Луиза Хей Көгілдір кітап


Айып алдындағы жауапкершілік



Pdf көрінісі
бет76/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115
2 5429156790371615512

Айып алдындағы жауапкершілік 

Біз  өз  өміріміздің  жақсы  да  жаман  жағдайларын  қабылдау  мен  ойлау 

модельдерінің  жәрдемімен  едәуір  деңгейде  айқындай  аламыз  деп  ойлаймын.  Кейбір 

және одан басқа ойларға баса назар аударамыз. Ол ойлар сезім шақырады. Сол сезімдер 

мен  сенімдерге  лайық  біздің  өмірімізді  өзіміз  құра  бастаймыз.  Біздің  өмірімізде  бір 

нәрсе  бақылауымыздан  шығып  кетсе,  оған  өзіңді  айыптаудың  керегі  жоқ.  Бірақ  айып 

және  де  оны  өзге  біреулерге  арту  тілегі  мен  жауапкершілік  сезімі  арасында  үлкен 

айырма бар. 

Мен  жауапкершілік  туралы  айтқанда,  күшке  ие  болуды  айтқым  келді.  Айып 

күшті  босқа  жұмсатады,  оны  жүдетеді.  Және,  керісінше,  жауапкершілік  бізге  өз 

өмірімізді  өзгертуге  күш  сыйлайды.  Біз  жазықсыз  жазғырылушының  ролін  ойнаған 

кезде,  өз  күшімізді  дәрменсіз  болуға  пайдаланамыз.  Бірақ,  жауапкершілікті  өзімізге 

алуға шешім қабылдағанымызда, біз адамдар мен жағдайды айыптау арқылы  уақытты 

босқа  жоғалтуды  тоқтатамыз.  Нақтылап  айтқанда,  БІЗГЕ  ҚАТЫСЫ  ЖОҚ  нәрселерді. 

Кейбір  адамдар  өздерін  ауруға,  кедейлікке,  кейбір  проблемаларына  өзін  айыптыдай 

сезінеді.  Олар  жауапкершілік  сезімін  айыптылық  сезімімен  араластырып  жібергісі 

келеді.  Мұндай  адамдар  өзін  бір  нәрселер  үшін  барлық  уақытта  айыптап  жүреді, 

өздерін  әбден  біткен  жолы  болмағандардың  қатарына  қосады.  Сонымен  бірге  олар 

барлық кемшіліктерге төңіректегілерді де қосады. Бұл өзінің қабілетсіздігін белгілеудің 

керексіз  тәсілі.  Өз  топшылауларымызда  мен  бұл  комплекс  туралы  айтып  отырғаным 

жоқ. 

Егер біз өз проблемаларымыз бен кеселдерімізді өз өмірімізде жүзеге асырылуға 



тиіс өзгерістерді түйсіну мүмкіндігі десек, онда, бізде орын бар. Көп адамдар, қайсыбір 

апатқа  ұшыраған  соң  немесе  ауыр  кеселмен  ауырып  тұрғанда,  осы  оқиғалары  туралы 

өздерінің  өміріндегі  ең  тамаша  сәттер  ретінде  еске  түсіреді:  нақ  солар  жаңа  өмір 

бастауға  мүмкіндік  береді.  Және,  керісінше,  көп  адамдар,  ауырған  кезде:    “Маған 

қайдан  мұндай  ауру  тап  келе  қалды.  Дәрігер,  мені  ертерек  емдеңізші!”  дейді.  Менің 

ойымша,  бұндай  кісілер  алдағы  кезде  қиыншылықтарға  ұшырайды:  олар  өз  күшімен 

жазыла алмайды. 

ЖАУАПКЕРШІЛІК  –  БІЗДІҢ  ЖАҒДАЙҒА  ҚАРАЙ  ӘРЕКЕТ  ЕТУ 

ҚАБІЛЕТІМІЗ.  Бізде  қашанда  таңдау  бар.  Ол,  біз  шындыққа  тура  қарап,  оны 

мойындауды  қаламаймыз  деген  сөз  емес.  Таңдаудың  нақты  жағдаймен  келіспеумен 

ортақ ештеңесі жоқ. Бұл, біздің тап болған жағдайды қалыптастыру белгілі бір роліміз 

болғанын  мойындағанымызды  ғана  көрсетеді.  Жауапкершілікті  ала  тұрып,  біз  Ішкі 

Құдіретке біздің өмірімізді өзгертуге рұқсат береміз. Бұл жерде былай сұрауға болады 

және  сұрау  керек:  “Барлығын  өзгерту  үшін  мен  не  жасай  аламын?”.  Біздің  бәрімізде 

ішкі,  жеке  күштің  орасан  қоры  бар  екенін  түсіну  керек.  Барлығы  біздің  соны  қалай 

пайдаланатынымызға байланысты. 

Көп  адамдар  өздерінің  онша  қолайлы  емес  отбасында  өскенін  біледі.  Осыдан 

барып  біз,  өзіміздің  кім  екеніміз  және  өмірмен  қарым-қатынасымыз  туралы  көптеген 

теріс  көзқарастарды  аламыз.  Менің  балалық  шағым  шексіз  қорлау  мен  қиыншылық 

жағдайында  өтті.  Оның  үстіне  мен  зорлықты  басымнан  өткердім.  Мен  махаббат  пен 

жылылықты аңсадым, және адамның өзін лайықты сезінуі дегеннің не екенін білмедім. 

Мен  он  бес  жасқа  келгенде  үйімнен  кеттім,  сонда  да  менің  өмірімдегі  қасірет 

тоқталмады.  Мен  барлық  жерде  зорлық  пен  дөрекіліктің  түр-түрін  көрдім.  Менің 

барлық бақытсыздықтарымның себебі менде балалық шақта қалыптасқан қабылдау мен 

ойлауды сезіну моделінде екені басыма келмепті. 

Әдетте  балалар,  үлкендер  жасаған  психологиялық  атмосферадан  өзінше  әсер  

алады. Қорқыныш пен қорлаудың  не екенін ерте сезініп, мен, есейген соң, оларды өз 



 

45 


өмірімде  қалпына  келтіруге  тырыстым.  Сонда,  барлығын  бірден  өзгертуге  менде 

жеткілікті күш бар екенін мен білмеген едім. Мен өзіме барынша қатты қарадым, оның 

бәрі    махаббаттың  аздығы  мен  өзімнің  толық  бұзылғаныма  және  адамдар  арасында 

өмірде керексіз екеніме өзімді тұсап тастағаныма байланысты болды. 

Менің өмірімде орын алған және осы күнге дейін жалғасқан оқиғалар өткеннен 

келген барлық ойлар мен сенімдердің нәтижесі болды. Келіңіз, ұяттан өліп, өткенімізге 

үңіле бергенді қояйық. Өткенге бай өмірлік тәжірибе ретінде қараңыз. Бұл тәжірибесіз 

сіз  бүгін  осында  болмас  едіңіз.  Өзін-өзі  жерге  ұра  беруге  қандай  негіз  бар?    Сіз  бір 

нәрсені аяғына жеткізбегеніңізден не болып қалды?  Сіз қолыңыздан қалай келсе, солай 

жасадыңыз. Өткенді махаббатпен өзіңізден қоя беріңіз, оған сізді осы санаға жеткізгені 

үшін разы болыңыз. 

Өткеніміз  тек  біздің  санамызда  ғана  тұр.  Біз  оны  белгілі  бір  призмадан 

қабылдаймыз.  Біздің  нақ  қазіргі  күйіміз,  нақ  осы  секундта  не  жасап  және  нені 

сезінгеніміз  маңызды.  Біз  бүгін  не  жасасақ,  ол  ертеңгі  күнге  негіз  болады.  Сонымен, 

нақ  қазір  шешім  қабылдаған  дұрыс  болып  шығады.  Тек  бүгін.  Біз  нақ  қазір  қандай 

ойлар, сенім мен сөздерді тыңдадық, сол маңызды.  

Біз саналы түрде өзіміздің сезімдеріміз бен ойларымызды өзгерте бастасақ, онда 

біз бұндай өзгеріс үшін керектінің бәріне ие боламыз. Бұл қарапайым ақ нәрсе болып 

көрінуі мүмкін, бірақ күштің бастауы қазіргі сәтте екені есіңізде болсын.  

Сана  –  сізге  қожалық  етпейді,  сіз  –  санаңызға  қожасыз,  осыны  біліп  алу 

маңызды.  Сіздің  Жоғарғы  «меніңіз»  -  оның  қожасы.  Сіз  ескіше  ойлауды  қоя  аласыз. 

Сіздің ескі ойларыңыз «Өзгеру деген – қиын іс» деп, өз орнына қайта келуге ұмтылса, 

онда  өзіңізге-өзіңіз  мынадай  нұсқау  беріңіз:  «Мен,  қазір,  өзгеруі  қиын  емес  нәрсеге 

сеніп  тұрмын».  Егер  қаласаңыз,  өзіңізге-өзіңіз  ие  бола  алғанша,  осы  ішкі  монологты 

көп рет қайталаңыз. Және, осыдан басқа, не айтқыңыз келген болса, нақ соны айтыңыз.  

Ойлар  су  тамшылары  деп  қабылдап  көріңізші.  Бір  ой  –  бір  тамшы  су  секілді, 

онша  көп  емес.  Ал,  сіздің  ойларыңыз  бірінің  үстіне  бірі  қосылып,  көбейе  берсе,  онда 

тамшылар жинала келе алақандай ылғалды құрады, кейін кішкене шалшыққа, бара-бара 

су қоймасына айналады. Артынан көл, өзен, теңіз, ақыр соңында мұхит.  Демек сіз бір 

тамшы  ойыңызды  мұхитқа  айналдырғыңыз  келе  ме?  Ол  мұхит  ластанып,  уланған  ба, 

жоқ, мөлдір, таза ма? 

Маған: «Мен солай ойлауды қоя алмаймын» деп жиі шағымданады. Мен барлық 

уақытта:  «Жоқ,  сіз  қоя  аласыз»  деп  жауап  беремін.  Ойлап  қараңызшы,  сіз  жақсы 

ойларды  ойлаудан  жиі  бас  тартасыз  ба?  Сізден  талап  етілетін  болмашы  ғана  нәрсе: 

«Мен  осылай  жасаймын»  деп  өзіңіздің  санаңызға  нұсқау  беру  ғана.  Сіз  шешім 

қабылдауыңыз  керек  те,  теріс  ойларды  ойлағанды  қоюыңыз  керек.  Байқасаңыз,  мен, 

сізге, қандай да бір нәрсені өзгерткіңіз келгенде, өз ойларыңызбен күресіңіз деп кеңес 

бермеймін.  Егер  сіздің  басыңызға  бір  теріс  ой  келе  қалса,  онда  сіз  оған:  «Келіп 

қалғаныңызға рахмет» деңіз. Сонда сіз істің нақты жағдайын жоққа шығармайсыз және 

өзіңіздегі  жасампаз  күшті  теріс  ойлармен  бұзып  алмайсыз.    Өзіңізге  түрлі  теріске 

шығаруларға беріле алатыныңызды, өмірге теріс көзқарастан бас тарта алатыныңызды 

айтыңыз.  Сіз тіптен басқаша  ойлау образын қалыптастырғыңыз келеді. Сондай ойдың 

бар  екенін  мойындаңыз  және  ол  ойларды  қалдырып  ілгері  жылжыңыз.  Өз  теріс 

ойларыңыздың теңізіне сүңги бермеңіз, онда сіз өмір мұхитында да жүзе бастайсыз. 

Сіздің мұратыңыз - әсемдік пен сүйіспеншіліктегі өмір бастауының айнасы болу. 

Өмір сізге өзінің қазынасын ашуға әзір тұр, бірақ ол үшін сіз оған лайық болуға тиіссіз. 

Ғарыштағы Ақыл мен Сана  қашан да сіздің қызметіңізде. Өмір барлық уақытта сізбен 

қатар келе жатыр, сіздің тірегіңіз сонда. Сеніңіз, КҮШ ӨЗ ІШІҢІЗДЕ деген сөз сіз үшін. 

Егер сіз қорқып қалған болсаңыз мына жаттығу сізге жәрдемдеседі. Тыныс алу 

процесін  ойша  есіңізге  алып  көріңізші,  сіздің  өкпеңіз  ауаға  қалай  толады.  Ішке  – 

сыртқа,  ішке  –  сыртқа…  Тыныс  алу  -  өмірдегі  ең  қымбатты  субстанция  –  сізге  тегін 

берілген.  Сіз  өмір  сүріп  тұрған  кезіңізде  бұдан  тапшылық  көрмейсіз.  Сіз  осы  бағасы 




 

46 


биік  сыйды  қабылдай  тұрып,  неге  екенін  қайдам,  өмір  сізге  басқа  жағдайларда 

қарайласпады деп санайсыз. Неге, сіз, қажет нәрсенің бәрінде өмір сізге қарайласпайды 

деп  ойлайсыз?  Енді  сізге  өз  бойыңыздағы  күштерді  де  танитын  кез  келді  –  сіз  неге 

қабілетті екенсіз, қане? Ішіңізге үңіліп қараңыз, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз. 

Біздің бәріміздің жеке пікіріміз бар. Біздің оған құқығымыз бар, және ол менде 

де  бар.  Әлемде  не  болып  жатқаны  маңызды  емес.  Бір  нәрсе  аян:  Сіз  өзіңізді 

қызықтыратын  нәрсемен  ғана  жұмыс  істеуіңіз  керек.  Сізге  өзіңіздің  ішкі 

жолбастаушыңызбен  байланысты  реттеу  қажет.  Ол  сіз  бергіңіз  келетін  барлық 

сұрақтардың жауабын біледі. Ол – ақылдың кені.  

Әрбір рет «білмеймін» деп айтқан сайын, сіздің ішкі ақылығыңызға алып барар 

қақпа  жабыла  береді.  Өзіңіздің  Жоғарғы  «Меніңізден»  алған  хабарламаңыз  өте 

маңызды және сізге қайырымды әсер етеді. Егер хабарлама кері әсер берсе, онда сіздің 

ішкі «эгоңыз» іске қосылғаны деп біліңіз.  

Дұрыс  таңдау  жасасаңыз  өзіңізді  қолдай  жүріңіз,  егер  таңдауыңызға 

күдіктенсеңіз,  онда  өзіңізден:  «МЕН  БҰЛ  ШЕШІМДІ  ӨЗІМЕ  ДЕГЕН  МАХАББАТҚА 

САЙ  ҚАБЫЛДАДЫМ  БА?  ҚАЗІР  ОСЫНЫҢ  МАҒАН  ҚАЖЕТІ  БАР  МА  ЕДІ?»  деп 

сұраңыз.  Кейінірек,  бір  күн  өткен  соң,  бір  айдан  кейін,  бір  жылдан соң  –  сіз  басқаша 

шешім қабылдауыңыз мүмкін, бірақ сіз өзіңізге осы сауалды ұдайы қоя жүріңіз. 

Сіз кімсіз? Сіз нені үйренгіңіз келеді, Сізді неге үйрету керек? Біздің әрбірімізде 

өзіміздің,  ештеңе  тең  келмейтін  мақсатымыз  бар.    Біз,  өзімізді,  өзіміздің  жеке 

қабілетіміз,  өз  мұңымыз,  өз  қорқыныштарымыз  бен  кеселдерімізден  басқа  ерекшерек, 

биігірек  санаймыз.  Біз  өз  тәнімізден  де  басымырақпыз.  Біз,  планетада  орын  алған 

нәрселердің  бәрімен,  оның  барлық  көріністерімен  байланыстамыз.  Біздің  әрбірімізде 

рухтық  бастау  бар.  Біз  –  жарықпыз,  қуатпыз,  толқынбыз  және  махаббатпыз.  Бізде 

мақсатымызды айқындауға және не үшін өмір сүріп жүргенімізді тануға жетерлік күш 

бар. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет