М. Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2023-2024 оқу жылындағы дүние жүзі тарихы пәнінің берілуі бойынша анықтама мақсаты



Дата15.05.2024
өлшемі16.65 Kb.
#501176
Қазақстан тарихы берілуі[1]


М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2023-2024 оқу жылындағы дүние жүзі тарихы пәнінің берілуі бойынша
АНЫҚТАМА



Мақсаты: Пәннің негізгі мақсаты — білімалушыларды дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін тереңдете және жан-жақты оқытуын қамтамасыз ету негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Дүниежүзі тарихын "Қазақстан тарихы", "География", "Құқық негіздері" пәндерімен байланыстыра отырып, тарихқа қызығушылық таныту, тарихи санасын көтеруге ықпал жасайды.
Міндеттері:
Дүние жүзі тарихы жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің жеке тарихи түп тамырын түсіне- білуіне, тұрмыстық, алуан түрлі моральдық адамгершілік мәселелерін дұрыс шеше білуіне көмектеседі. Тарих оқу пәнінің негізгі нысаны — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам).
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша тақырыптар жоспарға сай өткізіліп, сабақ барысында қосымша әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер қолданылды. Топтық, жұптық және жеке жұмыстар орындалып, оқушының білім алу дағдысының қалыптасуына жағдай жасалды.
Пән мұғалімдері Н.Ш Ромашев пен А.З Бактыгулова өз сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалып,оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді әдәс тәсілдер қолданып жүр. Тарих апталығына орай, А.З Бактыгулова 9а,6сыныптарына «Тарихи шайқастар» танымдық сайысын өткізді. Мақсаты: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту. Дүниежүзі тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
Дүние жүзі тарихын 11сыныпта екі оқушы таңдау пән ретінде таңдап отыр,осы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық жұмысы,қосымша кесте бойынша жүргізіліп келеді.ҰБТ нәтижесі бойынша оқушылар жоғарғы балл жинап,жақсы нәтиже көрсетуде.
Жалпы қорытындылағанда оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді:

  • Хронологиялық кезеңдерді жаттау;

  • Жеке тапсырмаларды орындау;

  • Шығармашылық қабілеттерін арттыру:

  • Жаңартылған білім мазмұнында тапсырмаларды орындау;

  • Ойлау қабілетін дамыту;

  • Тақырыптық тест тапсырмаларын қайталап отыру;

  • Топтық және деңгейлік тапсырмалар берілді.

  • Оқулықтармен жұмыс жасап, әр тақырыпты жекелей талдадық

Келесі оқу жылына алға қойылатын мақсаттар:
1.Оқу үлгерімі орташа оқушылармен жеке жұмысты нығайта түсу;
2.Сабақ барысында, бақылау жұмыстарында жіберген қателерімен жұмыс жасау;
3.Қосымша сабақтарды жиірек өткізу;
4.Білім сапасын көтеру және теңестіру;
5.Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу;


Пән мұғалімдері: Ш.Н.Ромашев
А.З.Бактыгулова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет