М. Ханафия, «Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған №22 санаторлық үлгідегі сәбилер бақшасы»



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата01.03.2024
өлшемі0.51 Mb.
#493894
  1   2   3   4
article 302



Вестник Инновационного Евразийского университета. 2016. № 4 ISSN 1729-536X 95 
УДК.159.923 
М. Ханафия, «Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған № 22 санаторлық 
үлгідегі сәбилер бақшасы» ММ 
E-mail: Xanafiya77@mail.ru 
Ж.К. Даниярова, педагогика ғылымдарының кандидаты 
Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.) 
Жеке тұлғаның мінез акцентуациялары 
Аңдатпа. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез 
кең мағыналы ұғым. Мінездің акцентуациялануы – адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез 
ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. 
Акцентуация әрқашанда белгілі бір белгілердің күшеюін ұсынады, сөйтіп жеке тұлғаның бұл белгісі 
акцентуацияланған болады.Мінез бүкіл өмір бойы қалыптасады. Өмірлік бейнесіне біріккен ойлар, 
сезімдер мен әрекеттердің бейнелері кіреді. Сондықтан да, адамның белгілі бір өмірлік бейнесінің 
қалыптасуымен қатар, оның «Мен» деген қасиеттің пайда болуымен анықталады. 
Түйін сөздер: Дара, күші, есею, тұйықталған. 
 
Психологияда «Мінез» деген ұғым іс-әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасатын және 
бейнеленетін, осыған сәйкес белгілі бір мінез-құлығын айқындайтын жеке тұлғаның біріккен тұрақты 
индивидуалды ерекшеліктерін білдіреді. Адамның мінезі – ол қалыптасқан жағдайларға немесе қандай да 
бір стимулдарға білдіретін кездейсоқ реакциялары емес, ол адамның мәнді қылықтарын белгілейді. 
Мінезді адамның қылығы барлық жағдайларда да саналы түсіндіріле және анықтала алады. Мінез туралы 
айтқанда, біз әдетте адамның өзін дербес ұстай алу қабілеті, оның бірізділігі, тәуелсіздігі туралы 
түсініктерді байланыстырамыз. Ал осы мағынадағы мінесіз адам бұл іс-әрекет болса да, қарым-қатынасы 
болса да, ешқайсысында өзін жоғарыда аталған қасиеттерді байқатпайды, ондай адам өмірдің ағымымен 
жүре береді. 
Адамдарды бір-бірінен тек қана жеке дара белгілері ғана емес, сонымен қатар олардың өміріндегі 
барысының дамуына байланысты айырмашылықтар ерекшеленеді. Адамның мінез-құлығы оның қандай 
отбасында туып-тәрбиеленуімен, қандай мектепте білім алуымен, мамандығы бойынша және қарым-
қатынас шеңберінің ерекшеліктеріне тәуелді. Адамдар бір-бірінен осы айырмашылықтарың қандай 
жолмен пайда болғанына тәуелсіз ерекшеленеді. Бір адамның басқа адамнан сыртқы келбеттері бойынша 
қалай өзгелгенше, сол сияқты әрбір адамның психикасында әр түрлі болады. Бірақ та индивидуалды 
белгілер көп те емес. Адамның индивидуалды анықтайтын психологиялық ерекшеліктер әр түрлі 
сфераларға жатқызуға болады: бейімділік пен қызығушылықтардың бағыттылық сферасы, сезімдер мен 
ерік-жігер сферасы, ассоциативті-интелектуалдық сферасы [1, 5, 62]. Мінез бүкіл өмір бойы 
қалыптасады. Өмірлік бейнесіне біріккен ойлар, сезімдер мен әрекеттердің бейнелері кіреді. Сондықтан 
да, адамның белгілі бір өмірлік бейнесінің қалыптасуымен қатар, оның «Мен» деген қасиеттің пайда 
болуымен анықталады. Бірақ та мінездің қалыптасуы әрбір қоғамның (жанұя, достар тобы, сынып, 
спорттық тобы, еңбек ұжымы және т.б.) даму деңгейіне байланысты болады. 
Әр адам сыртқы дүниенің санасыз тітіркеніштерге түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап 
реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки 
келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі 
мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып 
табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы 
оның мінезін құрайды. Адамның үйреншікті әдет болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның 
сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің 
қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының 
тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты 
қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез – бұл адамның негізгі өмірлік бет алысын және 
оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі 
өзгешеліктердің қосындысы, снымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. 
Олардың әрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып 
саналмайды [2, 11-13]. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі 
деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез кең 
мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдік жағынан тәрбиелігі, 
бірқалыптағы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары болып 
есептелінеді. Моральдік жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның 
айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға 
қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін 
орындаудағы жауапкершілік пен адалдық-мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. Рухани дүниесі 
бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез 
сапаларының бірі – оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның 


96 Вестник Инновационного Евразийского университета. 2016. № 4 ISSN 1729-536X 
қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бір қалыпты да 
келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістер. Мінез 
тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымнан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның 
өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы. Бірқалыпты, тұрақты 
мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-
құлқы болады. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай 
мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе 
білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да, мінез өз мәнінде 
болмайды. 
Акцентуацияланған мінездер табиғи-биологиялық қасиеттерден емес, адамның өмір салтына 
белгілі бір өзінің мөмірлерін қалдыратын сыртқы ортаның факторларынан тәуелді болады. Акцентуация 
әрқашан да белгілі бір белгілердің күшеюін ұсынады, сөйтіп жеке тұлғаның бұл белгісі 
акцентуацияланған болады. Акцентуацияланған белгілер вариациялаған индивидуалды сияқты көп емес. 
Акцентуация сол индивидуалды белгілер болып табылады, бірақ бұл белгілердің бір ерекшелігі оларға 
патологиялық күйге ауысу тенденциясы тең. Олар жеке тұлғаға қатты әсер етіп, ақырында тұлғалық 
құрылымды бұзатын патологиялық алқапқа түсе алады [3, 124]. 
А.Е. Личконың пікірі бойынша, акцентуациялаған мінездің даму дисгормониялығы, оның кейбір 
жеке белгілерінің гипертрофиялық айқындылығы (ол тұлғаның белгілі бір ықпалдарға деген жоғары 
осалдылығы және оның кейбір спецификалық жағдайяттарға бейімділік қиындығы мен шартталғандығы) 
ретінде анықтауға болады. Бұл жерде айта кететін бір маңызды нәрсе: қандай да бір акцентуацияда 
маңызды орын алатын қандай да бір жерлердің таңдамалы осалдылығы басқа жерлерге деген жоғары 
тұрақтылықпен байланыса алады. Тура сол сияқты тұлғаның кейбір спецификалық жағдаяттарға 
әлеуметтік бейімділікке деген жоғары қабілеттерімен байланыса алады. Бұл жердегі «басқа жағдай өте 
объективті және неғұрлым күрделі де болуы мүмкін, бірақ акцентуацияға байланыспаған, оған 
референтті болмауы мүмкін. Личко барлық акцентуацияларды адамның есею барысында мінездің өтпелі, 
уақытша өзгерістері ретінде карастырды. Сөйтіп, олардың көбі психикалық ауруларға ауысуында немесе 
адамның бүкіл өмірі барысында сақталады. Қазіргі өркениетті қарқынды даму заманында адамның 
қызмет ету, еңбек іс-әрекеті жүйелі-психологиялық қысымдықпен өте тығыз байланысты. Бұл 
қысымдықты урбанизация, өмір темпінің ағымы, ақпараттың көбеюі мен өсуі күшейте отырып, жүйкелі-
психологиялық патологияның шекаралы формаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді. Бұл 
өзекті мәселе адамның психологиялық денсаулығын қорғаудағы маңызды психологиялық және 
психопрофилактикалық міндеттерінің мәселелеріне әкеп соғады. Бұл мәселелердің шешімі ең алдымен 
суъбклиникалық белгілерін ерте диагностикалау қажеттілігімен байланысты болады. Сол сияқты 
психожарақаттаушы 
факторлардың 
әсерінен 
психологиялық 
күйге 
ауысуға 
бейім 
мінез 
акцентуациясының диагностикасы өте маңызды роль атқарады. Өйткені мінез акцентуациясы тұлғаның 
өмірлік іс-әрекетінің әрбір аймағындағы қатынасына әсерін тигізеді. Адамның басқа адамдармен 
белсенді өзара әрекеттесетін мамандықтарда коммуникативтік және ұйымдастырушы қабілеттері іс-
жұмыстардың жемісті және табысты болуы үшін қамтамасыздандыруға қажет етеді. Мұндай 
мамандықтарда жұмысшылар іс-әрекетінің ең бастысы мыналар болып табылады: ұжымды басқару, 
оқыту, тәрбиелеу, мәдени-ағартушылық пен тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. Осы қасиеттердің 
жоғары деңгейлі дамуын қажет ететін мамандықтардың қатарына мұғалімнің еңбегінің, тренерлерді, 
оқытушыларды, дәрігерлерді, клубтің қызметкерлерін, әртүрілі бөлімшелер мен ғылыми мекемелердің 
бастықтарын және т.б. жатқызуға болады. Қызметкерлердің кәсіпшілік іс-әрекетінің табысы 
коммуникативтік-ұйымдастырушы қабілеттерінің даму деңгейіне және осы негізінде қалыптасқан 
адамдармен қарым-қатынас іскерлігіне, олардың алдарына қойылған мақсаттарының орындалуына 
тәуелді. Коммуникативтік-ұйымдастырушы қабілеттері көптеген «адам-адам» типінің мамандықтарында 
іс-жұмысының жемісін көруі үшін оның маңызды факторы болып табылады. 
Адамның мәнін түсіну үшін оған ғана тән осы жоғарыда аталған әр түрлі белгілерге аса мұқият 
назар аудару керек. Адамның жеке даралығындағы вариацияны белгілейтін бітістер мен жеке тұлғаның 
акцентуациясын қалыптастыратын белгілер арасындағы шекараны ашып көрсету оңай емес. 
Акцентуация туралы ілімнің дамуы санау басында-ақ оның норманың ең шеткі варианттарынан 
«ограния» мәселесі пайда болған. В.М. Бехтерев 1886 жылы қалыпты жай-күй мен психопатия арасында 
өтпелі жай-күй туралы ой қозғаған болатын. Ал мүндай жайттарды П.Б. Ганнушкин (1933) «латентті 
психопатия» деп, М. Фрамер (1949), О.Б. Кербчеков «алғы психопатия» немесе «психопатия алды», 
Г.К. Ушаков (1973) – қалыпты варианттары деп белгіледі [4, 9–16]. Аса әйгілі неміс психиатр-психологі, 
Берлин университетінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгардтың (1968) 
«акцентуацияланған жеке тұлға» термині пайда болды. Бірақ та акцентуацияланған емес, дұрыс айтылуы 
«мінездің акцентуациялары» деп табылды (Личко 1917). Жеке тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда 
күрделірек ұғым. Оған интеллект (ақыл-ой), қабілеттер, бейімділіктер, дүниетаным тағы басқалар енеді. 
К. Леонгардтың жұмыстарында мінездің осы типтері туралы сипатталады. К. Леонгардтың еңбегінде 
«акцентуацияланған жеке тұлға» да, «мінездің акцентуацияланған белгілері» де қолданылады. 
К.Леонгардтың айтуынша, мінездің акцентуациясы – ол қалыпты жай-күйі мен психопатия арасындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет