Ұлытау қорығында атқарылған археологиялық зерттеулер.
Ұлытау тарихи-табиғи қорығының аумағына Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында үш ескерткіш зерттелу үстінде. Зерттеуді ҚР Білім және ғылым министірлігі,Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізуде (жетекшісі т.ғ.к. Институтының бөлім меңгерушісі Ж.Құрманкұлов.). Зерттеуге Қазақстан ұлттық Әл-Фараби атындағы және Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Евразия университеттері, Италиядағы Рим, Болонья университеттері мен ғылыми орталықтарының мамандары мен студенттері Жезқазған және Жезді мұражай мамандары қатысты.
Мемлекеттік бағдарламаға енген тарихи мәні зор ескерткіштің бірі, Талдысай ауылының маңында орналасқан тас дәуірінің Аяқбұлақ, Сарбұлақ, Тоқтауыл, Талдысай I, II, III тұрақтары, үңгір, қола дәуірінің қонысы мен қорымы, ерте темір ғасырының «мұртты» обасы, ортағасырлық Басқамыр қаласы және Күзет мұнарасы. Мұнда атқарылып жатқан зерттеулердің мақсаты: Су шайып жатқан қола дәуір металургтерінің мекені мен қорымын зерттеп, басқа да ескерткіштермен қоса болашақта ірі туризм орталығына айналдыру.
Әзірге зерттеліп жатқаны Тас дәуірінің Тоқтауыл, Аяқбұлак тұрақтары мен қола дәуірінің қонысы мен қорымы және де үңгірдің ауыз жағына шағын қазба салынды.
Тоқтауыл мен Аяқбұлақтағы қазбалардан тас дәуірінің жаңа кезеңіне ( неолит) б.з.д. 40-30 мыңжылдыққа тән мыңдаған тас кұрал-сайман, қару-жарақ табылды. Тоқтауыл казбасының төменгі мәдени қабаттарынан палеолит кезеңінің (б.з.д.600-400мыңжыл) бірқатар кұралдары табылды, болашақ зерттеулер оны толығырақ анықтамақ.Егер ол анықталса Ұлытау тарихы б.з.д.600-400 мыңжылға дейін тереңдемек.
Қола дәуірінің (б.з.д 11—I мыңжылдық) қонысы қазіргі Жезқазған кенді аймағында жақсы сақталған ескерткіш.Ертеден бері Жезқазған кенінің өз басында болған көптеген мекен-жайлар жойылып кетті.Ұзақ жылдардан бері (1992-ден) зерттеліп келе жатқан қоныс түрғындары тұңғыш металл (мыс) балқытып, одан бұйым жасаған.Шетелдік ғалымдар қызығушылығын туғызып отырған осы қоныстан аршылған ондаған мыс балқытқан көне пештерді зерттеу нәтижесі тұңғыш металургтердің өндіріс процестерін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады.Қазіргі зерттеу мен табылған еңбек құралдары тұрғындардың шебер металлург болумен қатар, егін егіп, мал өсіргенін, аң-аулап құрал -сайман жасағанын көрсетіп отыр.
Осы кезең қорымының материалдары бұл кез тұрғындары алғашқы қауымдық кұрылыс сатысында болғанын көрсетті.Қорым ортасындағы үлкен және күн бейнелі дөңгелек қоршау ішінде ру басы қойылыпты, оған жалғастырыла салынған көп лахатты төртбұрышты және кіші дөңгелек қоршауларда қоғамның қарапайым мүшелері жерленген.Алайда, әлі мүлік теңсіздігі байқалмайды.
Зерттелініп, болашақ аспан астындағы мұражайға айналдыруға айналдырылмақ үшінші ескерткіш Айбас дарасы мавзолейі.Оны 1957 жылы академик Ә.Х.Марғүлан тауып, оңтүстік бөлігін ашқан болатын.Сол жердегі ортадан шетке қарай кеңейте орналасқан бөліктерден, құрбандыққа шалынған мал сүйектері мен ғұрыптық сусындар құйылған 40-қа жуық әсем өрнектелген қыш ыдыстар және ортасында тас жәшіктен алтын білезік табылған.
Қазір оның солтүстік бөлігі аршылып, б.з.д.ХІ-ІХғ.ғ.аралығында салынған ғұрыптық-сәулет өнерінің туындысын халыққа көрсетілу шаралары қарастырылуда.
Мавзолейдің шығыс жағында осы зәулім құрылысты салған құрылысшылар мекені табылды . Сонымен қатар, өлген кісіге арналған құрбандық шалған орын мен ас пісірген орын да ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |