Педагог қызметкерлердің байқау онлайн тестілеуден өту нұсқаулығы
Астана 2014
Мазмұны
1. Кіріспе 3
2. Тіркелу 4
3. Жеке кабинет 7
Ескертулер .. 11
1. Кіріспе
Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын педагог қызметкерлер үшін онлайн тестілеу өткізеді.
Байқау тестілеуінің технологиясы негізгі біліктілік тестілеуінің технологиясымен сәйкестендірілген, яғни тестіленуші 2 міндетті: Қазақстан Республикасының заңнамасын білу мен Педагогика және психология негіздерінен және пәндік сала бойынша тест тапсырады. Сіз өзіңіздің тестілеуден өту кестеңізді құруыңызға болады, әрбір педагог қызметкер 5 (бестен) артық емес тестілеуден өту құқығына ие. Тестілеу тегін және ерікті негізде өткізіледі. Тестілеу нәтижесі сол сәтте беріледі, ешқандай жерде жарияланбайды және мұғалімнің одан арғы қызметіне әсер етпейді.
Байқау тестілеуден өту барлық мұғалімдерге, әсіресе ағымдағы жылы аттестациядан өтетін мұғалімдерге ұсынылады. Байқау тестілеуі арқылы мұғалім өзінің біліктілік деңгейін тексере алады және бағдарламалық қамтамасыз етудің интерфейсімен таныса отырып, аттестацияға дайындала алады.
Байқау тестілеуі ҰТО-ның www.testcenter.kz ресми сайтында ұйымдастырылады.
Компьютерге және интернет байланысына қойылатын техникалық талаптар:
-
Windows XP және одан жоғары нұсқадағы операциялық жүйесі;
-
Internet қосылымы 256 кб/сек(2 Мб/сек ұсынылады);
-
Internet Explorer 8 және одан жоғары нұсқасы, Mozilla Firefox 3 және одан жоғары нұсқасы, Google Chrome Интернет браузері.
2. Байқау онлайн тестілеуден өту үшін педагог қызметкерлердің тіркелуі.
http://193.193.229.70/pedrab сайтына кіру алдында жеке кабинетке кіру және тіркелу үшін бет ашылады. (Сурет 1)
Сурет 1. Тіркелу және жеке кабинетке кіру үшін бет.
2.1 Тіркелу. Педагог қызметкерлер жеке кабинетін ашу үшін тіркелуден өтулері қажет. Тіркелу уақыты дүйсенбіден сәрсенбіге дейін. Тіркелу бір-ақ рет жүргізіледі! Және көрсетілген барлық жолдарды толтыру қажет. Тіркелгеннен кейін көрсетілген электрондық поштаның адресіне 2-3 минут аралығында сіздің жеке кабинетіңізге кіруіңізге құпия сөз келеді. (Сурет 2)
Сурет 2. Педагог қызмектерлердің тіркелуі
2.2 Сайтқа кіру. Педагог қызметкерлер құпия сөзді алғаннан кейін жеке кабинетке тікелей кіруге рұқсат алады. Ол үшін көрсетілген жолға электрондық поштаның адресін пен құпия сөзді енгізесіз. (Сурет 3)
Сурет 2. Сайтқа кіру
Электрондық поштаның адресі немесе құпия сөз дұрыс енгізілмеген жағдайда хабарлама келеді.
2.3 Нұсқаулық. Бұл бөлімде әрбір педагог қызметкер байқау онлайн тестілеуден өтудің басты нұсқаулығымен танысады. (Сурет 5)
Сурет 5. Педагог қызметкерлер үшін онлайн тестілеуден өтудің нұсқаулығы
Педагог қызметкер сайтқа кірер алдында интерфейс тілін қазақша немесе орысша таңдай алады.
3. Жеке кабинет
Сайтқа кіргеннен кейін педагог қызметкердің жеке беті ашылады. Жеке кабинетке сәйкес құпия сөзді енгізгеннен кейін кез-келген уақытта кіруге болады.
Сол жақ жинақтамада кабинет иесі туралы мәліметтер берілген. Жоғарғы жинақтамада жеке кнопкалар тәрізді блоктар жинағы берілген. (Сурет 6)
Сурет 6. Педагог қызметкердің жеке кабинеті
3.1 Жоспарлау. Байқау тестілеуін өткізу технологиясы негізгі біліктілік тестілеуінің технологиясымен сәйкестендірілген, яғни педагог қызметкер 2 міндетті пән: «Қазақстан Республикасының заңнамасын білу» мен «Педагогика және психология негіздері» және пәндік сала бойынша (егер бар болған жағдайда) тест тапсырады.
Сіз өзіңіздің тестілеуден өту кестеңізді құруыңызға болады және әрбір педагог қызметкер 5 (бестен) артық емес тестілеуден өту құқығына ие екенін ескерулері қажет. Тестілеу кестесін анықтау барысында тестілеу бейсенбіден жексенбіні қоса алғандағы аралықта өтетінін ескеруі керек.
Тестілеуден өту сіз көрсеткен уақыттан бастап бір сағат көлемінде жүргізіледі, мысалы тестілеу кестесінде уақытты 14:00 деп белгілесеңіз, онда Сіз тестілеуді кез-келген уақытта 14:00 ден 15:00-ге дейінгі уақытта бастай аласыз, ол уақытқа дейін және кейін тестілеуден өте алмайсыз.
Егер кестедегі күнді өзгерткіңіз келсе немесе кестеге сәйкес тестілеуден өте алмай қалсаңыз, онда көрсетілген күнді өзгертіп, тестілеу өтетін басқа күнді белгілеуіңізге болады. Педагог қызметкер өзгерткен барлық мәліметтер беттің төменгі бөлігінде көрініс табады. (Сурет 7)
Сурет 7. Жоспарлау панелі
3.2 Тестілеу. Тестілеу Сіз көрсеткен кестеге сәйкес ашық болады. Егер тестілеу барысында электр желісі немесе интернет жұмысында іркіліс болған жағдайда, жұмыс қайта қалыпқа қосылғаннан кейін тестілеуді қайта жалғастыруға болады. (Сурет 8)
Сурет 8. Тестілеу панелі
Сіз тестілеу сұрақтарын кез-келген блоктан немесе сұрақтан бастауыңызға болады. Ол үшін сәйкес блокты (оң жақ панельде тестілеу терезелері) немесе сұрақ номерін таңдауыңызға болады (Келесі немесе Алдыңғы сұрақ кнопкаларымен).
Тестілеуден өту барысында тестіні орындау уақыты белгіленеді. Тестілеуді аяқтау тестіленушінің еркі бойынша уақытынан бұрын немесе тестілеу уақыты аяқталуына сәйкес автоматты түрде тоқтатылады. (Сурет 9а)
Сурет 9а. Педагог қызметкердің онлайн тестілеуден өтуі
Сурет 9б. Педагог қызметкердің онлайн тестілеуден өтуі
Бірнеше дұрыс жауабы таңдалатын тапсырмалар тек «Математика», «Бастауыш сынып», «Мектепке дейінгі тәрбие» пәндеріне қатысты. (Сурет 9б) Берілген тапсырмада бірнеше нұсқадан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қажет. Мысалы: берілген жауап нұсқаларынан дұрыс жауаптар саны 1 немесе 2 немесе 3, болмаса басқа сан болуы мүмкін.
Тестілеу нәтижесі жауаптарды талдау картасы түрінде сол мезетте беріледі. Картада Сіздің жауаптарыңыз бен тестілеудің әрбір блогы бойынша дұрыс жауаптар, әрбір блок бойынша жинаған балдарыңыз мен қорытынды балдар беріледі (Сурет 10)
Сурет 10. Тестілеу нәтижесі
3.3 Бағалау. Байқау сынағы кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді.
Бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін - 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл алады.
Бірнеше жауап нұсқасынан барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,
- жіберілген бір қате үшін - 1 балл,
- екі және одан көп қате жауап үшін– 0 балл беріледі.
3.4 Статистика. Бұл бетте тестілеу блоктары бойынша барлық мәліметтер берілген. (Сурет 11)
Сурет 11. Статистика панелі
3.4 Нұсқаулық. Байқау онлайн тестілеуден өтудің нұсқаулығы (Сурет 12)
Сурет 12. Нұсқаулық панелі
3.5 Шығу. Жеке кабинеттен шығу.
Ескерту
Ұлттық тестілеу орталығымен байланыс:
Ақпараттық сұрақтар
|
Телефон
|
8-(7172)-69-50-68
|
Педагог қызметкерлердің байқау онлайн тестілеуі барысында туындаған мәселелер, техникалық сұрақтар бойынша
|
Телефон
|
8-(7172)-69-50-62
|
Электрондық почта
|
webtesting@ncgsot.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |