4
жетекшілікпен, өз бетінше (орындаушылық қызмет) жүзеге асырылады немесе
басқа жұмыскерлердің қызметін басқаруды болжайды.
Құзыреттер жұмыскер мінез-құлқының жалпыланған сипаттамаларына
жатады.
Машықтары, дағдылары мен білімі кәсіби қызметтегі өзара
іс-әрекеттің белгілі бір жағдайларында жұмыскердің қандайда бір құзыреттерін
нақтылайтын жеке сипаттамаларына жатады.
Әрбір біліктілік деңгейінің құзыреттері мынадай негізгі өлшемшарттар:
орындалатын жұмыстың дербестілік дәрежесі,
жауапкершілік дәрежесі және
күрделілік дәрежесі бойынша бағаланады.
Кәсіби қызметтің негізін қоғамдағы және еңбек нарығындағы өзгеріп
тұратын ахуалға жұмыскердің бейімделуін негіздейтін оның тұлғалық және
кәсіби құзыреттері, бар құзыреттердің жаңаруы немесе жаңаларының
қалыптасуы құрайды. Жұмыскерлердің бойында нарықтық қатынастар
жағдайында
өзін-өзі байқау, өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп, өзін-өзі түзету,
өзін-өзі бағалау,
өзін-өзі қалыпқа келтіру, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі
басқару, өзін-өзі қамтамасыз ету сияқты жалпы кәсіби құзыреттер болуға тиіс.
9. Біліктілік пен құзыреттер адамның белгілі
бір білім бағдарламасын
меңгеруі және/немесе кәсіптік практикалық тәжірибе алуының нәтижесі болып
табылады. Біліктілікті арттыру немесе қызметінің бейінін (кәсібін)
өзгерту үшін
жұмыскерлердің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша түрлі оқу
орындарында оқудан өту мүмкіндігі бар. Оқу орындарын, қайта даярлау немесе
біліктілікті арттыру курстарын бітірген соң жұмыскерлер біліктілікті растайтын
және беретін тәуелсіз орталықтарда өзінің кәсіби деңгейін тәжірибелік тексеру
рәсімдерінен өтеді.