Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар


Алматы қаласы 9 қазан 1995жыл



бет6/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#133927
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Алматы қаласы

9 қазан 1995жыл


Құрылтайға қатысушы делегаттардың саны:

Қазақстанның ІІ ( он бір) облысынын келген өкілдер және 127 адам.



Күн тәртібіндегі мәселер


1.Республикалық “Атамекен ” балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу;

2.Ұйымның атауын өзгерту. Басқару органдарға жаңа мүше сайлау.

3.Атамекен қоғамдық бірлестігі Филиалдардың Ережесін бекіту;

Құрылтайдың барысы.

Құрылтайдың жұмысы Атамекен Президенті М. Кұрсабаев ашып, жиынға қатысушы делегаттардың өкілеттіктерін тану мақсатында Мандат комиссиясына сөз берді. Мандат комиссиясының Төрағасы Е.Жақашев Құрылтайға жатысушы делегаттардың заңдық құқықтарын танитындығын мәлімдеді. Құрылтай жұмысын пәрменді жүргізу үшін жұмысшы топтарды құру туралы негізгі ұсынысты делегат Б.Бақтыбаева үсынды. (Аталмыш үсыныс дауысқа салынып, қабылданды)

Қүрылтай Төрағасы – М.Құрсабаев; хатшысы – М.Шермұхамбетова; Санақ комиссияның мүшелері – Ж. Дауанабаев; Г.Хасенова, З.Қарабекова.

Редакциялық комиссияға – А.Шымырбаев, Ш. Шүйіншина,

Құрылтай Төралқасына - М.Құрсабаев, Б.Сүйеубаева, Д.Сатыбалдиев, М.Шермүхамбетова және басқалар сайланды.

Күн тәртібіндег ібірінші мәселе бойынша делегаттар:

Г.Донбаева,Т.Бөлекбаева,Қ.Исин және басқа өкілдер сөз алып, жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа заң құжаттарына байланысты қоғамдық бірлестіктерді қайта тіркеуге байланысты Атамекен Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы пікірлерін білдірді.

(Жарғыға өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар талқыға салынып және дауысқа түсіп қабылданды)

Екінші мәселе бойынша А.Қорғанбаев, Қ.Өскенбаева, Б. Бақтыбаева, Ю.Өтепова және басқа делегаттар сөз сөйлейді. Олар Құрылтай қарарына соңғы заң құжаттарына сәйкес Атамекен қозғалысы атты атауды, балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі деп өзгерту туралы ұсыныс айтты.

Делегат Е.Жақашев қоғамдық бірлестік атауы айрықша статусқа ие болатынын түсіндіріп бірауыздан қолдау туралы ұсыныс жасады.

(Аталмыш ұсыныс бірқатар пікірталастан соң қабылданды).

Үшінші мәселе бойынша Қ.Исин, Б.Сүйеубаева, Ш. Шүйіншина және басқалар сөз алып ҚР Азаматтық Кодексінде көрсетілген заңдық құжаттардың талаптарына сай қоғамдық бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу туралы және Атамекен Жарғысында көрсетілген облыстық Филиалдардың Ережесін қабылдау туралы ұсыныстар білдірді. (Ұсыныстар көпшілік дауыспен қабылданды)

Республикалық “Атамекен” Құрылтайының шешімі:


  1. “Атамекен” қоғамдық бірлестігінің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.

  2. “Атамекен” балалар мен жастар қозғалысы “Атамекен” қоғамдық бірлестігі деп аталынсын.

  3. “Атамекен” қоғамдық бірлестігі филиалдарының Ережесі бекітілсін

Құрылтайының Төрағасы: М.Құрсабаев

Құрылтай хатшысы: М.Шермұхамбетова
Республикалық “Атамекен” балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің Жарғысы
І тарау. Жалпы Ережелер

І.І. Республикалық “Атамекен” балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі (бұдан былай - Атамекен) ортақ мүдделерін көздеп, өз еріктермен біріккен көпұлтты, парасатты, қоғамдық бірлестік болып табылады.

І.2. Атамекен іс –әрекетін Қазақстан Республикасының ( бұдан былай – ҚР) Конституциясына; Қ Р Азаматтық Кодексіне, “Қазақ ССР –дағы қоғамдық бірлестіктер туралы Заңға”, Қ Р қоғамдық ұйымдардың қызметтерін реттейтін құжаттарға, заңдық нормативтік актілерге және аталмыш Жарғының талаптарына сәйкес жүргізеді.

1.3. Атамекен дербес есеп-шоты бар, мері, елтаңбы, қаржы балансы бар жеке құқықтарға ие болатын, сот орындарында талапкер және жауапкер бола алатын ҚР заң құжаттарына сай, заңды тұлға деп танылады.

І.4. Қоғамдық бірлестік мүшелері мен мемлекеттің Атамекенге берген мүліктеріне, қаржыларына және мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар
Атамекеннің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал Атамекен мемлекет пен мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Атамекен мемлекет пен өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

І.5. Атамекеннің Туы; төсбегілісі, әнұраны, киімі, жеке ұлттық рәміздері және басқа ерекші белгісі бар.

І.6. Атамекеннің мекен-жайы: 475000. Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, “Строитель” микроауданы, 4 үй, 116 пәтер, телефон: 762083

І.7. Атамекеннің негізгі мақсаттары мен міндеттері:



  • балалар мен жастардың және бірлестіктің жеке бостандықтары мен әлеуметтік құқықтарын қорғау;

  • жас ұрпақтың интеллектуалдық һәм мәдени-этикалық потенциалдардың дамуына ықпал жасау; тәжірибелік – әдістемелік көмек көрсету;

  • “Атамекен” Ұлттық тәлім-тәрбие Бағдарламасын жүзеге асыру;

  • қайырымдылық, шығармашылық, мәдени-ағарту, білім-тәрбие, рухани-танымдық, экологиялық іс-шараларға үлес қосу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасу;

  • ақпарат құралдарын құру, газет-журнал,оқулықтар шығару, баспагерлік, шаруашылық-өндірістік жұмыстарымен айланасу, заңдық қызымет көрсету;

  • ҚР қабылдаған заң құжаттарына сәйкес білім беру мекемесін, кәсіпорындар ашу, құрылтайшы болу, сайлау науқандарына ат салысу;

  • Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге араласу, ұсыныс білдіру, талап ету, кеңес беру;

2 тарау. Атамекен Басқару Жұйесінің құрылымы мен құзыреті.

2.І. Атамекеннің құрылымын: басқару органы – Атамекен Ордасы, бақылау органы – Тексеру комиссиясы, атқарушы органы – Атамекен Алқасы және филиалдар түзеді.

2.2.Атамекен филиалдары оларға арналап бекітілген Ереже негізінде әрекет жасайды, Жарғыға сәйкес жұмыс жүргізеді және заңды тұлға болып танылмайды.

2.3. Атамекен құрған кәсіпорындар мен мекемелер заңды тұлға болып танылады. Олармен қарым-қатнас келісім –шарт негізінде жұргізіледі.

2.4.Атамекеннің негізгі құрылымы жергілікті жерде үш адамнан құрылған бастауыш ұйым болып табылады. Бірнеше бастауыш ұйым ерікті түрде аудандық, облыстық филиалдарға бірігеді.

2.5. Атамекеннің жоғарғы органы – Республикалық Құрылтай болып табылады. Құрылтай:



  • 3 жылда бір рет шақырылады; Жарғыға өзгертулер енгізеді, қабылдайды;

  • үш жыл мерзімге басқарушы орган- Атамекен Ордасын, бақылаушы орган – Тексеру комиссиясын сайлайды, кері шақырады, қызмет сала-сын анықтайды; Атамекен негізгі бағыттарын белгілейді;

  • Атамекенді тарату, қайта құру мәселелерін шешеді;

  • облыстық филиалдардың Ережесін бекітеді;

  • Жоғарғы сайлау органдарына өз өкілдерін ұсынады;

2.6. Құрылтай жұмысына делегаттардың 2/3 белігі қатысқан жағдайда жиын заңды болып табылады. Сайланған делегаттардың жартысынан астамы дауыс бергенде шешім қабылданады.

2.7. Құрылтай арасында Атамекеннің басқарушы органы- Республикалық Атамекен Ордасы табылады. Атамекен Ордасының отырысы – Орда мұшелерінің жартысынан астамы қатысқанда заңды болып табылады. Орта мұшелерінің басым көпшілігі дауыс бергенде шешеім қабылданады. Орда мүшелері 21 адамнан аспауы керек.

2.8. Республикалық Атамекен Ордасы:


  • Атамекен Президентін сайлайды; Атамекеннің вице-Президенті мен жауапты хатшысын тағайындап, міндеттерін белгілейді;

  • жылына 2 рет шақырылады; Құрылтай шешімдерін жүзеге асырады, құылтай шақырады, делегаттар сайлау құрымын, күн тәртібін белгілейді;

  • бюджеттің құралу жолдарын белгілейді, жобалар мен бағдарламалар бекітеді; филиалдар құру, татару шешім қабылайды;

  • кезектен тыс Құрылтай шақырады; Атамекеннің мүліктері мен қаражаттарын иеленеді, белгілейді; Атамекеннің Туын, төсбелгісін,

елтаңбасын және басқа рәсімдерді бекітеді;

2.9.Атамекен Алқасы:

- Құрылтай және Атамекен Ордасының шешімдерін орындалуын

қадағалайтын және басқаратын тұрақты орган болып табылады;



  • Алқа құрамы 7 адамнан аспауы керек; Атамекенге қатысты барлық мәселелер мен Атамекен Ордасы мен Президентінің құзырына жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды;

  • Атамекеннің Орда белгілеген мүліктері мен қажаттарын пайдаланады; Атамекен Ордасының отырысын шақырады, күн тәртібін белгілейді; Алқа мәжілісі 3 мүшенің талабымен өткізіледі, шешім көпшілік дауыспен қабылданады;

  • Атамекен қызметкерлері мен жұмысшыларының еңбекақысын белгілейді; мүшелік жарнаны анықтайды және оның филиалдарға

бөлу мөлшерін анықтайды;

  • Атамекенге қатысты республикалық іс-шаралар өткізу туралы шұғыл шешімдер қабылдайды;

  • Бұқара халыққа, үкімет басшыларына, ресми органдарға қоғамдағы оқиғаларға байланысты Атамекен атынан ұсыныс білдіреді;

2.10. Атамекен Ордасы мен Алқасының отырысын Президент жүргізеді; ол болмаған жағдайда нұсқауымен вице-Президент жүргізеді;

    1. Атамекеннің Президенті:

  • Атамекен Ордасының шешімімен 3 жыл мерзімге сайланады;

  • Құрылтай, Атамекен Ордасының шешімдерін жүзеге асыруда жалпы басшылық жасайды; қаулыға қол қояды;

  • Штат кестесін, еңбекақы жүйесін белгілейді; ҚР Заңдарына сәйкес жұмысқа қабылдау, шығару, ынталандыру тағы басқа шаралар жөнінде бұйрық шығарады, сенімхат береді, қайтарады;

  • Үкімет, заң және басқа ресми органдарда Атамекеннің өкілеттігін білдіреді, шағымданады, ұсыныс білдіреді;

  • Келісім-шарт негізінде Атамекеннің аппаратын құрады; заңға қайшы келмейтін әр түрлі бағыттарда әрекет жасайды;

  • Атамекен Ордасына кезектен тыс Құрылтай шақыру, Орда мүшелерін шығару, жаңа мүшелерді енгізу және басшы қызметтерге өз кандидаттарын ұсынады;

  • Филиалдың басшысын тағайындайды, жұмыс-жоспарын бекітеді және Құрылтайға есеп береді; бас бухгалтерді бекітеді;

  • Президент өз қызметінен кету жөнінде бір ай бұрын Атамекен Ордасына жазбаша түрде ескерту жасайды;

    1. Атамекеннің вице-Президенті:

  • Президент белгілі бір себептермен болмаған жағдайда, оның нұсқауымен Ордаға және Алқаға басшылық жасайды; республикалық масштабтардағы іс-шараларға, сайлау, мерекелер ұйымдастыруда басшылық жасайды, есе береді;

  • Атамекеннің баспагерлік, шаруашылық-өндірістік және басқа жұмыстарына басшылық жасайды, ұйымдастырады; филиалдардың мүшелік жарналарды төлеп отыруын қадағалайды;

    1. Атамекеннің жауапты хатшысы:

  • Құрылтай, Орда, Алқа отырыстарының құжаттарын дайындайды, бағдарламалар жобасын талқыға ұсынады;

  • Филиалдардың жұмыстарына бағыт береді; Атамекенге қатысты іс-шаралар, Құрылтай, Орда, Алқа шешімдері туралы хабар жасайды;

  • Орда және Атамекен мүшелері туралы статистикалық құжаттарды реттейді;

  • Атамекен қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру һақында ылыми-тәжірибелі мәжілістер, оқулар, семинарлар ұйымдастырады;

    1. Атамекеннің Тексеру комиссиясы 3 жыл мерзімге Құрылтайда сайланады. Комиссияның сандық-сапалық құрамын Құрылтай анықтайды;

Тексеру комиссиясы:

  • Орда мүшелері емес 3-5 адамнан құралады; Төрағасын сайлайды;

  • Атамекеннің қаржы-шаруашылық іс-әрекеттеріне бақылау жасайды; бюджеттің дұрыс пайдалануын қадағалайды; жылына бір рет отырысын өткізеді;

  • Құрылтайға есеп береді; Тексеру комиссиясының Төрағасы Алқа отырысына қатысу құқығына ие болады;

  • Тексеру комиссиясы жыл сайын жоспарлы және жоспарсыз тексерулер жүргізе алады;

  • Жоспарсыз тексеру Орда мүшелері мен Президентпен келісілуі тиіс;

    1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы және еңбекшілерді әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру, қорғау мен сақтандыру туралы заңдық құжаттар Атамекен қызметкерлері мен жұмысшыларына толық қолданылады.


3-тарау. Атамекен мүшелері

3.1. Атамекенге аталмыш Жарғыны мойындайтын, Қазақстан территориясында тұратын 9 жасқа толған жасөспірім, ата-аналар мен ересек адамдар мүше бола алады.



    1. Атамекенге мүше болып кіруші адам, ерікті түрде жергілікті жерден құрылған бастауыш ұйымға жазбаша түрде өтініш жазып, тіркеуге алынады. Әрбір мүшеге куәлік беріледі.

    2. Атамекен қатарынан шығу әр мүшенің тікелей өз ықтияры арқылы жүргізіледі. Ол үшін міндетті түрде бастауыш ұйымға жазбаша өтініш жазып хабарлауы керек. Мүшеден шыққан адам, қайта мүше болып кіру құқығын сақтайды.

    3. Мүшенің Жарғыға қайшы келген өрескел әрекет жасаған жағдайда, бастауыш ұйым оны мүшеліктен шығару немесе қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдай алады.

    4. Атамекен мүшесінің құқықтары:

  • Атамекен атынан Жарғыға қайшы келмейтін әрекеттер жасайды;

  • Атамекеннің басқару органдарының және жоғарғы, жергілікті сайлау органдарына сайланады, сайлайды, ұсыныс білдіреді;

  • Атамекеннің басқару органдары іс-әрекеттерінің жоспары туралы мағлұмат ала алады, өтініш білдіреді, талап қояды;

  • Атамекеннің атынан әлеуметтік, қаржылай, заңдық тұрғыда қорғалуға, қолдау табуға, жеңілдіктерді пайдалануға құқы бар;

    1. Атамекен мүшесінің міндеттері:

  • Атамекенге мүшелік жарна төлейді;

  • Жарғының талаптарын орындайды, оны іс жүзіне жан-жақты асыруда қолдау көрсетеді;

  • Атамекеннің іс-әрекетін, мақсаттарын насихаттайды;

  • Атамекеннің іс-шараларына, маңызды жобалар жасауда, ұйымдастыруда жан-жақты қолдау және қолқабыс көрсетеді;


4-тарау. Атамекен қаржысының құралу көздері мен мүліктері

    1. Атамекеннің қаржысы мүшелік жарналардан, ерікті және демеушілік жолмен келген қаражаттардан, дәріс оқу, баспагерлік, шаруашылық-өндірістік, лоторея ойнатудан, заң тыйым салмаған басқа түсімдер есебінен құралады.

    2. Түскен қаражаттар Жарғыда көзделген мақсаттарды қамтамасыз етуге, іс-шаралар өткізуге, еңбекақы төлеуге жұмсалады.

    3. Атамекен өз меншігіне ғимараттар, құрал-жабдықтар, үйлер, тұрғын үй қорын, білім беру, мәдени-ағарту, спорттық-демалыс кешендерін, транспортын, байланыс торабын, бағалы қағаздарын, техникалық құралдарын және қоғамдық бірлестіктің қызметін қамтамасыз ету һақында басқа мүліктерді иеленеді;

    4. Атамекен мүшелеріне қаржының түсімі мен жаратылуын Атамекен хабарлап отыруға міндетті.


5-тарау. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу

    1. Атамекен Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды тек Республикалық Құрылтай енгізеді. Атамекен мүшелері ұсыныс білдіруге құқылы.

    2. Жарғыға өзгертулер енгізу туралы мәселені Құрылтай қарарына Республикалық Атамекен Ордасы ұсынады. Құрылтай жұмысына делегеттардың 2/3 бөлігі қатысқанда Құрылтай шешім қабылдауға өкілетті.


6-тарау. Атамекен іс-әрекетінің тоқтатылу тәртібі

    1. Атамекен сот ұйғарымы, мүшелерінің талабы бойынша - Құрылтай шешімімен іс-әрекетін тоқтатады немесе қайта құрады.

    1. Құрылтай делегаттарының 2/3 бөлігі қатысқанда Құрылтай шешім қабылдай алады.

    2. Атамекеннің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған жағдайда, арнайы тексеру комиссиясы құрылады. Комиссия Атамекеннің мүліктері мен қаражаттарын Жарғы талаптарына сай таратуға өкілетті.



«Атамекен» қатарына мүшелікке қабылдау барысындағы

жас ұрпақтың салтанатты Ант беру рәсімі
Мен...( әр ұлан аты-жөнін бірінен кейін бірі қайталап айтады) - ҚБҰО құрамындағы Республикалық «Атамекен» ұйымына салтанатты түрде мүшелікке қабылдана отырып – туған Отаным Қазақстан мемлекетінің Конституциясын, Ұлттық рәміздері мемлекеттік Туын, ҚР Елтаңбасын, ҚР мемлекеттік Әнұранын, ҚР Президентін және басқа мемлекеттік құндылықтарды құрметтеуге, мемлекеттік тілдің өсіп-өркендеуіне, Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетерінің дамуына, ұлтаралық келісім мен татулық идеяларын насихаттауға, ұлттық салт-дәстүрлер мен діни-рухани мұраларды қастерлеуге, ел экономикасының гүлденуіне, ғылым мен техника саласының жетілдірілуіне үлес қосуға, оқуда озат, еңбекте адал болуға, үлкенге – құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, әлем ұрпақтарының бірлігін сақтауға, жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің дарынды, талантты, ақылды, ілкімді, өнерлі, қайратты, білімді, жоғары мәдениетті һәм парасатты тұлғасы болуға Ант етемін...

ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫ ОДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

(22-24 қыркүйек, Бурабай «Балдәурен» орталығы)


ШЕШІМ
1.Бекітілсін:

-ересектер Палатасының құрамы (1-қосымша)

-балалар Палатасының құрамы (2-қосымша)

-ҚБҰО Сараптамалық кеңесінің құрамы (3-қосымша);

-ҚБҰО Жарғысы (4-қосымша);

2.А.Б.Мыңбаев Қазақстан балалар ұйымдары Одағының Төрағасы болып тағайындалсын.

3.А.Б.Мыңбаевтың өзінің екі орынбасарын: ҚБҰО ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі Төраға орынбасары – Д.В.Лепешевті, ҚБҰО ұйымдастыру жөніндегі Төраға орынбасары – Н.Р.Тәжімғалиевті тағайындау жөніндегі ұсынысы қабылдансын.

4.Сараптамалық Кеңес Қазақстандағы балалар ұйымдары мен бірлестіктері жұмысында «Атамекен» бағдарламасының негізгі қызмет бағыттарын, сол сияқты басқа балалар ұйымдары бағдарламаларының бағыттарын пайдалануды ұсынады.

5.Ұсыныстар:

-облыстардың, Алматы, Астана қалаларының білім департаменттері 2006 жылдың 30 қазанына дейін ҚБҰО атқарушы комитетін шақырып, ҚБҰО аймақтық өкілдерін құру жөнінде облыстық кеңейтілген мәжіліс өткізу тапсырылсын;

-Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2006 жылдың 1 қазанына дейін ҚБҰО республикалық балалар бағдарламаларының іске асырылуын талдау және үйлестіру жөнінде бөлімше құрсын; (Жамадилов Н.Д, Загайнова В.И)

-2007 жылы Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында келесі профильдік ауысымдары өткізілсін:

-Жас туристердің республикалық кездесуі;

-Балалардың әлеуметтік бастамалар мектебі;

-Жас көшбасшылардың республикалық мектебі;

-Республикалық «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасымен жұмыс істейтін мектептердегі оқушылар мен тәлімгерлер кездесуі;

-Мұғалімдердің тамыз конференциясы қарсаңында өз білімдерін жетілдіру үшін ересектерге арналған 7 күндік курсы;

-Студенттердің қысқы демалысы кезінде «Балдәурен» орталығында студенттердің педотрядтарына арналған тәжірибелік кеңесі; (Ташенов С.Б, Тәжімғалиев Н.Р)

6. Сараптамалық Кеңеске Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстандағы балалар қозғалысына мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Қаулысының жобасын әзірлеу тапсырылсын. (жауапты М.Қ.Құрсабаев).

7.ҚР білім және ғылым министрлігінің қарарына 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстандағы балалар қозғалысының дамуы және оған мемлекеттік қолдау көрсету мәселесіне арналған тұжырымдамасы дайындалсын. (Мыңбаев А.Б, Құрсабаев М.Қ, Лепешев Д.В).

8. ҚБҰО Орталық Кеңесінің ІІ мәжілісі 2007 жылдың наурыз айында «Балдәурен» орталығында өткізілсін.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрі

Ж.Қ.Түймебаев мырзаға
Аса қадірлі Жансейіт Қансейітұлы!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие беру жөніндегі Жарлығында (№200, 10.Х.2006) жас ұрпаққа кешенді тұрғыда тәлім-тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігін атап өтеді. Бүгінгі жас ұрпақтың санасына халқымыздың сарқылмас құндылықтарын сіңіруде, балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдарының атқаратын жұмыстарының маңызы зор.

Көпшілікке белгілі 2006 жылдың 24-26 тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі қабылдаған қаулысы (№169, 7.04.2006) негізінде республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында (Ақмола облысы, Шучье ауданы) Қазақстандағы балалар ұйымдарының І Республикалық слеті болып өтті. Слеттің ұйымдастырылуының шын мәнінде тарихи маңызы болды.

Республика оқушыларының (пионерлер) соңғы слеті 1990 жылдың 5-7 қараша айында өтті. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізген жағдайда, оқушылар мен балалар ұйымдарында айтарлықтай дағдарыс басталды.

Бүгінгі таңда статистикалық деректер бойынша Қазақстандағы балалар мен оқушылардың 250-ден астам қоғамдық ұйымдары бар екені анықталды. Балалар өз еріктерімен, қажет жағдайда ұстаз-тәрбиешілердің көмегі арқылы бұрынғы озық дәстүрлерді жоғалтпай қолдарынан келгенше әрекет жасады. Әсіресе, ұйымға салтанатты түрде қабылдаудағы Ант беру рәсімі, жазғы пионер лагері, қайырымдылық шаралары мен түрлі акцияларға қатысу, спорттық, өнер, техникалық мүмкіндіктердің ашылуына ұйытқы болатын түрлі іс-шаралар әр мектеп пен мектептен тыс оқушылар мекемелерінде өз дәрежесінде болмаса да тұрақты ұйымдастырылып жатты.

Бірақ, 1980 жылдардың ортасын қарай Кеңес Одағы құрамындағы көптеген одақтас республикалардағы балалар мен пионерлер сол кездегі тәрбиелік маңызы бар «Менің елім - СССР», «Пионерлер мен оқушылар Ережесі» және т.б әдістемелік нұсқаулардан бас тарта бастады. Бұл жағдай Қазақстанда да қалыптасты. Балалар ұйымындағы тәрбие жұмысы көп жағдайда бір сарынды, жаттанды және идеологиялық саяси құрал ретінде авторитарлы педагогикалық қағидаларға негізделді. Республикамыздың көптеген мектептеріндегі ұстаз-тәлімгерлер аталмыш мәселеге алаңдаушылық білдіріп, қайтсе де балалар ұйымында қалыптасқан педагогикалық дәстүрді жоғалтпауға тырысты. Соның нәтижесінде халықтық педагогика мұраларына негізделген «Атамекен» бағдарламасы (М.Құрсабаев) және басқа да авторлық жобалар жасалды. Бағдарлама Қазақстан және одан тысқары жерлердегі мектептерде тәрбие жұмысының негізгі құралына айнала бастады.

Осындай іс-әрекеттер балалардың қоғамдық ұйымдарының мектеп жанынан құрылуының қажет екенін көрсетті. 1990 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шолақ-қорған ауылында республикада тұңғыш «Атамекен» балалар ұйымы тұсауын кесті. Оның жетекшісі болып Балатай Әуезова сайланды. Аталмыш ұйым бөлімшелері стихиялы түрде басқа облыстарды Батыс Қазақстандағы Жәнібек ауылында (С.Ғайнұшева), Қызылорда облысындағы Тасбөгет ауылында (Б.Сүйеубаева), Жамбыл облысы Тараз қаласында (Г.Донбаева, Н.Сырғабаева), Атырау облысы Махамбет ауылында (О.Нұрғалиева), Шығыс Қазақстандағы Мақаншы (Т.Смағұлова) және Қарақол ауылдарында (Г.Хасенова), Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауылында (Қ.Нағыманова) құрыла бастады. 1991 жылдың 7 желтоқсанында аталған ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі құрылды.

1992 жылдың мамыр айында Алматыда кезектен тыс Республикалық слет өтті. Слет ұйымды Қазақстан балалар мен пионер ұйымдарының Одағы деп Жарғыға өзгеріс енгізіп, мектептегі тәрбие жұмыстарына «Атамекен», «Кәусар бұлақ» және «Жұлдыз» бағдарламаларын енгізу жөнінде шешім қабылдады.

Бірақ, республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мемлекет тарапынан балалар ұйымдарына қолдау көрсетуін едәуір бәсеңдетті. Балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуы тарихы ғылыми-педагогикалық тұрғыдан аз зерттелді.

Бұл мәселелер жөнінде балалар ұйымдарымен қоян-қолтық жұмыс істеген ардагерлер (Б.Жаңабаев, М.Құрсабаев, Е.Дмитриенко, В.Деймунд, А.Штро т.б) тарапынан, мектеп оқушылары мен қоғамдық ұйымдар атынан көптеген ұсыныстар баспасөз беттерінде жарияланып, үкімет пен министрлік органдарына хабардар етілді.

2005 жылдың қараша айында М.Құрсабаевтың сол кездегі Министр Б.С.Әйтімова жолдаған хатында Қазақстандағы балалар ұйымдарының ахуалы туралы және Республикалық оқушылар слетінің өткізу қажеттілігі айтылған болатын. Хат жөнінде мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры С.Б.Есбосынованың атынан жауап алынған болатын.

Бұл орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғарыда айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып өз тарапынан аталмыш слеттің жоғары дәрежеде өткізілуіне қолдау көрсетуі жақсы бастаманың белгісі деп білеміз. Слеттің қандай деңгейде өткізілгені жөнінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты хабар таратты.

Слетке қатысқан 258 делегат Қазақстандағы барлық қоғамдық ұйымдардың бастарын қосатын Қазақстан балалар ұйымдары Одағын құру жөнінде бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Слет материалдары Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Қосымша білім және тәрбие» журналында (№3/2006) толық жарияланды.



Аталмыш құжаттар негізінде Қазақстан балалар ұйымдары Одағының Орталық Кеңесі (ҚБҰО ОК) мынадай міндеттерді жүктейді:

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі Жарлығын басшылыққа ала отырып, ерікті түрде Қазақстандағы барлық балалар мен оқушылар ұйымдарын бастарын қосу;

  • ҚР Атазаңын, ҚР Президентін, ҚР мемлекеттік рәміздері һәм ҚР Заңдарын, көпұлтты Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, ұлттық мәдениетін жаңғырту барысында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделу; шәкірт санасында гуманистік сана қалыптастыру;

  • Мемлекеттік тілдің дамуына ықпал ету; ҚР Президенті ұсынған латын қарпіне көшу жөніндегі мемлекеттік іс-шараларға қолдау көрсету һәм оқулықтар шығару;

  • Жас ұрпақтың танымдық-интеллектуалдық, өнери-шығармашылық және басқа дүниетанымдық потенциалдарының жан-жақты дамуына ұйытқы болу;

  • ҚБҰО мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын БҰҰ (1989) қабылдаған «Бала құқын қорғау Конвенциясы» негізінде жүзеге асыру;

  • ҚР Үкіметінің бала тағдырына қатысы бар құзырлы органдары «ҚР Үкіметі жанындағы отбасы және гендерлік саясат» жөніндегі комитеті, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Бала құқын қорғау комитеті», Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қоры, Қазақстан балалар қоры, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілеттілігі және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арқылы ҚР Президентінің «Жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі» Жарлығы, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты», «Білім туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» басқа ҚР Заңдарын жүзеге асыру мақсатында қоян-қолтық жұмыс істеу; бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

  • ҚР «Балалар мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі Заң жобасын жасау;

  • Жас ұрпақтың қоғамға пайда келтіретін, келешекте еліміздің өркендеуіне жеке үлесін қосатын, қайырымды, жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған және тәрбиеленген тұлға болып қалыптасуына ұйытқы болу мен басқа да игі мақсаттарды көздейді.

Айтылған міндеттерді жүзеге асыру министрлік тарапынан балалар ұйымдарының қайта жаңғыруына мемлекеттік қолдаудың қажеттігін меңзейді. Сол себепті ҚР Президенті һәм ҚР Үкіметі тарапынан балалар ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде мынадай ұсыныстар беруді жөн санаймыз:

  • ҚБҰО материалды-техникалық базасын қалыптастыру;

  • Слет шешімдерін жүзеге асыру барысында ҚБҰО Жарғысын ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу; Одақтың облыстық филиалдарының құрылуына ықпал ету;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының жанынан балалар ұйымы мен қозғалысының даму тенденциясын арнайы зерттейтін ғылыми орталық ашу; Қазақстандық социокинетика ғылымын дамыту;

  • Балалар мен жасөспірімдердің талап-тілектері мен қажеттіліктерінен туындаған «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Атажұрт» телебағдарламасы, «Республикалық оқушылар айтысы», «Әнші балапан», «Былғары доп», «Балалар ұйымдарының Фестивалі» т.б танымдық-шығармашылық іс-шаралардың мемлекет тарапынан қолдау табуы;

  • Мемлекеттік һәм халықаралық гранттардың балалар ұйымдары өкілдерінің өз Жарғыларында көрсетілген міндет-мақсаттарды жүзеге асыруы үшін иеленуіне жағдай туғызу; қолқабыс беру;

  • Педагог мамандардың білімдерін жетілдіру мен жоғарғы һәм арнаулы оқу орындарында, мектептен тыс мекемелер мен оқу-сауықтыру кешендерінде балалар ұйымдары жетекшілері мен оқушылар лидерлерін дайындау мен олардың іс-әрекеттеріне әдістемелік қолдау көрсететін практикалық-дәрісханалық, туристік-экспедициялық іс-шараларды ұйымдастыру, қажет жағдайда міндеттеу;

  • Оқушылардың жазғы демалыс тоқсандықтарының толыққанды һәм өз дәрежесінде ұйымдастырылуын қолға алу; оқу орындарының жанынан құрылған педагогикалық топтар мен аула клубтарының жұмыстарын жаңғырту;

  • Шетелдік немесе басқа қоғамдық ұйымдар мен қорлар, сондай саяси партиялар мен діни конфессиялар бағдарламаларындағы бала тағдырына байланысты өзекті мәселелер жөнінде ортақ қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу; тәжірибе алмасу;

  • Шет елдік компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың ықпалымен құрылған балалар мен оқушылар ұйымдары, қорлары және клубтарының тәлім-тәрбиелік жұмыстарын Елбасы атап өткендей жалпықазақстандық патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүргізідуіне назар аудару;

  • Балалар мен оқушылар лидерлерінің республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жыл сайын дәстүрлі Жиынын өткізу;

  • Балалар мен оқушылардың Бүкілқазақстандық «Заманай-Экология», «Internet-KZ», «Ауыл», «Qazaq Ahliqppesiq» атты латын қарпіне көшу жөніндегі түрлі акциялар ұйымдастыру;

  • Мұғалім, сынып жетекшісі һәм тәлімгер (вожатый) мамандықтарының статусын көтеру;

  • Балалар ұйымдарында көп жылдан бері қызмет еткен ардагер тәлімгерлердің тәжірибелерін насихаттау;

  • Жергілікті жерлердегі мемлекеттік білім беру мекемелері тарапынан ҚБҰО филиалдарының мектеп және мектептен тыс мекемелермен және басқа қоғамдық ұйымдармен ынтымақтаса отырып қарым-қатынас жасауына қолқабыс тигізу;

  • Қазақстандағы балалар мен оқушылар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуы және қоғамдық ұйым негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі һақында түрлі оқулықтар мен әдістемелік құралдар, мультипликациялық һәм компьютерлік жобалар және басқа да көрнекілік құралдар шығару;

  • ҚБҰО Орталық Кеңесінің ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсету;

  • ҚБҰО халықаралық балалар ұйымдарымен қарым-қатынасын нығайту; бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

Қазақстан балалар ұйымдары Одағы Орталық Кеңесі мүшелері.

Астана, 28 қаңтар 2007 жыл.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

(Жоба)
28 қаңтар 2007 жыл № 100 Астана, Үкімет Үйі


«Қазақстандағы балалар ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету» жөнінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы» атты Жарлығын (№200, 10.Х.2006) басшылыққа ала отырып, ҚР Парлементі ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған «Бала құқын қорғау» жөніндегі Конвенциясы (1979), сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты», «Білім туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және басқа ҚР Заңдары мен бала құқы һақындағы мемлекетаралық (халықаралық) құжаттар негізінде ҚР Үкіметі Қазақстандағы балалар мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарының ҚР Заңдары мен өз Жарғылары негізінде жас ұрпақтың танымдық-интеллектуалдық, өнери-техникалық, мәдени-шығармашылық және бағдарлы-кәсіптік мүмкіндіктерінің еркін дамуына, жас жеткіншектердің бойында жалпықазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруда, сонымен қатар қоғамға пайдалы еңбек етуде әлемдік және отандық құндылықтарды бағалауға, ҚР мемлекеттік нышандары мен рәміздерін, ҚР Конституциясы мен ҚР Президентін құрметтеу, көпұлтты Қазақстан халықтарының достығын нығайту және жас ұрпақтың білім мен техника жетістіктерін жедел игеріп, білікті маман иесі болып ел экономикасының өркендеуіне жеке үлес қосуға деген қызығушылықтарын арттыруға және басқа мемлекет бірлігі мен көпұлтты халықтар ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдау мақсатында ҚР Үкіметі
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:


  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік, кәсіпорын және басқа да қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ оқу орны, мектеп, мектептен тыс мекеме, мәдени-спорттық, оқу-сауықтыру мен туристік-өлкетану мекемелері жанынан бір немесе бірнеше шағын топтан құралған балалар мен жасөспірімдер, мектеп оқушылары өз еріктері арқылы қоғамдық ұйым құрып, ҚР Заңдарына қайшы келмейтін іс-әрекет етулеріне рұқсат беріледі.

  • Балалар ұйымдарының іс-әрекеттеріне балалар ұйымдарының ардагерлері, ұстаз-тәлімгерлер және балалардың қалаулары бойынша ұжымтоп мүшесі болып табылатын ересек адамдар педагогикалық талап негізінде басшылық жасайды.

  • Балалар ұйымдарының, оның ішінде шағын ұжымтоптық (3-5 оқушы бала) және аймақтық немесе аудандық (300 ден астам балалар ұйымтоптары т.б) ұйымдардың іс-әрекеттері ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары және өздерінің Құрылтай жиынында қабылдаған Жарғылары негізінде әрекет етуге құқылы.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Президентінің Жарлығына, ҚР Заңдары мен бала тағдырына қатысы бар құзырлы мемлекеттік органдардың нормативтік құжаттарына қайшы келетін, сондай-ақ Қазақстан халықтарының бірлігі мен татулығын, мемлекет саясатына қарсы діни, саяси пиғылдарды көксейтін балалар мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарының құрылуларына тыйым салынады.

  • Балалар ұйымдары өздерінің жоғарғы органы Құрылтай Жиынының шешімі негізінде халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық, аудандық т.б ұйым ретінде құрыла алады. Құрылтай шешімі негізінде құрылған ұйымдар міндетті түрде ҚР «Азаматтық Кодексі» заңына сәйкес ҚР Әділет министрлігі және оның облыстық басқармалары талабы бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті. Әр ұйым өздерінің Туын, елтаңбасын, төсбелгісін, киім үлгісін және басқа да рәміздерін иеленеді.

  • Мемлекеттік тіркеуден өткен балалар ұйымдарына республикалық және жергілікті әкімшілік органдар тарапынан өз міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жан-жақты қолдау көрсетеді. Оған мыналар жатады:

а) мемлекеттік грант иегерлері болуға;

б) ұйымның басқару органдарының мемлекеттік мекемелер жанынан құылуына; басқа да ғимараттарды иеленуіне;

в) заңға қайшы келмейтін қаржылай һәм материалдық көмек алуларына;

г) бірлескен мәдени-шығармашылық, оқу-әдістемелік, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану, кәсіптік-техникалық және басқа іс-шаралар өткізуге қолдау көрсету;

д) балалар ұйымдары тарапынан маңызды ұсыныс-тілектер мен бастамаларға қолдау көрсету;


  • Балалар ұйымындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын жақсартуға бағытталған әдістемелік нұсқаулар мен



ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫ ОДАҒЫНЫҢ (ҚБҰО) ЖАРҒЫСЫ
(Жарғы 2006 жылдың 26 тамызында І Республикалық

балалар ұйымдарының Слетінде қабылданды)




        1. Жалпы ережелер һәм заңдық мәртебе

1.Қазақстан балалар ұйымдары Одағы (ары қарай Ассоциация деп оқылады) – құқықтық мәртебесі бар, бей коммерциялық әрекет ететін облыстық, аймақтық, республикалық (Алматы, Астана қ.қ) заңдық тұлғалардың ерікті түрде бір ассоциацияға біріккен қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі болып табылады.

2.Ассоциация өзінің жұмысын ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР «Бейкоммерциялық ұйымдар туралы» ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», ҚР «Білім туралы» және басқа заңдар мен өзінің бағдарлама бағыттары мен аталмыш Жарғының талаптарына сай, сондай-ақ Ассоциация мүшелерінің арасындағы тең құқылық пен басқару жүйесінің әділ һәм ашық келісім мен татулық негізінде іс-әрекет жасауға ниетті.

3. Ассоциация заңды тұлға негізінде ҚР Заңдарына сәйкес өзінің ғимаратын, дербес қаржы балансын, есеп-шотын, валюталық шотын, сонымен қатар фирмалық қағаздарын, мөрін және басқа ресми құжаттары мен жарақтарын иеленеді. Жарғыда көрсетілген міндет-мақсаттарды жүзеге асыруда өзінің құқықтық міндетін жүзеге асырады, келісім-шарттар жасасады, құрылтайшы болады, өзінің мүлкін оның ішінде жылжымайтын және басқа мүліктерді иеленеді, сот және басқа заң орындарына шағымданады; сондай-ақ жауапкер, талапкер және сот орындарында үшінші заңды өкіл ретінде қатыса алады.

4.Ассоциация ҚР заңнамалары негізінде ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап дербес құқы бар заңды тұлға ретінде танылады.

5.Ассоциация өз алдына Қазақстанда және одан тыс жерлерде жеке өкілеттіліктерін ашады, құылтайшы болады.

6. Ассоциацияның заңды тұлға ретіндегі ресми атауы «Қазақстан балалар ұйымдарының Одағы – Союз детских организации Казахстана».

7. Ассоциацияның мекен-жайы: 010000. Қазақстан Республикасы. Астана, Омаров к.№47, 304-кеңсе.


2. Ассоциацияның негізгі мұраты, мақсаттары һәм міндеттері
8.Ассоциацияның негізгі мұраты Қазақстандағы барлық қоғамдық, бейкоммерциялық балалар ұйымдары мен әрбір жас өскіннің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

9.Ассоциация өзінің негізгі іс-әрекетін Қазақстандағы барлық балалардың бақытты ғұмыр кешіп еркін дамып-жетілуіне; жас ұрпақ өкілдерінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени һәм танымдық-шығармашылық еркіндігін; жас жеткіншектердің белсенділіктерінің артуына, олардың шығармашылық-инновациялық, ғылыми-техникалық, өнери-салауаттылық, мәдени-ағарту, потенциалдары һәм патриоттық сезімдерінің қалыптасуы мен ашылуына мүмкіндік туғызу;

Жер бетінде татулық пен бейбітшілікті нығайтуды көксеген әлемдегі барлық балалар ұйымдарының арасында халықаралық ынтымақтастықты сақтауда Ассоциация мемлекетаралық заңнамалар һәм құжаттар негізіне түрлі келісім-шарттар жасасады; халықаралық балалар ұйымдарына ұжымды тұрғыда мүше бола алады.

Ассоциацияның негізгі мақсаты республикалық һәм аймақтық қоғамдық немесе бейкоммерциялық балалар ұйымдарының іс-әрекеттеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге қолқабыс ету, бала құқын қорғау ісіне ортақ іске жұмылдыру және үйлестіру; жас өскіндердің мемлекет пен қоғам өміріне, экономикалық, қоғамдық һәм мәдени жаңғыру үрдістеріне өз үлесін қосып, араласып, әлеуметтенуіне бағдар беру; әлеуметтік және реабилитациялық көмектер көрсету; бала қажеттіліктерінен туындаған әлеуметтік маңызы үлкен түрлі бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Ассоциацияның негізгі міндеттерінің қатарына Қазақстан балаларының мемлекеттің қоғам өмірін жақсарту мен дамытуға арналған әлеуметтік саясатын жүзеге асыру ісіне жұмыла кірісуіне, атап айтқанда қоғамдық қажеттілігі бар мемлекеттік сұраныстарды орындау ісіне ортақ болуларына; мемлекетттің бала құқын қорғау және басқа бала тағдырына баланысты ауқымды іс-шараларына ат салысуларына; ҚР Заңдары негізінде жас жеткіншектер тарапынан кәсіпкерлік, сыртқыэкономикалық, гранттық, біліми-ғылыми жобалар, туристік һәм баспагерлік әрекеттермен айналысуларына толыққанды жағдай туғызуға бағытталады.

10.Ассоциацияның негізгі міндеттері:

-балалар қозғалысы һәм қоғамдық ұйымдарының мәртебесін көтеру мақсатында түрлі бағыттарда ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру;

-мектептегі оқушылар мен балалар қауымында республика көлеміндегі ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар мен реформалар төңірегінде кең тұрғыда ақпарат тарату және құлақтандыру;

-Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, жас ұрпақтың санасында жалпықазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, жас өскіндердің құқықтық һәм азаматтық қоғам құруға бағытталған мемлекеттік шараларға жеке үлес қосуына мүмкіндік туғызу;

-Жас ұрпақтың танымдық, шығармашылық, рухани һәм салауаттылық және басқа да мүмкіндіктерінің ашылуына арналған балалар ұжымдарының бастауларына қолдау көрсету;

-Жарғыда һәм басқа аумақтық, өңірлік балалар ұйымдарының ұрпақ тағдырына қатысты ортақ мүдделер мен жобалардың қоғам һәм халық қажеттіліктеріне айналуына жағдай туғызу;

-балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты һәм жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге арналған озық дәстүрлерді жаңғырту;

-Қазақстандағы барлық балалар мен балалар ұйымдары мүшелерінің мәдени-рухани, танымдық-интеллектуалдық, өнери-шығармашылық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатындағы ауқымды жоспарларды жүзеге асыру;

- Ассоциация мүшелерінің Одақтағы, қоғамдағы һәм шет елдердегі маңызды оқиғалар жөнінде қажетті ақпарат алуларына мүмкіндік туғызу;

-бала құқы һәм тағдырына қатысты арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-жас ұрпақтың әлеуметтік құқы мен жеке қызығушылықтарын қорғауға бағытталған орталықтар құру;

-жас өскіндердің қоғам өміріне белсене араласуларына, өз мүмкіндігіне орай қызмет етіп пайда келтіруіне жағдай жасау;

-Қазақстандағы һәм шет елдердегі балалар мен жастар ұйымдарымен тығыз-қарым қатынас жасау;

-бала құқы һәм проблемасына қатысы бар алқалы ғылыми-практикалық конференциялар, мәжіліс-семинарлар һәм симпозиумдар өткізу;

-Ассоциация мүшелерінің құқықтары мен қажеттіліктерін қорғау;

-мемлекеттік және басқа құзырлы органдардың бала құқы мен әлеуметтік мәселелеріне байланысты жоспарларына (тұжырымдар, мемлекеттік гранттар, арнайы бағдарламалар, халықаралық жобалар т.б) өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

-ҚР Заңдары мен халықаралық заңнамалар негізінде бала құқы һәм тағдырына қатысты мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

-Ассоциация Жарғысы һәм ҚР Заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндет-мақсаттарды жүзеге асыру;

11.Ассоциация әрекетінің негізгі принциптері:

-жас ұрпақ өкілдерінің еркін дамып-жетіліп, олардың әлеуметтік және басқа құқықтарының заң жүзінде қорғалуын басты назарға алу;

-бала тағдыры һәм болашағы үшін ашық, әділ бағыт ұстану;

-мектептегі балалар ұжымының өзін-өзі басқару һәм педагогикалық менеджмент жүйесі арасында ынтымақтастық орнату;

-әр баланың дүниетанымы, этномәдени құндылықтары һәм діни сенімі мен ұлттық ерекшеліктерінің еркін дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызу; қастерлеу;


2. Ассоциация мүшелері һәм құқықтары мен міндеттері
12.Ассоциация мүшелеріне (ары қарай - Ассоциация) – Қазақстан Республикасындағы облыстық (Алматы һәм Астана қ.қ), аймақтық, өңірлік және республикалық балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық, бейкоммерциялық ұйымдары, бірлестіктері жеке немесе ұжымды түрде мүше бола алады. Әр облыстағы (Алматы һәм Астана қ.қ) балалардың қоғамдық бірлестіктерін (бейкоммерциялық ұйымдарын) тек бір ғана қоғамдық ұйым Ассоциацияның арнайы өкілі ретінде танылады.

13.Ассоциация мүшелігінің негізгі принциптері:

-ерікті түрде Ассоциацияға мүше болу;

-маңызды шешімдердің басым дауыспен қабылдануы;

-өзара сенім мен ортақ мүдделерді жүзеге асыру мақсатында әрекет жасау;

-ұйым мүшелерінің Ассоциация құрамында әділ һәм тең қабылдануы;

-Қазақстандағы республикалық (аймақтық) балалар ұйымдарының облыстық филиалдары (Ассоциация құрамындағы) һәм өкілетті органдары Ассоциация мүшелері болып табылмайды.

14.Ассоциацияның құрылтайшылары Одақтың алғашқы мүшелері болып табылады.

15.Ассоциацияның ұжымдық мүшелері өздерінің заңдық-құқықтық дербестігін сақтайды. Ассоциация өзінің ұжымдық мүшелеріне жоғарғы басқарушы орган болып табылмайды, бірақ өз ретінде Жарғыда көрсетілген құзыреттер шеңберінде Ассоциацияға өз еріктерімен мүше болып кірген ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіріп, бағыт-бағдар береді.

16.Ассоциацияның ұжымдық мүшелері Жарғы талаптары негізінде ерікті түрде Ассоциацияның іс-әрекетінің жандануына қолдау көрсетеді. Аталмыш әрекеттер Жарғы мен арнайы келісім-шарт негізінде реттеліп отырады.

17.Ассоциацияға ұжымды түрде мүше болу тәртібі ұйым жетекшісінің Орталық Кеңес (ары қарай - Кеңес) қарарына қолхат ретінде жазылған арызы бойынша жүргізіледі. Кеңес арнайы қолхат жөнінде шешім қабылдайды.

18.Ассоциация мүшелігінен шығу төмендегідей талаптар бойынша жүзеге асырылады:

-ұжымдық мүшелердің Ассоциация құрамынан ерікті түрде шыққан кезінде;

-ҚР Заңдары негізінде өзінің заңды тұлғалық мәртебесінен айырылған ұжымдық мүшелердің;

-Ассоциация Жарғысын және басқа заңдық талаптарға қайшы келетін әрекеттер жасағанда; ол әрекеттер қайталанған жағдайда;

-Ассоциация өз қызметін тоқтатқанда;

19.Мүшелердің Ассоциация құрамынан шығу тәртібі ұйым жетекшісінің Орталық Кеңес қарарына қатардан шығу жөніндегі қолхат-арыз бойынша жүргізіледі. Онда белгіленген уақыт бойынша мүшеліктен шығудың себептері айтылып, мынадай талаптарға негізделуі шарт:

-Ассоциацияға мүшелікке қабылданған кезіндегі өзара қабылданған міндеттерді орындаудан бас тарту себебі;

-басқа ұжымдық мүшелер арасындағы қарым-қатынастар мен келіспеушілік себептері жайында баяндау;

-мүшеліктен шығудың тек екі ұйым арасындағы келісім-шарт негізіндегі міндеттердің орындалуы жайында;

-басқа да мәселелер жөнінде;

20.Мүшеліктен шығу тәртібі Ассоциация Кеңесі мүшелерінің 2/3 бөлігінің дауыс беруі арқылы жүргізіледі. Мүшеліктен шығу жөніндегі қабылданған шешім осы рет бойынша жүзеге асырылады.

21.Ассоциация мүшелерінің құқықтары:

-Жарғы көрсетілген талаптар бойынша Ассоциацияның басқару және басқа жүйелерінің қызыметіне араласуға; ұсыныс беруге;

-өз өкілдерін Орталық Кеңес мүшелігі һәм Тексеру комиссиясының құрамына ендіруге;

-өз ұйымдары атынан Орталық Кеңес Төрағасына, ОК орынбасарына, Бақылау комиссиясы құрамына өз өкілдерінің кандидатурасын ұсынуға;

-Ассоциация мүшелерінің басым дауысымен Ассоциация Төрағасы мен оның орынбасарларының қызметін кезектен тыс тоқтату жөнінде бастама көтеруге;

-Орталық Кеңеске мүше болған өз өкілдері арқылы Ассоциацияның жалпы іс-әрекеті жөнінде мағлұматтар алуға; Ассоциация жұмысын жақсарту мақсатында өз ойлары мен ұсыныстарын енгізуге һәм талап етуге;

-Ассоциацияның жұмыс-жоспары, әрекеті, қаржы жүйесі һәм мүліктері һақында толық ақпарат алуға;

-Жарғыда көрсетілген жеңілдіктер мен басқа мүмкіндіктерді Ассоциация атынан пайдалануға;

-Ассоциация жұмысына қатысты маңызды уақытша немесе ұзақ мерзімді іс-шараларды ұйымдастыруда арнайы материалды-техникалық һәм қаражат мүмкіндіктерін пайдалануға;

-Жарғыда көрсетілген міндет-мақсаттарды жүзеге асыруда және жеке бастамаларды көтеруде Ассоциация атынан қолдау табуға;

-Ассоциацияның негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі өз ұсыныстары мен жобаларын талап етуге;

-басқа балалар немесе жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жасаудың тиімді үлгілерін ұсынуға;

-жас ұрпақ өкілдерінің жеке қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған балалардың танымдық-шығармашылық бастамаларының халық һәм ұрпақ игілігіне айналуының жолын көрсететін жобаларды ұсынуға;

-Ассоциация мүшелерінің 2/3 бөлігінің қолдауы негізінде Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар беру бастамасын ұйымдастыруға;

-Ассоциация мүшелерінің 2/3 бөлігінің қолдауы негізінде кезектен тыс Құрылтай шақыру жөнінде ұсыныстар беру бастамасын үгіттеуге һәм ұйымдастыруға;

22.Ассоциация мүшелерінің құқықтары:

-Ассоциация Жарғысында көрсетілген ережелер мен талаптарды мұқият орындау;

-Ассоциация Жарғысында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға арналған іс-шаралар һәм жоспар-бағдарламалардың орындалуына ат салысу;

-Ассоциация құжаттары һәм Құрылтай келісім-шарт негізінде қабылданған іс-шаралар мен бағдарламалар шарттарын орындау;

-Орталық Кеңес һәм Тексеру комиссиясына Ассоциация жұмысына тікелей қатысы бар маңызды ақпараттар жөнінде хабарлама жасау;

-Ассоциация әрекетіне және оның мүшелеріне қайшы келетін заңсыз әрекеттерге жол бермеу;
4.Ассоциацияның басқару һәм бақылаушы органдары
23.Ассоциация басқару жүйесінің ең жоғарғы органы екі жылда бір рет шақырылып тұратын Құрылтай болып табылады. Құрылтай жиынын шақыру (төтенше немесе кезектен тыс шақырудан басқа), күн тәртібін белгілеу, Құрылтайға шақыратын балалар ұйымдарының өкілдерінің құрамын, жұмыс регламентін Құрылтайдан екі ай бұрын Орталық Кеңес анықтап, шақыру құқына ие.

Төтенше һәм кезектен тыс Құрылтайды Кеңес Төрағасының ұсынысымен және Кеңес мүшелерінің 1/3 бөлігінің шешімі негізінде Орталық Кеңес шақырады.

Құрылтай құзыры:

-Ассоциацияның Жарғысын қабылдайды, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

-Орталық Кеңестің Төрағасын сайлайды;

-Ассоциация Орталық Кеңесі мүшелерінің 2/3 бөлігі бастамасы негізінде Кеңес Төрағасының қызметін тоқтату жөнінде мәселе қаралады;

-Ассоциация Орталық Кеңесі мүшелерінің 2/3 бөлігі бастамасы негізінде Кеңес Төрағасы орынбасарларының қызметін тоқтату жөнінде мәселе қаралады;

-Ассоциация Кеңесінің Төрағасының, оның орынбасарларының және Тексеру комиссиясының есебін тыңдайды; қаулы қабылдайды;

-тең құқылық бойынша балалар ұйымдарының өкілдері мен басқа құзырлы органдар өкілдерінен құралған Ассоциация Кеңесін құрады;

-Кеңестің ұсынысы бойынша Ассоциацияның негізгі іс-әрекеттерінің бағытын айқындайды;

-Ассоциацияның қайта құрылуы яки таралуы һақында шешім қабылдайды;

-Ассоциацияның іс-әрекетіне қатысы бар басқа шешімдер һәм қаулылар қабылдайды;

Құрылтай жұмысына қатысушы өкілдердің жартысынан астамы жақтап дауыс берген жағдайда Құрылтай шешімі заңды болып табылады.

Құрылтайға шақырған өкілдердің 2/3 бөлігі қатысқан жағдайда Құрылтай жұмысы заңды болып саналады.

24.Ассоциацияның Құрылтай арасындағы жұмысына Орталық Кеңес басшылық жасайды.

25.Кеңес Ассоциацияның өкілетті органы болып табылады. Оның құрамы Ассоциация мүшелері алдын-ала сайлаған, арнайы сенімхат негізінде бекіткен (мөрленген) балалар ұйымдары мен басқа ресми органдардың сенімді өкілдерінен құралады. Орталық Кеңес мүшелігіне ұсыну әр ұйымнан кем дегенде бір адамнан аспауы тиіс.

26.Орталық Кеңес ересектер мен балалардан тұратын 2 палатадан құралады.

27. Ассоциация Кеңесі:

-Ассоциацияның негізгі іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарларын белгілейді;

-Ассоциация жұмысына қатысы бар құжаттар мен бағдарламаларды дайындайды; бекітеді;

-Ассоциацияның жылдық бюджетін және қаржы жүйесін бекітеді;

-Кеңес Төрағасының ұсынысымен Ассоциация басқару органын, штат кестесін құрады, қызмет міндеттемелерінің құзыретін анықтайды;

-Ассоциацияның негізгі жұмыс-жоспарын бекітеді; маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде бастама көтереді;

-Құрылтай шешімдерін жүзеге асыру барысында түрлі бағыттарда әрекет жасайды;

-Мүшелік жарналардың жылдық төлемін және оның мөлшері мен ретін анықтайды;

-Ассоциацияның мүлкі мен басқа керек-жарақтарын пайдаланады;

-Ассоциация құрамына жаңа мүшелерді қабылдау және мүшеліктен шығару жөнінде шешім қабылдайды;

-Ассоциацияның Тексеру комиссиясын құрады;

-Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама көтереді; ұсыныс жасайды;

-Төтенше һәм кезектен тыс Құрылтай шақыру жөнінде шешім қабылдайды;

-Жарға талаптарына сәйкес Ассоциация атынан заңды тұлға ретінде әрекеттер жасайды. Оның ішінде:

-Құрылтай құзырына жатпайтын және басқа заңдық әрекеттер жасайды;

-Ассоциацияның негізгі іс - әрекетіне қатысы бар түрлі әрекеттер жасайды;

28.Ассоциация Кеңесі жылына екі рет шақырылады. Жыл аяғында атқарылған жұмыстар жөнінде Ассоциация Кеңесінің отырысы шақырылады. Орталық Кеңес Төрағасы Кеңес мүшелерінің 1/3 бөлігінің жақтауы негізінде кезектен тыс Орталық Кеңес отырысын шақыра алады. Кеңес отырысының шешімі қатысушы мүшелердің басым дауыс беру негізінде заңдық күшіне ие болады. Кеңес отырысының жүргізілу тәртібі, дауыс беру формасы отырыс жұмысының басталар алдында шешілуі тиіс.

29.Орталық Кеңес Ассоциацияның тұрақты һәм құзырлы басқару органы болып табылады.

30.Орталық Кеңес Құрылтай шешімі бойынша үш жыл мерзімге сайланады.

31.Кеңес мүшелерінің құрамы және оларды сайлау реті, қайта қабылдау мен мүшеліктен босату жөніндегі мәселені Құрылтай айқындайды.

32.Орталық Кеңес отырысын Ассоциация Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орынбасары немесе сенімхат негізінде Кеңес мүшесінің бірі жүргізеді.

33.Кеңес отырысының шешімі қатысушы мүшелердің кворумына байланысты ашық немесе жабық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

34.Кеңес отырысының шешімімен Ассоциация жұмысының пәрменді жүргізілуін қамтамасыз ететін және оның ережелерін Орталық Кеңес бекіткен түрлі ғылыми орталықтар, комитеттер және комиссиялар құрылады.

35.Ассоциацияның Тексеру комиссиясы бақылаушы орган болып табылады. Ол Құрылтайға есеп беруге міндетті.

36. Тексеру комиссиясы Орталық Кеңестің шешімімен үш жыл мерзімге сайланады.

37. Комиссияның құрамын, оның сапалық мөлшерін, комиссия мүшелерінің сайлануы мен мүшеліктен шығу тәртібін Орталық Кеңес белгілейді. Тексеру комиссиясының мүшелері Орталық Кеңес мүшелері болып табылмайды.

38. Ассоциацияның тексеру комиссиясы:

- Ассоциация Төрағасы, оның орынбасарлары және Орталық Кеңестің қаржы-шаруашылық іс-әрекеттеріне бақылау жүргізеді. Ассоциация балансындағы мүліктер мен материалдық жарақтар мен қаржы жүйесінің Жарғы талаптарына сәйкес дұрыс пайдалануын тексереді.

-Ассоциация мүшелері мен органдарының Жарғыда көрсетілген міндеттер шеңберінде қаржылай-материалдық мақсатта заңды әрекет жасауын реттейді.

39.Орталық Кеңестің іс-әрекетіне жалпы басшылықты Ассоциация Төрағы жүргізеді.

40. Ассоциация Төрағасы:

-Ассоциацияның іс-әрекетіне басшылық жасайды;

-Орталық Кеңес шешімдерін жүзеге асыруда жалпы ұйымдастыру жұмыстарын басқарады;

-Ассоциация Кеңесінің отырысын жүргізеді;

-Орталық Кеңес қарарына қаржы-бюджет жүйесінің құралу көздері және оны пайдалану жолдары һақында өз құзыреті шеңберінде түрлі жобалар ұсынады.

-Ассоциацияның басқару аппаратын құрып, оған жалпы басшылық жасайды;

-ҚР Заңдары негізінде басқару аппаратының штат кестесін, қызмет функциясын, жалақы мөлшерін анықтайды, мамандарды жұмысқа қабылдайды, жұмыстан босатады;

-Басқару аппараты қызметкерлеріне өз құзыры шеңберінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады;

-Ассоциация филиалдары мен өкілеттіліктерінің жетекшілерін тағайындайды; сенімхат беред;

-Ассоциация атынан қаржы операцияларын жүргізеді, қаржы құжаттарына бірінші жетекші ретінде қол қояды; банктерде есеп-шот ашады немесе жабуға қол қояды; сенімхат береді; Өз құзыреті шеңберінде Ассоциацияның қаржы және басқа мүліктерін пайдаланады;

-заңдық құқы бар шаруашылық серіктестіктер мен заңды тұлғалық мәртебесі бар кәсіпорындар ашу жөнінде шешім қабылдайды;

-шет елдерде, мемлекеттік һәм қоғамдық ұйымдарда, коммерциялық немесе бейкоммерциялық ұйымдарда сенімхатсыз Ассоциация атынан әрекет жасайды; Ассоциацияның өкілеттілігін білдіреді;

-Жарғыда көрсетілген міндет-мақсаттарды жүзеге асыруда Құрылтай мен Орталық Кеңес құзырына жатпайтын басқа да заңдық әрекеттер жасайды;

41.Ассоциация Төрағасының орынбасары:

-басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда сенімхатсыз Ассоциацияның өкілеттілігін білдіреді;

-Ассоциация Төрағасы тапсырған салалар бойынша түрлі заңдық әрекеттер жасайды;

-Ассоциация Төрағасының тапсыруымен оның орнынан Ассоциацияға жалпы басшылық жасайды;

42.Ассоциацияның басқару аппараты:

-Ассоциация Төрағасының ұсынысымен құрылады;

-Жарғыда көрсетілген міндеттерді орындау барысында негізгі атқарылатын жұмыстарды айқындайды; балалар ұйымдарының жұмыстарын жандандыруда түрлі жалпыбұқаралық ауқымды іс-шаралар ұйымдастырады; түрлі тақырыптарды қамтыған жобалар мен бағдарламаларды бекітеді; қолдау көрсетеді;

-Ассоциация мүшелеріне жалпы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша толық ақпараттар таратады;

-басқа мемлекеттік һәм қоғамдық, коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдармен, оқу орындары мен кәсіпорындар арасында тығыз қарым-қатынас орнатады;

-Ассоциацияның материалды-техникалық және ұйымдастырушылық қызметтерінің жандануын қамтамасыз етеді.

-Өз құзыреті шеңберінде заңға қайшы келмейтен басқа әрекеттер жасайды;

Ассоциацияның басқару аппаратының тәртібі мен құзыреті Орталық Кеңес бекіткен ереже бойынша айқындалады.


5. Ассоциация мүліктері
43.ҚР Заңдары негізінде Ассоциация Жарғыда көрсетілген міндет-мақсаттарды жүзеге асыруда өз меншігіне түрлі ғимараттар, жер учаскелерін, түрлі нысандағы мүліктерін, керек-жарақ материалдары мен техникалық құралдарды, транспортын, қаражат көздерін және заң тыйым салмаған басқа мүліктерді иеленеді.

Аталған мүліктер:

-Орталық Кеңес бекіткен жағдайда Ассоциация мүшелерінің мүшелік жарналарынан;

-Ассоциация мүшелері тарту еткен уақытша немесе ұзақ мерзімге берілген басқа мүліктерден;

-түрлі нысандағы қаражат көздері мен өз еріктерімен қаржылай көмек көрсеткен заңды тұлғалар мен жеке адамдар табыстарынан;

-республикалық және шет елдік гранттар есебінен;

-ҚР Заңдарына сәйкес мемлекеттік сұраныстарға бөлінген қаржы көздерінен;

-Ассоциацияның қаржы-шаруашылық, лоторея, баспагерлік, мәдени-шығармашылық және басқа жолдармен келген қаржы түсімдерінен;

-заң тыйым салмаған басқа қаражат көздерінен құралады;

44. Ассоциация мүліктерінің бөліске түсуіне тыйым салынады.

45. Ассоциацияның қаржы-шаруашылық әрекеттерінен түскен түсімдері Ассоциация мүшелеріне бөлінбейді. Олар негізінен Жарғыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға жұмсалады.

46. Орталық Кеңес шешімі бойынша Ассоциация мүліктері оның мүшелеріне уақытша мерзім бойынша пайдалануға беріледі. Мүлікті алған Ассоциация мүшелері Ассоциация құрамынан шыққан кезде, аталған мүліктерді қайтарады. Орталық Кеңес өз мүшелерінен алған мүлікті келісім бойынша қайтарып беруге міндетті.

47. Ассоциация мүшелері өздеріне уақытша берілген мүліктерге заңды тұрғыда ие болып табылмайды. Мүшелік жарналар Ассоциация құрамынан шыққан мүшелерге қайтарылмайды.

48. Ассоциация қаражаттары Жарғы талаптарын орындаумен қатар Ассоциация Төрағасы, орынбасарлары және басқару аппараты қызметкерлерін ұстауға жұмсалады.

49. Ассоциация ҚР Заңдары негізінде тиісті мемлекеттік органдарға өз мүліктері жайында толық есеп береді.

50. Мемлекет Ассоциацияның міндеттемелері бойынша өзіне жауапкершілік жүктемейді. Ассоциация мемлекет міндеттемелері бойынша жауапкершілік жүктемейді. Ассоциация мүшелері өздерінің төлем жарналарының мөлшеріне сәйкес келісім-шарт негізінде субсидарлы әрекет жасайды. Ассоциация құрамына ұжымдық мүше болып кірген ұйымдардың міндеттемелеріне жауап бермейді.

51. Ассоциация мүшелері Жарғыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мәселесіне араласып, жеке ұсыныс бере алады.

52. Ассоциация мүліктері тек Ассоциацияның меншігі болып табылады. Ассоциация мүшелері Ассоциацияның мүліктеріне және басқа дүниелерін бөліске түсіріп иеленуге құқы жоқ. Ассоциация мүшелерінің мүліктеріне Ассоциация қожалық етіп, оны бөліске түсіре алмайды.

53. Ассоциация мүліктеріне және басқа да материалдық һәм интеллектуалдық дүниелерін меншіктеу құқы Ассоциация Кеңесінің құзырында.

54. ҚР Заңдары негізінде Ассоциация өз мүліктеріне қатысы бар заңнамалар һәм Жарғыға қайшы келмейтін түрлі әрекеттер жасауға құқы бар.


6. Ассоциация Жарғысына өзгертулер һәм толықтырулар енгізу тәртібі
55.Жарғыға өзгертулер һәм толықтырулар Ассоциация Кеңесі шешімі негізінде жүргізіледі.

56. Ассоциация Жарғысына өзгерістер һәм толықтырулар енгізу бастама немесе басқа ұсыныстар беру негізінде :

-Ассоциация мүшелерінің 1/3 бөлігінің басым дауыс беру арқылы;

-Орталық Кеңес атынан;

-Ассоциация Төрағасынығ атынан жүзеге асырылады;


  1. Ассоциация қызметінің тоқтатылуы, қайта құрылуы һәр таралу тәртібі

57.Ассоциация өзінің әрекетін:

-Орталық Кеңес Ассоциация қызметінің тоқтатылуы, қайта құрылуы немесе таратылуы һақында шешім қабылдағанда;

-ҚР Заңдары және ҚР Азаматтық Кодексіндегі заң талаптарына қарсы келетін әрекет жасағанда сот шешімі негізінде тоқтатады; қайта құрылады һәм таратылады;

ҚР Заңдары негізінде және Жарғыда көрсетілген талаптар бойынша Ассоциация:

-Құрылтай шешімімен;

-сот органдары және бақа ресми заң органдарының ұйғаруымен;

-ҚР Заңдарына қайшы келетін әрекет жасағанда ерікті түрде немесе талап қою негізінде өз қызметін тоқтатады; қайта құрылады һәм таратылады,

58. Ассоциация қызметінің тоқтатылуы, қайта құрылуы һәм таралуы һақында бастама немесе басқа ұсыныс беруге:

-Ассоциация мүшелері, егер олардың жартысынан астамы қолдаған жағдайда;

-Орталық Кеңес;

59. Аталған мәселелер өз шешімін тапқан жағдайда Ассоциация Кеңесінің кезектен тыс немесе төтенше отырысы шақырылып, Ассоциация қызметінің тоқтатылуы, қайта құрылуы һәм таратылуы һақында шешімдер қабылданады.

60. Ассоциация қызметінің тоқтатылуы, таратылуы һәм қайта құрылғаны һақында шешімге қол жеткізгенда «Қазақстан балалар ұйымдарының Одағы – Союз детских организации Казахстана» атты өз еріктерімен бір ассоциацияға біріккен заңды тұлға болып табылатын Ассоциацияның Жарғысы – Ассоциацияның мұрагері болып табылатын басқа заңды тұлға болып өгерген жағдайда олар міндетті түрде ҚР Заңдары негізінде мемлекеттік тіркеуден қайта өтуі шарт.

Ассоциация қызметінің тоқтатылуы жөнінде және басқа шешім қабылданған жағдайда Орталық Кеңес арнайы тарату комиссиясын құрып, онын мүшелерін, тарату тәртібін және басқа құзыреттерін белгілейді.

Ерікті түрде бір ассоциацияға біріккен «Қазақстан балалар ұйымдары Одағы» атты заңды тұлға болып табылатын қоғамдық бірлестіктің іс-әрекетінің тоқтатылуы жөнінде арнайы шешім қабылданып және оның мүліктері, басқа дүниелері тарытылғаннан кейін, ҚР Заңдары негізінде Ассоциация жөніндегі мағлұмат ҚР Әділет министрлігіндегі заңды тұлғаларды тіркеу регистрінде баяндалуы шарт.


  1. Қорытынды ереже

61.Аталмыш Ассоциация Жарғысы ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңдық күшіне енеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет