5- сынып Оқушының аты – жөні Сыныбы Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет1/2
Дата04.01.2024
өлшемі16.12 Kb.
#488465
  1   2
5 ТЖБ


5- сынып
Оқушының аты – жөні________________________________________________________
Сыныбы_____________________________________________________________________


Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді.


Қасқыр қасындағы түлкіге:
- Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.
Түлкі арсалаңдай күліп:
- Менің аузым ораза ғой, достым, білмеуші ме едің? Сен-ақ жей бер, – дейді.
Қасқыр етті жемек болып, тұмсығын созады. Енді шетінен тістей бергенде, мойнын қақпан қауып алады. Ет бір шетке ұшып түседі. Түлкі етті қағып алып, қылғи салады.
Мұны көріп тұрған қасқыр:
- Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – деп сұрайды.
Түлкі қылмың қағып:
- Менің аузымдағы ораза ашылып, сенің мойныңа түсті ғой, – деп зыта жөнеліпті.
(115 сөз)

1. Екі дос жолда нені тауып алады?


A. етті
B. қақпанды
C. қойды
D. сүтті [1]

2. Түлкі қасқырды не деп алдайды?


A. менің аузым ораза
B. мен ет жемеймін
C. менің қарным тоқ
D. мен саған сыйлаймын.
[1]
3.Сұраққа толық жауап жазыңыз. Қасқыр не себепті етті жей алмады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]

4 . Бағдарсызық ( ) арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз .



1 Қасқыр




А. етті қағып алып, қылғи салады

2. Түлкі

В. етті жемек болып, тұмсығын созады

[1]
5. Берілгенсөздердіжұптастырыңыз.

1. айырылмас

а.түлкі

1-

2. аңқау

ә. дос

2-

3. кесек

б. ет

3-

4. қу

в. қасқыр

4-

[1]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет