Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет1/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
2 5429156790371615512



 



Луиза Хей 



 

Көгілдір кітап 

 

 

Сөз басы, немесе менің өмір тарихым 

«Балалық  шағыңыз  туралы  айтып  беріңізші».  Мен  өз  пациенттеріме  бұл  сөзді 

жиі  айтамын.  Маған  бүге-шігесі  қажет  емес,  проблеманың  туындау  негізінің  жалпы 

моделі ғана қызық. 

Мен оқырмандарыма өз өмір тарихымды айтып берейін. 

Бір    жарым  жасқа  келгенде  ата-анам  ажырасып  кетті.  Бұның  маған  қалай  әсер 

еткені  есімде  жоқ.  Бірақ  шешемнің  қызметші  болып  жалдануына  тура  келді  де,  мені 

басқа адамдардың қолына тұруға  бергенін әлі күнге дейін денем түршіге есіме аламын. 

Мен үш апта бойы жылаппын. Мені шешемнің қайтарып алуына тура келіпті. Әлі күнге 

дейін оның қайратына таң қаламын, өйткені ол мені жалғыз өзі өсірді. 

Шешем  өкіл  әкемді  шыныменен  жақсы    көрді  ме,  әлде  мені  әкелі  қылу  үшін  

тұрмысқа шыға салды ма, ол жағы мен үшін түсініксіз болатын. Бірақ, оның тұрмысқа 

шыққанынан  ешқандай    жақсылық  болған  жоқ.  Оның  күйеуі  Европада,  Германияда 

өсіп,  қатаң  тәрбиеленген  адам.  Мамам  сіңлімді  торығып  жүрген  кезінде  көтерді.  Ол 

кезде  5  жастамын.  Біздің  қаңғыбас  көршіміз  мені  зорлап  кетті.  Дәрігердің  қалай 

тексергені әлі күнге дейін анық есімде. Қаңғыбасқа 15 жыл түрме  жазасын кесті. Сол 

кезде барлығы маған «Сенің өзің кінәлісің» дейтін. Сондықтан да ол түрмеден шыққан 

соң түрмеге отырғызғаным үшін менен өшін алады-ау деген қорқыныштың құшағында 

өмірімді  өткіздім.  Менің  балалық  шағым  тән  қорлығы  мен  жыныстық  зорлық 

азаптарынан,  ауыр еңбектен тұрады. Өз басымның қадірін бағалау сезімі кеми берді де

менің өмірім хаосқа айналды.   

Біртіндеп  мен  өз  танымымды  сыртқы  дүниеге  де  енгізе  бастадым.    Төртінші 

класта  менің  басымнан  өткен  жайт  сол  кездегі  мен  үшін  қалыпты  жай  еді.  Біздің 

мектепте кеш болып, соған орай бірнеше торт сатып алынды. Менен басқа балалардың 

барлығы да орта дәулетті, жақсы отбасылардан шыққандар. Менің шашым жалбыраған, 

үстімдегі  киімім  де  жаман  болатын  және  менен  «құрт  басып  кетпеу  үшін»  үйдегілер 

мәжбүрлеп жегізетін сарымсақтың иісі мүңкіп тұратын. Мен сол кезге дейін  өмірімде 

ешқашан торт жеп көрмеппін. Біз өзімізге ондай байлықты қимаймыз. Біздің бір көрші 

кемпір,  маған  әр  апта  сайын  10  центтен  және  менің  туған  күнім  мен  Рождествоға  1 

доллардан беріп тұратын. 10 цент отбасының бюджетіне кететін де, ал долларға мамам 

маған бір жылға жететін іш киімдер сатып алатын. Сонымен мектепте кеш өтті. Тортты 

кесе бастады, оның көп болғаны соншалық, көптеген балалар 2-3 кесіктен алды. Әрең 

дегенде    менің    кезегім  келгенде,  ал  мен  әдеттегідей    ең  соңы  болатынмын,  торт 

қалмапты. Бір де бір кесік. 

Қазір маған өз басымды бағалатпаған, қадірлетпеген, кезектің  ең соңына қойып, 

торттың бір де бір кесігін бұйыртпаған менің өз танымым екені анық нәрсе. Бұл менің 

сол кездегі жеке ойым еді. «Олар» тек қана менің танымымды бейнеледі.  

Одан  әрі  тұрмыстағы  жағдайға  төзе  алмадым  да,  15-ке  толған  кезімде  үйден 

қашып  кеттім.  Официантка  болып  жұмысқа  орналастым.  Жұмыс  маған  менің  үйдегі 

міндеттеріме  қарағанда  әлдеқайда  жеңіл  тиді.  Махаббатқа  шөліркеген,  өз  бағасының 

қадірін  аздап  болса  да  сезінген  мен  тәнімді  оңды-солды,  аяусыз  үлестірдім. 

Нәтижесінде  16  жасымда  қыз  тудым.  Мен  оны  баға  алмадым,  сондықтан  басқа 

адамдарға  бердім.  Бұлар,  сол  кезде  мен  үйлерінде  тұрып  жатқан  перзентсіз  ерлі-

зайыптылар болатын. Сондықтан да аналық қуанышты сезіне алмадым. Оның орнына 

қиналу, қорлану, кінәмді сезіну сезімдерін басымнан өткердім. Менің есімде  қалғаны – 

оның    аяғының  башпайларының    дәл  менікіндей  ұзын  екені.    Егер  біз  бір  кездері  

кездесер  болсақ,  мен  оны  осы  башпайларынан  танитыныма  сенімдімін.  Оған  бар 



 

болғаны    бес    күн  толғанда  менің  кетуіме  тура  келді.    Мен    үйге    кері  қайттым  да, 



шешемді  өкіл  әкемнен кетуге көндірдім. Ол кезде сіңлім 10 жаста болатын, әкесінің 

жанында  қалды,  өйткені  оны  әкесі  қатты  жақсы    көретін.  Мамам  қонақүйден  жұмыс 

тапты, біз бірге тұра бастадық. Бір күні мен құрбыммен Чикагоға жол тартып, содан 30 

жылдан  соң  оралдым.  Өмір  үнемі  тұқырта  бергендіктен  де,  мен  өз  басымның  қадірін 

сезінген емеспін. Соған сәйкес  өз айналама мені одан сайын қорлап, ал кейде таяқтап 

та  тастайтын  еркектерді  топтастырдым.  Мен  қалған  ғұмырымды  оларды  да,  өзімді  де 

қарғап  өткізер  едім,  бірақ  бұл  ештеңені  өзгертпес  еді.  Біртіндеп,  жұмысымдағы  оң 

өзгерістерге  байланысты  өз  басымды  бағалау  сезімі  де  артып,  әлгіндей  еркектерге 

менің  өмірімде  орын  қалмады.  Олардың  іс-әрекеттерін  ешқашан  да  қоштамаймын, 

бірақ менің өзім сол кезде сондай болмасам, оларды ешқашан да тартпаған болар едім. 

Қазір, әйелдерді қорлайтын еркектер менің  тірлік етіп жатқаным туралы білмейді де, 

өйткені біздің ойлау жүйеміз енді сәйкес келмейді.  

Чикагодан Нью-Йоркке көшіп, атақты манекенщица болдым. Бірақ, бұл жұмыс 

та  мендегі  өз  басымды  қадірлеу  сезімін  арттырған  жоқ.  Үнемі  өз  бойымнан  жаңа 

кемістіктерді  табумен  болдым.  Өз  бойымдағы  сұлулықты  байқамадым.  Көп  жыл 

осылай өмір сүрдім. Мінезі тамаша, жоғары білімді ағылшын джентльменін кездестіріп

соған тұрмысқа шықтым. Біз көп саяхат жасадық, корольдердің қабылдауында болдық. 

Бір  рет  біз  тіпті  Ақ  Үйден  де  дәм  таттық.  Өзім  атақты  манекенщица,  ал  күйеуімнің 

тамаша  адам  болғанына  қарамастан,  маған  өмірде    бірдеңе  жетіспей  тұратын.  Бұл 

жағдай  рухани ізденіс жолына түсуіме дейін  созылды. 

Бір  күні  күйеуім  өзінің  басқа  адамға  үйленетінін  жеткізді.    Бақыттың  оң 

қабақпен  қарағанын  шындап    сезінбей  жатып-ақ,  аяқ  астынан  осы  жайға  тап  болдым. 

Сөз  жоқ,  оның  осы  ұйғарымынан  кейін  мен  еңсемді  көтере  алмадым.  Бірақ  өмір 

жалғасып жатты. Мен өмірімнің  өзгеріп жатқанын сезіндім. Бір көріпкел маған елеусіз 

бір  оқиғаның  өмірімді  180  градусқа  бұратынын  айтты.  Бұл  оқиғаның  елеусіздігі 

соншалық оған көптеген айлар бойы көңіл  бөлмедім. Бір күні кездейсоқ Нью-Йорктегі  

діни ғылымдар қоғамы  мүшелерінің  кездесуіне тап болдым. Олардың айтқандары мен 

үшін жаңалық болса да ішкі түйсігім: «Көңіл бөл», деді. Мен олардың кездесуіне барып 

жүрдім және сабақ ала бастадым. Сән мен сәнгерлер әлемі мен үшін өз мәнін жоғалта 

бастады.  Қасыңның  формасы  мен  беліңді  ойлап  қашанғы  қапалануға    болады?  Тіпті 

орта мектепті де бітірмеген мен, кенет қолға тигендері мен метафизикаға қатыстының 

бәрін  оқыған  қажырлы  студентке    айналдым.    Діни  ғылымдар  қоғамы  менің  екінші 

үйіме айналды. Менің өмірім бұрынғыдай өтіп жатқанменен, мен өзімде болып жатқан 

үлкен  өзгерістерді  сезіндім.  Қоғамдағы  тынымсыз  жұмыстарымның  арқасында  үш 

жылдан соң мен емтихан тапсырдым да, көмекке зәру адамдарға кеңес бере бастадым. 

Бұл  кішігірім  қадам  болатын.  Мен  сондай-ақ  медитация  жасай  бастадым.  Сосын  кіші 

діни қызметкерлер дайындайтын колледжге түстім, сонда күні-түні дайындалдым. Мен 

өз  курстастарымнан  үлкен  болатынмын.  Біз  төрт  жыл  бойы  төзуге  тура  келген  тәртіп 

өте  қатал  болатын  –  ішпеу  керек,  шекпеу  керек,  және  сенбі,  жексенбі  күндері  де 

дайындалу  керек.    Колледжден  шыққан  кезімде  менің    бірнеше  сағатты    әуежайда 

өткізуіме тур келді: темекінің түтінінен құлап қалатын шығармын деп ойладым.  Нью-

Йоркте      барлық  кездесулерде  жиі  шығып  сөйлеп,    кеңес  беруді  жалғастыра  бердім.  

Сондай-ақ мен «Өз тәніңді сауықтыр» деген тақырыппен шағын кітап жаздым.  Лекция 

оқып, саяхат жасай бастадым.  Менің  атағым шыға бастады…  

Содан  бір  күні  менің  ағзамнан  дәрігерлер  қатерлі  ісік  (рак)  кеселін  тапты. 

Қатерлі ісік, әрине, менің жыныстық мүшемде, қынап маңында пайда болды. Мені үрей 

биледі.  Өз  жұмысыма  байланысты  менің  адамдардың  айығуына  көмектесуіме  тура 

келсе де, өзім уағыздаған принциптерді өз тәжірибемде тексерудің ғажайып мүмкіндігі 

туғанын  түсіндім. Түптеп келгенде мен, қатерлі ісік  - бұл қордаланған реніш, ал одан 

құтылса, аурудан жазылуға болатындығы туралы кітап жаздым.  Өз басымның балалық 




 

шақтың  реніштерін  ұмыта  алмағандығын  түсіндім  және  менің  алдымда  бұл  мәселе 



бойынша көптеген істер тұрды.   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет