2H2S2-+SO2=3S0+2H₂O
2Na+2HOH= 2NaOH+H2
Na2SO3+ Br₂+H2O= Na2SO4+2HBr
ерітінді ерітінді
қоныр күлгін түссіз
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тендеулерін құрудың екi әдiсi бар. Электрондық баланс әдiсi бойынша тотықсыздандырғыштан тотықтырғышка көшкен электрондардың жалпы санын анықтау арқылы реакцияның тендеуiн теңестіреді. Иондық-электрондық әдiс бойынша тотығу және тотыксыздану процестерiнiң иондық теңдеулерін жеке-жеке жасап алып, содан кейін екі тендеудiң сол жағын сол жағына, он жағын он жағына қосу арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияның жалпы иондық- электрондық теңдеуiн жасайды.
1.12 Электрондык баланс әдiсi
Электрондық баланс әдісі бойынша тотығу-тотықсыздану реакцияларының тендеулерін кұруды оңайлату үшiн кейбір жеңiлдіктер қолданылады. Тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде тотығу дәрежесін өзгертетін элементтердің көбі күрделі иондардын кұрамында болады. Мысалы, азот қышқылының, күкіртті қышқылдың, калий перманганатының кұрамындағы азот, күкірт, марганец элементтері N5+,S4+ және Mn7+ иондары түрiнде жеке жүрмейді, олар сәйкес NO, SO3 және MnO4 күрделі иондарының кұрамында болады. Бірақ теңеудегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың коэффициенттерін табуды жеңілдету үшін бұл элементтердің көп зарядты иондары N5+, S4+, Mn7+ электрондар қосып алады немесе беріп жібереді деп қарастырылады. Электрондық баланс әдісі бойынша тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құруды бірнеше мысалдар арқылы көрсетуге болады. Алюминийдің оттекпен тотығуы. Реакциядағы тотықсыздандырғыш пен тотықтырғышты табамыз. Тотықсыздандырғыш алюминий, тотықтырғыш оттек. Реакцияға қатысатын заттар мен нәтижесінде шығатын заттардың формулаларын жазып арасына стрелка қоямыз және тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштың тотығу дәрежелерін көрсетемiз:
Достарыңызбен бөлісу: |