіктіктері 2300 м асатын таулы аймақтарда жұмыстарды өндіргенде уақыт мөлшерлемелерін 36 – сағаттық алты күндік жұмыс аптасына қайта есептеген жағдайда кестелерде келтірілген уақыт мөлшерлемелері 1,11 коэффициентіне көбейтіледі.
6. Жұмыс құрамында негізгі жұмыс процестерінің кешені көрсетілген, ол операциялардың түрлік тізілімін көрсетеді, ол нақты шарттарда мөлшерлемелерді түзетпей өзгеріп отыруы мүмкін.
Түрлік құрамда келесілер ескерілген: кезеңді қабылдау және тапсыру, ай сайынғы техникалық қызмет көрсету және №1 (ЗЖКТҚҚ бойынша) техникалық қызмет көрсету – жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу жүйесі, ДВС қызмет көрсету, жұмысшыларды ережелермен таныстыру, жұмыс орындалуының техникалық бақылауы және қадағалануы.
7. Бұрғылау жұмыстарына қызмет көрсетуге ИТҚ сандық және біліктілік құрамы инженерлі – техникалық қызметкерлердің (участке басшысы, бұрғылау жұмыстары бойынша инженер, инженер – механик (энергетик), бұрғылау шебері, техник – механик) лауазымдары бойынша геологиялық ұйымдардың түрлік құрамына сәйкес қабылданған.
Бұрғылау блигадасы кезеңінің сандық құрамы бұрғылау жұмыстарының түрлері бойынша УМБ сәйкес қабылданған, мамандықтар атауы және жұмыс разрядтары «Бірлік жұмыстар мен жұмысшылар мамандықтарының тарифті – топтастыру анықтамасына» сәйкес қабылданған.
Еңбек шығындары бұрғылаудың 1 белтек – кезеңіне адам – күнде келтірілген, олар бұрғылау қондырғысының түріне, оның жетегіне, бұрғылау тереңдігіне, ұңғыма диаметріне, бұрғылау қондырғысының орнату тәрітібіне, бұрғылау түріне тәуелді келтіріледі.
8. Ұңғымалар құжаттамалары бойынша геологиялық қызметкерлердің еңбек шығындары бұрғылау мөлшерлемелерінде ескерілген:
керн гидрокөлігімен кешендерді пайдаланумен;
сынамаларды алумен шнектерді пайдаланумен;
шашырамды кен орындарын барлағанда соққылы – арқанды білтектермен.
Қалған жағдайларда ұңғымалардың құжаттамалары бойынша геологиялық қызметкерлердің шығындары 5 бөлімде келтірілген мөлшерлемелер бойынша анықталады.
9. ИТҚ еңбек шығындарында геологиялық партия басшылары (үлестік қатысуы) ескерілген.
10. Мөлшерлемелермен орындаушылардың тек жұмыс орны шеңберінде орын ауыстыруы ескерілген. Бір жұмыс орнынан келесі жұмыс орнына орындаушылардың орын ауыстыруы, жалпы сипаттағы дала жұмыстарын өткізгенде жұмыс орнына жақындау немесе көлікпен жақындау және жұмысты орындап болғаннан кейін шоғырлану орнына қайтып оралумен байланысты қозғалыстар жеке мөлшерленеді.
2. Еңбекті ұйымдастыру
11. Уақыт мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалануды негіз етіп жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процесстер кешенін ескереді.
12. Бұрғылауға және жұмыстың өзге түрлеріне мөлшерлемелер келесідей анықталған:
ұңғыманың 1 м (физикалық өлшеуіш) – уақыт мөлшерлемелері;
1 білтек – кезеңге (есептік өлшеуіш) – еңбек, көлік шығындарының мөлшерлемелері.
4 бөлімде көмекші жұмыстарды орындауға тек уақыт мөлшерлемелері ғана келтірілген. Қалған мөлшерлемелер 3 бөлім мөлшерлемелері бойынша қабылданады.
Құрастыру – бөлшектеу жұмыстарын жүргізуге мөлшерлемелер 1 км орын ауыстыруды ескере отырып бұрғылау қондырғысының 1 құрастыру, бөлшектеу жұмысына келтірілген.
Мөлшерлемелердегі есепті қашықтықтан асатын қашықтыққа бұрғылау қондырғысының орнын ауыстырғанда уақыт мөлшерлемелері жолдың 1 км келтірілген.
13. Тұрақты және жылжымалы бұрғылау қондырғыларымен жер бетінде және жерасты тау қазбаларында бұрғылауға уақыт мөлшерлемелері тәулік бойындағы жұмыс тәртібі есебінен анықталған, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен бір, екі және үш кезеңде жұмыс жасау алдын – ала көзделген.
14. Мөлшерлемелер келесі мөлшерлемеленген ұйымдастырушылық – техникалық және технологиялық шарттарды есепке алып жобаланған:
мөлшерлемелер стандартты бұрғылау қондырғысының бұрғылау қатары үшін есептелген. Номиналды тереңдік бойынша ұңғыма топтары бұрғылау қондырғыларының белгілі стандартты санаттарына сәйкес қабылданған. Бұрғылаудың қабылданған диаметрлері жынысты бұзатын құрал стандарттарына сәйкес келеді;
бұрғылау қондырғысы сәйкес біліктіліктері бар қажетті жұмысшылар құрамымен жабдықталған;
бұрғылау бригадасы қолданыстағы мөлшерлемелермен және ережелермен сәйкес қажетті қондырғылармен, бұйымдармен және құралдармен, бақылау - өлшеуіш аппаратурамен, көлік амалдарымен, материалдармен, қорғаныс амалдарымен қамтамасыз етілген;
нақты геологиялық – техникалық және ұйымдастырушылық шарттар үшін бұрғылаудың тиімді технологиясы пайдаланылады;
жұмыс жұмыс уақытының қабылданған жылдық қорына сәйкес өткізіледі, ол бұрғылау қондырғысының жұмыс жасау тәртібінен есептелген.
15. Жеке жұмыс түрлеріне жататын жұмыс жүргізудің мөлшерленген шарттары сәйкес бөлімдерде келтірілген.
16. Бұрғылаудың барлық түрлерінде ұңғымаларды материалдармен және сумен жабдықтау үшін автокөлік алдын – ала көзделген, автокөлікті және тракторлы – құрастыру – бөлшектеу жұмыстарын жүргізу.
Өндірістік көліктің шығын мөлшерлемелері оның өлшемдеріне тәуелсіз участке ішінде бұрғылау жұмыстарына технологиялық қызмет көрсетуді ескереді.
Бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу кезінде өндірістік көліктің шығын мөлшерлемелері олардың 1 км қашықтыққа орын ауыстыруын ескереді. Мөлшерлемелерде есептелгеннен алшақ қашықтыққа орын ауыстырғанда әр келесі км орын ауыстыру бойынша көлік алдын – ала көзделген.
Абсолют биіктігі 1500 км асатын таулы аймақтарда бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде уақыт мөлшерлемелеріне келесі түзету коэффициенттері қолданылады, олар абсолют биіктіктерде жұмыс жасағанда өндіргішіктің төмендеуін ескереді:
1501 – 2000 м – 1,05
2001 – 3000 м – 1,10
3001 – 3500 м – 1,18
3501 – 4000 м – 1,25
4001 – 4500 м – 1,33
4500 м – 1,45 аса
17. Жыныстарды бұзатын құрал, бұрғылау, бұрғытәж құбырларының, шаю сұйықтықтары (бұрғылау жыныстарының беріктігі мен күйіне тәуелді) шығындарының уақыт мөлшерлемелерін жобалау негізіне дәрежелер бойынша түрлі жыныстар өкілдерін үлестіру жатыр. Тау жыныстарының топтастырылуы айналмалы механикалық бұрғылауға – 1 Қосымшада, шнектерді пайдаланумен бұрғылауға – 5 Қосымшада, шашыранды кен орындарын барлау бұрғылауына – 7 Қосымшада, барлық кен орындарды барлағанда соққылы – арқанда бұрғылауға (шашыранды кен орындарын қоспағанда) – 7 Қосымшада, пневамосоққылы мәшинелерді пайдаланып бұрғылауға – 8 Қосымшада келтірілген.
18. Мазмұнда атап өтілмеген жұмыстар элементтері, бірақ олардың ажырамас бөлігі болып табылатындар ерекше төлемге жатпайды.
19. Алмазды жыныс бұзатын құралдың шығын мөлшерлемелерін жобалау негізіне, алынып – салынбалы керн қабылдағыштары бар снарядтарды пайдаланып бұрғылауына уақыт мөлшерлемелеріне жарықтылығы бойынша (5 кесте, 1 қосымша) тау жыныстарының топтастырылуы жатқызылған.
20. «Тозу» бабы бойынша негізгі шығындар бұрғылау құбырлары және олардың жалғасы элементтері шығындарының мөлшерлемелерінен, бұрғылау, көмекші құралдардың тозу мөлшерлемелерінен және аз құнды заттар мөлшерлемелерінен, топтамадағы сан мөлшерден және аталған заттардың бастапқы құнынан анықталады.
21. «Амортизация» бабы бойынша негізгі шығындар келесілердің негізінде анықталады:
бұрғылау құрылғысының тізімі;
қор үшін нормативті коэффициенті;
негізгі қорларды толық қалпына келтіруге қолданыстағы амортизациялық салымдардың мөлшерлемелері;
әр бөлімнің мәтінінде келтірілген жұмыс уақытының жылдық қоры.
22. «Қызметтер» бабы бойынша негізгі шығындар келесілерден тұрады:
№ 2 және 3 техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және геологиялық барлау жұмыстарын өндіргенде (ЗЖКТҚҚ ережелеріне сәйкес) қолданылатын құрылғылардың, құралдардың, жабдықтардың ағымдағы жөндеулеріне шығындар;
жабдықтардың толық жөндеу жұмыстарын өткізуге шығындар,
участке өлшемдеріне тәуелсіз, участке ішінде геологиялық барлау жұмыстарына қызмет көрсетумен айналысатын өндірістік көліктер шығындары.
Бұрғылау қондырғысына техникалық қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеу жұмыстарына негізгі шығындар оның баланстық құнынан, жұмыс уақытының жылдық қорынан және ағымдағы жөндеу жұмыстарына және техникалық қызмет көрсетуге нормативті шығындар коэффициентінен анықталады.
Дәл солай толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге негізгі шығындар анықталады, оларды есептеу үшін толық жөндеу жұмыстарына нормативті шығындар коэффициенттері пайдаланылады.
№2 және 3 техникалық қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сонымен қатар толық жөндеу жұмыстарына нормативті шығындар коэффициенттері кәсіпорынмен орнатылады.
Өндірістік көлік бойынша негізгі шығындар дербес бөлімдерде келтірілген көлік шығындарының мөлшерлемелерінен және көлік амалдарының 1 мәшине – кезең құнынан анықталады. Пайдаланылатын көлік амалдарының сипаттамалары (жүк көтергіштігі, бір кезеңде жүріп өту мөлшері, жалпы тағайындалуы бар көлік немесе жоғары өту қабілеттілігі бар көлік, пайдалану шарттарының дәрежелері – жол шарттары) жобамен дәлелденеді.
23. Көмекші жұмыстар бұрғылау үшін пайдаланылатын техникалық амалдарды пайдаланумен бұрғылау бригадасының күштерімен, қажет болған жағдайларда қосымша еңбек және материалды қорларды жұмылдырумен орындалады.
24. Бұрғылаумен қатар жүретін көмекші жұмыстар бойынша негізгі шығындар 4 бөлімде келтірілген уақыт мөлшерлемелерінен және 3 бөлім мөлшерлемелері бойынша есептелген бұрғылаудың 1 білтек – кезеңіне негізгі шығындар мөлшерлемелерінен анықталады.
25. Жасанды майыстыру, ұңғыманы өңдеу, цементті көпірді қайта бұрғылау, ұңғыма аузын кеңейту секілді жұмыстарды орындаған кезде 24 т. алдын – ала көзделген шығындарға жыныстарды бұзатын құралға, шаю сұйықтығына, бұрғылау құбырларына және оларды жалғаушы элементтерге шығындар қосылады.
26. Тығын орнату, тіреу құбырларын цементтеу, цементті көпірді қою, сазбен, цементпен, БСС тығындау, ұңғыманы нығайту, сүзгіштерді орнату секілді жұмыстарды орындағанда 24 т. сәйкес анықталған негізгі шығындарға қосымша материалдар бойынша (цемент, саз, қопарғыш материалдар, тығындауыш қоспалар, тірек құбырлары, тығын және т.б.) шығындар қосылады, олардың шығындары жобамен дәлелденеді.
27. Бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге және орын ауыстыруға негізгі шығындар 5 бөлімде келтірілген уақыт мөлшерлемелеріне және 3 бөлімдегі мөлшерлемелер бойынша есептелген бұрғылауға 1 білтек – кезеде негізгі шығындар мөлшерлемелерімен анықталады, оның ішіне өндірістік көлік бойынша шығындар кірмейді.
28. Қосымша, 3 бөлім мөлшерлемелері бойынша материалдар, ағаш материалдары және көлік бойынша шығындар анықталады. Көлік бойынша шығындар «Қызметтер» бабына кіреді.
29. Дәл осылайша мөлшерлемелерде алдын – ала ескерілген қашықтықтан асатын қашықтыққа бұрғылау қондырғыларының орын ауыстыруы бойынша негізігі шығындар есептеледі.
30. Қыс мезгіліндегі жағдайларда жұмыс өндірісі кезінде бұрғылау жұмыстары өндірісінің күнтізбелік кестесінен қыс мезгілінде орындалатын білтек – кезең саны және 10 Қосымшада келтірілген жылыту аралығының ұзақтылығы қосымша анықталады.
31. Мөлшерлемелер жоқ жұмыс түрлері бойынша немесе шығыста мөлшерлемелері бар, бірақ жұмыстар анықтамада қабылданған айрықша болатын және құрал мен жабдық тозуының жоғары қызмет көрсетілуі немесе қосымша жұмыс құрамын және материалдық шығын амалдарын талап етеін геологиялық – техникалық және ұйымдастырушылық шарттарда орындалатын жұмыс түрлері бойынша сметалық құн сметалық – қаржылық есебі бойынша анықталады. Осындай жұмыстарға және шарттарға келесілер жатады:
VIII дәрежеден жоғары жыныстарда, диаметрі 93 мм асатын қатты құймалы бұрғытәжі бар құрылыс материалдарын барлағанда және іздегенде айналмалы әдіспен бұрғылау;
орташа диаметрі 350 мм асатын айналмалы әдіспен ұңғымаларды бұрғылау;
диаметрі 478 мм асатын ұңғымаларды соққылы – арқанды бұрғылау;
қысылған ауамен үрлеумен ұңғымаларды бұрғылау;
ыстық суларға және буға ұңғымаларды бұрғылау;
ыңғымаларда жару жұмыстарын өндіру;
суда бұрғылау жұмыстары құрастырылатын негіздер мен платформалар бастамасынан бұрғылау;
жоғары іргетастарда мұнаралар құрылысы, сұйық, газ тәрізді және өзге пайдалы қазбаларға ұңғымаларды бұрғылағанда шығарындыларға қарсы аппаратураларды орнату және солармен қатар жүретін барлық ілеспе жұмыстар;
сұйық, газ тәрізді пайдалы қазбаларға барлау жасағанда, сонымен қатар инженерлі – геологиялық зерттеу жұмыстары үшін шаюсыз ұңғымаларды өткен кезде ұңғымаларға әр түрлі сынақтар мен зерттеулер (гидрогеологиялық, геофизикалық және т.б.) жүргізу;
пайдалануға немесе тұрақты бақылауларды жүргізу үшін берілетін гидрогеологиялық барлау және іздеу ұңғымаларын жабдықтау (ұңғымаларды кеңейту, сүзгіштерді орнату, су көтергіш құрылғыларын орнату және т.б.);
қолданыстағы тау қазбалары аймақтарында бұрғылағанда және өзге қажетті жағдайларда ұңғымаларды тарату тығындау;
батпақталған жерлерде, күрт қиылысқан жер бедерлерінде, таулы жерлерде жұмыс участкесіне дейін партия, экспедиция шоғырланған жерден жүктерді жеткізу;
бұрғылау бригадасыз өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларын өз жүрісімен бір участкеден екінші участкеге айдау, бұрғылау қондырғысы құрастырылған, автокөліктің мәшине – кезең құнынан және айдауға уақыт шығындары алынады;
күрт бөлшектелген таулы жер бедерлері бар жағдайларда толық бөлшектеумен және тасымалдаумен бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу.
32. Мөлшерлемелер анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалануды негіз етіп жобаланған және бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде қажетті өндірістік процесстер кешенін ескереді.
Жұмыс құрамы уақыт мөлшерлемелері (жасап өтулер) кестелерінің алдында келтірілген.
33. Мөлшерлемелермен арнайы киімдердің, арнайы аяқ – киімдердің және сақтандыру амалдарының тозуы бойынша шығындары ескерілмеген, олар қызметкерлерге қоланыстағы ережелерге сәйкес беріледі. Олар сметалық – қаржылық есептен жеткізуші бағасы бойынша құннан (көліктік – дайындау шығындарды қосумен) кәсіпорында қолданыстағы тегін арнайы киім, арнайы аяқ – киім және қорғаныс амалдарын беру мөлшерлемелерінен алынады және «Тозу» бабы бойынша негізгі шығындарға қосылады.
3. Айналмалы механикалық бұрғылау
34. Осы бөлімде жер бетінен бұрғытәж және кернсіз амалмен тұрақты, жылжымалы және өздігінен жүретін айналмасы бар шпиндельді немесе роторлы түрдегі бұрғылау қондырғыларымен айналмалы механикалық әдіспен ұңғымаларды бұрғылауға мөлшерлемелер келтірілген, онда ССК және КССК түрлеріндегі алынып – салынбалы керн қабылдаулары бар снарядтар қабылданады, алмазды, қатты құймалы бұрғытәждар және әр түрлі түр өлшемдегі қашаулар пайдаланылады.
35. Уақыт мөлшерлемелері жыныс бұзғыш құралдың диаметрі бойынша дифференциалданған: бұрғытәж бұрғылауында 59 – дан 151 мм – ге дейін; кернсіз бұрғылауда – 59 – дан 346 мм – ге дейін және бұрғылау қондырғысының санаттары бойынша.
Еңбек шығындарының, көліктің, материалдық шығындардың жеке түрлерінің мөлшерлемелері жыныс бұзғыш құралдың диаметрі бойынша орташа етіп алынған және бұрғылаудың келесі градация диаметрлері үшін берілген: айналмалы бұрғытәж үшін – 132 мм – ге дейін; кернсіз үшін – 132 мм – ге дейін; 144 – тен 250 мм – ге дейін; 251 – ден 350 мм – ге дейін.
36. Бұрғылау қондырғының санатына қатысты номиналды тереңдік бойынша ұңғымалар тобы анықталған. Топтар бойынша ұңғымаларды үлестіру 1 кестеде (1 Қосымша) келтірілген.
37. 1 кесте (1 Қосымша) көрсеткіштеріне сәйкес ұңғымалардың әр тобы бойынша олардың орташа тереңдігі анықталады. Орташа тереңдікке уақыт мөлшерлемесі 0 - 25 аралығына 37,5 м дейінгі тереңдігі бар ұңғымалар жатады, 0-100 дейінгі аралыққа – 37,6 – дан 149 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымалар жатады; 0 – 200 аралыққа тереңдігі 150 – ден 249 м дейінгі ұңғымалар жатады және т.с.с.
38. Бұрғылау бойынша жұмыстар кешеніне кірмеген жұмыстарға (тірек құбырларымен бекіту, ұңғымаларды тығындау және ұңғымаларда арнайы зерттеу жұмыстары) уақыт шығындары 4 бөлімде «Ұңғымаларды бұрғылаумен іргелес жүретін көмекші жұмыстар» келтірілген мөлшерлемелер бойынша анықталады.
39. Жасанды бағытталған және көп оқпанды ұңғымаларды бұрғылағанда айналмалы механикалық бұрғылаудың уақыт мөлшерлемелеріне 2 кестедегі (1 Қосымша) «е», «ж» тт. түзету коэффициенттері қолданылады.
40. Көп оқпанды ұңғымаларды бұрғылаудың сметалық құны, соның ішінде бұрғылаумен іргелес жүретін көмекші жұмыстарды қоса, олар негізгі оқпанда жүргізіледі, анағұрлым терең ұңғыманың оқпаны үшін орнатылған мөлшерлемелер бойынша анықталады.
41. Айналмалы механикалық бұрғылауға уақыт мөлшерлемелерімен ескерілген бұрғылаудың ұйымдастырушылық – техникалық және технологиялық шарттары:
ұңғыманың орташа диаметрі 132 мм дейін болғанда ұңғыманың көкжиекке еңіс бұрышы 80-90о, 132 мм жоғары - 90о құрайды;
бұрғылау қатпаған жыныстарды өндіріледі;
тұрақты және жылжымалы бұрғылау қондырғыларымен бұрғылағанда жұмыс уақытының жылдық қоры 1224 білтек – кезеде қабылданған; жер бетінен өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен бұрғылағанда 915 және 610 білтек – кезең және жерасты тау қазбаларынан бұрғылағанда 1071 білтек – кезең.
жыныстар дәрежесі 17 кесте, 1 Қосымшада келтірілген бұрғылау бойынша тау жыныстарының топтастырылуларына сәйкес қабылданған.
42. Ұңғымалар бұрғылауларының қабылданған техникалық және ұйымдастырушылық шарттарынан жобада дәлелденген ауытқулар болғанда уақыт мөлшерлемелеріне 2 кестеде (1 Қосымша) келтірілген түзету коэффициенттері қолданылады.
43. Тұрақты және жылжымалы бұрғылау қондырғыларымен, соның ішінде жер бетінен өздігінен жүретін айналмалы шпинделі бар бұрғылау қондырғыларын қоса ұңғымаларды бұрғытәж бұрғылауға уақыт мөлшерлемелері (кесте 3, қосымша 1).
Жұмыс құрамы: жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар – снарядты түсіру алдындағы дайындық жұмыстар (ұңғыма аузына бұрғытәж жинағының орнын ауыстыру, бұрғытәж жинағының құбырына элеваторды кигізу, ұңғымаға бұрғытәж жинағын түсіру, төсеніш ашаға бұрғытәж жинағын орналастыру, шырақ элеваторды кигізу, шырақ бойынша элеваторды көтеру, шырақтарды бұраумен элеваторды құлыпқа орнықтыру және шырақ ұзындығына снарядты түсіру, әр шырақпен қажетті тереңдікке дейін операцияларды қайталау), тапсырылған тереңдікке бұрғылау снарядын түсіру, түсіргеннен кейін қорытынды жұмыстар, бұрғылау снарядын ұңғыма забойына орнату (жетекші бұрғылау құбырын бұрғылау құбырларының қатарларымен жалғастыру, бұрғылау сорғышын іске қосу, төсеніш ашаны шешу, шпиндельдің сәйкес айналу жылдамдығын қосу, забойға сәйкес қысымды орнату забойға дейін айналумен бұрғылау снарядын түсіру), ұңғыманы тереңдету, керн алу, снарядты көтеру алдында дайындық жұмыстары (айналу және берілісті тоқтату, шаю сұйықтығының сан мөлшерін ұлғайту, шламнан ұңғыманы жуып - шаю), бұрғылау снарядын көтеру (жуу сорғышын іске қосу, төсеніш ашасына бұрғылау снарядын орнату, жетекші құбырды бұрау, элеватор кигізу, штанга ұзындығына бұрғылау снарядын көтеру, штанганы бұрау, настилге штанганы жіберу, элеваторды жіберу, бұрғылау снаряды толық көтерілгенше операцияларды қайталау), снарядты көтергеннен кейін қорытынды жұмыстар, керн жәшіктеріне кернді алу және салу; бұрғылау және көмекші құралдың ай сайынғы техникалық қызмет көрсетулері және №1 (ЗЖКТҚҚ бойынша) техникалық қызмет көрсетілуі; бұрғылау бұрғытәжін ауыстыру, ұңғымаларды сумен, материалдармен және шаю сұйықтығын дайындау үшін реганттармен, керн жәшіктерімен және өзге материалдармен қамтамасыздандыру; шаю сұйықтығын дайындау, ауыстыру және бақылау, техникалық құжаттамаларды жүргізу.
44.ССК және КССК түріндегі алынып – салынбалы керн қабылдағыштарымен бұрғылау үшін техникалық амалдар кешенімен ұңғымаларды бұрғытәж бұрғылау. Уақыт мөлшерлемелері алынып – салынбалы керн қабылдағыштарының техникалық деректерін, технологиялық және ұйымдастыру шарттарын ескерумен жобаланған, олар 1 Қосымшаның 4 кестесінде келтірілген.
45. Жарықтылық дәрежелері бойынша тау жыныстарының топтастырылуы 1 Қосымшаның 5 кестесінде келтірілген.
46. VI-XI дәрежелі жыныстарда бұрғылау арнайы алмаз бұрғытәждарымен жүзеге асырылады:
ССК59 үшін: К-01, К-01-2, К-02, К-08;
ССК-76 үшін: КАСК-4с, КАСК-К, КАСК-3, К-110-1,2;
кеңейткіш РСА-I, РАСК;
КССК-76 үшін: К-16, К-18, К-31, К-41, 17-А4 және кеңейткіш – РЦК;
бұрғылау мұз қатпаған топырақтарда өндіріледі;
шаю сумен жүзеге асырылады, аз сазды қоспалармен құрамында эмульсиялық қосындылары бар;
бұрғылау снарядының максимал айналу жиілігі, айн./мин:
ССК 59, 76 үшін - 1500;
КССК-76 үшін - 1000;
бұрғытәжға шекті осьтік жүктеме, даН;
ССК-59, 76 үшін - 1700; 1800;
КССК-76 үшін - 2000;
шаю сұйықтығының шығыны, л/мин:
ССК-59, 76 үшін - 15-30, 25-70;
КССК-76 үшін - 30-100;
уақыт мөлшерлемелерін есептеу кезінде негіз ретінде қабылданған дәрежелер бойынша тау жыныстарын топтастыру 1 Қосымшада, 17 кестеде келтірілген;
уақыт мөлшерлемелері жыныстардың жарықтылық дәрежелері бойынша дифференциялданған: монолитті және әлсіз жарықталғандар;
жарықталғандар;
қатты жарықталғандар және қирағандар.
47. Жұмыс құрамы: ұңғымаларды бұрғылау, кернді жәшіктерден алу және салу; бұрғылау және көмекші құралдың ай сайынғы техникалық қызмет көрсетулері және №1 (ЗЖКТҚҚ бойынша) техникалық қызмет көрсетілуі; бұрғылау бұрғытәжін ауыстыру, ұңғымаларды сумен, материалдармен және шаю сұйықтығын дайындау үшін реганттармен, керн жәшіктерімен және өзге материалдармен қамтамасыздандыру; шаю сұйықтығын дайындау, ауыстыру және бақылау, техникалық құжаттамаларды жүргізу.
48. Ротор түріндегі айналмасы бар (8 кесте, 1 Қосымша) өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен жер бетінен ұңғымаларды бұрғытәж бұрғылауға уақыт мөлшерлемелері.
Жұмыс құрамы: ұңғымаларды бұрғылау; кернді алып шығару және орналастыру; техникалық қызмет көрсету, бұрғылау және көмекші қондырғыны және құралды жөндеу және тазарту; ұңғымаларды сумен, материалдармен және шаю сұйықтығын дайындау үшін реганттармен, керн жәшіктерімен және өзге материалдармен қамтамасыздандыру; шаю сұйықтығын дайындау және ауыстыру.
49. Жер бетінен тұрақты, жылжымалы және өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларымен (9 кесте, 1 Қосымша) ұңғымаларды кернсіз бұрғылауға уақыт мөлшерлемелері.
Жұмыс құрамы: ұңғымаларды бұрғылау; бұрғылау және көмекші құралдың ай сайынғы техникалық қызмет көрсетулері және №1 (ЗЖКТҚҚ бойынша) техникалық қызмет көрсетілуі; бұрғылау бұрғытәжін ауыстыру, ұңғымаларды сумен, материалдармен және шаю сұйықтығын дайындау үшін реганттармен, керн жәшіктерімен және өзге материалдармен қамтамасыздандыру; шаю сұйықтығын дайындау, ауыстыру және бақылау, техникалық құжаттамаларды жүргізу.
50. Жерасты тау қазбаларынан (10 кесте, 1 Қосымша) ұңғымаларды бұрғытәж бұрғылауға уақыт мөлшерлемелері.
Жұмыс құрамы: ұңғымаларды бұрғылау, кернді жәшіктерден алу және салу, бұрғылау және көмекші құралдың ай сайынғы техникалық қызмет көрсетулері және №1 (ЗЖКТҚҚ бойынша) техникалық қызмет көрсетілуі; бұрғылау бұрғытәжін ауыстыру, ұңғымаларды сумен, материалдармен және шаю сұйықтығын дайындау үшін реганттармен, керн жәшіктерімен және өзге материалдармен қамтамасыздандыру; шаю сұйықтығын дайындау, ауыстыру және бақылау, техникалық құжаттамаларды жүргізу.
51. Жерасты тау қазбаларынан ұңғымаларды кернсіз бұрғылауға уақыт мөлшерлемелері (кесте 11, қосымша 1)
Жұмыс құрамы: ұңғымаларды бұрғылау, бұрғылау және көмекші құралдың ай сайынғы техникалық қызмет көрсетулері және № 1 (ЗЖКТҚҚ бойынша) техникалық қызмет көрсетілуі; бұрғылау бұрғытәжін ауыстыру, ұңғымаларды сумен, материалдармен және шаю сұйықтығын дайындау үшін реганттармен, керн жәшіктерімен және өзге материалдармен қамтамасыздандыру; шаю сұйықтығын дайындау, ауыстыру және бақылау, техникалық құжаттамаларды жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |