М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



бет4/6
Дата24.02.2016
өлшемі460.5 Kb.
#18001
1   2   3   4   5   6

Семинар – 8

Туризмнің Ресей империясында дамуы (1777-1917 жж)

Ресей империясындағы туризмнің ұзақ тарихы бар. Егер «шет ел туризмі» деген ұғымның қазіргі түсінігін басшылыққа алатын болсақ, орыс дворяндарының шет елге шығуы ХVІІІ ғасырдың басынан басталады. Олардың сапарларын «туристік» деп атауға әбден болады, себебі дворян шет елге барғанда ақша табу үшін емес, білім және әсер алу үшін жолға шықты.

Ресей ішінде немесе шет елге арнайы ұйымдастырылған ұжымдық сапарлардың алғашқысы деп зерттеушілер 1977 жылы Москвада Вениамин Генш ұйымдастырған «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын » санайды.Бұдан ерте мұндай саяхат болды деген құжат табылған емес.Сондықтан да В.Генштің «Жоспарын» Ресей туризмінің тарихының басталуы, кездейсоқ жеке адамдардың уақыт өткізуі емес, алғашқы ұйымдасқан қимыл-қозғалыстың бастамасы болып есептеледі.

1777 жылы желтоқсанда «Московские ведомостидің» оқырмандары түрлі хабарлардың қатарында газет беттерінен «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттарды ерекше адамдардың талап етуі бойынша Гениамин Генш мазмұнды да игілікті істі бастап отыр» деген айдармен мақала ашты.

Ресей велосипедистер қоғамының дамуы жайлы деректер Ресейде ХІХ ғасырдың аяғын ала шыққан журналдарда көптеп кездеседі.Оған Москвадан жарық көріп тұрған «Циклист», «Велосипедист», Петербургтегі «Самокат» журналдаын атауға болады.Ресейдегі велосипедист туристер қоғамының –негізгі мақсаты «жалпы алғанда- туризмнің,жекелей алғанда-велосипед туризмінің дамуына көмектесу» болды.

Ресейдің велосипедистер туристер қоғамының құрамы қоғамның толық және қоғамның өмірлік мүшелерінен құралды.Түйіндей келе,Ресейдің тау клубы, қоғамдары және ресейлік туристік қоғамы Ресейдегі туристік қозғалыстардың ірге тасын қаласты,елде көптеген экскурсиялар мен саяхаттар ұйымдастырды.ХХ ғасырдың басына қарай елдің түрлі тұрмыстық деңгейдегі азаматтарының экскурсияға деген қызығушылығы кейбір қоғамдардың жанынан экскурсиялық комиссия, бюро және комитеттердің құрылуына түрткі болды.Олар жекелеген экскурсиялық топтарға, экскурсанттарға астанамен, губерниялық қалалармен таныстыруда өз қолғабыстарын көрсетті.Түрлі қоғамдар экскурсиялар ұйымдастырумен қатар,жеке туристік конторлар арқылы Ресейде, шет елдерде экскурсия өткізудің басқа да кәсіпкерлік қызметтерін ұсынды.

Семинар сұрақтары:

1. Орыс дворяндарының шет елге шығуы қай ғасырдан басталады?

2. «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын » ұйымдастырған қай ғалым?



Семинар- 9

КСРО- туризмнің даму тарихы

1917 жылғы революциядан кейін де Ресейде туризм мен экскурсияның дамуы жалғаса берді. Ол әсіресе жалпы білім беретін мектептерде болды.Оқу ағарту халық комиссариаты құрыла салысымен, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы халық комиссары А.В.Луначарский профессор И.И.Полянскийді шақырып алып, 1917 жылға дейін өткізіп жүрген сабақтарын – солтүстік облыстардың мұғалімдеріне жаратылыстану бойынша экскурсия жүргізу жөнінде курстар өткізуін өтінді.Халық ағарту комиссариаты революцияға дейін жинақталған қысқа экскурсиялық дайындықтың тәжірибелерін осылайша пайдалана білді.

1919 жылдан бастап қала сыртындағы жаратылыстану- тарихи станциялары құралып,онда оқушылар тәжірибелі педогогтардың жетекшілігімен экскурсиялар өткізуге қатысты. Жаратылыстану- тарихи бағыттағы ұйымдармен қата балаларға эстетикалық және гуманитарлық тәрбие беретін гуманитарлық тәрбие беретін гуманитарлық станциялар да ашыла бастады.Бұл станциялар гуманитарлық сипаттағы мұражайларға, архитектуралық ескерткіштерге, қалалардың көрікті жерлеріне экскурсия жасады.

КСРО- да жаппай туристік қозғалыс 20- жылдардың аяғынан басталады.1929 жылға қарай Туристердің ресейлік қоғамы елдегі туристік қозғалыстардың жетекші орталығына айналды.Қоғамға мүше ретінде енген көптеген жұмысшылар оны Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясының пролетарлық туризм қоғамы деп қайта атауды талап етті.Қоғам 1929 жылдың 30 қарашасынан бастап жұмысшылардың талап етілуіне қарай аталды. Қоғамның төрағасы болып тауда саяхат жасаудың шебері Н.В.Крыленко тағайындалды.

Туристік ұйымдардың іс-әрекетінің 80- жылдар басындағы маңызды бағыты ретінде түрлі аймақ, облыс, республикалардың туристік мүмкіндіктерін зерделеу және жекелеген өңірлерде туризмді дамыту схемасының перспективасын жобалау болды.Алынған нәтижелер қорытындылап,КСРО территориясында туристік-экскурсиялық маршруттар мен мекемелердің орналасуы, туризмнің дамуының біртұтас барлық схемасы жасалды.Бұл туризмді жоспарлаудың одан әрі перспективалы дамуының ғылыми негізі болды.

Семинар сұрақтары:

1. КСРО- да жаппай туристік қозғалыс қашан басталды?

2. 1929 жылы 30 қарашада қоғамның төрағасы болып кім сайланды?

3. 1929 жылдың аяғына қарай пролетарлық туризм қоғамының бөлімшелері қай қалаларда ашылды?



Семинар – 10

Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің

қалыптасу, даму тарихы

Қазақстандағы ұйымдасқан саяхат мен туризмнің тарихы негізінен әлемдік туризмнің тарихын дәуірлеумен сәйкес келеді.Дегенмен Қазақстан туризмінің тарихының өзіндік ерекшеліктері де бар.

Қазіргі Қазақстан территориясын біздің жыл санауымызға дейіе мекендеген адамдар аңшылық пен терімшіліктен өндірісті еңбекке әлемнің басқа аудандарына қарағанда кешірек көшкен.Қазақстан ғалымдарының пікірінше, біздің республикамыздағы ең көне адамдар осыдан шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болған.Оның негізгі дәлелі адам қолымен жасалған еңбек құралы.Көне Қазақстандағы тұрғындардың өндірістік шаруашылығы б.д.д. ІІІ мыңжылдықта басталған.

Көне әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан территориясында алғашқы ұйымдасқан саяхаттар басты туристік нысан – Ұлы жібек жолымен байланысты.Ал оның қалыптасуының бастапқы дәуірі б.д,д, зерттеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мәліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттмасын берді.Кейіннен Ұлы жібек жолы атанған жырдың алғашқы бізге жеткен сипаттамасы осы.Ал бұл сипаттманың қағазға түсуі – б.д.д. І ғасырдың аяғы.

Ұлы жібек жолының қалыптасуының ұзақ процесс болуы батыс пен шығыс өркениеттерінің, көне әлем мен Қытайдың бірін- бірі біртіндеп тануының дәлелі.Бірнеше ғасыр , тіпті бірнеше жыл әлем Қиыр Шығыстағы ірі отырықшы өркениет иесі Қытай жайлы ешнәрсе бәлмеді десе де болады.

Қазақстан территориясындағы ең алғашқы туристік нысандардың пайда болуы түркі тайпаларының көші –қонымен, басқыншылықпен байланысты.Қазақстанда алғашқы қажылық туризмді ұйымдастырушы Темір болды, оның атымен байланысты ескерткішті жерлер әртүрлі жылдарда түрлі әлеуметтік туризмдерді ұйымдастыруға септігі тиді.Мұндай негізгі ескерткіш – 1399 жылы Ақсақ Темірдің бұйрығымен Ахмед Яссауиге салынған мавзолей.Қазақсатн туризмнің тарихының айрықша табыстарға қол жеткізуі жаңа дәуірде болды.Қазақстанда туристік индустрияның біртіндеп қалыптасуы өлкетану негізінде іске асырылды.

Семинар сұрақтары:

1. Көне әлемнің тарихында алғашқы ұйымдасқан туристік нысан

2. Қазақстанда алғашқы қажылық туризмді ұйымдастырушы?

3. 1399 жылы Ақсақ Темірдің бұйрығымен қандай мавзолей салынды?



Семинар – 11

Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің

қалыптасу, даму тарихы

Қазақстандағы өлкетануға арналған зерттеулердің ұзақ та қызықты тарихы бар. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы өлкетану тарихына байланысты бірнеше еңбек жарық көрді.Бұлардың ішіндегі ең бір қызықтысы – Тарих археология және этнография институтының ғылыми қызметкері А.Н.Мұстафааевтың «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері» атты жинақта жарияланған мақаласы.

Қазақстан өлкелерін зерттеу мақсатында Семей елінің 1886 жылы А.Н.Красновтың, 1891- 1892 жылдары Н.Ф.Рыбаковтың экспедициялары ұйымдастырылды.Қазақ ауылдарында Г.Н.Потакин , С.Г.Рыбаковтар жұмыс істеді.Бұлармен қатар өз ғылыми жұмыстарын Орыс – Сібір бөлімдері жүргізді.Олар қазақтардың этнографиясы туралы еңбектер жариялап, жергілікті өлкетанушылармен байланысып тұрды.Орыс географиялық қоғамының қазақ мәдениеті мен тарихының алдындағы ереше сіңірген еңбегі –«Орыс географиялық қоғамының жазбаларының» 1904 жылғы жеке томында Ш.Ш.Уалихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбегі еңбектерін жариялауы.

Қазақстанда алғаш ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым ХХ ғасырдың басында Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды,ол 1927 жылға дейін қызмет етті.Алғашқы ресми тіркелген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына , Ыстықкөлге жасалды, оған Алматы қаласынан 17 мұғалім қатысты.Бұл жорықты 1929 жылы Г.И.Белоглазов, Ф.Л.Савин, В.М.Зимин ұйымдастырды.Бұлар тау туризмнің энтузиастары ретінде Іле Алатауына бұдан басқа бірнеше жорыққа мұрындық болды.

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм басты, сондықтан датуризмнің бұл түрін жоғары дамыған индустрияға және ұлттық экономиканың басым бөлігіне айналдыруымыз қажет.Сонымен қатар қазір біз өз еліміздегі, шет елдердегі туризмнің дамуының тарихын білу арқылы,оның адамзат тарихындағы өзекті мәселелерін білу арқылы қазіргі туризмді дамытудың тиімді жолдарын іздей аламыз.Туризм тарихындағы жұмыстардың нәтижелерін пайдалану туризмтанудың теориясын негіздеуге мүмкіндік береді,Қазақстан Республикасындағы туризмді дамытудың қазіргі ұлттық концепциясын жасауға және туристік мамандарды дайындауға жол салады.

Семинар сұрақтары:

1. А.Е.Қайназарованың пікірінше Қазақстанның өлкетану тұрғысынан зерттелуі қай ғасырлардан басталады?

2. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын қандай туризм басуда?

3. Қазақстанда алғаш ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым

Семинар-12

ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы

және дамуының мәселелері

2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасындағы туристік іс-әрекет төмендегідей халықаралық және қазақстандық заңдармен , заңдық актілермен, үкіметаралық келіссөздермен, халықаралық үкіметтік емес туристік ұйымдардың шешімдерімен реттеліп келеді:

1) Туризм хартиясы.Әлемдік туристік ұйымның бас ассамблеясының 1985 жылы VI сессиясында мақұлданған;

2) Туризм жөніндегі парламентаралық Гаага декларациясы.Гаага, 10-14 сәуір.1989 ж;

3) Шекаралық зонаға кіру мен сонда болу үшін рұқсат берудің тәртібі туралы инструкция.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1994 жылы 4 сәуірде №92 бұйрықпен бекіткен;

4) Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы » заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 1994 жылғы 8 шілдедегі 21 қыркүйектегі №156- ХІІІ жарлығы мен бекіткен;

5) Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарына ережелерді қолданудың реті туралы инструкция.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1994 жылғы 31 қазандағы №286 бұйрығымен бекітілген;

6) 1996 жылғы 21 қазанда қол қойылған Ташкент декларациясы. Ташкентте Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан,Өзбекстан республикаларының президенттері қол қойды;

7) Қазақстан Республикасы президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Әлемдік туристік ұйымның Қазақстан Республикасындағы Ұлы жібек жолы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларын іске асыру туралы» жарығы.1997 жыл 30 сәуір №3 476

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын іске асырудың шаралары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі №1067 қаулысы ;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасының сабақтаса дамуы,туризмнің инфрақұрылымын құру туралы жарлығы»;

10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 тамыздағы №738 «Жібек жолы- Қазақстан ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы туралы» қаулысы;

Семинар сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы » заңы қай жылы қабылданды?

2. 1997 жылғы 7 шілдедегі №1067 қандай қаулы қабылданды?

3. «Жібек жолы- Қазақстан ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы туралы» қаулысы қашан қабылданды?



Семинар-13

ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы

және дамуының мәселелері

Қазақстан Республикасы осы кезеңде туризм бойынша төмендегідей келісімдер жасады:



  1. Қазақстан Республикасы Үкіметімен Пакистан Ислам Республикасы үкіметі арасындағы мәдениет, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім.Исламабад, 1992 жылдың 24 ақпаны.

  2. Қазақстан Республикасымен Иран Ислам Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.Тегеран , 1993 жылдың 20 маусымы.

  3. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі жөніндегі министрлік пен Венгер Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 1994жылдың 30 наурыз.

  4. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі жөніндегі министрлік пен Египеттің туризм министрлігі арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім.Каир,1995 жылдың 25 мамыры.

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы

туризм саласында ынтымақтастық келісім.Алматы ,1995 жылдың

30 тамызы.

6) Қазақстан Республикасы денсаулық, мәдениет және білім министр

лігі мен ҚХР –сының туризм ісі жөніндегі басқарма арасындағы

туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім Пекин, 1998

жылдың 7 мамыры.



  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрік Республикасының үкіме

ті арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім.Анкара , 1998 жылдың 15 маусымы.

8) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Болгария Республикасы

Арасындағы келісімшарт.1999 жылдың 15 қыркүйегі.


  1. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және дене тәрбиесі минис-

трлігі мен Молдова Республикасы туризм, спорт және жастар министрлігі арасындағы келісім.Алматы, 1992 жылдың 4 қарашасы.

10) ТМД елдерімен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім.

1994 жылдың 23 желтоқсаны.

Семинар сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы

туризм саласында ынтымақтастық келісімі қай қалада өтті?

2. 1994 жылдың 23 желтоқсанында қандай келісім болды?

3. 1992 жылдың 4 қарашада Алматы қаласында қандай келісім өткізілді?

4. Қазақстан Республикасымен Иран Ислам Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

Семинар-14

Туризмді қазіргі әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін

арттырудың жолдары

Туризм теориясы мен практикасында «әлеуметтік туризм» және «экономикалық туризм» деген ұғымдарды дара қарастыратыны белгілі.Осыған байланысты туризмді әлемдік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде тиімділігін бағалаудың критерийлерінің де өзгешелігі бар.

Туризмнің қазіргі ролі адамның өмірін ұзартуы мен пайдалы әсер етуінің сапасы арқылы айқындалады.Сондықтан да туризмтануда туризмнің медициналық-физиологиялық , экономикалық және әлеуметтік пайдалары деген ұғым қолданады.

Туризм жоғары дәрежедегі қозғалғыштыққа әсер беріп, рекреациялық қажеттерді белгілі бір уақыт ішінде барынша қанағаттандыруы жағынан басқа істерге қарағанда сауықтырғыштық пайдасы зор.Өкінішке орай, қазір дәстүрлі медицинаның сауықтырғыштық пайдасы шамалы болып тұр, себебі аурудың негізгі себептері мен дамуын медициналық мәселе ретінде түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді.Дәрігерлер жүздеген адамды инфарктан емдей алады.Бірақ бұл аурудың неге , қалай көбейіп бара жатқанының алдын ала алмай отыр.Бұл жерде дәрігерлер мен пациенттердің сауықтыру шараларын сақтауы өзара түсінік жағдайында болмай тұр.

Туризмнің денсаулықты сақтау мақсатындағы жүгіруден де артықшылығы бар.Өйткені туристік жүрістің жүгіруден гөрі адамның тіреу қозғалу аппаратына зияны аз.Жүгіру кезіндегі адам денесінің солқылдауы оның дене салмағынан 2-3 есе артық, сондықтан да ол аяққа, тізеге, сіңірге зақым келтіруі мүмкін.

Туризмде ауыр дене жүктемелері белсенді қозғалыстың , толыққанды демалыстың заңына бағынады.Мамандар туристердің сарқыраған өзен жағасында, тайгадағы шу мен желдің гуіліне қарамастан қатты да тапжылмастан, түс көрместен , бір жағымен ұйықтай беретініне таң-тамаша қалады.Дәл осындай ұйқы ғана адамның бұлшық еттері мен басқа органдарының энергия шығынын қысқа ішінде толтыра алады.

Туризмді ақылға салып ұйымдастыра білсек, халқымыздың науқасын 30% пайызға төмендетуге болады.Қазақстан, оның ішінде Алматы қаласы үшін медициналық-физиологиялық және әлеуметтік туризмнің маңызы өте ерекше.Қазақстанның оңтүстік астанасының тұрғындарына туризм рекреациялық құрал ретінде барлық белсенді демалыс пен спорттың және қала маңында өткізілетін медициналық сауықтырудың түрлерінен әлдеқайда маңызды және пайдалы.

Семинар сұрақтары:

1. Туризм теориясы мен практикасында қандай ұғымдар қарастырылады?

2. Туризмнің қоғамдағы қазіргі ролі

3. Туризмнің медициналық-физиологиялық пайдасы қандай?

Семинар-15

Туризмді қазіргі әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін

арттырудың жолдары

ХХ ғасырдың 90- жылдарындағы негізгі инвестиция шикізатты өндіруге жұмсалып, олар алыс шетелдерге сатылды.Тек шикізат сату ғана Қазақстанға валюта қорын жинауға,өмір сүруге мүмкіндік береді.Шикізат 1994 жылы 3,54 млрд.долларға , 1997 жылы 7,05 млрд.долларға сатылды.Ал жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің шет елдерден сатылып алынуы жылдан-жылға арта түсіп,елдің төлемдік қабілетіндегі жетімсіздік 1,2- 1,5 млрд.доллар болды.

Шикізатты сату елдің энергетикалық қорын біржола жойып кетсе,туристік индустрияларда ресурстарды жаңартып отырады.Демек, шикізатты сату – экономикалық тығырық , ал туризмнің дамуы –ұзақ экономикалық пайдалы келешек.

Мексика,Бразилия, Перу, Аргентина, Кения,египет елдерін керемет дамыған елдерге жатқызу қиын.Бірақ бұл елдердің үкіметтері мемлекет көмегімен туристік қызметті экономиканың жақсарту нәтижесінде барлық саласының көтерілетінін баяғыда түсінген.Оған тағы бір дәлел-кейінгі жылдарда туризмнің Қытайда, Тайландта, Индонезияда өркендеуі.Кенияда тіпті туризм халықтың өзіндік келбетін, қолөнерін сақтау үшін жұмсалатын қаржының жалғыз жолы болып қалады.Туризм министрлігі тіпті Сейшель аралдарында бар.

1963 жылы 25 миллион халықаралық туристік сапарлардан мемлекеттердің қазынасына 2,5 млн. доллар кіріс түскен. 1993 жылы бұл көрсеткіштер 500 млн. турист 304 млрд. түсім болыпты.Әлемдік туристік ұйымның есебінше , әлемнің барлық мемлекеттеріне 1980 жылы барған шетелдік туристер экскурсанаттардың саны шамамен 234 млн яғни 1975 жылы 10 % көп және 20 жыл бұрынғысынан 4,6 есе артық.Туризм аясында іске асырылатын және пайдаланылатын өнімнің бағасы жылына 100 млрд доллардан асып түседі.1995 жылы әлемде 576 млн туристер келіп , халықарлық туризмге түскен қаржы 372 млрд долларды құрады.

Туризм индустриясының жұмысына саланың мәнді мәселелерін түсінетін қызметкерлерді дайындау.Туристік табарлармен қызметтердің өндіріс технологиясын жоспарлай алатын және туристерге жұмсалатын қаржыны жаратудың тиімді жолдарын іздестіре білетін және осы прцесстердің барлығын басқара алатын болуы

Семинар сұрақтары:

1. Қай уақыттан бастап негізгі инвестиция шикізатты өндіруге жұмсалып, олар алыс шетелдерге сатылды?

2. 1963 жылы 25 миллион халықаралық туристік сапарлардан мемлекеттердің қазынасына қанша кіріс түскен?

3. 1995 жылы әлемде қанша турист және халықарлық туризмге түскен қаржы



8. ОЖСӨЖ сабағы негізінен алғанда семинар бағытында өттізіледі. Әрбір студент берілген тақырып бойынша дайындалып келген өзінің ойын жеткізуге тиіс. Семинар берілген тақырып бойынша сұрақтар беру, әңгімелесу, пікірлесу бағытында жүреді.

1. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Туризм мағынасының түсінігі мен технологиясы.

1. Турист туризмнің субьектісі.

2. Туристік өнім.

Қолданылған әдебиеттер: 2 55-72 беттер.



2. ОЖСӨЖ . Тақырыбы:Туризм мағынасының түсінігі мен технологиясы.

1.Туристік индустрия.

2. Туристік ресурстар.

Әдебиеттер:2 72-88 беттер.

3.ОЖСӨЖ. Туризмді жоспарлау.

1. Туристік саяхат

2. Туризмді басқаратын органдар.

Әдебиеттер: №1, 97-111 беттер



4. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: халықаралық туризм географиясы.

1. Көңіл көтеру және демалу туризмі.

Әдебиеттер: №2, 126-128 беттер

5. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы.

1.Спорттық шаралар.

Әдебиеттер: №2, 126-128 беттер.

6.ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы.

1. Тау шаңғысы туризмі.

Әдебиеттер: №2, 128-132 беттер.

7. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы

1. Іскерлік бағыттағы туризм.

Әдебиеттер№. №2, 132-135 беттер.



8. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы

1. Конгрес және көрмелік туризм.

Әдебиеттер: №2, 135-137 беттер.

9. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм географиясы

1. туризмнің қарқынды дамуы.

Әдебиеттер: №2, 137-140 беттер.

10. ОЖСӨЖ: Халықаралық туризм географиясы

1. Емдік және сауықтыру мақсатындағы туризм.

Әдебиеттер: №2, 140 бет

11. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Курорттардың негізгі типтері.

Әдебиеттер: №142-154 беттер.



12 ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Діни бағыттағы туризм.

Әдебиеттер№. 2, 154-162 беттер.



13. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм өндіріс ошағы.

1. Халықаралық туризм өндірісінің структурасы.

Әдебиеттер: №2, 163-164 беттер.

14. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризм өндіріс ошағы.

1. Қонақ үйлердің классификациясы.

Әдебиеттер: №2, 182-196 беттер.

15. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туризмде экскурсия және ақпараттық қызметтерді тарату қызметтері.

Әдебиеттер. №2, 202 беттер.



16. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туризм және ақпарат тарату жүйелерінің жағдайы.

Әдебиеттер: №2, 202-212 беттер.



17. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Экскурсия және ақпарат тарату әдістемесі.

Әдебиеттер: №2, 212-219 беттер.



18. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Экскурсия композициялары.

Әдебиеттер: №2, 219-221 беттер.



19. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туристік саяхаттарды ұйымдастыру.

1. Туристік саяхаттарды ұйымдастырудағы туристік фирмалардың ролі.

2. Агенттік келісімдер.

Әдебиеттер: №2, 257-263 беттер.



20. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туристік саяхаттарды ұйымдастыру.

1. Ресейдегі туроператорларының ерекшеліктері.

Әдебиеттер: №2, 263-264 беттер.

21. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Шетелдік туристік фирмалармен қарым-қатнас.

Әдебиеттер: №2, 264-266 беттер.



22. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Туристік фирмалардың жұмыс істеу функциялары және технологиялары.

Әдебиеттер: №2



23. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туристік ұйымдар.

Әдебиеттер: №1, 447-465 беттер.



24. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелер.

Әдебиеттер: №1, 44-465 беттер.



25. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Дүние жүзі туризмдегі Маниль декларациясының ролі.

Әдебиеттер: №1, 475-488 беттер.



26. ОЖСӨЖ. Тақырыбы. Гаага Декларациясы.

Әдебиеттер: №1 488-495 беттер.



27. ОЖСӨЖ. Туризмі жарнамалау.

Әдебиеттер:№2, 500-503 беттер.



28. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Европа қауымдастығының директивасы.(саяхат жасау, демалыс, жол жүру)

29. ОЖСӨЖ. Тақырыбы:Туризм бойынша декларациялар.

Әдебиеттер: №1, 619-622 беттер.



30. ОЖСӨЖ. Тақырыбы: Осака декларациясы

Әдебиеттер: №1, 622-626 беттер.



10 Оқу өндірістік және диплом алды сарамандыөткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса) жоспарланбаған.

11. Білімді бағалау туралы мәліметтер.

Модуль аралық және аттестация бойынша жүргізілетін сұрақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет